Пролиа®

МНН: Денозумаб
Производитель: Амджен Мэньюфэкчуринг Лимитед
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Denosumab
Номер регистрации в РК: № РК-БП-5№018769
Информация о регистрации в РК: 03.02.2017 - 03.02.2022
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 59 189.52 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Пролиа®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Денозумаб

Дәрілік түрі

Тері астына енгізуге арналған ерітінді, 60 мг/мл

Құрамы

1 мл ерітіндінің құрамында

белсенді зат – 60 мг денозумаб,

қосымша заттар: сорбитол (Е420), мұзды сірке қышқылы, полисорбат 20, натрий гидроксиді, инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Қосылыстардан бос дерлік, түссізден ашық-сары түске дейінгі мөлдір ерітінді, ішінде жартылай мөлдірден ақ түске дейін бөлшектердің іздері болуы мүмкін.

Фармакотерапиялық тобы

Сүйек ауруларын емдеуге арналған препараттар. Сүйектердің құрылымына және минералдануына әсер ететін басқа да препараттар. Денозумаб.

АТХ коды M05BX04

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Денозумаб дозалардың кең диапазонында дозаға тәуелденетін дозаға байланыссыз фармакокинетикасымен және 60 мг/мл (1 мг/кг) және одан жоғары дозалар тері астына енгізілгенде экспозициясының дозаға тәуелді ұлғаюымен сипатталады.

Сіңуі

Денозумаб 60 мг (немесе 1 мг/кг) дозада тері астына енгізілгенде оның биожетімділігі 61 % құрайды. Денозумабтың ең жоғары концентрациясы (Cmax) енгізгеннен кейін 10 күннен соң (2-28 күндік диапазон) байқалып, 6 мкг/мл (1-17 мкг/мл диапазон) құрады.

Метаболизмі

Денозумаб, әдеттегі иммуноглобулин сияқты, амин қышқылдарынан және көмірсулардан тұрады. Денозумабтың бауыр метаболизмі арқылы бөлініп шығу ықтималдығы аз. Денозумаб метаболизмі мен шығарылуы иммуноглобулиндер клиренсінің жолымен жүреді, нәтижесінде шағын пептидтік тізбектерге және жекелеген амин қышқылдарына ыдырайды.

Шығарылуы

Cmax жеткеннен кейін қан сарысуындағы препарат мөлшері 26 күн жартылай шығарылу кезеңімен (6-52 күндік диапазон), әріқарай 3 ай ішінде (1,5-4,5 айлық диапазон) төмендейді. Денозумаб 53 % пациентте препаратты соңғы қабылдаған сәттен 6 ай өткен соң қан сарысуынан табылмаған.

Денозумаб фармакокинетикалық параметрлерінің өзгерістері, сондай-ақ әр 6 ай сайын 60 мг препараттың бірнеше реттік дозаларын қабылдаған уақыт бойына жинақталуы байқалмайды. Препарат фармакокинетикасына денозумабқа байланыстырғыш антиденелердің түзілуі ықпалын тигізбеген.

Денозумаб фармакокинетикасының ерлер мен әйелдердегі көрсеткіштері ұқсас.

Денозумаб фармакокинетикасы ауру дәрежесіне (сүйек салмағын жоғалту немесе остеопороз; простата немесе сүт безі онкологиялық ауруларына) байланысты емес.

Шамадан тыс дене салмағы мен дәрілік заттың AUC және Cmax көрсеткіштері негізіндегі концентрациясы арасында өзара байланыс бары анықталған. Алайда, осы өзара байланыс клиникалық тұрғыдан маңызды саналмайды, өйткені сүйектің қайта үлгілену маркерлері және сүйектің минералдық тығыздығының артуы бойынша қадағаланатын фармакодинамикалық әсерлері дене салмағының кең диапазонында өзгеріссіз болды. Осылайша, пациенттің дене салмағы (36-дан 140 кг дейінгі диапазон) денозумаб фармакокинетикасына елеулі ықпалын тигізбейді.

Пациенттердің жекелеген топтары

28-ден 87 жасқа дейінгі пациенттер қауымындағы талдау деректері бойынша жас шамасы денозумаб фармакокинетикасына елеулі ықпалын тигізбейді.

Балалар және жасөспірімдер (18 жасқа дейінгі)

Балаларда фармакокинетикасы зерттелмеген.

Нәсілдік тегі

Денозумаб фармакокинетикасы гормональді емде жүрген менопаузадан кейінгі әйелдерде және сүт безі обырына шалдыққан пациенттерде нәсілдік тегіне байланысты емес.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Диализде жүрген пациенттерді қоса, бүйрек дисфункциясының әртүрлі дәрежесіндегі 55 пациентте жүргізілген зерттеуде бүйрек жеткіліксіздігі дәрежесі денозумаб фармакокинетикасы мен фармакодинамикасына ықпалын тигізбеген; сондықтан созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінде денозумаб дозалау режимін түзету қажет емес.

Созылмалы бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр функциясы жеткіліксіздігінің денозумаб фармакокинетикасына әсер етуіне зерттеу жүргізілмеген. Жалпы, моноклональді антиденелер бауыр метаболизмі арқылы шығарылмайды, осылайша бауыр патологиясы денозумаб фармакокинетикасына ықпалын тигізбейді.

Фармакодинамикасы

Әсер ету механизмі

Пролиа® препараты толығымен ядролық κB (RANKL) фактор белсендіргішінің рецептор лигандына жоғары аффинділігі және спецификалығы бар салмағы 147 кДа жуық адамның моноклональді антиденесі (IgG2) болып табылады. Остеокласттар (сүйек тіні резорбциясына жауап беретін жасушалар) түзілуінде, функциясында және тіршілік қабілетінде маңызды рөл атқаратын RANKL — жарғақша аралық немесе ерігіш ақуызымен байланысып, Пролиа® остеокласттар мен олардың ізашарларының беткейінде орналасқан ядролық κB (RANK) фактор белсендіргіші – дара RANKL рецепторының белсенділенуін бөгейді. Осылайша, RANKL/RANK өзара әрекеттесуін болдырмау остеокласттар түзілуін, белсенділенуін және тіршілік ету ұзақтығын тежейді. Нәтижесінде Пролиа® препараты сүйек резорбциясын азайтып, сүйек салмағын және оның кортикальді және трабекулярлы қабаттарының беріктігін арттырады.

Фармакодинамикалық әсерлері

Пролиа® препаратын 60 мг дозада тағайындау сүйек тінінің резорбция маркері – 1С-телопептидтің (СТХ) сарысулық концентрацияларының кейінгі 3 күн ішінде шамамен 85 % тез азаюына алып келеді. СТХ концентрациясының азаюы дозалау арасындағы 6 айлық аралықта тұрақты күйде қалады. Қан сарысуындағы CTX концентрациясының төмендеу жылдамдығы сарысудағы денозумаб концентрациясы ең жоғары ≥ 87%-дан ≥ 45 % дейінгі (45-тен 80 % дейінгі шекте) деңгейге төмендегенде ішінара азаяды, бұл Пролиа® препаратының сүйектің қайта үлгіленуіне қайтымды ықпал ететінін көріністейді. Осы әсерлер емдеу курсының бүкіл кезеңінде байқалды. Пролиа® препаратымен емдеу жаңғыртылған соң CTX концентрациясының төмендеу дәрежесі денозумабпен емдеу курсының басындағы CTX концентрациясының төмендеу дәрежесімен ұқсас болды.

Сүйек тінінің қайта үлгіленуі кезінде түзілу және резорбция үдерістерінің физиологиялық өзара байланысына сәйкес, Пролиа® препаратының алғашқы дозасын енгізгеннен кейінгі алғашқы айдан сүйек түзілу маркерлері мөлшерінің (мысалы, сүйектік-спецификалық сілтілік фосфатазаның және І типті коллагеннің сарысулық N-терминалдық пропептиді) азаюы байқалды. Пролиа® препаратымен ем аяқталғаннан кейін сүйек тінінің қайта үлгілену маркерлері емдеу алдында орын алған мәндерден 40-60 % асып кететін деңгейлерге жетті, бірақ 12 айдан соң бастапқы мәндеріне оралды.

Тәжірибелік зерттеулерде остеопротегериннің Fc-фрагментімен (OPG-Fc) байланысуымен бір мезгілде RANK/RANKL тежелісі сүйектің баяу өсуіне және тіс жарудың бұзылуына әкелген. Сондықтан Пролиа® препаратымен емдеу өсу аймақтары ашық балаларда сүйектердің өсуін тежеп, тіс жарудың бұзылуына әкелуі мүмкін.

Иммуногенділік

Денозумаб – адамның моноклональді антиденесі, сондықтан басқа да емдік протеиндердегі сияқты, оның иммуногенділігінің теориялық қаупі бар. 13 000-нан астам пациенттер сезімтал электрохемилюминесценция әдісін иммунологиялық талдаумен үйлестіріп пайдаланумен байланыстырушы антиденелер түзілуі тұрғысынан тексерілді. 5 жыл бойы Пролиа® препаратын қабылдаған 1 %-дан аз пациентте антиденелер (бұрын болған өткінші және өсуші түрлерін қоса) анықталды. Серопозитивті пациенттер әріқарай in vitro жасушалар өсіріндісінде хемилюминисцентті талдаудың пайдаланылуымен бейтараптандырушы антиденелер түзілуі тұрғысынан тексерілді, бейтараптандыратын антиденелер табылмаған. Антиденелер түзілуінен болатын фармакокинетикалық бейін, уыттылық бейіні немесе клиникалық жауап өзгерістері анықталмаған.

Антиденелердің түзілу жиілігі көп дәрежеде сезімталдыққа және талдау әдісінің спецификалығына байланысты. Бұдан басқа, антиденелерге (бейтараптандырғыштарын қоса) оң нәтижелердің байқалған жағдайлары талдау әдістемесін, үлгілермен жұмыс істеу шарасын, үлгілерді таңдау уақытын, бірге қабылданатын препараттарды, бейімдендіретін аядағы ауруларды қамтитын бірқатар факторлардан болады. Осы себептерге орай, денозумабқа антиденелер түзілу жиілігін басқа препараттарға антиденелер түзілу жиілігімен салыстыру тура болмауы мүмкін.

Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі

Әйелдерде менопаузадан кейінгі остеопорозды емдеу

Менопаузадан кейінгі остеопорозы бар әйелдерде Пролиа® препараты сүйектің минералдық тығыздығын (СМТ) арттырады, ортан жілік мойынының сыну, вертебральді және вертебральді емес сынулар жиілігін азайтады. Зерттеуге алынған сатыда сынулары бар немесе жоқ, омыртқаның бел бөлігі немесе ортан жілік минералдық тығыздығының Т-критерий бастапқы деңгейі -2,5-тен -4 дейінгі әйелдерде жүргізілген көп орталықтық 3 жылдық FREEDOM зерттеуінің нәтижелері денозумабтың, плацебомен салыстырғанда, вертебральді және вертебральді емес сынулардың және ортан жілік мойыны сынуының пайда болу қаупін төмендететінін көрсетті. Тексерілген әйелдердің жалпы саны 60-91 жаста 7808 құрады, олардың 23,6 %-да жиі кездесетін омыртқа сынулары болды.

1 кесте. Менопаузадан кейінгі остеопорозы бар әйелдерде жаңа вертебральді сынулар пайда болғанда Пролиа® препаратын қолдану әсері

 

Сынулары бар әйелдердің арақатынас пайызы (%)*

Сынулар қаупі төмендеуінің абсолютті көрсеткіші (%)

(95 % СА)**

Сынулар қаупі төмендеуінің салыстырмалы көрсеткіші (%)

(95 % СА)**

 

Плацебо

n = 3,906

Пролиа®

n = 3,902

0-1 жыл

2,2

0,9

1,4 (0,8; 1,9)

61 (42,74)

0-2 жыл

5,0

1,4

3,5 (2,7; 4,3)

71 (61,79)

0-3 жыл

7,2

2,3

4,8 (3,9; 5,8)

68 (59,74)

* Сандар әр кезеңге тән сынулардың жалпы көрсеткіштеріне негізделген.

** Жас топтарына қарай түзетілген Мантель-Гензель әдісімен алынған абсолютті және салыстырмалы қауіптің төмендеу мәндері.

Пролиа® жас шамасына, сүйек тінінің қайта үлгіленуінің бастапқы деңгейіне, СМТ базалық көрсеткішіне, сыртартқыда сынулардың болуына, остеопорозды емдеуге арналған препараттардың алдыңғы пайдаланылуына қарамастан жаңа морфометриялық вертебральді сынулар қатерін тиімді төмендетеді.

Пролиа® препаратымен ем басталғаннан кейін 3 жылдан соң ұршық буынының сынулары плацебо тобындағы 1,2 % пациент әйелде және Пролиа® қабылдаған 0,7 % әйелде болды. Ұршық буыны сыну (жасы бойынша түзетілген) қаупінің абсолютті төмендеуі 3 жылдан соң 0,3 %, ал қауіптің салыстырмалы төмендеуі 40 % құрады (p = 0,04).

Пролиа® препаратымен ем вертебральді емес сынулар санының едәуір қысқаруына әкелді (2 кесте).

2 кесте. 3 жыл бойы вертебральді емес сынулар пайда болуында Пролиа® препаратын қолданудың әсері

 

Сынулары бар әйелдер (%)+

Қауіптің абсолютті төмендеуі (%)*

(95 % СА)

Қауіптің салыстырмалы төмендеуі (%)*

(95 % СА)

 

Плацебо

n = 3,906

Пролиа®

n = 3,902

Вертебральді емес сынулар1

8,0

6,5

1,5 (0,3; 2,7)

20 (5,33)**

+ Сандар Каплан-Мейер әдісі арқылы алынды.

1 Омыртқаның (мойын, кеуде және бел бөлігі), жоғарғы және төменгі жақсүйектің, беттің, білезіктің, қол мен аяқ саусақтарының сынуларынан басқа

* p-мәні = 0,01.

Пролиа® препаратымен емдеу барлық анатомиялық облыстарда СМТ мәнін едәуір арттырады (3 жылдан кейінгі бақылау деректері). СМТ омыртқаның бел бөлігінде 8,8 %, бүкіл ұршық буынында 6,4 % және ортан жілік мойынында 5,2 % өсті. Жас шамасына, нәсілдік тегіне, дене салмағы индексіне (ДСИ), сүйектің минералдық тығыздығына және сүйектің қайта үлгіленуіне қарамастан, омыртқаның бел бөлігінде сүйектің минералдық тығыздығына ұқсас ықпал ететіні білінді.

Пролиа® қолдануды тоқтатқаннан кейін СМТ 12 ай ішінде бастапқы деңгейлеріне оралды.

Менопаузадан кейінгі остеопорозы бар 92 әйелде мықын сүйегі жотасы биопсиясының 115 үлгісінде (үлгілер 24 және/немесе 36 ай өткенде алынды; 53 үлгі Пролиа® тобында, 62 үлгі плацебо тобында) жүргізілген гистологиялық зерттеулерде сүйек тінінің минералдануынан, жетілмеуінен немесе сүйек кемігінің фиброзынан болатын ақаулар белгілерінсіз сүйек тінінің қалыпты архитектоникасы мен сапасы расталды.

Плацебомен салыстырғанда, Пролиа® препаратымен ем сүйек тінінің қайта үлгілену белсенділігінің толық дерлік жойылуына әкеліп, сүйектердің өсу жылдамдығын едәуір қысқартты. Алайда, сүйек тінінің қайта үлгіленуінің осылай бәсеңдеуінен болатын ұзақ мерзімді зардаптар әлі күнге белгісіз.

Остеопорозы бар ерлерде сүйек салмағының артуы

Пролиа® препаратын ерлерде қолдану тиімділігі мен қауіпсіздігі омыртқа бағанының бел аумағында немесе ортан жілік мойынында СМТ Т-критерий бастапқы деңгейі -2,0 және -3,5 аралығында болатын сүйек салмағын жоғалтқан ерлердегі 1-жылдық рандомизацияланған, салыстырмалы жасырын плацебо-бақыланатын көп орталықтық зерттеуде көріністелді. Сыртартқысында сынулары болған және сол аумақтардағы СМТ Т-критерий -1,0 және -3,5 аралығында болатын ерлер де тартылды. Барлығы 31-ден 84 жасқа дейінгі 242 ер тексерілді, олар екі топқа – плацебо тобына (121 пациент) немесе Пролиа® препаратын (121 пациент) қабылдаған топқа бөлінді, онда пациенттер әр 6 ай сайын кальций препараттарын (кемінде 1 г) және D витаминін (кемінде 800 ХБ) күнделікті қабылдаумен біріктірген теріастылық инъекция алды.

Пролиа® препаратын пайдалану 1 жылдан соң пациенттерде СМТ мәнін едәуір арттырды: омыртқаның бел бөлігінде 4,8 % (плацебо үшін +0,9 %, Пролиа® үшін +5,7 %; (95 % СА: 4,0; 5,6); p < 0,0001), бүкіл ұршық буынында 2,0 % (плацебо үшін +0,3 %, Пролиа® үшін +2,4 %), ал ортан жілік мойынында 2,2 % (плацебо үшін 0,0 %, Пролиа® үшін +2,1 %). Осыған ұқсас СМТ әсерлері жас шамасына, нәсілдік тегіне, СМТ бастапқы мәніне, тестостерон концентрациясына және сүйек тінінің қайта үлгілену жылдамдығына қарамастан омыртқаның бел бөлігінде байқалды.

Гистологиялық зерттеулерде сүйек тінінің минералдану ақаулары болмайтын сүйектің қалыпты архитектоникасы расталды. Фиброз, остеомаляция және сүйек тіні архитектоникасының бұзылуын қоса, патологиялық өзгерістер білінбеген.

Плацебомен салыстырғанда, денозумабпен ем сүйектердің өсу жылдамдығын едәуір қысқартты. Алайда, сүйек тінінің қайта үлгіленуінің осылай бәсеңдеуінің ұзақ мерзімді зардаптары әлі белгісіз.

Гормональді емнен болатын сүйек cалмағын жоғалтуды емдеудегі клиникалық тиімділігі

1. Қуық асты безінің метастазды емес обырында гормонодепривациялық ем алатын ерлерде сүйек салмағының жоғалуын емдеу

Андрогендер концентрациясының төмендеуімен астасқан сүйек салмағын жоғалтуды емдеуде Пролиа® препаратының тиімділігі мен қауіпсіздігі 3 жылдық, рандомизацияланған (1:1), салыстырмалы жасырын, плацебо-бақыланатын, халықаралық зерттеуде дәлелденген. 70 жасқа дейінгі ерлер омыртқаның бел бөлігінде, бүкіл ұршық буынында және ортан жілік мойынында -1,0-ден -4,0 дейінгі базалық СМТ Т-критерий иеленген немесе сыртартқысында остеропороз салдарынан сынулар болған. Омыртқаның бел бөлігінде СМТ Т-критерий орташа базалық көрсеткіші -0,4 құраған. Зерттеуге 48-ден 97 жасқа дейінгі 1486 пациент (орта жасы - 76 жас) қатысты. Ерлер екі топқа бөлінді, біреуінде пациенттер әр 6 ай сайын плацебо теріастылық инъекциясын (n = 734), ал екіншісінде 60 мг Пролиа® инъекциясын (n = 734) алды (жалпы жиынтығы 6 доза). Пациенттердің бәрі кальций препараттарын (тәулігіне кемінде 1000 мг) және D витаминін (кемінде 400 ХБ) алған.

Бастапқы тиімділік критерийі – 24 ай өткенде байқалған омыртқаның бел бөлігіндегі СМТ Т-критерий базалық мәнінің пайыздық өзгеруі. Тиімділігінің екіншілік көрсеткіштеріне екі тәуелсіз рентгенологпен диагностикаланып, 36 ай өткенде білінген жаңа вертебральді сынулар саны жатады. Омыртқаның бел бөлігіндегі СМТ Т-критерий деңгейі 2 жылдан соң, плацебо тобымен салыстырғанда, Пролиа® алған пациенттерде жоғары болды [плацебо үшін -1.0%, Пролиа® үшін +5,6 %; плацебо мен Пролиа® арасындағы айырма — 6,7 % (95 % СА: 6,2; 7,1); p < 0,0001].

3 жыл бойы тексеруден өтуді жалғастырған шамамен 62% пациент үшін плацебо мен Пролиа® арасындағы СМТ Т-критерий көрсеткіштеріндегі айырмашылық 3 жылдан соң омыртқаның бел бөлігінде 7,9 % (плацебо үшін -1,2 %, Пролиа® үшін +6,8 %), бүкіл ұршық буынында 5,7 % (плацебо үшін -2,6%, Пролиа® үшін +3,2 %), ал ортан жілік мойынында 4,9 % (плацебо үшін -1,8 %, Пролиа® үшін +3,0 %) құрады. Осыған ұқсас СМТ әсерлері омыртқаның бел бөлігінде байқалды.

Пролиа 3 жыл ішінде білінген жаңа вертебральді сынулар санын едәуір төмендетеді (p = 0,0125).

2. Сүт безінің обырына орай ароматаза тежегіштерімен ем алатын әйелдерде сүйек салмағын жоғалтуды емдеу

Пролиа® препаратының тиімділігі мен қауіпсіздігі сүт безінің обыры және ароматаза тежегішімен адъювантты емдеуден болған сүйек салмағының жоғалуы бар 35-84 жастағы 252 пациент әйел қамтылған көп орталықтық зерттеуде бағаланды. Бастапқы тиімділік критерийі – 12 ай өткенде байқалған омыртқаның бел бөлігіндегі СМТ базалық мәнінің пайыздық өзгеруі. Омыртқаның бел бөлігіндегі Т-критерий деңгейі 1 жылдан соң, плацебо тобымен салыстырғанда, Пролиа® алған пациенттерде жоғары болды [плацебо үшін -0,7 %, Пролиа® үшін +4,8 %; плацебо мен Пролиа® арасындағы айырма — 5,5 % (95 % СА: 4,8; 6,3); p < 0,0001].

2 жыл бойы тексеруден өтуді жалғастырған шамамен 81 % пациент әйел үшін плацебо мен Пролиа® арасындағы СМТ Т-критерий көрсеткіштеріндегі айырмашылық 2 жылдан соң омыртқаның бел бөлігінде 7,6 % (плацебо үшін -1,4 %, Пролиа® үшін +6,2 %), бүкіл ұршық буынында 4,7 % (плацебо үшін -1,0 %, Пролиа® үшін +3,8 %), ал ортан жілік мойынында 3,6 % (плацебо үшін -0,8 %, Пролиа® үшін +2,8 %) құрады.

Қолданылуы

- сыну қаупі жоғары (сыртартқыда остеопороздық сынулардың немесе сынулардың бірнеше қауіп факторларының болуы) әйелдерде менопаузадан кейінгі остеопорозды емдеуде; остеопорозды алдыңғы емдеу тәжірибесі сәтсіз болған немесе остеопорозды емдеуге арналған ағымдағы препараттарға көтере алмаушылығы бар пациенттерде

- сыну қаупі жоғары (сыртартқыда остеопороздық сынулардың немесе сынулардың бірнеше қауіп факторларының болуы) остеопорозы бар ерлердегі сүйек салмағының артуында; остеопорозды алдыңғы емдеу тәжірибесі сәтсіз болған немесе остеопорозды емдеуге арналған ағымдағы препараттарға көтере алмаушылығы бар пациенттерде

- қуық асты безінің метастазды емес обыры кезінде гормонодепривациялық ем алатын ерлерде сүйек салмағын жоғалтуды емдеуде

- сүт безі обырында ароматаза тежегіштерімен адъювантты ем алатын әйелдерде сүйек салмағын жоғалтуды емдеуде.

Қолдану тәсілі және дозалары

Пролиа® препаратын енгізуді медицина мамандары атқаруы тиіс.

Дозасы

Пролиа® препаратының ұсынылатын дозасы – әр 6 ай сайын 60 мг бір теріастылық инъекция. Инъекция қолдың, санның немесе іштің жоғарғы тұсына енгізіледі.

Енгізу жөніндегі толық нұсқаулықты қаптамаға салынған қосымшадан қараңыз.

Препаратты енгізу ережелері

Латекске аллергиясы бар пациенттер құрамында табиғи каучук бар алдын ала толтырылған еккіш инесінің сұр резеңке қалпақшасына жанаспауы тиіс.

Сілкімеу керек!

Инъекция алдында препаратты тоңазытқыштан шығарып, енгізген жерде жайсыздану болмас үшін қаптамасынан шығармастан ерітіндіні бөлме температурасына дейін (25 °C дейін) жылытқан жөн. Әдетте, бұл емшара 15-тен 30 минутқа дейін уақыт алады. Препаратты басқаша қыздыруға болмайды.

Алдын ала толтырылған еккіштің ішіндегісін түгел баяу енгізеді.

Инені кездейсоқ кіргізіп алу қаупін кеміту үшін, Пролиа® препаратымен алдын ала толтырылған еккіш инъекция аяқталған соң инені жабу үшін автоматты іске қосылатын қорғағыш құрылғымен жабдықталған. Қаптамада жеткізілетін Пролиа® алдын ала толтырылған еккіші суретте бейнеленуінен ерекшеленуі мүмкін.

Емдеу курсы кезінде күн сайын кальций препараттарын (1000 мг) және D3 витаминін (400 ХБ) қосымша қабылдау ұсынылады.

Егер препарат дозасы өткізіп алынса, мүмкіндігіне қарай, оны бірден толықтыру қажет. Келесі инъекция соңғы дозаны алған соң 6 ай өткенде жасалуы тиіс.

Пациенттердің жекелеген топтарында қолдану

18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

Пролиа® препараты педиатрияда қолдануға ұсынылмаған, өйткені аталған препараттың тиімділігі мен қауіпсіздігі осы жас тобында зерттелмеген. Пролиа® препаратымен ем өсу аймақтары ашық балаларда сүйек салмағының өсуіне теріс әсер етіп, тіс жару үдерісін баяулатуы мүмкін.

Егде жастағы пациенттер

Осы қосалқы жас тобындағы препараттың тиімділігі мен қауіпсіздігі жөнінде қолда бар деректерді негізге алып, препаратты дозалау режимін түзету қажет емес. Алайда егде жастағы кейбір пациенттерде денозумабқа сезімталдықтың артуын жоққа шығаруға болмайды.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде препараттың дозалау режимін түзету қажет емес.

Клиникалық зерттеулерде бүйрек жеткіліксіздігі ауыр (креатинин клиренсі < 30 мл/мин) немесе диализде жүрген пациенттерде гипокальциемияның зор даму қаупі анықталған. Осындай пациенттерге қатысты кальций, фосфор және магний деңгейлерін клиникалық бақылап отыру қатаң түрде ұсынылады. Мұндай пациенттерге кальций препараттары мен D3 витаминін қосымша қабылдау қажет.

Бауыр жеткіліксіздігі

Тиімділігі мен қауіпсіздігі зерттелмеген.

Жағымсыз әсерлері

Менопаузадан кейінгі остеопорозы бар пациент әйелдерде байқалған ең көп таралған жағымсыз реакцияларға арқаның ауыруы, аяқ-қолдың ауыруы, сүйек-бұлшықет ауыруы, гиперхолестеринемия және цистит жатады.

Остеопорозы бар ерлерде байқалған ең көп таралған жағымсыз реакцияларға арқаның ауыруы, артралгия және назофарингит жатады.

Қуық асты безінің метастазды емес обыры кезіндегі гормонодепривациялық емнің немесе сүт безі обыры кезіндегі ароматаза тежегіштерімен адъювантты емнің нәтижесінде сүйек салмағын жоғалтқан пациенттерде Пролиа® препаратына ең кең таралған (≥ 10 % пациент) жағымсыз реакциялар артралгия және арқаның ауыруы болып табылады. Клиникалық зерттеулерде аяқ-қолдың ауыруы және сүйек-бұлшықет ауыруы туралы да хабарланған.

Менопаузадан кейінгі остеопорозы бар пациент әйелдерде Пролиа® қабылдауды тоқтатуға әкелген ең көп таралған жағымсыз реакцияларға арқаның ауыруы мен іш қату жатады.

Клиникалық зерттеулер деректері бойынша

Клиникалық зерттеулердің әртүрлі жағдайларда жүргізілуіне байланысты, клиникалық зерттеу кезінде препаратқа болатын жағымсыз реакциялар жиілігін зерттеулердегі басқа препараттардың реакциялар жиілігімен тікелей салыстыруға болмайды, әрі ол клиникалық тәжірибеде байқалған жиілікке сай келмеуі мүмкін.

Менопаузадан кейінгі остеопороз

Менопаузадан кейінгі остеопорозды емдеу үшін Пролиа® препаратын қолдану қауіпсіздігі 60-тан 91 жасқа дейінгі 7808 әйел қатысқан 3-жылдық рандомизацияланған, салыстырмалы жасырын, плацебо-бақыланатын, халықаралық зерттеу барысында бағаланған. 3876 әйел плацебо алған, ал 3886 пациент әйел Пролиа® препаратын (әр 6 сайын 60 мг теріастылық инъекция) пайдаланған. Барлық пациент әйелдерге кальций препараттары (тәулігіне кемінде 1000 мг) және D витамині (тәулігіне кемінде 400 ХБ) тағайындалған.

Жалпы өлім көрсеткіші плацебо тобында 2,3 % (n = 90) және Пролиа® тобында 1,8 % (n = 70) құраған. Өліммен аяқталмайтын күрделі жағымсыз құбылыстар көрсеткіші плацебо тобында 24,2 % және Пролиа® тобында 25,0 % құрады. Жағымсыз құбылыстар себебінен зерттеуден шығып қалған пациенттер саны плацебо және Пролиа® топтарында, тиісінше, 2,1 % және 2,4 % құрады. Төменде плацебо тобымен салыстырғанда, Пролиа® тобындағы менопаузадан кейінгі остеопорозы бар ≥ 2 % пациент әйелде жиірек байқалған жағымсыз реакциялар тізбеленген.

Қан және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар

- анемия: Пролиа® тобында 3,3 %, плацебо тобында 2,8 %

Жүрек тарапынан бұзылулар

- стенокардия: Пролиа® тобында 2,6 %, плацебо тобында 2,2 %

- жүрекшелер фибрилляциясы: Пролиа® тобында 2,0 %,

плацебо тобында 2,0 %

Есту мүшесі және тепе-теңдік тарапынан бұзылулар

- вертиго: Пролиа® тобында 5,0%, плацебо тобында 4,8 %

Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар

- іштің жоғарғы тұсының ауыруы: Пролиа® тобында 3,3 %, плацебо тобында 2,9 %

- метеоризм: Пролиа® тобында 2,2 %, плацебо тобында 1,4 %

- гастроэзофагеальді рефлюкс: Пролиа® тобында 2,1 %, плацебо тобында 1,7 %

Жалпы бұзылыстар және енгізген жердегі реакциялар

- шеткергі ісіну: Пролиа® тобында 4,9 %, плацебо тобында 4,0 %

- астения: Пролиа® тобында 2,3 %, плацебо тобында 1,9 %

Инфекциялы және паразиттік аурулар

- цистит: Пролиа® тобында 5,9 %, плацебо тобында 5,8 %

- жоғарғы тыныс жолдарының инфекциялары: Пролиа® тобында 4,9 %, плацебо тобында 4,3 %

- пневмония: Пролиа® тобында 3,9 %, плацебо тобында 3,9 %

- фарингит: Пролиа® тобында 2,3 %, плацебо тобында 2,0 %

- белдемелі герпес (белдемелі теміреткі): Пролиа® тобында 2,0 %,

плацебо тобында 1,9 %

Зат алмасу тарапынан бұзылулар және зертханалық өзгерістер

- гипокальциемия: Пролиа® тобында 1,7 %, плацебо тобында 0,4 %

- гиперхолестеринемия: Пролиа® тобында 7,2 %, плацебо тобында 6,1 %

Қаңқа-бұлшықет және дәнекер тін тарапынан бұзылулар

- арқаның ауыруы: Пролиа® тобында 34,7 %, плацебо тобында 34,6 %

- аяқ-қолдың ауыруы: Пролиа® тобында 11,7 %, плацебо тобында 11,1 %

- сүйек-бұлшықет ауыруы: Пролиа® тобында 7,6 %, плацебо тобында 7,5 %

- сүйектің ауыруы: Пролиа® тобында 3,7 %, плацебо тобында 3,0 %

- миалгия: Пролиа® тобында 2,9 %, плацебо тобында 2,4 %

- омыртқа остеоартриті: Пролиа® тобында 2,1 %, плацебо тобында 1,7 %

Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар

- ишиалгия: Пролиа® тобында 4,6 %, плацебо тобында 3,8 %

Психика бұзылулары

- ұйқысыздық: Пролиа® тобында 3,2 %, плацебо тобында 3,1 %

Тері және теріасты тіндері тарапынан бұзылулар

- бөртпе: Пролиа® тобында 2,5 %, плацебо тобында 2,0 %

- қышыну: Пролиа® тобында 2,2 %, плацебо тобында 2,1 %

- аса жоғары сезімталдық реакциялары, бөртпені, есекжемді, бет ісінуін, эритеманы қоса және анафилактикалық реакциялар

Күрделі инфекциялар

Ядролық κ-В (RANKL) факторы белсендіргіш рецепторының лиганд экспрессиясы белсендірілген Т және В лимфоциттерінде, сондай-ақ лимфа түйіндерінде жүреді. Сондықтан, Пролиа® препаратын қоса, RANKL тежегіштері инфекциялар қаупін арттыруы мүмкін. Менопаузадан кейінгі остеопорозы бар 7808 әйел қатысқан клиникалық зерттеуде инфекция жағдайларының саны мынадай болды:

- өлімге әкелуі мүмкін күрделі инфекциялар: Пролиа® тобында 0,2 %, плацебо тобында 0,2 %

- өліммен аяқталмайтын күрделі инфекциялар: Пролиа® тобында 4,0 %, плацебо тобында 3,3 %

- күрделі инфекциялар себебімен ауруханаға жату жағдайлары: асқазанда — Пролиа® тобында 0,9 %, плацебо тобында 0,7 %; несеп шығару жолдарында — Пролиа® тобында 0,7 %, плацебо тобында 0,5 %; және құлақта — Пролиа® тобында 0,1 %, плацебо тобында 0,0 %

- эндокардит: Пролиа® тобындағы 3 пациент әйелде, плацебо тобындағы 0 пациентте

- тері инфекциялары, ауруханаға жатқызуды талап ететін тілме мен целлюлитті қоса: Пролиа® тобында 0,4 %, плацебо тобында < 0,1 %

- оппортунистік инфекциялар: екі топта да бірдей

Дерматологиялық реакциялар

- дерматит, экзема, бөртпе: Пролиа® тобында 10,8 %, плацебо тобында 8,2 % (р<0,0001)

Жағымсыз реакциялардың көпшілігі инъекция орнына байланысты болмаған.

Жақсүйек остеонекрозы

- жақсүйек остеонекрозы жағдайлары тіркелген

Атипиялық ұршықбасы астындағы және диафизарлық сынулар

- атипиялық сынулар жағдайлары болған

Панкреатит

- панкреатит: Пролиа® тобында 0,2 %, плацебо тобында 0,1 %. Препарат қабылдаудан бастап пайда болуына дейінгі уақыт кезеңі әртүрлі болды.

Қайта анықталған қатерлі жаңа түзілімдер

Жаңа қатерлі түзілімдер пайда болған жағдайлардың жалпы саны плацебо тобында 4,3 % және Пролиа® тобында 4,8 % құрады. Сүт безінде: Пролиа® тобында 0,9 %, плацебо тобында 0,7 %; репродуктивтік жүйеде: Пролиа® тобында 0,5 %, плацебо тобында 0,2 %; асқазан-ішек жолында: Пролиа® тобында 0,9 %, плацебо тобында 0,6 % құраған қатерлі жаңа түзілімдер хабарланды. Препарат қабылдаумен себеп-салдарлы байланысы анықталмаған.

Ерлердегі остеопороз

Остеопорозға шалдыққан ерлерді емдеуге Пролиа® препаратын қолдану қауіпсіздігі 1-жылдық рандомизацияланған, салыстырмалы жасырын, плацебо-бақыланатын зерттеу барысында бағаланған. Жалпы алғанда 120 пациент плацебо алды, ал 120 пациент Пролиа® (әр алты ай сайын 60 мг теріастылық инъекциялар) алған. Барлық пациенттерге кальций препараттары (тәулігіне кемінде 1000 мг) және D витамині (тәулігіне кемінде 800 ХБ) тағайындалған.

Жалпы өлім плацебо тобында 0,8 % (n = 1) және Пролиа® тобында 0,8 % (n = 1) құраған. Өліммен аяқталмайтын күрделі жағымсыз құбылыстар плацебо тобындағы 7,5% пациентте және Пролиа® тобындағы 8,3 % пациентте байқалды. Жағымсыз құбылыстар себебінен зерттеуден шығып қалған пациенттер саны плацебо және Пролиа® топтарында, тиісінше, 0 % және 2,5 % құрады.

Остеопорозы бар ерлерде байқалған жағымсыз реакцияларға мыналар жатады:

- арқаның ауыруы: плацебо тобында 6,7 % Пролиа® тобында 8,3 %

- артралгия: плацебо тобында 5,8 %, Пролиа® тобында 6,7 %

- назофарингит: плацебо тобында 5,8 %, Пролиа® тобында 6,7%

- эпидермалық және терінің жағымсыз құбылыстары (дерматит, экзема, бөртпе): плацебо тобында 3,3 %, Пролиа® тобында 4,2 %

- панкреатит: плацебо тобында 0,8 %, Пролиа® тобында 0,8 %

- қатерлі жаңа түзілімдер (қуық асты безінің обыры, базальді-жасушалық карцинома): плацебо тобында 0 %, Пролиа® тобында 3,3 %.

Қуық асты безінің метастазды емес обыры кезіндегі гормонодепривациялық ем алатын ерлерде сүйек салмағының жоғалуын емдеу

Гормонодепривациялық ем алатын қуық асты безінің метастазды емес обыры бар ерлерде сүйек кемігінің жоғалуын емдеуге Пролиа® препаратын қолдану қауіпсіздігі 48-ден 97 жасқа дейінгі 1468 пациент қатысқан 3-жылдық рандомизацияланған, салыстырмалы жасырын, плацебо-бақыланатын, халықаралық зерттеулер барысында бағаланған. 725 пациент плацебо алған, ал 731 пациент Пролиа® препаратын пайдаланған (әр 6 ай сайын 60 мг теріастылық инъекциялар). Барлық пациенттерге кальций препараттары (тәулігіне кемінде 1000 мг) және D витамині (тәулігіне кемінде 400 ХБ) тағайындалған.

Күрделі жағымсыз құбылыстар саны плацебо тобында 30,6 % және Пролиа® тобында 34,6 % құрады. Жағымсыз құбылыстар себебінен зерттеуден шығып қалған пациенттер саны плацебо және Пролиа® топтарында, тиісінше, 6,1 % және 7,0 % құраған.

Сүт безінің обыры кезіндегі ароматаза тежегіштерімен адъювантты ем алатын әйелдерде сүйек салмағының жоғалуын емдеу.

Ароматаза тежегіштерімен ем алатын сүт безінің метастазды емес обыры бар әйелдерде сүйек кемігінің жоғалуын емдеуге Пролиа® препаратын қолдану қауіпсіздігі 35-тен 84 жасқа дейінгі 252 әйел қатысқан 2-жылдық рандомизацияланған, салыстырмалы жасырын, плацебо-бақыланатын, халықаралық зерттеулер барысында бағаланған. 120 әйел плацебо алған, ал 129 пациент әйел Пролиа® алған (әр алты ай сайын 60 мг теріастылық инъекциялар). Барлық пациент әйелдерге кальций препараттары (тәулігіне кемінде 1000 мг) және D витамині (тәулігіне кемінде 400 ХБ) тағайындалған.

Күрделі жағымсыз құбылыстар саны плацебо тобында 9,2 % және Пролиа® тобында 14,7 % құрады. Жағымсыз құбылыстар себебінен зерттеуден шығып қалған пациенттер саны плацебо және Пролиа® топтарында, тиісінше, 4,2 % және 0,8 % құраған.

Қуық асты безінің обыры себебінен гормонодепривациялық ем алған ≥ 10 % пациентте және сүт безінің обыры себепті ароматаза тежегіштерімен ем алған пациент әйелдерде байқалған, плацебо тобымен салыстырғанда, Пролиа® тобында жиірек кездескен жағымсыз реакцияларға мыналар жатады:

- артралгия: плацебо тобында 13,0 % және Пролиа® тобында 14,3 %

- арқаның ауыруы: плацебо тобында 10,5 % және Пролиа® тобында 11,5 %

- аяқ-қолдың ауыруы: плацебо тобында 7,7 % және Пролиа® тобында 9,9 %

- сүйек-бұлшықет ауырулары: плацебо тобында 3,8 % және Пролиа® тобында 6,0 %

- катаракта: плацебо тобында 1,2 % және Пролиа® тобында 4,7 %

- гипокальциемия: плацебо тобында 0 % және Пролиа® тобында 2,4 %

Тіркеуден кейін қолдану тәжірибесі

Жағымсыз реакциялар жөніндегі тіркеуден кейінгі хабарламалар тұрғын халықтан ерікті тәртіппен түсетіндіктен, осы реакциялардың жиілігін сенімді бағалау және препарат қабылдаумен себеп-салдарлы байланысын анықтау үнемі мүмкін бола бермейді.

Пролиа® препаратын тіркеуден кейін қолданған уақытта мынадай жағымсыз реакциялар хабарланды:

- Препарат пайдаланумен байланысты жоғары сезімталдық реакциялары: анафилаксия, бөртпе, есекжем, беттің ісінуі, эритема.

- гипокальциемия (ауыр симптоматикалық гипокальциемия).

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- денозумабқа немесе препарат компоненттерінің кез келгеніне жоғары сезімталдық

- гипокальциемия

- 18 жасқа дейінгі балаларға және жасөспірімдерге

- тұқым қуалайтын фруктозаны көтере алмаушылық

- жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Менопаузадан кейінгі остеопорозы бар 17 әйелге жүргізілген арнайы зерттеуде Пролиа® препаратының (тері астына 60 мг/кг) инъекциясынан кейін 2 апта өткенде 2 мг дозадағы мидазолам ішке тағайындалды, бұл денозумабтың ең жоғары фармакодинамикалық әсерлерінің уақытына сәйкес келді. Денозумаб Р450 3А4 цитохромымен (CYP3A4) метаболизденетін мидазолам фармакокинетикасына қандай да бір ықпалын тигізбеген. Бұл дерек денозумабтың CYP3A4 жүйесімен метаболизденетін препараттардың фармакокинетикалық көрсеткіштеріне ықпал етпейтінін растайды.

Пролиа® препараты мен гормональді орын басушы емді (эстрогендер) бірге қолдану жөніндегі деректер жоқ, дегенмен де, болжанатын өзара әрекеттесуі мардымсыз.

Әйелдерді алендронатпен алдын ала емдеу денозумаб фармакокинетикасы мен фармакодинамикасына ықпал етпейді.

Айрықша нұсқаулар

Пролиа® препараты құрамында ИКСГЕВА препаратындағыдай белсенді зат (денозумаб) бар, сондықтан Пролиа® препаратымен ем алатын пациенттер ИКСГЕВА препаратын қолданбауы тиіс.

Аса жоғары сезімталдық

Пролиа® препаратын пайдалану анафилаксияны қамтитын жоғары сезімталдықтың күрделі реакцияларының дамуымен байланысты болды. Симптомдар өзінде артериялық қысымның төмендеуін, ентігу, тамақтағы қысылу сезімін, беттің және жоғарғы тыныс жолдарының ісінуін, қышыну мен есекжемді қамтиды. Анафилактикалық немесе басқа да клиникалық мәнді аллергиялық реакциялар пайда болған жағдайда симптоматикалық емді бастап, Пролиа® препаратын қабылдауды тоқтату қажет.

Гипокальциемия және минералды зат алмасу

Пролиа® препаратын пайдалану гипокальциемияның өршуін туғызуы мүмкін. Пролиа® препаратын қолданған мезгілде кальций препараттары мен D витаминін талапқа сай қабылдау ұсынылады. Алдыңғы гипокальциемия Пролиа® препаратымен емді бастар алдында жойылуы тиіс.

Гипокальциемияға бейімділігі бар және минералды зат алмасуы бұзылған пациенттерге (сыртартқыда гипопаратиреоз, қалқанша және қалқанша маңы безіне жасалған операциялар, мальабсорбция синдромдары, аш ішек резекциясы, ауыр бүйрек жеткіліксіздігінің [креатинин клиренсі < 30 мл/мин] болуы, диализ) емделудің бүкіл кезеңі бойына, әсіресе, Пролиа® препаратын қолдана бастағаннан алғашқы бірнеше аптада кальций және минералдар (фосфор және магний) деңгейлерін бақылауға алу қатаң түрде ұсынылады.

Пролиа® препаратын қабылдаудан кейін пайда болған гипокальциемия бүйрек жеткіліксіздігі ауыр пациенттерге [креатинин клиренсі < 30 мл/мин], сондай-ақ диализ алатын адамдарға елеулі қатер төндіреді. Бүйрек жеткіліксіздігі ауыр, соның ішінде диализ алатын пациенттер гипокальциемия симптомдары және кальций препараттары мен D витаминінің көмегімен кальцийдің талапқа сай деңгейлерін сақтаудың маңыздылығы жөнінде хабарланған болуы тиіс.

Күрделі инфекциялар

Ядролық κ-В (RANKL) факторы белсендіргіш-рецепторының лиганд экспрессиясы белсендірілген Т және В лимфоциттерінде, сондай-ақ лимфа түйіндерінде жүреді. Сондықтан Пролиа® препаратын қоса, RANKL тежегіштері ауруханаға жатқызуды талап ететін мынадай күрделі инфекциялардың даму қаупін арттыруы мүмкін:

- тері инфекциялары

- құрсақ қуысының инфекциялары

- несеп шығару жолдарының инфекциялары

- құлақ инфекциялары

- эндокардит.

Пациенттерге целлюлит қамтылатын күрделі инфекциялардың белгілері мен симптомдары пайда болған жағдайда дереу медициналық жәрдемге жүгіну жөнінде кеңес беру керек.

Пролиа® препаратымен бірге иммунодепрессанттар қабылдайтын пациенттер, сондай-ақ иммунитеті төмендеп кеткен адамдар күрделі инфекциялар дамитын жоғары қауіп тобында болады. Мұндай пациенттерде Пролиа® препаратын пайдалануды бастар алдында «пайда-қауіп» бейінін бағалау қажет. Пациенттерде күрделі инфекциялар пайда болғанда дәрігерлер әріқарай Пролиа® пайдаланудың негізділігін бағалауы тиіс.

Тері инфекциялары

Пролиа® препаратын алатын пациенттерде жекелеген жағдайларда ауруханаға жатқызуды талап ететін терінің және оның қосалқыларының (көбінесе целлюлит) инфекциялары дамуы мүмкін. Тері инфекцияларының пайда болу жиілігі денозумаб және плацебо топтарында салыстырмалы (тиісінше, 0,4 % және 0,1 %).

Целлюлит симптомдары мен белгілері дамыған жағдайда пациент бұл жөнінде дәрігерге хабарлауы тиіс.

Клиникалық зерттеуде дерматит, экзема және бөртпені қоса, эпидермалық және терінің жағымсыз құбылыстар жағдайлары аталды. Ондай реакциялардың көпшілігі инъекция орнымен байланысты болмаған.

Ауыр симптомдар пайда болған жағдайда Пролиа® препаратымен емді үзу мүмкіндігін қарастыру керек.

Жақсүйек остеонекрозы

Пролиа® қабылдаған пациенттерде жақсүйек остеонекрозы дамыған сирек жағдайлар болды.

Өздігінен пайда болуы мүмкін жақсүйек остеонекрозы, әдетте, тіс жұлумен және/немесе жергілікті инфекцияның емдеуді кідіртумен байланысты.

Пролиа® препаратымен емді бастар алдында дәрігер ауыз қуысын стандартты тексеруден өткізуі тиіс. Жақсүйек остеонекрозын дамытатын қауіп факторлары бар пациенттерде Пролиа® препаратымен емді бастар алдында ауыз қуысы мен тістерді қарап тексеру және алдын алу санациясын жүргізу ұсынылады: инвазиялық стоматологиялық емшаралар (тіc жұлу, тіс имплантаттары, ауыз қуысының хирургиясы); онкологиялық пациенттер; басқа препараттармен (химиялық ем, кортикостероидтар) бірге ем алатын пациенттер; ауыз қуысына санация жасалмаған және қатарлас аурулары (тістердің периодонтальді және/немесе алдында болған басқа да аурулары, анемия, коагулопатия, инфекциялар, нашар салынған тіс протездері) бар пациенттер. Пролиа® препаратымен емдеу курсы кезінде пациенттер ауыз қуысының талапқа сай гигиенасын және санациясын қадағалауы тиіс.

Инвазиялық стоматологиялық емшара жүргізу қажет жағдайда әрбір нақты пациентті емдеу жоспары пациент үшін жекеше пайдасы мен қатерін бағалаумен қолданылып, емдеуші дәрігер және/немесе стоматолог берген клиникалық баға негізінде айқындалады.

Жақсүйек остеонекрозынан күдіктенетін немесе Пролиа® препаратын пайдалану үдерісінде осы ауруы дамитын пациенттер стоматолог немесе жақсүйек-бет хирургінің тексеруінен өтуі тиіс. Бұл жағдайда ауқымды стоматологиялық араласу аурудың өршуіне әкелуі мүмкін. Пайдасы мен қаупін бағалау нәтижелері бойынша дәрігер Пролиа® пайдалануды тоқтату мүмкіндігі жөнінде шешім қабылдауы тиіс.

Латекске аллергия

Латекске аллергиясы бар тұлғалар иненің резеңке қалпақшасына (латекс туындысы) жанаспауы тиіс.

Ортан жіліктің атипиялық сынулары

Пролиа® препаратын қабылдайтын пациенттерде ортан жіліктің атипиялық сынулары байқалды. Бұл сынулар ортан жіліктің кіші ұршықбасынан айдаршық үстіндегі аумаққа дейінгі кез келген жерінде пайда болуы мүмкін және бөлшектену белгілерінсіз көлденең немесе көлденең-қисық бағытта болады. Препарат пен сынулар арасындағы себеп-салдарлы байланыс анықталмаған, өйткені ондай сынулар резорбцияға қарсы препараттар алмаған остеопорозы бар пациенттерде де болады.

Ортан жіліктің атипиялық сынулары көпшілік жағдайларда зақымданған аумақтың жарақаттарымен байланысты емес (немесе аса аз жарақаттармен байланысты). Олар екі жақты болуы мүмкін және көптеген пациенттер зақымданған аумақтағы продромальді ауырулар, әдетте, сыну білінгенше бірнеше апта немесе ай бұрын пайда болатын санның сыздап, сырқырап ауыруы жөнінде хабарлаған. Бірқатар есептерде пациенттердің сыну орын алған сәтте глюкокортикоидтар да (мысалы, преднизолон) алғаны хабарланады.

Пролиа® препаратымен ем кезінде пациенттерге ортан жілікте, ұршық буынында немесе шапта жаңа немесе әдеттен тыс ауыру сезімдерінен хабардар етуге кеңес беру керек. Ұршық буыны немесе шап аумағы ауыратын пациенттер ортан жіліктің атипиялық сынулары және толық емес сынуларының болу мүмкіндігі тұрғысынан тексеруден өтуі тиіс. Ортан жіліктің атипиялық сынулары бар пациенттер контралатеральді аяқта болатын белгілер мен симптомдар тұрғысынан тексерілуі тиіс. «Қауіп-пайда» арақатынасын әркімде жеке бағалау негізінде Пролиа® препаратымен емдеуді үзу мүмкіндігін қарастыру керек.

Cүйек тінінің қайта үлгіленуінің бәсеңдеуі

Менопаузадан кейінгі остеопорозы бар әйелдер қатысқан клиникалық зерттеулерде Пролиа® препаратымен ем сүйек тінін жаңарту маркерлерімен және сүйек тіні гистоморфометриясымен расталған сүйек тінінің қайта үлгіленуінің едәуір бәсеңдеуіне әкелді. Осы бақылаулардың маңыздылығы және Пролиа® препаратымен ұзаққа созылатын емнің әсері белгісіз. Препаратты пайдалану кезінде байқалған ауырлығы әртүрлі дәрежедегі сүйек тінінің қайта үлгіленуі бәсеңдеуінің ұзақ мерзімді зардаптары жақсүйек остеонекрозын, атипиялық сынуларды және сынудың баяу жазылуын қамтитын жағымсыз реакциялардың дамуына ықпал етуі мүмкін. Пациенттер осыған ұқсас зардаптардың дамуы тұрғысынан бақылануы тиіс.

Фруктозаны көтере алмаушылығы бар пациенттер Пролиа® препаратын қабылдамауы тиіс.

Пролиа® препаратының құрамында 23 мг натрий бар, осылайша, аталған өнім «құрамында тұз жоқ» деп санауға болады.

Фертильділік

Деректер жоқ.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік кезінде Пролиа® препаратын қолдану жөнінде қандай да бір деректер жоқ. Пролиа® жүкті әйелдерде қолдануға қарсы көрсетілімді.

Жүктілік Пролиа® препаратымен емделу кезінде басталған жағдайда, пациент әйел ұрыққа төнетін әлеуетті қатер жөнінде мәліметтенуі тиіс, емді тоқтату керек, ал пациент әйел жүкті болып қалғаны жөнінде емдеуші дәрігерін хабардар етуі тиіс.

Денозумабтың ана сүтіне өтуі белгісіз. Препаратқа болуы мүмкін жағымсыз реакциялармен байланысты Пролиа® препараты немесе емшекпен қоректендіру тоқтатылуы тиіс.

Ерлерде пайдалану

Пролиа® препаратын пайдалану ұрыққа зиян тигізуі мүмкін.

Ұрық сұйықтығындағы денозумаб мөлшерінің деңгейі белгісіз. Денозумаб қабылдайтын ерлермен қорғанбаған жыныстық қатынас жағдайында жүкті әйелде препараттың ұрыққа әсер ету мүмкіндігі бар. Ұрыққа төнетін зиян қатері болымсыз. Пролиа® препаратын алатын және жүкті жұптастары бар ерлер аталған қауіп жөнінде мәліметтенуі тиіс.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Автокөлік және механизмдерді басқару қабілетіне теріс ықпалы болмаған.

Артық дозалануы

Клиникалық зерттеулерде әр 4 апта сайын 180 мг дейін денозумаб дозалары енгізілді (6 айда жинақталған дозасы 1080 мг дейін) — препараттың артық дозалану жағдайлары болмаған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Тері астына енгізуге арналған 60 мг/мл ерітінді.

Фторполимермен ламинацияланған эластомер қалпақшасы және эластомер плунжерімен, тот баспайтын болаттан құйылған 27G инесімен (инеге арналған қорғағыш құрылғысы бар немесе онсыз) 1 мл препараттан І типті шыныдан жасалған көлемі 1 мл бір реттік алдын ала толтырылған еккіште (АТЕ).

Таңбаланған еккішті қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салады.

Термозаттаңбасы бар пішінді ұяшықты қаптамаға қосымша АТЕ салуға болады. Әр ұяшықты қаптама қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

2 °C-ден 8 °C-ге дейінгі температурада сақтау керек. Мұздатып қатыруға болмайды.

Жарықтан қорғау үшін түпнұсқалық қаптамасында сақтау керек.

Тоңазытқыштан шығарғаннан кейін препаратты түпнұсқалық қаптамасында 25 °C-ден аспайтын бөлме температурасында 30 күннен асырмай сақтауға болады.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Амджен Мэньюфэкчуринг Лимитед,

Стэйт Роуд 31, Километр 24.6, Янкос 00777- 4060, Пуэрто-Рико

Қаптаушы

Амджен Европа Б.В.,

Минервум 7061, Бреда, 4817 ZK, Нидерланды

Тіркеу куәлігінің иесі

Амджен Европа Б.В.,

Минервум 7061, Бреда, 4817 ZK, Нидерланды

Пролиа ГлаксоСмитКляйн компаниясының лицензиясы бойынша Amgen Inc-тің тіркелген сауда белгісі болып табылады.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Қазақстандағы ГлаксоСмитКляйн Экспорт Лтд өкілдігі

050059, Алматы қ., Фурманов к-сі, 273

Телефон нөмірі: +7 727 258 28 92, +7 727 259 09 96

Факс нөмірі: + 7 727 258 28 90

Электронды поштасы: kaz.med@gsk.com

Медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықтың бекітілген нұскасын www.dari.kz сайтынан да қараңыз

 

 

 

 

Қосымша / Приложение

Кездейсоқ кіргізіп алудан қорғайтын автоматты құрылғысы бар алдын ала толтырылған еккішпен (АТЕ) инъекция жасау туралы ақпарат

Информация по проведению инъекции предварительно заполненным шприцем (ПЗШ) с автоматическим устройством защиты от случайного укола

Пайдалануға дейін / До использования

Пайдаланудан кейін / После использования

Поршень (плунжер)

Саусақтарға арналған қармағыштар /

Захваты для пальцев

Еккіш сыйымдылығы / Емкость шприца Автоматты қорғағыш құрылғы / Автоматическое устройство защиты

Сақтандырғыш серіппе / Предохранительная пружина

Иненің сұр қалпақшасы / Серый колпачок иглы

 
 

 

 

Қолданудан кейінгі поршень / Поршень после применения

Еккіш жапсырмасы/

Наклейка шприца

Енгізуден кейінгі еккіш сыйымдылығы / Емкость шприца после введения

Қолданудан кейінгі ине / Игла после применения

Қолданудан кейінгі сақтандырғыш серіппесі / Предохранительная пружина после применения

Иненің шешілген сұр қалпақшасы / Снятый серый колпачок иглы

Маңызды!

Важно!

Пролиа® препаратын қолданар алдында төменде берілген маңызды ақпаратпен танысып шығу керек!

Перед применением препарата Пролиа® следует ознакомиться с нижеприведенной важной информацией!

Қолдан қатты беткейге түсіп кеткен АТЕ қолдануға болмайды. Жаңа АТЕ пайдаланыңыз.

Инъекция алдында АТЕ бөлшектеуге немесе сақтандырғышты

іске қосуға әрекеттенбеңіз.

Егер иненің қалпақшасы алынып қалса немесе сақтандырғышы іске қосылып қойса, АТЕ пайдаланбаңыз.

НЕ следует применять ПЗШ, выпавший из рук на твердую поверхность. Используйте новый ПЗШ.

НЕ пытайтесь разбирать ПЗШ или активировать предохранитель перед инъекцией.

НЕ используйте ПЗШ, если колпачок был удален, или предохранитель иглы был активирован.

Алдын ала толтырылған еккішті қалай пайдаланады?

Инъекцияға мыналар қажет: Пролиа® препаратымен жаңа АТЕ, спиртке шыланған мақта тампондар.

1. Еккішті тоңазытқыштан алып шығу керек.

2. Инъекция өте жайлы болу үшін АТЕ бөлме температурасында қалдырылу керек. АТЕ қандай да бір өзге тәсілмен (мысалы, микротолқынды пеште немесе ыстық суда) қыздырмаңыз. Еккішті тіке түсетін күн сәулесі астында қалдырмаңыз.

3. АТЕ сілкімеңіз.

4. Сіз инъекцияға дайын болғанша, АТЕ қалпақшасын алып тастамаңыз.

5. АТЕ жарамдылық мерзімін тексеріңіз. Жарамдылық мерзімі қаптамасында көрсетілген. Сақтау мерзімі көрсетілген айдың соңғы күнінен соң АТЕ пайдаланбаңыз.

6. Жайлы, жақсы жарықтандырылған жер мен таза беткей таңдап алыңыз.

7. Қолыңызды мұқият жуыңыз.

8. Пішінді қаптамасынан термозаттаңбасын алып тастаңыз. Суретте көрсетілгендей, пішінді қаптамасынан АТЕ суырып алу үшін АТЕ-ні қорғағыш құрылғысынан ұстап шығарыңыз:

Как использовать предварительно заполненный шприц?

Для инъекции потребуется: новый ПЗШ препарата Пролиа®, смоченные спиртом ватные тампоны.

1. Следует достать шприц из холодильника.

2. Следует оставить ПЗШ при комнатной температуре для более комфортной инъекции. НЕ подогревайте ПЗШ каким-либо другим способом (например, в микроволновой печи либо в горячей воде). НЕ оставляйте шприц под прямыми солнечными лучами.

3. НЕ встряхивайте ПЗШ.

4. НЕ удаляйте колпачок ПЗШ до тех пор, пока Вы не готовы к инъекции.

5. Проверьте срок годности ПЗШ. Срок годности указан на упаковке. НЕ используйте ПЗШ после последнего дня указанного месяца хранения.

6. Выберите комфортное, хорошо освещенное место и чистую поверхность.

7. Тщательно вымойте руки.

8. Удалите термоэтикетку с контурной упаковки. Возьмите ПЗШ за защитное устройство для выемки ПЗШ из контурной упаковки как показано на рисунке:

  • Поршеньге тимеңіз

  • Қорғағыш сұр қалпақшасына тиіспеңіз

  • НЕ касайтесь поршня

  • НЕ беритесь за защитный серый колпачок

 

Осында көрсетілгендей ұстаңыз

/ Возьмитесь, как показано здесь

9. Пролиа® препаратының сыртқы түрін тексеріңіз.

Ерітінді мөлдір, түссіз немесе ашық-сары болуы тиіс.

АТЕ пайдалануға болмайды, егер:

- ерітінді лайланса, өзгеше боялса немесе бөгде бөлшектері болса

- АТЕ бүлінсе немесе онда сызат болса

9. Проверьте внешний вид препарата Пролиа®.

Раствор должен быть прозрачным, бесцветным или светло-желтым.

НЕ следует использовать ПЗШ, если:

- раствор помутнел, окрашен иначе или содержит инородные частицы

- ПЗШ поврежден или на нем видна трещина

 

 

Кіндік маңынан 5 см аумаққа инъекция салуға болмайды / Следует избегать инъекции в область 5 см вокруг пупка

Инъекция салатын жерді қалай дұрыс таңдау керек?

Инъекцияны бәрінен бұрын санның, іштің жоғарғы тұсына немесе қолдың жоғарғы жағына салған дұрыс.

Как правильно выбрать место для инъекции?

Лучше всего делать инъекции в верхнюю часть бедер, живота или верхнюю часть руки

Егер Сіз инъекция жасамақ болған аумақ қызарып, ісіп немесе қатайып кетсе, инъекцияға басқа жерді таңдаған дұрыс. Терінің тыртықтанған және керілген аумағына инъекция салмаңыз.

Если область, куда Вы собрались делать инъекцию, покраснела, отекла или затвердела, следует выбрать другое место инъекции. Не производите инъекцию в область шрамов и растяжек на коже.

Инъекция қалай жасалады?

1. Инъекция орнын спиртке шыланған

тампонмен дезинфекциялаңыз. Терінің кебуін күте тұрыңыз. Инъекцияға дейін ол жерге тиіспеңіз.

Как производить инъекцию?

1. Продезинфицируйте место инъекции с помощью смоченного в спирте тампона. Подождите, пока кожа высохнет. Не прикасайтесь к месту до инъекции.

2. Инені майыстырып алмас үшін, суретте көрсетілгендей, инеден қалпақшасын бұрамастан мұқият шешіңіз. Инеге тиіспеңіз және поршеньді баспаңыз.

2. Во избежание изгиба иглы, аккуратно снимите колпачок с иглы без скручивания, как показано на рисунке. НЕ дотрагивайтесь до иглы и не нажимайте на поршень.

3. Теріні бас бармақ пен сұқ саусақ арасында жиырып (қыспай) ұстаңыз. Инъекция кезінде тері қатпарын жіберіп алмаңыз.

3. Зажмите кожу (не сдавливая) между большим и указательным пальцами. Во время инъекции не отпускайте кожную складку.

4 . Инені енгізіңіз. Препаратты бұлшықеттерге немесе қан тамырларына енгізбеңіз.

4. Введите иглу. Не вводите препарат в мышцы или кровеносные сосуды.

5 . Поршеньді, бір мезгілде тері қатпарын ұстап тұрып, баяу басыңыз. Поршеньді өзіне тән сыртылы естілгенше тұрақты қысым түсіріп, баяу басып тұрады. Поршеньді сыртылдан соң да еккіш босап қалғанша басуды жалғастырыңыз.

5. Плавно надавите на поршень, одновременно придерживая кожную складку. Надавливать на поршень следует медленно и с постоянным давлением, до характерного щелчка. Продолжайте давление на поршень даже после щелчка, пока шприц не опустеет.

Доза түгел жеткізілу үшін сыртылдан соң поршеньді басып тұруды жалғастыру маңызды.

Важно продолжать давление на поршень после щелчка для доставки всей дозы.

6. Поршеньді босатыңыз, инені теріден шығарып алып, тері қатпарын жіберіңіз.

6. Отпустите поршень, удалите иглу из кожи и отпустите кожную складку.

Поршень босаған соң қорғағыш құрылғы инені жабады.

  • Пайдаланылған еккішке сұр қалпақшасын қайта кигізбеңіз.

После освобождения поршня защитное устройство покроет иглу.

  • НЕ надевайте обратно серый колпачок на использованный шприц.

7. Егер сақтандырғыш іске қосылмаса, Сіздің инъекцияны толық жасамаған болуыңыз мүмкін. Егер Сіз дозаны толық алмадым деп есептесеңіз, Өз емдеуші дәрігеріңізге қоңырау шалыңыз.

8. Егер инъекция егілген жерден қан ақса, оны мақта тампонмен немесе матамен мұқият сүртіңіз. Инъекция орнын уқаламаңыз. Қажет болса, инъекция жасалған жерге бұласыр жапсыруға болады.

9. Бір инъекция үшін тек бір АТЕ пайдаланыңыз. Еккіште қалған препаратты пайдаланбаңыз.

7. Если предохранитель не активировался, возможно, что Вы не выполнили инъекцию полностью. Позвоните Вашему лечащему врачу, если Вы считаете, что Вы не получили полную дозу.

8. Если выступит кровь в месте инъекционного прокола, аккуратно сотрите ее ватным тампоном или тканью. Не растирайте место инъекции. При необходимости можно заклеить место инъекции пластырем.

9. Используйте один ПЗШ только для одной инъекции. НЕ используйте оставшийся в шприце препарат.

Пайдаланылған еккіш жергілікті талаптарға сай жойылуы тиіс. Бұл шаралар қоршаған ортаны қорғауға көмектеседі. Пайдаланылған еккішті балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.

Использованный шприц должен быть утилизирован в соответствии с местными требованиями. Эти меры помогут защите окружающей среды. Храните использованный шприц в недоступном для детей месте.

  • Пайдаланылған еккіш қайта өңдеуге жатпайды. Оны тұрмыс қалдықтарымен бірге тастамаңыз.

  • Использованный шприц НЕ подлежит переработке. НЕ выбрасывайте его вместе с бытовыми отходами.

 

Прикрепленные файлы

703000071477977122_ru.doc 2129 кб
737300901477978289_kz.doc 2133.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники