Просульпин (200 мг)

МНН: Сульпирид
Производитель: ПРО.МЕД.ЦС Прага а.о.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Sulpiride
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019638
Информация о регистрации в РК: 20.11.2017 - 20.11.2022
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 29.86 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Просульпин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Сульпирид

Дәрілік түрі

200 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - 200 мг сульпирид бар,

қосымша заттар: картоп крахмалы, лактоза моногидраты, коллоидты кремнийдің қостотығы, метилгидроксипропилцеллюлоза К4М, метилгидроксипропилцеллюлоза, магний стеараты, тальк

Сипаттамасы

Түсі ақ немесе ақ дерлік тегіс беткейлі, бір жағында сызығы бар, диаметрі 9 мм жуық, дөңгелек пішінді таблеткалар (200 мг доза үшін).

Фармакотерапиялық тобы

Психотропты препараттар. Нейролептиктер (антипсихотиктер).

Бензамидтер. Сульпирид

АТХ коды N05AL01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сульпирид асқазан-ішек жолында сіңіріледі. Ішу арқылы қолданғаннан кейін сульпиридтің биологиялық жетімділігі 35 %-ға жуықты құрайды және 10-нан 75 %-ға дейінгі едәуір жеке ауыспалылығымен сипатталады, яғни айтарлықтай жеке айырмашылықтары бар. Ішке тағайындаған кезде қан плазмасында сульпирид ең жоғары концентрациясына (Сmax) 3-6 сағаттан кейін жетеді. Сульпирид организм тіндерінде жылдам диффузияланады: тепе-теңдік күйіндегі көрінетін таралу көлемі 1,0-1,1 л/кг. Қан плазмасы ақуыздарымен байланысуы - 40% көп емес. Препарат эритроциттерге пассивті диффузия арқылы өтеді, оның плазмадағы және эритроциттердегі концентрациясы өлшемдес. Жұлын сұйықтығында сульпиридтің концентрациясы төмен, және орташа алғанда 13% (4-29%) жуық сарысу концентрациясын құрайды. Сульпирид организмнен шумақтық сүзілу жолымен өзгермеген түрде бүйрекпен шығарылады. Сульпиридтің АІЖ төмен сіңірілуі ішке қабылдағаннан кейін несеппен дозаның тек 25-50 %-ы бөлінуіне ықпал етеді, ал қалғандары экскременттермен шығарылады. Жартылай шығарылудың плазматикалық кезеңі 7-9 сағатты құрайды. Сульпиридтің жалпы плазмалық клиренсі бүйрек қызметі қалыпты адамдарда ішке қабылдағаннан кейін 90-210 мл/мин жетеді, бұл ретте бүйрек клиренсі жалпы плазмалық клиренске (Clren 80-130 мл/мин) қарағанда біршама төмен шамаға жетеді. Плазмада сульпиридтің концентрациясы препарат дозасына пропорционалды. Креатинин клиренсі мөлшері немесе креатинемия негізінде бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі бар адамдарда сульпиридтің дозалау тәртібін өзгерту ұсынылады. Бүйрек қызметінің бұзылуы бар емделушілерде биологиялық жартылай шығарудың кезеңі анағұрлым ұзақтау. Сульпирид бөлінуінің баяулауы бүйрек қызметі бұзылуы кезінде несепте глюкурон қышқылы бар сульпирид коньюгаттарының қатысуымен қатар жүреді. Гемодиализбен емделушілерде гемодиализдің қаннан едәуір мөлшерде сульпиридті шығаратынын ескеру қажет. Плаценталық бөгет арқылы өтеді. Сульпиридтің болмашы мөлшері емшек сүтінде байқалады.

Емшек сүтімен тәуліктік дозаның 0,1% шығарылады.

Фармакодинамикасы

Сульпирид бензамид тобы нейролептиктерінің анағұрлым белгілі өкілі болып табылады. Бензамидті қатар антипсихотикалық препараттары әсер ету механизмі олардың D2 және D3 рецепторлары спецификалық орталықтық және шеткергі блокадасынан тұрады, олар мақсатты мезолимбиялық және тубероинфундибулярлық аймақтарға қатысты кеңістіктегі іріктеушілігімен сипатталады. Сульпирид тубероинфундибулярлы жүйеде дофаминді рецепторларды бөгейді, бұл пролактин деңгейінің елеулі жоғарылауына әкеледі. ПЭТ (позитронды эмиссионды томография) тексеруі кезінде дофаминді D2 рецепторларын бензамидтермен бөгеу дәрежесі 60 – 80 % шегінде ауытқып тұрады; сульпиридті 400 мг дозада қолданғаннан кейін - 75 % құрайды. Бензамидтердің дофаминді D3 рецепторларына жоғары ұқсастығын олардың кеңістіктік іріктеушілдігімен, немесе бұл рецепторлардың лимбиялық жүйеде басым болуымен түсіндіруге болады. Бензамидтердің көпшілігіне дофаминді нейротрансмиторлық жүйеге қос сатылы әсер тән болып саналады – төменгі дозаларда олар пресинаптикалық D2/D3 авторецепторларының антагонистері болып табылады және дофамин синтезінің жоғарылауын және синаптикалық аймаққа босап шығуын туындатады, препараттың жоғары дозасында постсинаптикалық D2/D3 рецепторларының бөгелуі және дофамин нейротрансмиссиясының төмендеуі жүреді. Төменгі доза кезінде дофаминнің босап шығуының жоғарылауы жағымсыз психотикалық симптомдар мен депрессиялық белгілері кезінде оның тиімділігін анықтайды; постсинаптикалық D2/D3 рецепторларының блокадасы өнімді психотикалық симптомдардың бәсеңдеуіне әкеледі. Сульпиридтің әсер етуіндегі осы айырмашылықтар сульпиридтің нейролептик ретінде жоғары дозаларда (тәулігіне 600 мг жоғары) және антидепрессант ретінде (тәулігіне 600 мг дейін) және бас айналуға қарсы дәрілер ретінде төменгі дозада емдік әсерлері өрісі мен емдеуге пайдаланудың айырмасын да анықтайды.

Қолданылуы

- жедел психотикалық бұзылыстарда- созылмалы психотикалық бұзылыстарда (шизофрения, созылмалы шизофрениялық емес сандырақтау жағдайы: параноидты сандырақтау, созылмалы галлюцинациялық психоз)

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішке қабылдау үшін. Тек ересектерге арналған.

Таблеткаларды тұтас жұтып, аздаған су мөлшерімен ішеді. Препарат тамақтануға байланыссыз қабылданады.

Тәуліктік доза 200 мг-ден 1000 мг дейінді құрайды және 1-2 қабылдауға бөлінеді.

Препаратты белсенділік деңгейінің жоғарылауына байланысты күннің екінші жартысында (сағат 16 кейін) қабылдау ұсынылмайды.

Емдеудің мақсаты – ең аз тиімді дозаға қол жеткізу.

Препараттың егде емделушілерге арналған дозалары:

Жасы үлкен емделушілерге жоғарыда көрсетілген дозалармен салыстырғанда жартылай дозасы тағайындалады.

Бүйрек қызметінің бұзылуы кезіндегі доза:

Бүйрек қызметінің бұзылулары кезінде сульпирид дозасын бүйрек қызметінің бұзылу дәрежесіне байланысты төмендету қажет:

Креатинин клиренсі

Әдеттегі тағайындалатын дозаны төмендету:

30 - 60 мл /мин

Әдеттегі тағайындалатын дозаның 50 %-ы

10 – 30 мл /мин

Әдеттегі тағайындалатын дозаның 30 %-ы

< 10 мл /мин

Әдеттегі тағайындалатын дозаның 20 %-ы

Жағымсыз әсерлері

Жиі (≥ 1 %-дан < 10 % дейін)

- жүрек айну, құсу, іш қату, тәбеттің болмауы, ауыздың құрғауы, дене салмағының артуы

- ортостатикалық гипотензия

Жиі емес (≥ 0,1 %-дан < 1 % дейін)

- тахикардия, дистония,

- гиперпролактинемия (транзиторлық), галакторея, етеккір оралымының бұзылуы, гинекомастия, кеуденің өсуі және кеуденің ауыруы, фригидтілік, импотенция, гипергликемия

Сирек (≥ 0,01 %-дан < 0,1 % дейін)

- ерте дискинезия (спастикалық қисық мойын, көз қозғалысының бұзылулары, шайнау бұлшықеттерінің түйілуі), гиперсаливация, акатизия

- бас ауыруы, бас айналу

- гемолитикалық анемия, апластикалық анемия, лейкоцитоз, тромбоцитопениялық пурпура, гранулоцитоз

- бұлдырап көріну, мидриаз

Өте сирек (<1/10000)

- экстрапирамидалық синдром, кешеуілдеген дискинезиялар, жедел дискинезия және дистония, тардивтік дискинезия

- мәңгіру, ұйқышылдық, ЭКГ өзгеруі, QT аралығының өзгеруі, torsades de pointes типті аритмия

- холестатикалық гепатит

- импотенция, фригидтілік

- гиперсенситивті реакциялар, қатерлі нейролептикалық синдром - гипертермия, бұлшықеттер сіресуі, автономды тұрақсыздық, сананың бұзылыстары

- эксфолиативті дерматит, мультиформалы эритема

- креатинфосфокиназа деңгейінің жоғарылауы (КФК)

- құрысу ұстамалары («Айрықша нұсқауларын» қараңыз)

- өлімге әкелу ықтималдығы зор қатерлі нейролептикалық синдром («Айрықша нұсқауларын» қараңыз)

- емді тоқтатқаннан кейін қайтымды, аменореяны, галактореяны, гинекомастияны, импотенция немесе фригидтілікті туындатуы ықтимал өтпелі гиперпролактинемия

- дене салмағының артуы

- пируэтті тахикардия және қарыншалық тахикардия сияқты қарыншалар фибрилляциясы мен жүректің тоқтап қалуына әкелуі мүмкін қарыншалық аритмиялар

- кенеттен қайтыс болу («Айрықша нұсқауларын» қараңыз)

- постуральді гипотензия

- көктамыр тромбоэмболиясы жағдайлары, оның ішінде антипсихотикалық дәрілік заттарды қолдануға байланысты өкпе артериясы эмболиясы және терең көктамырлар тромбозының жағдайлары тіркелген («Айрықша нұсқауларын» қараңыз)

- бауыр ферменттері белсенділігінің жоғарылауы

- макулопапулёзді бөрту

Жиілігі белгісіз

- көктамыр тромбоэмболия жағдайлары (антипсихотикалық препараттарды қабылдауға байланысты тіркелген)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- сульпиридке немесе препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- пролактинге тәуелді ісіктер (гипофиз пролактиномасы, сүт бездері обыры), гиперпролактинемия

- алкогольмен, ұйықтататын дәрілермен, есірткілік анальгетиктермен жедел улану

- аффектілі бұзылыстар, озбырлы мінез-құлық, маниакальді психоз

- биполярлық аффектілі бұзылыстың маниакальді сатысы

- феохромоцитома

- эпилепсия

- галактоза, фруктозаны тұқым қуалайтын көтере алмаушылық, Lapp-лактаза ферменті тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы, галактоземия

- жүктілік және лактация кезеңі

- балалар және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Қолдануға болмайтын біріктірілімдер.

Просульпинді қолданатын емделушілерге леводопаны қабылдауға болмайды. Леводопа мен нейролептиктердің әрекеттесулері қарама-қайшы. Нейролептиктер тағайындау қажет болғанда леводопа қабылдайтын Паркинсон ауруына шалдыққан емделушілерге ең төмен экстрапирамидалық әсер ететін препарат таңдалады.

Ұсынылмайтын біріктірілімдер.

Алкоголь – нейролептиктердің тыныштандыратын әсерін үдетеді. Препаратты қабылдаған кезде алкоголь ішімдіктері мен құрамында алкоголь бар заттарды қабылдауға тыйым салынады.

Төменде аталатын препараттармен біріктірілімі torsades de pointes типті аритмияның пайда болуын туындатуы мүмкін:

− бета-блокаторлар, кальций өзектерінің блокаторлары (дилтиазем және верапамил), клонидин секілді брадикардия туындататын дәрілер; жүрек гликозидтері немесе оймақгүл препараттары,

− гипокалиемия туындататын препараттар: гипокалиемиялық диуретиктер, көтермелеуші сипаттағы іш жүргізетін дәрілер, амфотерицин В (көктамыр ішіне), глюкокортикоидтар, тетракозактидтер,

− хинидин, дисопирамид сияқты Ia класының антиаритмиялық препараттары

− амиодарон, соталол сияқты III класты антиаритмиялық препараттары,

− пимозид, галоперидол, имипраминді антидепрессанттар сияқты басқа да препараттар; цисаприд, тиоридазин, эритромицин к/і, пентамидин

- Допаминнің антипаркинсондық агонистері (амантадин, апоморфин, бромокриптин, энтакапон, лизурид, перголид, пирибедил, прамипексол, ропинирол, селегилин)

Допамин агонистері мен нейролептиктер арасындағы өзара антагонизм.

Допамин агонистері психотикалық бұзылыстар туындатуы немесе ушықтыруы мүмкін. Егер нейролептиктермен емдеу допамин агонистерімен емделіп жүрген Паркинсон ауруына шалдыққан науқастарға қажет болса, бұл допамин агонистерінің дозасын біртіндеп қысқартқан жөн (күрт тоқтату науқасты қатерлі нейролептикалық синдром дамуы қаупіне ұшырытады).

Пируэтті тахикардия туындатуға қабілетті басқа да нейролептиктер (амисульприд, хлорпромазин, циамемазин, дроперидол, галоперидол, левомепромазин, пимозид, пипотиазин, сертиндол, султоприд, тиаприд, вералиприд)

Аса қажет жағдайда қолданылатын біріктірілімдер.

Антигипертензивті препараттармен бір мезгілде қабылдау: гипотензивті әсері және постуральді гипотензия туындау қаупінің жоғарылауы (адитивті әсері).

Орталық жүйке жүйесін бәсеңдететін басқа да дәрілер: есірткілік анальгетиктер, Н1-гистаминдік рецепторларының тыныштандыратын блокаторлары, барбитураттар, бензодиазепиндер мен басқа анксиолитиктер, ұйықтататын, тыныштандыратын дәрілер, антидепрессанттар, клонидин және оның туындылары.

Сукральфат, құрамында Мg2+ және/немесе Аl3+ бар антацидті дәрілер ішке қабылдауға арналған дәрілік түрлер биожетімділігін 20-40 %-ға төмендетеді. Просульпинді бұл препараттарды қабылдауға дейін екі сағат бұрын тағайындау керек.

Литий экстрапирамидалық бұзылыстардың туындау қаупін жоғарылатады.

Просульпин ропинорол тиімділігін төмендетуі мүмкін.

Орталықты көтермелеуші заттармен біріктірілімде (мысалы: аноректиктер, кейбір демікпеге қарсы препараттар) сульпирид үрейлену, ашушаңдық, мазасыздық және қатты қозушылықты туындатуы мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Сақтанудың айрықша шараларын ұстану керек:

етеккір оралымы жүйесіз жас әйелдерге

гипертониктер мен айқын гипотензиясы бар емделушілерге

сыртартқысында қан тамырлар бұзылуы, әсіресе коронарлық тамырлар бұзылулары (ангина пекторис), жүрек қызметінің бұзылулары (жүрек жеткіліксіздігі), қатерлі нейролептикалық синдром, глаукома, асқазан қақпасы стенозы, несеп ретенциясы, простата гипертрофиясы, тромбоздың пайда болу тенденциясы бар емделушілерге.

Қатерлі нейролептикалық синдром: этиологиясы айқындалмаған гипертермия дамуы кезінде Просульпинді тоқтатқан жөн, өйткені бұл нейролептиктерді қолданған кезде сипатталған қатерлі нейролептикалық синдром белгілерінің бірі болуы мүмкін (тері жабындарының бозаруы, гипертермия, вегетативті дисфункция, сананың бұзылуы, бұлшықеттердің сіресуі).

Вегетативті дисфункция белгілері мынадай: тер бөлінудің күшеюі және құбылмалы артериялық қысым гипертермия басталуының алдында болуы, демек ерте алаңдатарлық белгілерін көрсетуі мүмкін. Дегенмен нейролептиктердің мұндай әсері шығу тегі идиосинкразиялық болуы мүмкіндігіне қарамастан, шамасы, кейбір қауіп факторлары оған, мәселен дегидрацияға немесе мидың органикалық зақымдануына бейімделуі мүмкін.

Q-T аралығының ұзаруы: Просульпин дозаға байланысты Q-T аралығын ұзартады. Бұл әсер «torsade des pointes» секілді күрделі қарыншалық аритмияның даму қаупін күшейтеді және брадикардия, гипокалиемия немесе туа біткен, не жүре біткен Q-T аралығының ұзаруы (Q-T аралығы ұзаруын туындататын препаратпен біріктірілімде) болған кезде айқынырақ көрінеді.

Егер клиникалық жағдай мүмкіндік берсе, препаратты тағайындағанға дейін мынадай типті аритмия дамуына ықпал етуі мүмкін факторлардың жоқтығына көз жеткізу ұсынылады:

- жүректің жиырылу жиілігі минутына 55 соғудан аз брадикардия;

- гипокалиемия;

- туа біткен Q-T аралығының ұзаруы;

- айқын брадикардия (минутына 55 соғудан аз), гипокалиемия, жүрекішілік өткізгіштікті баяулату немесе Q-T аралығының ұзаруын туындатуға қабілетті препаратпен бір мезгілде емдеу.

Жедел араласу жағдайларын қоспағанда, нейролептиктермен емдеу қажет етілетін науқастарға статусын бағалау үдерісінде ЭКГ жүргізу ұсынылады.

Бұл препарат, ерекше жағдайларды қоспағанда, Паркинсон ауруы бар емделушілерде қолданылмауы тиіс.

Бүйрек қызметінің бұзылуы бар науқастарда Просульпиннің азайтылған дозаларын пайдаланған жөн, бақылауды күшейту керек; бүйрек жеткіліксіздігінің ауыр түрлерінде үзілісті емдеу курсын жүргізу ұсынылады. Просульпинмен емдеу кезінде бақылау күшейтілуі тиіс:

- эпилепсиямен ауыратындарда, өйткені құрысу шегі төмендеуі мүмкін;

- постуральді гипотензияға, седация мен экстрапирамидалық әсерлерге үлкен сезімталдық байқататын егде емделушілерді емдегенде.

200 мг Просульпин ақыл-есі кемдіктен туындаған мінез-құлық бұзылыстарын емдеуге арналмаған.

Инсульт

Плацебомен орындалатын рандомизирленген клиникалық зерттеулерде атипиялық антипсихотиктермен емделген деменциясы бар егде жастағы емделушілерде инсульт даму қаупінің үш есе артуы байқалған. Мұндай жоғары қауіптің механизмі белгісіз. Басқа нейролептиктермен байланысты инсульттің жоғары қаупі, немесе емделушілердің басқа популяциясы үшін де жоққа шығарылмайды. Инсульттің туындау қаупі бар емделушілерде препаратты пайдалану кезінде препаратты қабылдауға қатысты барлық жөнді және жөнсіз тұстары таразылануы тиіс.

Деменциясы бар егде емделушілерде өлімнің жоғарылауы науқастарға Атипиялық антипсихотикалық препараттарды қолдану плацебомен салыстырғанда өлім қаупін 1,6-1,7 есе ұлғайтады. Ұзақтығы 10 апталық орташа емдеу кезеңінен кейін емделген науқастар тобында өлім қаупі плацебо тобындағы 2,6% салыстырғанда 4,5% құраған. Өлім жағдайларының көпшілігі кардиоваскулярлық (мысалы, жүрек жеткіліксіздігі, кенеттен өлу) немесе жұқпалық (мысалы, пневмония) сипатта болған. Әдеттегі антипсихотикалық дәрілік заттар өлім санын жоғарылатуы мүмкін, бұл атипиялық антипсихотикалық дәрілік заттар жағдайында да орын алады. Эпидемиологиялық зерттеулерде байқалған өлімнің жоғарылауындағы антипсихотикалық дәрілердің тиісті рөлі мен науқастардың ерекшеліктері айқын емес.

200 мг Просульпин ақыл-есі кемдіктен туындаған мінез-құлық бұзылыстарын емдеуге арналмаған.

Көктамыр тромбоэмболиясы қаупі

Антипсихотикалық препараттарды қолдануға байланысты бірнеше көктамыр тромбоэмболиясы (КТЭ) жағдайы тіркелген. Нейролептиктермен емделушілерде КТЭ туындау қаупінің жүре біткен факторлары жиі болатындығын ескере отырып, бұл факторлар 200 мг Просульпинмен емдеуге дейін немесе емдеу кезінде анықталуы, ал кейін сақтанудың алдын алу шаралары қолданылуы тиіс. Препаратты алкогольмен, леводопамен, паркинсонға қарсы допамин агонистерімен, пируэтті тахикардияны туындатуға қабілетті антипаразитарлық дәрілермен, метадонмен, пируэтті тахикардияны туындатуға қабілетті басқа нейролептиктермен және дәрілік препараттармен бірге қолдану ұсынылмайды («Дәрілермен өзара әрекеттесуі» бөлімін қараңыз).

200 мг Просульпин препаратының құрамында лактоза моногидраты бар. Бұл препаратты тұқым қуалайтын галактозаға толеранттылықпен зардап шегетін, Лапп лактаза тапшылығы немесе глюкоза мен галактоза мальабсорбциясы синдромы бар емделушілерге қабылдау ұсынылмайды.

Жүктілік

Жануарларға жүргізілген зерттеулер эмбрион/ұрық және/немесе баланың постнатальді дамуына тікелей немесе жанама тератогенді әсер ететінін көрсетпейді. Аналары жүктіліктің үшінші триместрінде антипсихотикалық препараттар (оның ішінде сульпирид) қабылдаған жаңа туған нәрестелерде жағымсыз әсерлердің, оның ішінде экстрапирамидалық және/немесе абстиненция симптомдарының даму қаупі бар. Бұл симптомдардың ұзақтығы мен ауырлығы жағынан айырмашылығы болуы мүмкін. Ажитация, гипертония, гипотония, тремор, ұйқышылдық, тыныс алу бұзылысы, ас қорыту бұзылысы туралы хабарлар бар. Просульпинді жүктілік уақытында қолдану жөніндегі клиникалық деректер жеткіліксіз. Бақыланатын клиникалық зерттеулер жүргізілген жоқ, осыған байланысты жүктілік кезінде Просульпин тағайындалмайды.

Лактация кезеңі

Клиникалық тәжірибенің жеткіліксіздігі себебінен 200 мг Просульпин препаратын лактация кезеңінде қабылдауға жол берілмейді. Қажет болғанда препаратпен емдеу кезеңінде бала емізуді тоқтату қажет.

Көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етуі

Просульпин® бас айналу, шаршау және қатты қозуды туындатуы мүмкін. Препаратты қабылдау кезеңінде көлік құралдарын басқару, станоктармен қызмет көрсету және биіктікте жұмыс жүргізуге қатаң тыйым салынады.

Артық дозалануы

Симптомы: бір реттік 1-3 грамм қабылдаудан кейін мазасыздық, сананың бұзылуы және экстрапирамидалық бұзылу, 3 - 7 грамм қабылдаудан кейін - қозу, абыржу, экстрапирамидалық симптоматика, 7 грамнан асатын доза қабылдаған кезде - кома және артериялық қысымның күрт төмендеуі байқалған.

Емі: арнайы у қайтарғысы жоқ, асқазанды шаю жүргізіледі, белсенділендірілген көмір тағайындау, симптоматикалық ем.

Ауыр жағдайларда – өмірлік-маңызды қызметтерге мониторинг, сілтілі ерітінділер инфузиясымен қарқынды диурез.

Бипериденді көктамыр ішіне уыттанудың паркинсондық көріністері кезінде у қайтарғы ретінде қолдануға болады.

Просульпин гемодиализ кезінде ішінара шығарылады.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 таблеткадан.

3 пішінді қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек!

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

4 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«ПРО.МЕД.ЦС Прага а.о.»

Телчска 1, 140 00 Прага 4

Чех Республикасы

Тіркеу куәлігінің иесі

«ПРО.МЕД.ЦС Прага а.о.»

Телчска 1, 140 00 Прага 4

Чех Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан тауар сапасы жөнінде шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«PROM.MEDIC.KAZ.» ЖШС

Алматы қ., Достық д-лы 132, 9 кеңсе, тел. 8(727)260-89-36

Email: sekretar@prommedic.kz

 

Прикрепленные файлы

640375201477976947_ru.doc 87 кб
009138961477978116_kz.doc 164 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники