Простекс (10 мг, ЧАО БИОФАРМА)

Производитель: ЧАО БИОФАРМА
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Препараты для лечения доброкачественной гиперплазии предстательной железы
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№018514
Информация о регистрации в РК: 20.12.2011 - 20.12.2016

Инструкция

Саудалық атауы

Простекс

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған 10 мг лиофилизат

Құрамы

Бір ампуланың ішінде

белсенді зат – сулы ерітіндіден лиофилизацияланған өгіздің қуық асты безінің сығындысы, сығып шығарумен алынған 10 мг,

қосымша зат глицин.

Сипаттамасы

Ақ түсті немесе сарғыш реңді ақ түсті аморфты ұнтақ немесе кеуекті масса.

Фармакотерапиялық тобы

Урогенитальді мүшелерінің ауруларын емдеуге арналған препараттар және жыныс гормондары.Урологиялық ауруларды емдеуге арналған препараттар.

Қуық асты безінің қатерсіз гипертрофиясын емдеуге арналған препараттар.

АТХ коды G04C

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Пептидтік препарат сияқты, Простекс жасушалық протеазалар арқылы амин қышқылдарына дейін ыдырайды. Простекс және оның метаболиттері несеппен бірге шығарылады. Препараттың жиналып қалу әсері жоқ.

ФармакодинамикасыПростекстің қуық асты безіне ерекше органотроптық әсері бар. Қуық асты безінің ауруларында препарат, патогенетикалық емнің дәрісі ретінде, микроайналым және тромбоцитарлы-қантамырлық гемостаз үдерісін қалыпқа келтіреді, тіндердің ісінуін, лейкоцитарлы инфильтрацияны азайтады және жояды (соның ішінде без секретінде лейкоциттердің мөлшерін төмендетеді), секреттің микрофлорасына қатысты бактериостатикалық әсер көрсетеді, анықталған қоздырғыш титрін абсолютті стерильділікке дейін төмендетеді немесе микроорганизмдердің тіршілігін бәсеңдетеді. Простекс сперматогенезді қалыпқа келтіреді (сперматозоидтардың мөлшерін және қозғалғыштығын арттырады), Т- және В-лимфоциттердің жай-күйін модульдейтін әсер береді, детрузордың тонусын қоса, қуықтың бұлшық етінің тонусын реттейді, организмнің спецификалық емес төзімділігін арттырады.

Қолданылуы

- созылмалы простатитте, қуық асты безінің аденомасында

- қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясында

- қуық асты безіне жасалған операциядан кейінгі асқынуда

- қуық асты безі функциясының жастың ұлғаюына байланысты бұзылғанда

- сексуалды бұзылыстар (копулятивті дисфункция, еркектің белсіздігінде)

Қолдану тәсілі және дозалары

Препаратты еркектерге 18 жастан бастап қолданады.

Простексті бұлшықет ішіне енгізеді. Ампуланың немесе құтының ішіндегісін ex tempore инъекцияға арналған судың немесе натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісінің, немесе, 0,5% новокаин ерітіндісінің 1-2 мл-де ерітеді (новокаинде еріткен кезде оған сезімталдық жоғарылауы мүмкін екендігін ескерген жөн).

Препаратты күн сайын 1 рет 1-2 ампуладан енгізеді. Емделу курсы 5-10 күнді құрайды. Курс ұзақтығы ауру сипатымен және аурудың айқындылығымен, қол жеткен емдік әсерімен, емдеу сипатымен анықталады. Көрсетілімі бойынша курсы қайталануы мүмкін.

Жағымсыз әсерлері

Сирек

- аллергиялық реакциялар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- табиғаты пептидтік дәрілік заттарға әр адамдағы жекелей сезімталдық жоғары болғанда

- балаларға және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Аллергиялық реакцияларды тудыратын препараттармен бірге қолдануға болмайды.

Айрықша нұсқаулар

Препаратпен емдеген кезде қуық асты безі белсенділігінің клиникалық көрсетілімдеріне талдау жасау керек.

Артық дозаланғанда

Жағымсыз әсерлерінің айқын симптомдары, аллергиялық реакциялардың деңгейлері артуы мүмкін.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Шыны ампулаларда немесе сындыру сақинасы бар шыны ампулаларда препарат 30 мг.

Препаратты 10 ампуладан қолдану жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен және ампуланы ашуға арналған кескіш керамикалық дискімен бірге (қажет болса) немесе ампулаларды орналастырып және бекітуге арналған бөлгіштері немесе гофрланған, немесе поливинилхлоридті үлбірден жасалған полимерлі қосымша беті бар қораптық картоннан (хром-эрзац) жасалған қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, жарықтың әсер етуінен қорғалған жерде, 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Биофарма» ЖАҚ, Украина

Мекенжайы: 03680, Киев қ., Н.Амосов к-сі, 9, Украина, тел. (+38-044)-275-16-04, 275-91-50, 521-15-39

Тіркеу куәлігінің иесі

«Биофарма» ФЗ» ЖШҚ, Украина

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

ЖК Тлеубергенова Г.С., Қазақстан Республикасы, 010000, Ақмола облысы, Астана қ. Бозинген қ-сі, 8 үй

aldokinakbar@mail.ru

Прикрепленные файлы

988163721477977155_ru.doc 44.5 кб
480713831477978321_kz.doc 49.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники