Прополиса настойка (25 мл, Тернофарм ООО)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Прополис тұндырмасы
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Тұндырма, 25 мл
Құрамы
1 құтының ішінде
белсенді зат – прополис 2,5 г,
қосымша зат –этанол 80% 25 мл-дейін.
Сипаттамасы
Өзіне тән иісі бар, сары-қоңыр түстен қызыл-қоңыр түске дейінгі сұйықтық. Тұндырманы сақтау кезінде шөгінді түзілуі мүмкін.
Фармакотерапиялық тобы
Жаралар мен ойық жараларды емдеуге арналған препараттар. Шамадан тыс тыртықтануды емдеуге арналған препараттар. Шамадан тыс тыртықтануды емдеуге арналған басқа да препараттар.
АТХ коды DO3АХ
Фармакологиялық қасиеттері
Прополис - аралар тіршілігінің өнімі, құрамында эфир майларының балауызы, шайырлар қоспасы, даршын қышқылының туындылары, флавондар және басқа да биогендік қосылыстар бар. Грамоң флораға қабынуға қарсы, микробқа қарсы әсер береді, зақымданған тіндердің регенерациясын күшейтеді және организмдегі метаболикалық үдерістерді қалыпқа түсіреді, қышынуға қарсы және ауыруды басатын әсері бар. Іріңді-некроздық үдеріс дамуының бастапқы кезеңінде тиімді.
Қолданылуы
- тері мен шырышты қабықтардың микрожарақаттары және басқа да беткейлік зақымдануларында
- тонзиллитте, созылмалы іріңді отитте, созылмалы фарингитте, гайморитте, пародонтитте, стоматитте
Қолдану тәсілі мен дозалары
Прополис тұндырмасын аппликация, шаю, жуу түріндегі, сондай-ақ ингаляция түрінде тек жергілікті қолданады.
Микрожарақаттар кезінде тұндырманы тері мен шырышты қабықтардың зақымданған бөлігіне зақымданған тін толығымен тыртықтанғанға дейін күніне 2-3 рет тампонның көмегімен жағады.
Отитте сыртқы есту жолына (тазартқаннан кейін) тұндырмаға малынған тампонды 1-2 минутқа енгізеді немесе 3-5 күн бойы препаратты 1-2 тамшыдан күніне 3-4 рет тамызады.
Фарингитте және тонзиллитте жұтқыншақтың шырышты қабықтары мен бадамша бездеріне прополис тұндырмасын 8-15 күн бойы тәулігіне 2-3 рет жағады. Созылмалы тонзиллитте препаратты ингаляциялық ерітінді дайындау үшін де қолданады, тұндырманы сумен 1:20 арақатынаста араластырады. 7-10 күн бойы тәулігіне 1-2 рет ингаляция жасайды.
Мұрынның қосалқы қойнауларын прополис тұндырмасының физиологиялық ерітіндімен (0,9 % натрий хлоридінің ерітіндісімен)1:10 қоспасымен 2 апта бойы күніне 2 рет жуып-шаяды.
Пародонт ауруларында пародонт қалталарына прополис тұндырмасына малынған тампондарды (турунданы) 5 минутқа енгізеді.
Беткейлік эрозиялар мен шырышты қабықтың зақымдануларында ауыз қуысын шаю үшін прополис тұндырмасының 100 мл жылы суда сұйылтылған 30-40 тамшысынан дайындалған ерітіндіні қолданады. Шаюды 3-4 күн бойына тәулігіне 4-5 рет жүргізеді.
Жағымсыз әсерлері
- аллергиялық реакциялар (терінің қызаруы, бөртпе, қышыну)
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- прополиске немесе басқа омарташылық өнімдеріне жоғары сезімталдық, аллергиялық аурулар
- жедел экзема
- тері мен шырышты қабықтардағы қанап тұрған жаралар
- 3 жасқа дейінгі балаларға
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Антисептикалық дәрілермен немесе басқа омарташылық өнімдерімен араластыру ұсынылмайды.
Айрықша нұсқаулар
Ішке қолдануға болмайды!
Құрамында жоғары концентрациялы спирт болғандықтан 3 жастан 12 жасқа дейінге балаларға сақтықпен қолдану керек.
Жүктілік және лактация кезеңі
Жүктілік және лактация кезеңінде сақтықпен қолдану керек.
Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.
Артық дозалануы
Препараттың артық дозалануына қатысты мәлімдемелер болмаған.
Шығарылу түрі мен қаптамасы
25 мл препараттан тығындармен және қақпақтармен тығындалған шыны тамшылатқыш-құтыларға құяды.
Тамшылатқыш-құтыларға заттаңбалар жапсырылады.
Әр тамшылатқыш-құтыны, медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен және тамшылатқыш-тығынымен бірге картоннан жасалған пәшкеге салады.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
"Тернофарм" ЖШҚ.
Мекенжайы. 46010, Украина, Тернополь қ-сы, Фабричная к-сі 4;
тел./факс (0352) 521-444, www.ternopharm.com.ua
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
Мекенжайы: "Тернофарм" ЖШҚ.
46010, Украина, Тернополь қ-сы, Фабричная к-сі 4
Телефон: +38 (0352) 52 14 44
Факс: +38 (0352) 52 14 44
Электронды поштасы: ternopharm@ternopharm.com.ua