Пропосол

МНН: Прополис
Производитель: Алтайвитамины ЗАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты для местного применения при заболеваниях полости рта
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№014067
Период регистрации: 24.07.2014 - 24.07.2019

Инструкция

Саудалық атауы

Пропосол

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Жергілікті қолдануға арналған спрей, 50 г.

Құрамы

1 баллонның ішінде

белсенді зат - прополис - 3,0 г

қосымша заттар: этанол (этил спирті) 95 %, глицерин (глицерол)

Сипаттамасы

Прополиске тән иісі бар, жасыл-сары түстен қоңыр түске дейінгі сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Ауыз қуысындағы ауруларды емдеуге арналған басқа да препараттар

АТХ коды A01AD11

Фармакологиялық қасиеттері

Ара өмір тіршілігінің негізінен алынған – прополис табиғи препараты. Прополис (араның желімі) балауыз, шайыр, эфир майлары және басқа да табиғи қосылыстар : флавоноидтар, даршын қышқылының тұздары, бензой қышқылының қоспасы болып табылады. Қабынуға қарсы, микробқа қарсы, қышынуға қарсы және ауруды басатын қасиеттер иеленген, регенерация үдерістерін және жаралардың беткейінің эпителизациясын жеделдетеді, грануляцияның өсуіне ықпал етеді.

Қолданылуы

- пародонтаның қабыну ауруларында: гингивит, пародонтит

- ауыз қуысы шырышты қабатының ауруларында: катаральді және ойық жаралы стоматит

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектерде жергілікті қолданылады.

Тыныс алу фазасында ауыз қуысына бүркиді. Бүрку ұзақтығы 2 секундқа дейін. Қолданар алдында баллоннан сақтандыру қақпақшасын шығарып және клапан штогына ұштықпен бүріккішті кигізеді. Ұштықты ауыз қуысына қарату және зақымдану аймағына біркелкі бүрки отырып бүріккішті 3-4 рет басу қажет. Қабынудың жедел кезеңінде бүркуді күніне 2-3 рет, егер қабыну үдерісі азайған болса күніне 1-2 рет толық жазылғанша жүргізу керек (әдетте 3-7 күн аралығында).

Жағымсыз әсерлері

- ашыту

- аллергиялық реакциялар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

  • ара өніміне аллергиялық реакциялар

  • 18 жасқа дейінгі балаларға

  • Жүктілік және лактация кезеңінде

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе әлеуетті қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препаратты қабылдауда көлік құралдарын немесе әлеуетті қауіпті механизмдерді басқарудан бас тартқан жөн.

Артық дозалануы

Симптомдары : аллергиялық реакциялар

Емі: препаратты тоқтату.

Шығарылу түрі және қаптамасы

50 г препараттан механикалық сорғымен, қондырғымен және сақтандыру қалпақшамен жабдықталған аэрозольді алюминий баллонға салынған.

Аэрозольді алюминий баллонға өздігінен жабысатын материалдан жасалған заттаңба жапсырылады. Әрбір аэрозольді алюминий баллон бүріккіш қондырғысымен, сақтандыру қалпақшамен, медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

00С–ден төмен емес және 35°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Қаптаманы соққыдан, тікелей күн сәулесінен сақтау қажет.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Алтайвитамины» ЖАҚ, Ресей Федерациясы

Мекенжайы: 659325, Ресей, Алтай өлкесі, Бийск қ-сы, Заводская к-сі, 69

Телефоны: (3854) 326-946, 338-719,

Факс: (3854) 327-640

Тіркеу куәлігінің иесі

«Алтайвитамины» ЖАҚ, Ресей Федерациясы

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы, телефон нөмірі, факс нөмірі, электрондық поштасы

«Алтайвитамины» ЖАҚ, Ресей Федерациясы

Мекенжайы: 659325, Ресей, Алтай өлкесі, Бийск қ-сы, Заводская к-сі, 69

Телефоны: (3854) 326-946, 338-719,

Факс: (3854) 327-640

Прикрепленные файлы

332243421477976707_ru.doc 48 кб
773264731477977857_kz.doc 51 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники