Присыпка детская (50 г, Луганский химико-фармацевтический завод ПАО)

МНН: Цинка оксид
Производитель: Луганский химико-фармацевтический завод ПАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Препараты цинка
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№013174
Информация о регистрации в РК: 11.11.2013 - 11.11.2018

Инструкция

Саудалық атауы

Балалар сеппесі

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған ұнтақ

Құрамы

100 г ұнтақтың құрамында

белсенді зат: 10 г мырыш тотығы

қосымша заттар: тальк, картоп крахмалы

Сипаттамасы

Жұмсақ, ақ немесе ақ дерлік түсті, ұстағанда майлы болып сезілетін ұнтақ

Фармакотерапиялық тобы

Дерматопротекторлар. Мырыш препараттары.

АТХ коды D02AВ

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Препарат компоненттері тері арқылы өтпейді және жүйелі әсер етпейді.

Фармакодинамикасы

Сыртқа қолдануға арналған сіңетін, кептіретін, антисептикалық, қабынуға қарсы дәрі. Жоғары деңгейде гигроскопиялы, тер және май бездері, экссудат бөліністерін сіңіретін, тері қатпарларында қажалуды азайтатын, теріні сыртқы жағымсыз әсерлерден қорғайтын қасиеті бар.

Мырыш тотығы ақуыздың денатурациясын және альбуминаттардың түзілуін туғызады, олар ауыру сезімін әлсіретумен, қан тамырларын тарылтумен, жасуша жарғақшаларын тығыздаумен бірге жергілікті қабыну үдерісін тежейді. Препарат жергілікті қабыну және тітіркену құбылыстарының айқындығын азайтады.

Қолданылуы

- жаңа туған нәрестелердегі және балалардағы базданудың алдын алу және емдеу үшін

Қолдану тәсілі және лозалары

Сыртқа күніне 2-3 рет тағайындалады. Балалар сеппесін баздану аймағына және базданудың алдын алу үшін - табиғи қатпарларға (шап-сан және бөксе аралық қатпарлар, қолтық, іш пен мойын қатпарлары, аяқтың башпай арасындағы қатпарлары) мақта тампонының көмегімен жағады.

Жағымсыз әсерлері

Қышыну, гиперемия, бөртпе болуы мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- терінің жедел іріңді-қабыну аурулары

- зақымданған терінің суланатын бөліктері

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Егер Сіз баланы емдеу үшін сыртқа қолдануға арналған қандай да бір басқа дәрілік заттарды пайдалансаңыз, міндетті түрде препаратты қолдану мүмкіндігі жөнінде дәрігермен кеңесіңіз.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты көзге және жара бетіне тигізуге болмайды.

Артық дозалануы

Анықталмаған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Қақпағы бар сеппеге арналған пластмасса банкілерде 50 г-ден. Банкілердің санына сай мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қолданылуы жөніндегі нұсқаулықтар немесе қосымша беттермен бірге банкілер гофрланған картон жәшікке салынған.

Сақтау шарттары

Ылғалдан қорғалған жерде, 15-тен 250С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

"Луганск химиялық-фармацевтикалық зауыты" ЖАҚ, 91019, Украина, Луганск қаласы, Киров көшесі, 17

Тіркеу куәлігінің иесі

"Луганск химиялық-фармацевтикалық зауыты" ЖАҚ, 91019, Украина, Луганск қаласы, Киров көшесі, 17

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

Тлеубергенова Г.С. ЖК, Қазақстан Республикасы, 010000, Ақмола облысы, Астана қаласы, Бозінген көшесі, 8 үй

aldokinakbar@mail.ru

 

Прикрепленные файлы

662092591477976846_ru.doc 38 кб
894538241477977999_kz.doc 43.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники