Престариум® Combi Аргинин

МНН: Индапамид, Периндоприл
Производитель: Ле Лаборатуар Сервье Индастри
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Периндоприл в комбинации с диуретиками
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№013001
Информация о регистрации в РК: 12.12.2014 - 12.12.2019

Инструкция

Саудалық атауы

Престариум Combi Аргинин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар: 5 мг периндоприл аргинині

(3,395 мг периндоприлге баламалы)

1,25 мг индапамид,

қосымша заттар: лактоза моногидраты, магний стеараты, мальтодекстрин, коллоидты сусыз кремнийдің қостотығы, натрий крахмалы гликоляты (А типі)

үлбірлі қабық: глицерол, гипромеллоза, макрогол 6000, магний стеараты, титанның қостотығы (Е171).

Сипаттамасы

Ұзынша пішінді, ақ түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Ренин-ангиотензин жүйесіне әсер ететін препараттар. Басқа да препараттармен біріктірілген АКФ тежегіштері. Диуретиктермен біріктірілген АКФ тежегіштері. Диуретиктермен біріктірілген периндоприл.

АТХ коды С09ВА04

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Периндоприл мен индапамидтің фармакокинетикалық қасиеттері, оларды бөлек қолданумен салыстырғанда, өзгермейді.

Периндоприл

Сіңуі және метаболизмі

Ішке қабылдағаннан кейін периндоприл тез сіңіріледі. Препарат биожетімділігі – 65-70. Периндоприлдің плазмадағы жартылай ыдырау кезеңі 1 сағат құрайды. Периндоприл гидролизденіп, АКФ тежегіші болып табылатын периндоприлат түзеді. Метаболизмінің өзге өнімдері белсенді емес. Қан плазмасындағы периндоприлат ең жоғары концентрациясына (Смах) 3-4 сағаттан соң жетеді. Ас ішу периндоприлдің периндоприлатқа айналуын төмендетеді, сондықтан препаратты таңертең тәулігіне бір рет таңғы ас алдында қабылдау ұсынылады.

Таралуы

Периндоприл дозасы және оның плазмадағы экспозициясы арасындағы байланыс дозаға байланысты болады. Бос периндоприлаттың таралу көлемі (Vd) 0,2 л/кг жақын. Периндоприлаттың қан плазмасы ақуыздарымен, негізінен, АКФ-пен байланысуы 20 құрайды және препарат концентрациясына байланысты.

Шығарылуы

Периндоприлат организмнен бүйрек арқылы шығарылады; оның бос фракциясының жартылай шығарылу кезеңі (Т1/2) 17 сағатқа жуық, бұл стационарлық күйге 4 күн ішінде жетуге мүмкіндік береді.

Ерекше клиникалық жағдайлардағы фармакокинетикасы

Егде жастағы пациенттерде, сондай-ақ бүйрек және жүрек жеткіліксіздігі бар науқастарда периндоприлат шығарылуы баяулайды. Дозаны таңдау бүйрек функциясының бұзылу дәрежесін (креатинин клиренсі) ескерумен жүргізіледі.

Диализ кезінде периндоприл клиренсі 70 мл/мин құрайды.

Бауыр циррозына шалдыққан науқастарда периндоприлдің бастапқы молекула клиренсі екі есе баяулайды. Алайда түзілген периндоприлат мөлшері төмендемейді, сондықтан дозаны таңдау қажет емес.

Индапамид Сіңуі

Индапамид асқазан-ішек жолынан тез және толық сіңіріледі. Плазмада Сmax мәніне қабылдағаннан кейін шамамен 1 сағаттан соң жетеді.

Таралуы

Плазма ақуыздарымен байланысуы 79 құрайды. Препаратты қайта қабылдау оның организмде жиналуына әкелмейді.

Шығарылуы

Т 14-24 сағат (орта есеппен 18 сағат) құрайды. Негізінен, белсенді емес метаболиттер түрінде несеппен (дозаның 70-ы) және нәжіспен (22) шығарылады.

Ерекше клиникалық жағдайлардағы фармакокинетикасы

Индапамид фармакокинетикасы бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарда өзгермейді.

Фармакодинамикасы

Престариум Combi Аргинин – периндоприлдің аргинин тұзының, ангиотензин конвертациялаушы фермент тежегішінің және индапамидтің, хлорсульфамоилды диуретиктің біріктірілімі. Препараттың фармакологиялық әсері компоненттердің әрқайсысының қасиеттерімен және олар үйлестірілген кезде екі компоненттің де аддитивті синергизмімен жүзеге асады.

Әсер ету механизмі

Периндоприлмен байланысты:

Периндоприл – ангиотензин І-дің тамыр тарылтатын қасиеттері бар зат - ангиотензин ІІ-ге айналуын катализдейтін АКФ тежегіші. Бұдан басқа, АКФ альдостерон сөлінісін көтермелейді және брадикининнің тамырды кеңейтетін қосылыстарының белсенді емес гептапептидтерге дейін ыдырауын күшейтеді. Бұл альдостерон сөлінісінің төмендеуіне әкеледі, соның салдарынан, кері байланыс қағидасы бойынша, қан плазмасында ренин белсенділігі артады. Ұзақ уақыт қолданғанда жалпы шеткергі тамырлар кедергісі (ЖШТК) азаяды, негізінен, бұл бұлшықеттер мен бүйректегі тамырларға әсер етумен шартталған. Бұл орайда тұз және су іркілісі немесе рефлекторлық тахикардия байқалмайды. Периндоприл қандағы ренин деңгейі төмен немесе қалыпты болатын науқастарда да гипотензиялық әсер көрсетеді.

Периндоприл әсері периндоприлат метаболитінің белсенділігімен жүзеге асады.

Периндоприл көктамырларға тамыр кеңейткіш әсер көрсетіп (простагландиндер метаболизмін өзгерту жолымен деп болжанады), жүрекке түсетін жүктемені төмендетеді, нәтижесінде алдыңғы жүктеме төмендейді және соңғы-диастолалық қысым азаяды; ЖШТК азайтуы кейінгі жүктемені төмендетеді.

Периндоприл жүректің сол жақ және оң жақ қарыншаларындағы толу қысымының төмендеуін, ЖШТК азаюын, жүрек лықсуы мен жүрек индексінің артуын, бұлшықеттер аймағындағы қан ағымының күшеюін туындатады. Нәтижесінде, дене жүктемесінің сынама нәтижелері едәуір жақсарады.

Индапамидпен байланысты:

Индапамид – диуретиктердің тиазидті тобымен фармакологиялық тұрғыда байланысты индол сақинасы бар сульфонамид туындысы. Генле ілмегінің кортикальді сегментінде натрийдің кері сіңірілуін тежеу қабілеті бар. Натрий мен хлоридтердің және, аз дәрежеде, калий мен магнийдің несеппен бөлініп шығуын дозаға байланысты арттырып, сол арқылы диурезді күшейтіп, гипотензиялық әсер көрсетеді.

Гипотензиялық әсер сипаттамалары

Пациенттердің жасына қарамастан, Престариум Combi Аргинин жатқан қалыпта да, тік тұрған күйде де систолалық және диастолалық артериялық қысымға (АҚ) дозаға тәуелді гипотензиялық әсер көрсетеді. Гипертензияға қарсы әсері 24 сағатқа созылады. Артериялық қысымның тахифилаксиясыз төмендеуіне 1 айдан аз уақыт өткенде жетуге болады. Емдеуді тоқтату кенеттен болатын әсер тудырмайды.

Эналаприлмен монотерапия жүргізу кезіндегімен салыстырғанда (эхо-КГ нәтижелері бойынша), периндоприл мен индапамид біріктірілімінің сол жақ қарынша гипертрофиясына (СҚГ) әсер етуіне бағалау жүргізілген шағын орталықтық рандомизацияланған салыстырмалы жасырын бақыланатын PICXEL зерттеуінде периндоприл мен индапамид біріктірілімінің, эналаприлмен монотерапия жүргізу кезіндегімен салыстырғанда, сол жақ қарынша массасы индексінің төмендеуіне (эхо-КГ нәтижелері бойынша) және АҚ төмендетуге қатысты артықшылығы дәлелденді.

Периндоприл артериялық гипертензияның кез келген: әлсіз, орташа және ауыр дәрежесінде тиімді. Диастолалық және систолалық АҚ төмендеуі жатқан қалыпта да, тік тұрған күйде де бола береді. Гипотензиялық әсерінің жоғары шегі бір рет қабылдағаннан кейін 4-6 сағаттан соң байқалып, 24 сағат бойы сақталады.

Препарат қабылдағаннан кейін 24 сағаттан соң АКФ белсенділігінің қалдық тежелісінің 80 жуық жоғары дәрежесі білінеді.

Ем даритын пациенттерде АҚ 1 айдан соң қалыпқа келеді және рефлекторлық тахикардия дамуынсыз сақталады. Препаратты тоқтату гипертензиялық реакцияға әкелмейді. Периндоприл тамыр кеңейткіш қасиеттер иеленеді, негізгі артериялар серпінділігін қалпына келтіреді, төзімді артериялардағы гистоморфологиялық өзгерістерді түзетеді және жүректің сол жақ қарынша гипертрофиясының кері дамуын тудырады. Қажет болғанда, тиазидті диуретик тағайындау синергиялық реакцияның дамуына әкеледі. АКФ тежегіші мен тиазидтік диуретик біріктірілімі диуретиктік препараттар қабылдауға тән гипокалиемияның даму қаупін төмендетеді.

Индапамидпен монотерапия кезінде ұзаққа созылатын гипотензиялық әсердің 24 сағат бойы сақталуы байқалады. Гипотензиялық қасиеттері индапамидтің айқындылығы әлсіз диуретиктік әсер көрсететін дозаларда көрініс береді.

Индапамидтің гипотензиялық әсерінің тиімділігі оның артериялар серпінділігін жақсарту, ЖШТК және артериолалар кернеуін азайту қабілетіне пропорционалды.

Индапамид жүректің сол жақ қарынша гипертрофиясының азаюына ықпал етеді.

Шектелген концентрацияларында тиазидті диуретиктердің немесе басқа да сәйкесті қосылыстардың гипотензиялық тиімділігі платоға жетеді және одан әрі артпайды, осы тұста препараттардың жағымсыз әсері одан әрі айқынырақ бола түседі. Егер емдеу тиімсіз болса, препарат дозасын арттыруға болмайды.

Гипертензиясы бар пациенттерді қысқа мерзімге, орташа мерзімге және ұзақ мерзімге созылатын емдеуде индапамид, тіпті қант диабетіне қатарлас шалдыққан пациенттерде де липид алмасуына (яғни, триглицеридтер, ТТЛП және ТЖЛП мөлшеріне) және көмірсулар алмасуына ықпал етпейді.

Ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің (РААЖ) қосарлы блокадасы бойынша клиникалық зерттеу деректері:

Екі ірі рандомизацияланған бақыланатын зерттеулер (ONTARGET (ONgoing Telmisartan Alone and in combination with Ramipril Global Endpoint Trial, Телмисартанның монотерапия және рамиприлмен біріктіру кезінде тиімділігін салыстыру бойынша халықаралық зерттеу) және VA NEPHRON-D (Veterans Affairs Nephropathy in Diabetes, Диабеттік нефропатия зерттеулері) АӨФ тежегіші мен ангиотензин II рецепторларының блокаторын біріктіріп қолдануды зерттеуге арналған болатын.

ONTARGET зерттеуі сыртартқысында жүрек-қантамыр немесе цереброваскулярлы аурулары немесе нысана-ағзаларының зақымдану белгілерімен 2-типтегі қант диабеті бар пациенттер арасында жүргізілді. VA NEPHRON-D зерттеу 2-типтегі қант диабеті және диабеттік нефропатиясы бар пациенттерге жүргізілді.

Бұл зерттеудің деректері бүйрек және/немесе жүрек-қантамыр және өлім жағдайларына қатысты едәуір жағымды әсердің жоқтығын және сонымен бір уақытта гиперкалиемияның, жедел бүйрек жеткіліксіздігінің және/немесе монотерапиямен салыстырғанда гипотензияның жоғары даму қаупі бар екенін көрсетті.

Ұқсас фармакодинамикалық қасиеттерді, алынған нәтижелерді ескере отырып, басқа да АКФ тежегіштері мен ангиотензин II рецепторларының блокаторларына таралады.

Демек, АКФ тежегіштері мен ангиотензин II рецепторларының блокаторларын бір уақытта диабеттік нефропатиясы бар пациенттерде қолдануға болмайды.

ALTITUDE зерттеуі (Aliskiren Trial in Type 2 Diabetes Using Cardiovascular and Renal Disease Endpoints, 2-типтегі қант диабеті бар пациенттерде жүрек-қантамыр және бүйрек асқынулары қаупінің төмендеуінде алискиреннің басымдықтарын зерттеу) 2-типтегі қант диабеті және созылмалы бүйрек аурулары, жүрек-қантамыр ауруы немесе екеуі де бар пациенттерде АКФ тежегішімен немесе ангиотензин II рецепторларының блокаторымен стандартты емге алискиренді қосудан болатын пайданы зерттеуге арналған. Зерттеу жағымсыз құбылыстардың жоғарғы даму қаупіне байланысты мерзімінен бұрын тоқтатылған. Жүрек-қантамыр ауруларынан болатын өлім және инсульт саны жағынан плацебо тобымен салыстырғанда алискирен тобында жағымсыз құбылыстар және ерекше көңіл аударуға тұратын күрделі жағымсыз құбылыстар (гиперкалиемия, гипотензия және бүйрек дисфункциясы) жиі кездесті, сондай-ақ плацебо тобына қарағанда алискирен тобында жиі тіркелді.

Қолданылуы

- эссенциальді артериялық гипертензияда

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішу арқылы қабылдау.

Престариум Combi Аргинин күніне 1 таблеткадан, дұрысы, таңертең тамақтану алдында қабылданады. Мүмкіндігінше, компоненттер дозасының жеке титрациясы ұсынылады. Престариум Combi Аргининді артериялық қысымды бақылауға НолипрелАргининнің (бар болса) көмегімен қол жетпеген жағдайда пайдалану керек. Егер бұл клиникалық тұрғыдан мүмкін болса, монотерапиядан тікелей Престариум Combi Аргининге ауыстырылады.

Егде жастағы пациенттер

Егде жастағы пациенттерге препарат бүйрек функциясы қалыпты болған жағдайда тағайындалады, бұл орайда АҚ төмендеу дәрежесін бақылап отыру керек.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Препарат бүйрек жеткіліксіздігі ауыр дәрежедегі (креатинин клиренсі (КК) 60 мл/мин аз) пациенттерге қарсы көрсетілімді.

Орташа бүйрек жеткіліксіздігінде (креатинин клиренсі (КК) 30-60 мл/мин) ең жоғары тәуліктік дозасы – күніне бір таблетка Престариум Combi Аргинин.

КК >60 мл/мин пациенттерге ем аясында дозаны түзету қажет емес.

Бауыр функциясының бұзылулары бар пациенттер

Препарат бауыр жеткіліксіздігі ауыр пациенттерге қарсы көрсетілімді.

Айқындылығы орташа бауыр жеткіліксіздігінде дозаны түзету қажет емес.

Жағымсыз әсерлері

Периндоприл ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесіне (РААЖ) тежегіш әсер көрсетеді және индапамид қабылдау аясында калий иондарының бүйрекпен шығарылуын азайтады. Престариум Combi Аргинин препаратын қолдану аясында 4% пациентте гипокалиемияның дамуы болды.

Ем кезінде пайда болуы мүмкін жағымсыз реакциялар жиілігі мына градацияда берілген: өте жиі (>1/10); жиі (>1/100, <1/10); жиі емес (>1/1000, <1/100); сирек (>1/10 000, <1/1000); өте сирек (<1/10 000); жиілігі анықталмаған (жиілігі қолжетімді деректер жүзінде есептеп шығарылмайды).

қан түзілу жүйесі тарапынан:

Өте сирек

  • тромбоцитопения, лейкопения/нейтропения, агранулоцитоз, апластикалық анемия, гемолитикалық анемия

  • белгілі бір клиникалық жағдайларда (бүйрек трансплантациясынан кейінгі пациенттер, гемодиализде жүрген пациенттер) - анемия

ОЖЖ тарапынан:

Жиі

  • парестезиялар, бас ауыру, бас айналу, вертиго, әлсіздік

Жиі емес

  • ұйқының бұзылуы, көңіл-күйдің құбылуы

Өте сирек

  • сананың шатасуы

Белгісіз

  • синкопе

көру мүшесі тарапынан:

Жиі

  • көрудің нашарлауы

есту мүшесі тарапынан:

Жиі

  • құлақтың шуылдауы

жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан:

Жиі емес

  • АҚ төмендеуі (соның ішінде ортостатикалық гипотензия)

Өте сирек

  • жүрек ырғағының бұзылуы (соның ішінде брадикардия, қарыншалық тахикардия, жыпылықтағыш аритмия)

  • жоғары қауіп тобындағы пациенттерде шектен тыс АҚ төмендеуі салдарынан болатын стенокардия және миокард инфарктісі

  • электрокардиограммада QT аралығының ұзаруы

тыныс алу жүйесі тарапынан:

Жиі

  • АКФ тежегіштерін қолдану аясында осы топ препараттарын қабылдау кезінде ұзақ уақыт сақталатын және оларды тоқтатқаннан кейін басылатын құрғақ жөтел пайда болуы мүмкін

  • ентігу

Жиі емес

  • бронх түйілуі

Өте сирек

  • эозинофильді пневмония, ринит

ас қорыту жүйесі тарапынан:

Жиі

  • іш қату, ауыз қуысы шырышты қабығының құрғауы, жүрек айну, эпигастрийдегі ауыру, анорексия, құсу, іштің ауыруы, дисгевзия, диспепсия, диарея

Өте сирек

  • панкреатит

  • цитолитикалық немесе холестаздық гепатит

Жиілігі анықталмаған

  • бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттердегі бауыр энцефалопатиясы

  • бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы

тері жабындары тарапынан:

Жиі

  • тері бөртпесі, қышыну, макулопапулезді бөртпе

Жиі емес

  • бет, ерін, аяқ-қол, тілдің шырышты қабығының, дауыс саңылауының және/немесе көмейдің ангионевротикалық ісінуі; есекжем

  • бронхобструкциялық және аллергиялық реакцияларға бейім пациенттердегі жоғары сезімталдық реакциялары

  • геморрагиялық васкулит

  • жүйелі қызыл жегінің жедел түріне шалдыққан пациенттерде ауру ағымының нашарлауы мүмкін

Өте сирек

  • көп формалы эритема, уытты эпидермалық некролиз, Стивенс-Джонсон синдромы

  • жоғары фотосезімталдық реакциялары

сүйек-бұлшықет жүйесі тарапынан:

Жиі

  • бұлшықеттердің түйілуі

несеп шығару жүйесі тарапынан:

Жиі емес

  • бүйрек жеткіліксіздігі

Өте сирек

  • жедел бүйрек жеткіліксіздігі

ұрпақ өрбіту жүйесі тарапынан:

Жиі емес

  • импотенция

зертханалық көрсеткіштер:

  • гипокалиемия, әсіресе, қауіп тобына жататын пациенттер үшін маңызды

  • сусыздануға және ортостатикалық гипотензияға әкелетін гипонатриемия мен гиповолемия

  • препарат қабылдау кезінде несеп қышқылы мен қандағы глюкоза концентрацияларының артуы

  • артериялық гипертензияны диуретиктермен емдегенде және бүйрек жеткіліксіздігі жағдайында, көбінесе бүйрек артериясы стенозы бар пациенттерде емді тоқтатқаннан кейін басылатын қан плазмасындағы және несептегі креатинин концентрациясының мардымсыз жоғарылауы

  • көбіне өткінші гиперкалиемия

Сирек

  • гиперкальциемия

басқалары:

Жиі емес

  • қатты терлеу.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • периндоприлге, индапамидке, АКФ тежегіштеріне және сульфонамидтер мен препараттың басқа құрамдас компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

  • сыртартқыдағы АКФ тежегіштерімен емделу аясында ангионевротикалық ісіну

  • тұқым қуалайтын немесе идиопатиялық ангионевротикалық ісіну

  • декомпенсация сатысындағы жүрек жеткіліксіздігі (негізгі ем болмағанда)

  • ауыр бүйрек жеткіліксіздігі (КК  30 мл/мин)

  • қант диабеті немесе бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде құрамында алискирен бар препараттармен бір уақытта қолдану (КК < 60 мл/мин)

  • гемодиализ

  • ауыр сипатты бауыр жеткіліксіздігі

  • бауыр энцефалопатиясы

  • гипокалиемия

  • «пируэт» типті қарынша тахикардиясын тудыруы мүмкін аритмияға қарсы дәрілерді бір мезгілде қабылдау

  • жүктілік және лактация кезеңі

  • 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Литий мен АКФ тежегіштерін біріктіріп қабылдағанда сарысуда литий концентрациясы қайтымды жоғарылаған және литийдің уытты әсері дамыған жағдайлар болған. Тиазидті диуретиктерді қатарлас қабылдау бұрыннан бар уыттылықтың даму қаупін арттырып, литий уыттылығын күшейтуі мүмкін. Периндоприл мен литий препараттарын үйлестіріп қабылдау ұсынылмайды, бірақ, ол қажет болса, қан сарысуындағы литий мөлшерін мұқият бақылап отыру керек.

Баклофен гипотензиялық әсер айқындылығын күшейтеді (АҚ деңгейін бақылау және Престариум Combi Аргинин дозасын түзету қажет).

Қабынуға қарсы стероидты емес дәрілер (ҚҚСД), соның ішінде күніне ≥ 3 г дозадағы ацетилсалицил қышқылы, циклооксигеназа-2 (ЦОГ-2) тежегіштері және селективті емес ҚҚСД АКФ тежегіштерінің гипотензиялық әсерін төмендетеді. Бұдан басқа, ҚҚСД және АКФ тежегіштері қан плазмасындағы калий деңгейінің артуына аддитивті әсер көрсетіп, бүйрек функциясының нашарлауына әкеледі. Аталған әсер қайтымды сипатта болады, бірақ сирек жағдайларда, әсіресе, бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде, мысалы, егде жастағы пациенттерде немесе сусыздану кезінде жедел бүйрек жеткіліксіздігі дамуы мүмкін. Мұндай науқастарда емдеуді бастар алдында бүйректің функционалдық белсенділігін бағалап, қажет болса, организмнің жеткілікті гидратациясын қамтамасыз ету керек. Біріктірілген емнің басында, сондай-ақ мезгіл-мезгіл ем кезінде бүйрек функциясына мониторинг жасаған жөн.

Үш циклды антидепрессантар мен нейролептиктерді АКФ тежегіштерімен біріктіріп қабылдау артериялық қысымның әріқарай төмендеуіне және ортостатикалық гипотензияның даму қаупінің артуына әкелуі мүмкін.

Кортикостероидтар мен тетракозактид Престариум Combi Аргининнің гипотензиялық әсерін азайтады (кортикостероидтардың әсерінен болатын судың және тұздың іркілуі).

Басқа топтардың гипотензиялық препараттарын бір мезгілде қабылдау гипотензиялық әсердің күшеюіне әкелуі мүмкін.

АКФ тежегіштерін, ангиотензин II рецепторларының блокаторларын немесе алискиренді біріктіріп пайдалану жолымен ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің (РААЖ) қосарлы блокадасы РААЖ ықпал ететін бір препаратты пайдаланумен салыстырғанда гипотензия, гиперкалиемия және бүйрек функциясының төмендеуі (жедел бүйрек жеткіліксіздігінің дамуын қоса) сияқты жағымсыз құбылыстар жиілігінің артуымен қатар жүреді.

АКФ тежегіштері диуретиктерден болатын калийдің жоғалуын азайтады. Калий жинақтаушы диуретиктер мысалы, спиронолактон, триамтерен, монотерапияда немесе біріктіріліп, калий қоспалары немесе құрамында калий бар тұз алмастырғыштар сарысудағы калий мөлшерін едәуір арттыруы мүмкін. Егер айқын гипогликемияға орай қатарлас қолдану көрсетілсе, препараттар ерекше сақтықпен және сарысудағы калий мөлшеріне жиі мониторинг және ЭКГ жасаумен пайдаланылуы тиіс.

АКФ тежегіштерін және диабетке қарсы препараттарды (инсулиндер, сульфонамидтер) бірге қабылдау гипогликемиялық әсер күшеюіне әкелуі мүмкін. Гипогликемия көріністерінің басталуы тіптен сирек (глюкоза төзімділігінің жақсаруы инсулин қажеттілігін төмендетеді).

АКФ тежегіштерін аллопуринолмен, цитостатиктермен немесе иммундепрессанттармен, жүйелік кортикостероидтармен немесе прокаинамидпен біріктіріп қабылдағанда лейкопения даму қаупі артады.

АКФ тежегіштері кейбір анестезиялық препараттардың гипотензиялық әсерін әлеуеттендіре алады.

Жоғары дозалардағы диуретиктік препараттармен алдын ала емдеу, әсіресе, АҚК төмендеуі және/немесе электролиттік бұзылулары бар пациенттерде АКФ тежегішімен емдеудің басында АҚ айқын төмендеуіне және гипотензияның басталу қаупіне әкелуі мүмкін.

Алтын препараттарымен (алтын ауротималаты) инъекциялық емнен және АКФ тежегіштерімен қатарлас емнен өтетін пациенттердегі нитритоидты реакциялар (беттің қызаруы, жүрек айну, құсу және гипотензия) жөнінде сирек хабарламалар бар.

Аритмияға қарсы ІА класты препараттар (хинидин, гидрохинидин, дизопирамид), аритмияға қарсы ІІІ класты препараттар (амиодарон, дофетилид, ибутилид, бретилий, соталол), кейбір нейролептиктер (хлорпромазин, циамемазин, левомепромазин, тиоридазин, триофлуоперазин), бензамидтер (амисульпирид, сульпирид, сультоприд, тиаприд), бутирофенон туындылары (дроперидол, галоперидол), басқа нейролептиктер (пимозид), бепридил, сизаприд, дифеманил, эритромицин (көктамыр ішіне), галофантрин, мизоластин, моксифлоксацин, пентамидин, спарфлоксацин, винкамин (көктамыр ішіне), метадон, астемизол, терфенадин индапамидпен біріктірілімі сияқты басқа да препараттар қарыншалық аритмияның (атап айтқанда, «пируэт» типтес пароксизмалық қарынша тахикардиясы) даму қаупін арттырады. Гипокалиемия осы әсердің дамуына ықпал етеді, осыған орай, калий деңгейін тұрақты бақылау, қажет болғанда түзету және QT аралығына мониторинг қажет.

Индапамид пен калий деңгейін төмендететін препараттарды (көктамыр ішіне В амфотерицині, жүйелік қолданылатын глюко- және минералокортикоидтар, тетракозактид, көтермелеуші іш жүргізгіш дәрілер) бір мезгілде қолданғанда гипокалиемияның даму қаупі артады. Калий концентрациясын бақылап отыру, қажет болса, оны түзету керек. Іш жүргізгіш дәрілер тағайындау қажет болғанда ішек моторикасын көтермелеу әсері жоқ препараттарды пайдаланған дұрыс.

Престариум Combi Аргинин жүрек гликозидтерімен бірге тағайындалғанда гипокалиемияның жүрек гликозидтерінің уытты әсерін күшейтуі мүмкін екенін ескерген жөн. Калий деңгейін бақылау және ЭКГ жасау, қажет болса, емді түзету керек.

Метформин қабылдау аясындағы сүт қышқылды ацидоз, индапамид әсерінен болатын функционалдық бүйрек жеткіліксіздігімен байланысты болуы мүмкін. Егер сарысулық креатинин деңгейі ерлерде 1,5 мг/дл-ден (135 мкмоль/л) және әйелдерде 1,2 мг/дл-ден (110 мкмоль/л) асып кетсе, метформин пайдалануға болмайды.

Диуретиктік препараттар қабылдаудан болатын организмнің елеулі сусыздануында құрамында йоды бар контрасттылы заттарды жоғары дозаларда қолдану аясында бүйрек жеткіліксіздігінің даму қаупі артады. Құрамында йоды бар контрасттылы заттар қолданар алдында регидратация жүргізу қажет.

Кальций тұздарымен бір мезгілде қолданғанда оның несеппен бөлініп шығуының төмендеуі нәтижесінде қан плазмасында кальций мөлшері артуы мүмкін.

Престариум Combi Аргинин циклоспоринді тұрақты қолдану аясында қолданылғанда тіпті су-электролит теңгерімі қалыпты жағдайда болса да плазмадағы креатинин деңгейі жоғарылайды.

Айрықша нұсқаулар

Периндоприл

Нейтропения/агранулоцитоз

АКФ тежегіштерін қабылдау аясында нейтропенияның даму қаупі дозаға тәуелді және қабылданған дәрілік затқа және қатарлас аурудың болуына байланысты сипатта болады. Нейтропения қатарлас аурулары жоқ науқастарда сирек туындайды, алайда, қауіп бүйрек функциясы бұзылған науқастарда, әсіресе, дәнекер тіннің жүйелік ауруларының аясында (соның ішінде жүйелі қызыл жегі, склеродермия) арта түседі.

АКФ тежегіштерін тоқтатқаннан кейін нейтропенияның клиникалық белгілері өздігінен өтеді.

Дәнекер тіннің жүйелік аурулары бар пациенттерде, иммунодепрессиялық дәрілер, аллопуринол немесе прокаинамид қабылдау аясында және олар бірге қолданылғанда, әсіресе, бүйрек функциясының бастапқы бұзылуы бар пациенттерде периндоприл ерекше сақтықпен қолданылу керек. Кейбір пациенттерде, бірқатар жағдайларда антибиотиктермен қарқынды емдеуге төзімді болып келетін ауыр инфекциялық аурулар пайда болды. Мұндай пациенттерге периндоприл тағайындалғанда қандағы лейкоциттер санын мезгіл-мезгіл бақылау ұсынылады. Пациенттер инфекциялық аурулардың кез келген белгілері (мысалы, баспа, қызба) жөнінде дәрігерге хабарлауы тиіс.

Жоғары сезімталдық/ангионевротикалық ісіну (Квинке ісінуі)

АКФ тежегіштерін, соның ішінде периндоприл қабылдағанда сирек жағдайларда бет, аяқ-қол, ерін, тіл, дауыс саңылауының және/немесе көмейдің ангионевротикалық ісінуінің дамуын байқауға болады. Симптомдар білінгенде Престариум Combi Аргинин препаратын қабылдау дереу тоқтатылуы тиіс, ал пациент ісіну белгілері толық жоғалып кеткенше қадағалануы тиіс. Егер ісіну бет пен ерінде ғана болса, онда оның көріністері әдетте өздігінен басылады, алайда ол симптомдарды емдеу үшін гистаминге қарсы дәрілер қолданылуы мүмкін. Көмей ісінуімен қатар жүретін ангионевротикалық ісіну өліммен аяқталуы мүмкін. Тілдің, дауыс байламдарының немесе көмейдің ісінуі тыныс жолдарының обстукциясына әкелуі мүмкін. Мұндай симптомдар пайда болған кезде дереу тері астына 1:1000 (0,3 немесе 0,5 мл) сұйылтылған эпинефрин (адреналин) енгізу және/немесе тыныс жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ету керек. Сыртартқысы ауырлаған негроидты нәсіл тұлғаларында, басқа нәсілдермен салыстырғанда, ангионевротикалық ісіну қатері жоғары.

Сыртартқысында АКФ тежегіштерін қабылдаумен байланыссыз Квинке ісінуі болған пациенттерде осы топтағы препараттарды қабылдағанда оның даму қаупі жоғары болуы мүмкін.

Сирек жағдайларда АКФ тежегіштерімен емдеу аясында ішектің ангионевротикалық ісінуі дамиды. Осы орайда пациенттерде оқшауланған немесе жүрек айну мен құсуға ұласқан симптом ретінде, кейбір жағдайларда осының алдындағы беттің ангионевротикалық ісінуінсіз және С-1 эстераза ферментінің қалыпты белсенділігі тұсында іштің ауыруы білінеді. Диагноз құрсақ аумағына компьютерлік томография жасау, ультрадыбыстық зерттеу арқылы немесе хирургиялық араласу сәтінде қойылады. Симптомдар АКФ тежегіштерін қабылдауды тоқтатқаннан кейін басылады. АКФ тежегіштерін алатын, іш аумағындағы ауырулары бар пациенттерде дифференциалдық диагноз жүргізгенде ішектің ангионевротикалық ісінуінің дамуы мүмкін екенін ескеру қажет.

Десенсибилизация жүргізу кезіндегі анафилактоидтық реакциялар

АКФ тежегіштерін алатын науқастарда жарғақ қанатты жәндіктер (аралар, жабайы аралар) уымен десенсибилизациялау емі кезінде ұзаққа созылатын, өмірге қатер төндіретін анафилактоидтық реакциялардың дамуы жөнінде жекелеген хабарламалар бар. АКФ тежегіштерін күрделі аллергологиялық сыртартқысы немесе десенсибилизация емшарасынан өтіп жүрген аллергиялық реакцияларға бейімділігі бар науқастарда сақтықпен қолдану қажет. Жарғақ қанатты жәндіктер уымен иммундық ем алатын пациенттерге АКФ тежегіштерін қолданудан аулақ болу керек. Дегенмен де, десенсибилизация емшарасының басталуынан кемінде 24 сағат бұрын АКФ тежегішін уақытша тоқтату арқылы анафилактоидтық реакцияға жол бермеуге болады.

ТТЛП аферезін жасау кезіндегі анафилактоидтық реакциялар

Сирек жағдайларда АКФ тежегіштерін алатын пациенттерде декстран сульфаты пайдаланылатын ТТЛП аферезін жасау кезінде өмірге қатер төндіретін анафилактоидтық реакциялар дамуы мүмкін. Анафилактоидтық реакцияны болдырмау үшін әрбір аферез шарасы алдында АКФ тежегішімен емдеуді уақытша тоқтату керек.

Гемодиализ

АКФ тежегіштерін алатын пациенттерде жоғары ағынды жарғақшалар (мысалы, AN69®) пайдаланылатын гемодиализ жүргізу кезінде анафилактоидтық реакциялар орын алды. Сондықтан басқа типті жарғақшаны пайдаланған немесе басқа фармакотерапиялық топтағы гипотензиялық дәріні қолданған дұрыс.

Калий жинақтаушы диуретиктер және калий препараттары

Әдетте, периндоприл мен калий жинақтаушы диуретиктерді, сондай-ақ калий препараттары мен құрамында калий бар ас тұзын алмастырғыштарды бірге қолдану ұсынылмайды.

Ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің қосарлы блокадасы(РААЖ):

АКФ тежегіштерін және ангиотензин II рецепторларының блокаторларын немесе алискиренді бір уақытта қолдану гипотензия, гиперкалиемия қаупін арттырады және бүйрек функциясының төмендеуін (жедел бүйрек жеткіліксіздігінің дамуын қоса) туындатады. Сондықтан АКФ тежегіштерін және ангиотензин II рецепторларының блокаторларын немесе алискиренді біріктіріп пайдалану жолымен РААЖ қосарлы блокадасы ұсынылмайды.

Егер қосарлы блокада аса қажет болып табылса оны маманның қадағалауымен және бүйрек функциясын, электролиттер деңгейін және артериялық қысымды жиі мұқият мониторингілеу шартымен ғана жүргізу керек.

АКФ тежегіштерін және ангиотензин II рецепторларының блокаторларын диабеттік нефропатиясы бар пациенттерге бір уақытта тағайындауға болмайды.

Жөтел

АКФ тежегішімен емделу аясында құрғақ жөтел пайда болуы мүмкін. Жөтел осы топтағы препараттарды қабылдау аясында ұзақ уақыт сақталады және оларды тоқтатқаннан кейін басылады. Пациентте құрғақ жөтел пайда болғанда осы симптомның АКФ тежегішін қабылдаумен байланысты болуы мүмкін екенін есте ұстау керек. Егер дәрігер пациентке АКФ тежегішімен емделу қажет деп санаса, препарат қабылдауды жалғастыруға болады.

Артериялық гипотензия және/немесе бүйрек жеткіліксіздігі қаупі (созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі, су-электролит теңгерімінің бұзылуы бар пациенттерде)

Кейбір патологиялық жағдайларда, әсіресе, айқын гиповолемияда және қан плазмасы электролиттерінің мөлшері азайғанда (тұзсыз емдәм немесе диуретиктерді ұзақ уақыт қабылдау аясында), бастапқы АҚ төмен болған, бауыр артериясының стенозы (соның ішінде екі жақты), созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бар немесе ісінулермен және асцитпен бірге бауыр циррозына шалдыққан пациенттерде РААЖ едәуір белсенділенуі болуы мүмкін.

АКФ тежегіштерін қолдану РААЖ блокадасын туындатады, сондықтан да кенеттен АҚ төмендеуімен және/немесе функционалдық бауыр жеткіліксіздігінің дамуын айғақтайтын қан плазмасындағы креатинин концентрациясының көтерілуімен қатар жүруі мүмкін. Бұл құбылыстар препараттың бірінші дозасын қабылдағанда немесе емнің алғашқы екі аптасы кезінде жиірек байқалады. Кейде бұл ахуалдар жедел дамиды. Мұндай жағдайларда ем жаңғыртылғанда периндоприл мен индапамид біріктірілімін едәуір төмен дозада пайдалану, ал артынан дозаны біртіндеп арттыру ұсынылады.

Егде жастағы пациенттер

Престариум Combi Аргинин препаратын қабылдауды бастар алдында функционалдық бауыр белсенділігін және қан плазмасындағы калий иондарының мөлшерін бағалау қажет. Емнің басында препарат дозасын, әсіресе, АҚК азайған және электролиттер жоғалған жағдайда АҚ төмендеу дәрежесін ескере отырып таңдайды. Осындай шаралар күрт АҚ төмендеуін болдырмауға мүмкіндік береді.

Атеросклероз

Артериялық гипотензия қаупі науқастардың бәрінде болады, дегенмен препаратты ишемиялық жүрек ауруы және ми қан айналымының жеткіліксіздігі бар пациенттерде қолданғанда ерекше сақ болған дұрыс. Мұндай пациенттерде емді периндоприл аргинин мен индапамид біріктірілімінің ең төмен дозаларынан бастау керек.

Реноваскулярлық гипертензиясы бар пациенттер

Реноваскулярлық гипертензияны емдеу әдісі реваскуляризация болып табылады. Соның өзінде, АКФ тежегіштерін пайдалану хирургиялық араласу күтілетін пациенттерде де, хирургиялық араласу өткізу мүмкін болмайтын жағдайда да жайлы әсер көрсетеді. Бүйрек артериясының стенозы диагностикаланған немесе жорамалданатын пациенттерде емдеуді периндоприл мен индапамид біріктірілімінің едәуір төмен дозаларынан бастау керек. Кейбір науқастарда препаратты тоқтатқанда жоғалатын функционалдық бүйрек жеткіліксіздігі дамуы мүмкін.

Басқа да қауіп топтары

Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде (NYHA жіктемесі бойынша IV функционалдық класы) және 1 типті қант диабетімен науқастарда (калий иондары мөлшерінің өздігінен көбею қауіптілігі) емдеу периндоприл мен индапамид біріктірілімінің едәуір төмен дозаларынан және тұрақты дәрігерлік бақылаумен басталуы тиіс.

Артериялық гипертензиямен және ишемиялық жүрек ауруы бар науқастар бета-адреноблокаторлар қабылдауды тоқтатпауы тиіс: периндоприл мен индапамид біріктірілімі бета-адреноблокаторлармен бірге пайдаланылуы тиіс.

Қант диабеті бар пациенттер

Престариум Combi Аргинин препаратын ішке қабылданатын гипогликемиялық дәрілер немесе инсулин алатын қант диабеті бар пациенттерге тағайындағанда емнің алғашқы айы ішінде қан плазмасындағы глюкоза концентрациясын ұдайы бақылау қажет.

Этникалық айырмашылықтар

Периндоприл, басқа да АКФ тежегіштері сияқты, әлбетте негроидты нәсіл пациенттерінде, басқа нәсіл өкілдерімен салыстырғанда айқындылығы аз гипотензиялық әсер көрсетеді. Бұл айырмашылық негроидты нәсілді артериялық гипертензиясы бар науқастарда рениннің төмен белсенділігінің жиі білінуінен шартталуы мүмкін.

Хирургиялық араласу/Жалпы анестезия

Жалпы анестезия қолданылатын хирургиялық араласу болатын науқастарда АКФ тежегіштерін қолдану, әсіресе, гипертензияға қарсы әсер көрсететін жалпы анестезияға арналған дәрілер пайдаланғанда АҚ айқын төмендеуіне әкелуі мүмкін. Ұзақ әсер ететін АКФ тежегіштерін, соның ішінде периндоприл қабылдауды хирургиялық араласуға дейін 12 сағат бұрын тоқтату ұсынылады.

Қолқа стенозы / Митральді стеноз/ Гипертрофиялық кардиомиопатия

АКФ тежегіштері сол жақ қарыншаның шыға беріс саңылауы обструкциясы және митральді стеноз бар науқастарға сақтықпен тағайындалуы тиіс.

Бауыр жеткіліксіздігі

Сирек жағдайларда АКФ тежегіштерін қабылдау аясында холестаздық сарғаю пайда болады. Осы синдром үдегенде кейде өліммен аяқталатын фульминантты бауыр некрозы дамиды. Бұл синдромның даму механизмі түсініксіз. АКФ тежегіштерін қабылдау аясында сарғаю пайда болса, пациент дәрігерге қаралу керек. АКФ тежегіштерін қабылдау аясында бауыр ферменттерінің белсенділігі едәуір жоғарылағанда препарат қабылдауды тоқтату керек.

Гиперкалиемия

Гиперкалиемия АКФ тежегіштерімен, соның ішінде периндоприлмен де емделу кезінде дамуы мүмкін. Гиперкалиемияның қауіп факторлары бүйрек жеткіліксіздігі, бүйрек функциясының бұзылуы, егде жас, қант диабеті, кейбір қатарлас жай-күйлер (сусыздану, созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің жедел декомпенсациясы, метаболизмдік ацидоз), калий жинақтаушы диуретиктерді (спиронолактон, эплеренон, триамтерен, амилорид сияқты), сондай-ақ калий препараттарын немесе құрамында калий бар ас тұзы алмастырғыштарын бір мезгілде қабылдау, сондай-ақ қан плазмасындағы калий иондарының мөлшерін арттыруға ықпал ететін басқа дәрілерді (мысалы, гепарин) қолдану (әсіресе, бүйрек функциясының төмендеуімен пациенттерде) болып табылады. Калий қоспаларын, калий жинақтаушы диуретиктерді немесе құрамында калий бар тұз алмастырғыштарды пайдалану әсіресе, бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде қан сарысуындағы калий мөлшерінің біршама ұлғаюына әкелуі мүмкін. Гиперкалиемия күрделі аритмияға, кейде өлім жағдайына әкелуі мүмкін. Гиперкалиемия жүрек ырғағының күрделі, кейде өлімге ұшырататын бұзылуларына әкелуі мүмкін. Гиперкалиемия күрделі, кейде жүрек ырғағының фатальді бұзылыстарына әкелуі мүмкін. Егер жоғарыда аталған дәрілерді қатар таға йындау қажет саналса, оларды қабылдау сақтықпен, қан сарысуындағы калий мөлшерін тұрақты мониторингілеу арқылы жүргізілуі тиіс.

Индапамид

Бауыр функциясының бұзылуы болғанда тиазидті және тиазид тәрізді диуретиктер қабылдау бауыр энцефалопатиясының дамуына әкелуі мүмкін. Осы жағдайда Престариум Combi Аргинин препаратын қабылдауды дереу тоқтату керек.

Фотосезімталдық

Тиазидті және тиазид тәрізді диуретиктер қабылдау аясында фотосезімталдық реакциясы дамыған жағдайлар хабарланды. Препарат қабылдау аясында фотосезімталдық реакциясы дамыған жағдайда емдеуді тоқтату керек. Диуретиктермен емдеуді жалғастыру қажет болса, тері жабындарын күн сәулесінің немесе жасанды ультракүлгін сәуленің әсерінен қорғауға кеңес беріледі.

Су-электролит теңгерімі/Қан плазмасындағы натрий иондарының мөлшері

Емдеу басталғанша қан плазмасындағы натрий иондарының мөлшерін анықтау қажет. Препарат қабылдау аясында осы көрсеткішті ұдайы бақылау керек. Барлық диуретиктік дәрілер кейде күрделі асқынуларға алып келетін гипонатриемияны туғызуға қабілетті. Гипонатриемия бастапқы сатыда клиникалық симптомдармен қатар жүрмеуі мүмкін, сондықтан жүйелі зертханалық бақылау қажет. Егде жастағы пациенттерге натрий иондарының мөлшерін жиірек бақылау көрсетілген.

Қан плазмасындағы калий иондарының мөлшері

Тиазидті және тиазид тәрізді диуретиктермен емдеу гипокалиемияның даму қаупімен байланысты. Жоғары қауіп тобындағы пациенттердің мына санаттарында: егде жастағы пациенттерде, жүдеп кеткен немесе үйлесімді дәрі-дәрмектік ем алатын пациенттерде, бауыр циррозы, шеткергі ісінулері немесе асциті, ишемиялық жүрек ауруы, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде гипокалиемияны (3.4 ммоль/л аз) болдырмау керек. Гипокалиемия бұл науқастарда жүрек гликозидтерінің уытты әсерін күшейтеді және аритмияның даму қаупін арттырады.

Жоғары қауіп тобына QT аралығы ұзарып кеткен пациенттер де жатады, бұл орайда осы ұзарудың туа біткен себептерден немесе дәрілік заттардың әсерінен болғаны маңызды емес.

Гипокалиемия, брадикардия сияқты, жүрек ырғағының ауыр бұзылуының, әсіресе, өлімге ұшыратуы мүмкін «пируэт» типті аритмияның дамуына ықпал етеді. Жоғарыда баяндалған жағдайлардың бәрінде қан плазмасындағы калий иондарының мөлшерін ұдайы бақылау қажет. Калий иондарының мөлшерін бірінші өлшеу емнің басталуынан алғашқы апта ішінде жүргізілуі қажет.

Гипокалиемия анықталғанда тиісті ем тағайындалуы тиіс.

Қан плазмасындағы кальций иондарының мөлшері

Тиазидті және тиазид тәрізді диуретиктер қан плазмасындағы кальций иондары мөлшерінің болымсыз және уақытша жоғарылауына әкеліп, кальций иондарының бүйрекпен шығарылуын азайтады. Айқын гиперкальциемия бұрын диагностикаланбаған гиперпаратиреоз салдары болуы мүмкін. Қалқанша маңы бездерінің функциясын зерттеудің алдында диуретиктік дәрілерді қабылдауды тоқтату керек.

Қан плазмасындағы глюкоза концентрациясы

Қант диабеті бар пациенттерде, әсіресе, гипокалиемия болғанда қандағы глюкоза концентрациясын бақылау қажет.

Несеп қышқылы

Қан плазмасындағы несеп қышқылының концентрациясы жоғарылаған пациенттерде ем аясында подагра ұстамаларының пайда болу жиілігі артуы мүмкін.

Диуретиктік дәрілер және бүйрек функциясы

Тиазидті және тиазид тәрізді диуретиктер бүйрек функциясы қалыпты немесе мардымсыз бұзылған (ересек пациенттерде қан плазмасындағы креатинин концентрациясы 2,5 мг/дл немесе 220 мкмоль/л төмен) пациенттерде ғана толықтай тиімді. Егде жастағы пациенттерде КК жасы, дене салмағы мен жынысының ескерілуімен Кокрофт формуласы бойынша есептеледі:

(140 - жасы) х дене салмағы

Clcr = ----------------------------------------------------------

0,814 х қан плазмасындағы креатинин деңгейі

онда: жасы жылмен берілген,

дене салмағы - килограммен,

плазмадағы креатинин деңгейі – мкмоль/л.

Формула ер жынысты егде пациентке есептелген, әйелге бейімдеу үшін нәтижені 0,85-ке көбейту керек.

Диуретиктермен емдеудің басында науқастарда гиповолемия мен гипонатриемия салдарынан болатын шумақтық сүзіліс жылдамдығының уақытша төмендеуін және қан плазмасындағы мочевина мен креатинин концентрациясының жоғарылауын байқауға болады. Бұл транзиторлы функционалдық бүйрек жеткіліксіздігі бүйрек функциясы өзгермеген пациенттер үшін қауіпсіз, алайда бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде оның айқындылығы күшеюі мүмкін.

Спортсмендер

Индапамид допинг-бақылау жасалғанда оң реакция бере алады.

Периндоприл және индапамид

Артериялық гипотензия және су-электролит теңгерімінің бұзылуы

Гипонатриемия артериялық гипотензияның кенеттен даму қаупімен байланысты (әсіресе, бүйрек артериясының, соның ішінде екі жақты стенозы бар пациенттерде). Сондықтан пациенттерді қадағалау кезінде, мысалы, диарея немесе құсудан кейін қан плазмасындағы электролиттер мөлшерінің төмендеуі мен сусызданудың болжамды симптомдарына көңіл бөлу керек. Мұндай пациенттерге қан плазмасындағы электролиттер мөлшерін ұдайы бақылау қажет.

Айқын артериялық гипотензияда натрий хлоридінің 0,9% ерітіндісін көктамыр ішіне енгізу қажет болуы мүмкін.

Транзиторлы артериялық гипотензия емді жалғастыруға қарсы көрсетілім болып табылмайды. АҚК мен АҚ қалпына келгеннен кейін периндоприл мен индапамид біріктірілімінің төмен дозаларын пайдаланып, емді жаңғыртуға немесе препараттарды монотерапия режимінде пайдалануға болады.

Калий мөлшері

Периндоприл мен индапамидті біріктіріп қолдану, әсіресе, қант диабеті немесе бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде гипокалиемия дамуының алдын алмайды. Басқа гипотензиялық дәрілерді диуретикпен біріктіріп қолданған жағдайдағы сияқты, қан плазмасындағы калий иондарының мөлшерін ұдайы бақылау қажет.

Қосымша заттар

Препараттың қосымша заттарының құрамына лактоза моногидратының кіретінін ескеру керек. Препаратты тұқым қуалайтын галактоза көтере алмаушылығы, Лапп лактазалық жеткіліксіздігі және глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттерге тағайындауға болмайды.

Дәрілік заттың автокөлік және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Престариум Combi Аргинин препаратының құрамына кіретін дәрілер әсері психомоторлық реакциялардың бұзылуына әкелмейді. Алайда, кейбір пациенттерде, әсіресе, емнің басында немесе басқа гипотензиялық дәрілермен жүргізілетін емге қосқанда АҚ төмендеуіне жауап ретінде әр түрлі жекеше реакциялар дамуы мүмкін. Бұл жағдайда автокөлікті немесе басқа да механизмдерді басқару қабілеті төмендеуі мүмкін.

Артық дозалануы

Симптомдары: жүрек айнумен, құсумен, құрысулармен, бас айналумен, ұйқышылдықпен, сананың шатасуымен, олигуриямен, ануриямен және су- электролит теңгерімінің бұзылуларымен қатар жүретін айқын гипотензия.

Емі: симптоматикалық емдеу, денені көлденең қалыпқа көшіру, асқазанды адсорбенттермен және натрий сульфатымен шаю, сұйықтық тапшылығын толықтыру үшін көктамыр ішіне ерітінділер енгізу, электролиттік теңгерімді түзету. Қажет болған жағдайда пациентті қарқынды ем палатасына жатқызады. Гемодиализ (полиакрилонитрилді жоғары ағынды жарғақшалар пайдаланудан аулақ болу керек).

Шығарылу түрі және қаптамасы

30 таблеткадан полипропиленді контейнерге салады. 1 контейнерден қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

30°С-ден аспайтын температурада, мұқият тығындалған контейнерде сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Les Laboratoires Servier Industrie, Франция

Тіркеу куәлігінің иесі

Les Laboratoires Servier, Франция

Прикрепленные файлы

239320691477976560_ru.doc 158 кб
567883171477977722_kz.doc 227.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники