Пропанорм® (300 мг)

МНН: Пропафенон гидрохлорид
Производитель: ПРО.МЕД.ЦС Прага а.о.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Propafenone
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№000391
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)

Инструкция

Саудалық атауы

Пропанорм®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Пропафенон

Дәрілік түрі

Қабықпен қапталған 150 мг немесе 300 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында:

белсенді зат: 150 мг немесе 300 мг пропафенон гидрохлориді;

қосымша заттар: түйіршіктелген микрокристалды целлюлоза, жүгері крахмалы, коповидон, натрий кроскармеллозасы, магний стеараты, натрий лаурилсульфаты;

қабықтың құрамы: опадрай ақ 06F28310, (гипромеллоза 5, макрогол 6000, титанның қостотығы Е171), кремнийдің қостотығы бар диметикон эмульсиясы.

Сипаттамасы

Ақ түсті дерлік қабықпен қапталған, дөңгелек пішінді, екі жақ беті дөңес, диаметрлері 11,0 мм (300 мг доза үшін) және 8,0 мм (150 мг доза үшін) таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Жүрек ауруларын емдеуге арналған препараттар.

Аритмияға қарсы Iс класты препараттар.

АТХ коды: С01ВС03.

Фармаколгиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Пропафенон гидрохлориді ішке қабылдағаннан кейін асқазан-ішек жолдарынан жақсы сіңеді (95 %). Қан плазмасында ең жоғары концентрациясына шамамен 2-3 сағаттан соң жетеді. Бір рет қабылдағаннан кейінгі жүйелік биожетімділігінің төмен болуы (50 %-ға жуық) бауыр арқылы «біріншілік өтуінің» айқын әсерімен шартталған (бауыр арқылы «біріншілік өтуінің» қарқынды метаболизмі), көп рет қабылдағанда қан плазмасындағы концентрациясы және биожетімділігі артады.

Тамақпен бірге қабылдау қарқынды метаболизмі бар адамдардағы (науқастардың 90 % астамы) биожетімділігін ұлғайтады, сондай-ақ пропафенон гидрохлориді дозаға тәуелді биожетімділігін білдіреді, яғни дозаның ұлғаюымен биожетімділігі жоғарылайды. Бір реттік дозаны 150 мг-ден 300 мг-ге дейін арттырған кезде ол 5-дан 12-ға дейін, ал 450 мг болғанда 40-50 -ға дейін артады. Гематоэнцефалдық және плацентарлы бөгет арқылы өтуі – төмен. Таралу көлемі – 3–4 л/кг.

Негізгі метаболит, 5‑ОН‑пропафенонның, препараттың өзінің осындайымен салыстырарлық аритмияға қарсы белсенділігі бар.

Қан плазмасындағы ақуыздармен байланысу дәрежесі 85–95 % диапазонда, таралу көлемі 1,1–3,6 л/кг диапазонда болады. Қарқынды метаболизмі бар адамдардағы жартылай шығарылу кезеңі 2,8–11 сағатты және метаболизмі қарқынды емес адамдарда 17 сағатқа жуықты құрайды.

Бүйрек арқылы метаболиттер түрінде 38 -ы (1-дан азы өзгермеген күйінде), өтпен бірге 53-ы (глюкуронидтер, сульфаттар түрінде және өзгермеген күйінде) шығарылады. Ауыр бауыр жеткіліксіздігінде пропафенон гидрохлоридінің қан плазмасындағы концентрациясы артады және оның жартылай шығарылу кезеңі ұзарады.

Қан плазмасындағы емдік концентрациясы 100-ден 1 500 нг/мл дейінгі диапазонда болады. Пропафенон плацентарлық бөгет арқылы өтеді және емшек сүтімен шығарылады. Ұрыққа әсері: бір мәлімдемеде кіндік баудағы пропафенон концентрациясы анасының қанындағы концентрацияның 30 %-на жуығына жеткені көрсетіледі. Емшек сүтімен шығарылуы: бір мәлімдемеде емшек сүтіндегі пропафенон концентрациясы анасының қанындағы концентрацияның 4 % -дан 9 %-ға дейінгі диапазонда болғаны көрсетіледі.

Бүйрек арқылы метаболиттер түрінде 38 -ы (1-дан азы өзгермеген күйінде), өтпен бірге 53-ы (метаболиттердің глюкурониді және сульфаттары түрінде және белсенді зат) шығарылады. Бауыр жеткіліксіздігінде шығарылуы төмендейді.

Фармакодинамикасы

Пропанорм® [2-(2-гидрокси-3-пропиламинопропокси)-3-фенилпропиофенон гидрохлорид] IС тобының жарғақшалық антиаритмиялық дәрілеріне жатады. Пропанорм® миокард жасушаларына жергілікті-анестетикалық және тікелей жарғақша тұрақтандыратын әсері бар антиаритмиялық дәрі болып табылады. РQ, QT аралығының және QRS кешенінің ұзаруы әсіресе Пропанорм® препаратының миокард жасушаларына тікелей әсер етуімен жүзеге асады, онда ол натрий өзекшелерімен тығыз (бірақ баяу) байланысады. Препарат Na+ иондарының ағынын, әсіресе жылдам деполяризациялану фазасында (әсер ету потенциалының 0 фазасында), бөгейді, бұл деполяризация жылдамдығының едәуір баяулауына әкеледі. Сонымен қатар Пропанорм® препаратының белгілі бір бета-бөгегіш және Са2+ бөгегіш әсері бар, ол алайда емдік тұрғыдан аздаған дәрежеде релеванттық деңгейлерде білінеді. Пропанорм®, дозаға байланысты, ең жоғары деполяризация редукциясын тудырады. Жүйке қозуының өту жылдамдығын төмендетеді, қозу шегін арттырады және тиімді рефрактерлік кезеңін арттырады. Пропанорм® жүрек жасушаларының, Пуркинье жасушаларын қоса есептегенде, әсер ету потенциалының пайда болу уақытын қысқартады. Пропанорм® QRS-аралығын аздап арттырады. Пропанорм®, сондай-ақ І топқа жататын қалған дәрілік препараттар сияқты, аксессорлы жол арқылы антеградтық өтуді селективті түрде бөгейді. Пропанорм® препаратының жоғары дозалардағы бета-бөгегіш әсері жүрек қағуының жиілігінің және артериялық қысымның төмендеуіне әкелуі мүмкін. Электрофизиологиялық тиімділігі қалыпты миокардқа қарағанда ишемияланғанда айқынырақ. Әлсіз бета-адренобөгегіш (пропранолол белсенділігінің шамамен 1/40 бөлігіне сәйкес) және М‑холинобөгегіш тиімділігі бар. Теріс инотроптық әсер етеді, бұл әдетте сол жақ қарыншаның лықсыту фракциясының 40 % аз төмендеуі білінеді. Шамамен Прокаин белсенділігіне сәйкес жергілікті жансыздандыратын белсенділігі бар.

Әсер етуі ішке қабылдағаннан кейін 1 сағаттан кейін басталады, шыңына 2-3 сағаттан кейін жетеді және 8–12 сағатқа созылады.

Қолданылуы

  • Қарыншалық аритмияда

  • Пароксизмальді қарыншаүстілік тахиаритмияда

  • Жүрекшелердің фибрилляциясында

  • АВ түйіні қамтылатын re-entry типті пароксизмальді қарыншаүстілік тахикардияда немесе өткізудің қосымша жолдары, басқа ем тиімсіз немесе қарсы көрсетілімде болғанда.

Қолдану тәсілі және дозалары

Дозаны емдеуші дәрігер әр адамға жекелей таңдайды. Пациенттің дене салмағы 70 кг астам болғанда емді (стационарда ЭКГ және артериялық қысымды бақылаумен) 1 таблеткадан (150 мг) күніне үш рет бастау керек. QRS кешенін немесе QT аралығын бастапқымен салыстырғанда 20 %-дан астамға ұлғайтқанда, олар қалыпқа келгенше дозаны төмендету немесе емді тоқтату керек. Дозаны әдетте біртіндеп арттыру дәріні үш немесе төрт күн қабылдағаннан кейін ұсынылады.

Дозаны тәулігіне 2 рет 300 мг-ге дейін немесе ең жоғары дегенде тәулігіне 3 рет 300 мг-ге дейін арттыруға болады.

Ең жоғары бір реттік доза 300 мг  (150 мг-ден  2 таблетка немесе 300 мг-ден 1 таблетка).

Ең жоғары тәуліктік доза 900 мг ( 150 мг-ден 2 таблеткадан күніне 3 рет немесе 300 мг-ден 1 таблетканы күніне 3 рет).

Егде жастағы науқастарға және дене салмағы 70 кг аз науқастарға күніне 4 таблеткадан (150 мг) немесе 2 таблеткадан (300 мг) тағайындайды.

Бауыр функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттерге әдеттегі дозаның 20-30%-ы ұсынылады.

Таблеткалар тамақтанудан соң бүтіндей және аздаған су мөлшерімен ішіп қабылданады.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі (≥ 1/10):

  • жүректің синоатриалдық блокадасын, атриовентрикулярлық блокадасын және интравентрикулярлық блокадасын қоса, жүректе қозу жүруінің бұзылуы

  • бас айналуы

Жиі (≥ 1/100, бірақ < 1/10):

  • синустық брадикардия, брадикардия, тахикардия, жүрекше фибрилляциясы

  • төс артының ауыруы, астения, қажу, жоғары температура

  • бауыр дисфункциясы (АЛТ, АСТ, гамма-глутамил трансфераза және сілтілік фосфатаза деңгейінің жоғарылауы

  • ентігу, бас ауыруы, дисгевзия

  • үрейлену, ұйқының бұзылуы

  • анық көрмеу

Жиі емес (≥ 1/1 000, бірақ < 1/100):

  • қарыншалық тахикардия, аритмия

  • олигоспермия, потенция төмендеуі

  • тері бөртпесі, қышыну, экзантема, тері гиперемиясы, есекжем

  • гипотензия

  • іштің кебуі, метеоризмдер

  • синкопа, атаксия, парестезия

  • тромбоцитопения

  • түнгі шым-шытырықтар

Белгісіз:

  • қарыншалық фибрилляция, жүрек жеткіліксіздігінің күшеюі, брадикардия

  • ортостатикалық гипотензия

  • құрысулар, экстрапирамидалық белгілер, мазасыздық

  • сананың шатасуы

  • агранулоцитоз, лейкоцитопения, гранулотиципения

  • кекіру, асқазан-ішек бұзылыстары

  • гепатит, холестаз, сарғаю

  • жегіге ұқсас синдром

  • сперматозоидтар мөлшерінің азаюы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • белсенді затына, пропафенон гидрохлоридіне немесе препарат компоненттерінің біріне анықталған жоғары сезімталдық

  • созылмалы жүрек жеткіліксіздігі

  • кардиогендік шок (аритмиялық шокты қоспағанда)

  • айқын брадикардия

  • өмірге қауіп төндіретін қарыншалық аритмиядан зардап шегетін пациенттерді қоспағанда, миокард инфарктісін өткергеннен кейін үш ай бойына немесе сол жақ қарынша лықсыту фракциясының 35 % аз төмендеуі жағдайында)

  • синоатриалдық, атриовентрикулярлық (электрокардиостимуляторсыз) немесе қарыншаішілік өткізгіштіктің (электрокардиостимуляторсыз) айқын бұзылуы

  • синустық түйіннің әлсіздік синдромы

  • айқын артериялық гипотензия

  • су-тұз теңгерімінің айқын бұзылуы (гипо- немесе гиперкалиемия)

  • өкпенің созылмалы обструкциялық ауруының ауыр ағымы (ӨСОА)

  • миастения

  • бауыр және бүйрек функцияларының айқын бұзылуы

  • лактация кезеңі

  • 18 жасқа дейінгі жаста (тиімділігі және қауіпсіздігі анықталмаған)

Сақтықпен: бронх демікпесі, кардиомиопатия, бауыр және/немесе бүйрек жеткіліксіздігі, жүрек электрофизиологиясына әсері бойынша ұқсас басқа да аритмияға қарсы дәрілермен біріктірілімі, егде жас, тұрақты немесе уақытша жасанды ырғақ жетекшісі бар науқастар, жүктілік, бауыр холестазы.

Препараттың бета-адренобөгегіш әсерінен ӨСОА ерекше сақтықпен қолданады.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Басқа дәрілік заттармен клиникалық тұрғыдан маңызды көптеген өзара әрекеттесулер осы дәрінің пропафенонмен биотрансформацияланатын цитохром түрлерінің бірі – Р450 цитохромы изоэнзимдерімен өзара әрекеттесумен жүзеге асады. Биотрансформацияның тежелуі қан плазмасында пропранололдың, метопрололдың, варфариннің (протромбинді уақытқа мониторинг жүргізу, сондай-ақ варфарин дозасын азайту керек), циклоспориннің, теофилин мен дилтиаземнің де концентрацияларының артуына әкеп соғады. Хинидин пропафенонның плазмадағы концентрациясының, оның негізгі метаболиті 5-гидроксипропафенонның концентрациясы төмендеген кезде, статистикалық тұрғыдан сенімді түрде артуына әкеп соғады.

Хинидин, сірә, пропафенонның гидроксилдейтін биотрансформациясын тежеуі мүмкін. Пропанорм® препаратын рифампицинмен немесе фенобарбиталмен бір мезгілде қолдану индукцияның нәтижесінде пропафенонның әсерін және оның биотрансформациясының шапшаңдығын төмендетеді. Жергілікті анестетиктерді қолдану (мысалы, кардиостимуляторды имплантациялағанда сондай-ақ стоматологиялық тәжірибеде және хирургияда) оның әсерін потенциялауы мүмкін. Дигоксинді және Пропанорм® препаратын бір мезгілде қолданған кезде қан плазмасында дигоксиннің концентрациясы 30-100-ға артады. Осы дәрілік өзара әрекеттесудің механизмі әлі толық түсіндірілмеген. Пропанорм® препараты дигоксиннің бүйректік өзекшелік секрециясын төмендетуі мүмкін, ол дигоксиннің таралу көлемінің төмендеуіне және оның экстраренальді клиренсінің бір мезгілде төмендеуіне әкеп соғады. Дигоксиннің қан плазмасындағы концентрациясын ұдайы бақылап отыру керек және қажет болған кезде Пропанорм® препаратымен емдеуді бастағанда дигоксиннің дозасын азайту керек, әрі қарай емдеген кезде, оның қан плазмасындағы концентрациясы деңгейлерінің алынған көрсеткіштерін есепке ала отырып, дигоксиннің дозасына түзету енгізген жөн.

Аритмияға қарсы басқа да дәрілерді қолдана отырып, біріктірілген ем жүргізгенде өзге дәрілердің, әсіресе В.Вильямс (V.Williamse) жіктеуіне сәйкес аритмияға қарсы І топқа жататын препараттардың, жағымсыз хронотроптық, инотроптық және дромотроптық әсерлері қосылуы мүмкін. Бұл антиаритмиялық дәрілерді Пропанорм® препаратымен бір мезгілде қолданбау керек.

Пропанорм® препаратын үшциклді антидепрессанттармен біріктірмеу керек. Ритонавирмен бір мезгілде қолдану, Пропанорм® препаратының жағымсыз әсерлерінің біліну жиілігін арттырады.

Айрықша нұсқаулар

Емді стационар жағдайында бастау керек, өйткені Пропанорм® препаратын қолдануға байланысты аритмогендік әсерінің қаупі жоғары. Алдыңғы аритмияға қарсы ем бұл препараттардың 2–5 жартылай шығарылу кезеңіне тең мерзімде емдеуді бастағанға дейін тоқтатылуы ұсынылады. Емдеу кезеңінде ұдайы бақылау (яғни әр ай сайын стандартты ЭКГ, әр үш ай сайын холтерлік және мүмкіндігінше дене жүктемесі бар сынақ жағдайындағы ЭКГ бақылауы) жүргізу ұсынылады. ЭКГ, мысалы, QRS кешенінің кеңеюі немесе QT - 25 %-дан астамға немесе PR аралығының 50 %-дан астамға немесе QT аралығының 500 мс астамға ұзаруы немесе жүрек аритмиясының жиілігі және ауырлығы артуы өзгерістер болған жағдайда емді жалғастырудың дұрыстығы туралы мәселені шешу керек. Егде пациенттердің немесе сол жақ қарынша функциясының елеулі бұзылуы (сол жақ қарынша лықсыту фракциясы < 35 %) немесе миокардтың оргнаикалық зақымдануы бар пациенттер жағдайында емдеуді ерекше сақтықпен, біртіндеп жүргізу және дозасын біртіндеп ұлғайту керек. Бұл демеуші емге де қатысты. Талап етілуі мүмкін дозаның кез келген артуын емнің 5-8 күнінен кейін жүргізу керек.

Бауыр және/немесе бүйрек функциясы бұзылуы бар пациенттерде стандартты емдік дозаларды қабылдағанда жинақталу жүруі мүмкін. Дегенмен, осындай жай-күйдегі пациенттер жағдайында Пропанорм® препаратын қан плазмасындағы препарат деңгейін және ЭКГ бақылауын жүргізумен қолданылуы мүмкін. Емдеу электролиттік теңгерім (әсіресе калий концентрациясы) және ЭКГ бақылауымен жүргізілуі тиіс; мезгіл-мезгіл трансаминазалар белсенділігін, антинуклеарлық антидене титрін анықтау керек.

Егде пациенттерде немесе миокардтың ауыр зақымдануы бар науқастарда препарат дозасын жоғары сақтықпен титрлеу керек.

Пароксизмальді жыпылықтағыш аритмияны емдегенде қарыншалық 2:1 немесе 1:1 өтумен, қарыншалардың өте жоғары жиілікпен жиырылуы бар (яғни минутына > 180 соғу) жүрекшенің жыпылықтауынан жүрекшенің дірілдеуіне өтуі туындауы мүмкін. Пропанорм® препаратымен емдеу сезімталдық шегіне және жасанды ырғақ жетекшісінің жиілік шегіне әсер етуі мүмкін. Сондықтан ырғақ жетекшісінің жұмысын тексеру керек және қажет болғанда оны қайтадан бағдарламалау керек.

Фертильділігі, жүктілік және лактация кезеңі

Қазіргі уақытта жүкті және бала емізетін әйелдерде қолданылуына қатысты жеткілікті ақпарат жоқ. Жүктіліктің және жаңа туған нәрестелерде патология болмағанда бала емізудің асқынуларсыз өтуінің бірнеше жағдайлары туралы хабарланған. Жануарлардағы тәжірибелерде клиникаларда қолданылатын дозалар диапазонында ұрпақтарында пренатальді немесе постнатальді зақымданулар анықталмаған. Бірақ Пропанорм® плацента арқылы өтетіндіктен, ұрық үшін болжамды қаупімен салыстырғанда жүктілік кезіндегі емдеуден болатын пайданы бағалау керек. Өйткені препарат емшек сүтімен шығарылады, ем уақытында емшекпен қоректендіруді тоқтату керек.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Анық көрмеу, бас айналуы, қажу және постуральдік гипотензия реакциялардың жеке жылдамдығына әсер етуі және автомобиль басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілеті бұзылуына әкелуі мүмкін. Бұл сондай-ақ бір мезгілде алкоголь қолдануға да қатысты. Сондықтан емдеу кезеңінде автокөлік жүргізуден және жоғары зейін шоғырландыруды және психомоторлы реакциялардың шапшаңдығын талап ететін қауіптілігі зор қызмет түрлерімен айналысудан бас тартқан дұрыс.

Артық дозалануы

Симптомдары

Пропафеноннің уытты әсері жүрекшеішілік және қарыншаішілік өткізгіштік бұзылуы, мысалы, PQ ұзаруы, рQRS. кеңеюі, синустық түйіннің автоматтығы бәсеңдеуі, атриовентрикулярлық блокада, қарыншалық тахиаритмия ретінде білінеді. Жиырылудың төмендеуі (теріс инотроптық әсері) ауыр жағдайларда кардиогендік шокқа әкелетін артериялық гипотензия тудыруы мүмкін.

Бас ауыруы, бас айналуы, көрудің бұлыңғырлануы, парестезиялар, тремор, жүрек айнуы, іш қатуы және ауыз құрғауы, ұйқышылдық, сананың шатасуы жиі бақылануы мүмкін.

Уланудың ауыр жағдайларында клоникалық-тонустық құрысулар, парестезиялар, ұйқысыздық, кома және тыныс алудың тоқтауы дамуы мүмкін.

Артық дозаланған жағдайдағы емдік шаралар

Жалпы шұғыл шаралармен қатар, қарқынды терапия палатасында өмірлік маңызы бар көрсеткіштерді үнемі бақылау және оларды тиісті түрде түзету керек.

Брадикардия:

Дозаны төмендету немесе дәрілік препаратты тоқтату; қажет болғанда -атропин.

Синоатриальді блокада және II немесе III дәрежелі атриовентрикулярлық блокада:

  • Атропин

  • Орципреналин

  • Қажет болғанда жасанды ырғақ жетекшісін пайдалану

Қарыншаішілік блокада (Гис шоғыры тармағының блокадасы):

Дозаны төмендету немесе дәрілік препаратты тоқтату. Қажет болғанда кардиоверсия, өйткені қазіргі уақытқа дейін I класының аритмияға қарсы дәрілерінен туындайтын шоғыр тармақтарының блокадасындағы қауіпсіз у қайтарғысы белгісіз. Егер электростимуляция жүргізу мүмкін болмаса, онда QRS кешенін орципреналиннің жоғары дозаларын енгізу жолымен жиыруға әрекет ету керек.

Артериялық гипотензиямен бірге жүретін жүрек жеткіліксіздігі:

  • Дәрілік препаратты тоқтату

Жүрек гликозидтері

Өкпе ісінуі жағдайында нитроглицериннің жоғары дозалары, диуретиктер, қажет болғанда катехоламин (яғни адреналин және/немесе допамин және добутамин)

Ауыр улану жағдайында жүргізілуі қажет шаралар (яғни өзін-өзі өлтіруге ұмтылыстар):

  • Ауыр артериялық гипотензия және брадикардия жағдайында (пациент ес-түссіз жай-күйде болғанда):

Атропин 0,5–1 мг көктамырішілік, адреналин 0,5–1 мг көктамырішілік немесе қажет болғанда үздіксіз тамшылататын инфузия түріндегі адреналин. Инфузия жылдамдығы клиникалық жауапқа тәуелді

  • Құрысулар:

Көктамырішілік диазепам. Тыныс алу жолдары кедергісіз болуы тиіс.

Қажет болғанда интубация және бақыланатын тыныс алу (релаксация, мысалы, 2–6 мг панкуроний)

Асистолиядан немесе қарыншалардың фибрилляциясынан туындаған қан айналымының тоқтауы:

  • Негізгі шұғыл шаралар:

Тыныс алу жолдары, яғни тыныс алу жолдарының өткізгіштігін және/немесе интубацияны қамтамасыз ету. Тыныс алу, яғни оттегімен қамтудың артуы, айналым мүмкін болса, яғни жүректі уқалау (қажет болғанда бірнеше сағат бойына!)

  • Адреналин 0,5–1 мг көктамырішілік немесе трахея түтігі арқылы 10 мл физиологиялық ерітіндіде сұйылтылған 1,5 мг

Клиникалық жауапқа қарай қажет болғанда қайталау.

  • Натрий бикарбонаты 8,4 %, басында дене салмағына қарай көктамырішілік 1 мл/кг, 15 минуттан кейін қайталап

  • Қарыншалық фибрилляция жағдайында дефибрилляция жүргізу. Емге резистенттілік жағдайында көктамырішілік калий хлориді ерітіндісін 5–15 ммоль енгізуден кейін қайталау

  • Катехоламиндер қосумен инфузия (адреналин және/немесе допамин/добутамин)

  • Қажет болғанда қан сарысуындағы натрий деңгейі 145–150 ммоль/л жеткенше натрий хлоридінің концентрацияланған ерітіндісін (80–100 ммоль) қосумен инфузиялау

  • Асқазанды шаю

- Дексаметазон 25–30 мг көктамырішілік

- Жасанды ырғақ жетекшісін

Қарқынды емнің симптоматикалық шаралары.

Гемодиализ есебінен шығаруға қол жеткізуге әрекет етудің шектеулі ғана тиімділігі бар. Қан ауыздарымен елеулі байланысуына (> 95 %) және үлкен таралу көлеміне байланысты гемодиализ тиімсіз.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

Пішінді 5 қаптамадан медициналық қолдануы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 15-25оС температурада сақтау керек!

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы.

Өндіруші

«ПРО.МЕД.ЦС Прага а.о.»

Телчска 1, 140 00 Прага 4, Чех Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан тауар сапасы жөнінде шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«PROM.MEDIC.KAZ» ЖШС

Алматы қ., Достық даңғ., 132, кеңсе № 9,

Тел.: 8(727)260-89-36, e‑mail: sekretar@prommedic.kz

 

Прикрепленные файлы

628354821477976281_ru.doc 39.65 кб
043887311477977482_kz.doc 106.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники