Полькодерм ТЦ

МНН: Тетрациклин, Триамцинолон
Производитель: Тархоминский фармацевтический завод Польфа Акционерное Общество
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Триамцинолон в комбинации с антибиотиками
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№021532
Период регистрации: 22.07.2015 - 22.07.2020

Инструкция

Саудалық атауы

ПОЛЬКОДЕРМ ТЦ

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған аэрозоль, (23.12 мг + 0.58 мг)/г, 17.3 г

Құрамы

1 баллонның ішінде

белсенді заттар: 400.00 мг тетрациклин гидрохлориді, 10.00 мг триамцинолон ацетониді

қосымша заттар: сорбитан триолеаты, лецитин, изопропилмиристат, пропеллент (пропан/бутан/изобутан).

Сипаттамасы

Сарыдан сарғыш түске дейінгі біртекті суспензия.

Фармакотерапиялық тобы

Глюкокортикостероидтар антибиотиктермен біріктірілімде

Белсенділігі орташа глюкокортикостероидтар антибиотиктермен біріктірілімде. Триамцинолон антибиотиктермен біріктірілімде.

АТХ коды D07CB01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Зақымданбаған теріге қолданылатын тетрациклин жергілікті әсер етеді және іс жүзінде қанға енбейді. Препаратты жараланған, зақымданған теріге қолданған жағдайда тетрациклин қанға енеді және жүйелі жағымсыз әсерін туындатуы мүмкін.

Жергілікті, әсіресе терінің ауқымды жерлеріне қолданылатын триамцинолон қанға енуі мүмкін. Қабыну үдерісі және (немесе) терінің басқа да аурулары оның сіңуін тездетеді. Окклюзиялық таңғышты қолдану триамцинолоннің тері арқылы сіңуін едәуір күшейтеді. Тиамцинолон қанға енгеннен кейін бауырда метаболизмге ұшырып, содан соң бүйрекпен шығарылады.

Фармакодинамикасы

Полькодерм ТЦ құрамында екі әсер етуші заты: тетрациклин мен триамцинолон бар біріктірілген препарат болып табылады.

Тетрациклин – әсер ету ауқымы кең антибиотик болып табылады.

Триамцинолон – қабынуға қарсы, қышынуға қарсы және тамыр тарылтатын әсері бар белсенділігі орташа кортикостероид.

Полькодерм ТЦ тетрациклинге сезімтал бактерияларға әсер етеді. Эритема және қышынуды азайтады.

Қолданылуы

Қабынуға қарсы, қышынуға қарсы ем қажет болғанда тетрациклиндерге сезімтал бактериялар туындатқан жұқпамен асқынған терінің қабыну үдерістерін жергілікті емдеуде:

  • салдарлы бактериялық жұқпамен асқынған тері аллергиялық аурулары

  • күйіктер және I дәрежелі үсу

  • жіліншіктің трофикалық ойық жарсы.

Қолдану тәсілі және дозалары

Полькодерм ТЦ препаратын дәрігердің көрсетілімдеріне сәйкес қолданған жөн.

Препарат сыртқа қолдануға арналған (теріге).

Ересектер

Терінің зақымданған жерлерін баллонның бүріккіш басын жоғары қаратып, тік ұстап, 15 см-ден 20 см дейінгі арақашықтықта, 1-3 секунд бойы суспензия ағынымен бүркеді.

Тәулігіне 2-ден 3 ретке дейін, бірдей уақыт аралығымен қолдану керек.

Ескерту: Бүркілген заттың көзге түсуінен сақтану керек.

Бүркілген затты деммен жұтпау керек.

Препаратты әрбір жаққаннан кейін қолды сумен және сабынмен мұқият жуу керек.

Қолданар алдында баллонды бірнеше рет сілку керек.

Емдеу ұзақтығы

Емдеудің орташа ұзақтығы 5-10 күн. Егер препарат тағайындалған уақытта қолданылмаса, препараттың кезекті қолдануға дейін уақыты әлі де жеткілікті болса, препаратты мүмкіндігінше жылдам қолдану керек және препаратты дәрігердің ұсынымдарына сәйкес тұрақты қолдануды жалғастырады.

Өткізіп алғанның орын толтыру мақсатында екі еселенген дозаны қолдануға болмайды.

Жағымсыз әсерлері

Жағымсыз әсерлерінің жиілігі туралы толық деректер жоқ [белгісіз (қолда бар деректер негізінде баға беру мүмкін емес)].

  • Триамцинолон – препараттың стероидты компоненті, мынадай жергілікті жағымсыз әсерлерінің пайда болуына әкелуі мүмкін:

күйдіру, қышыну, препарат аппликациясы орнындағы тітіркену, шамадан тыс құрғату, терінің атрофиялық өзгеруі, жанаспалы дерматит, ауыз еріндері маңы терісінің қабынуы, тері мацерациясы, акне тәрізді бөртпе, терінің созылуы, баздану, бөртпе, гипертрихоз (шамадан тыс түкті жабынды), тері депигментациясы (терінің пигментті өзгерістері), салдарлы тері жұқпалары және фолликулит; препаратты ұзақ қолданғанда және (немесе) терінің ауқымды жерлеріне жаққанда триамцинолон қанға енуі және кортикостероидтарға тән жүйелі жағымсыз әсерлерін туындатуы мүмкін. Сонымен қатар, балалар өсуі мен дамуы бұзылуының қосымша туындауы мүмкін.

– Препарат құрамындағы тетрациклин терінің жергілікті тітіркенуін, аллергиялық реакцияларды, жарыққа сезімталдығы жоғары тері реакцияларын туындатуы мүмкін, зеңдер мен бактериялар тұрақты штамдарының өсуіне әкеледі.

  • препаратты бет терісіне ұзақ қолдану тері атрофиясына және қантамырларының кеңеюіне әкелуі мүмкін.

Егер қандай да бір жоғарыда аталған реакциялар немесе қандай болсын осы нұсқаулықта көрсетілмеген жағымсыз реакциялар пайда болса, дәрігерге хабарлау қажет.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- тетрациклин, триамцинолон немесе препарат құрамына кіретін қандай да бір затқа жоғары сезімталдық

- вирустық, зеңдік немесе туберкулездік тері аурулары

- терідегі жаңа түзілістер немесе обыр алды жай-күйі

- кәдімгі немесе қызғылт акне

- ауыз еріндері маңы терісінің, артқы өтіс тесігі мен жыныс мүшелері аймағының қабынуы

- мерез (тері көріністері)

- 18 жасқа дейінгі балалар

- жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Қазіргі және соңғы кезде қабылданған барлық препаратар жайында, тіпті рецептісіз босатылатындары туралы да дәрігерге айту керек.

Емдеу кезінде басқа препараттарды бір мезгілде жергілікті қолданбаған жөн, өйткені бұл препарат аппликациясы орнындағы әсер етуші заттар концентрациясына әсер етуі және теріні тітіркендіруі мүмкін. Препаратты сүйек тініне әсер ететін препараттармен бір мезгілде ұзақ қолдану тетрациклин уыттылығын күшейтуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

  • Полькодерм ТЦ препараты тек қана теріге қолдануға арналған. Шырышты қабықтардың препаратпен жанасуынан сақтану керек.

  • Көзді препарат тигізуден қорғау керек. Препаратты көзге тигізіп алған жағдайда, жылы сумен мұқият шаю қажет.

  • Бүркілген затты деммен жұтпау керек.

  • Егер препарат аппликациясы орнында тері тітіркенуі туындаса, дәрігерге қаралу қажет.

  • Препаратты теріге ұзақ қолдану қантамырларының кеңеюі мен тері атрофиясына әкелуі мүмкін. Препаратты әсіресе бет терісіне сақтықпен қолдану қажет.

  • Препарат жағылған тері беткейін бинтпен таңуға және окклюзиялық таңғыш астына қолдануға болмайды. Окклюзиялық (қатты) таңғышты қолдану препараттың тері арқылы қанға өтуін күшейтеді, соның нәтижесінде тетрациклин немесе триамцинолоннің жүйелі жағымсыз әсері дамуы мүмкін.

  • Триамцинолон қанға тері арқылы сіңуі және иммунсупрессивті әсер етуі (организм төзімділігін төмендетуі) мүмкін. Сондықтан препаратты қолданған уақытта емделуші вирустық жұқпаларды (желшешек, қызылша) жұқтырудан сақтануы тиіс.

  • Препаратты ұзақ уақыт немесе терінің ауқымды жерлеріне немесе жараларға қолданбаған жөн, тетрациклин және (немесе) триамцинолоннің жүйелі жағымсыз әсерінің даму қаупі бар.

  • Триамцинолон, препараттың стероидты компоненті, қанға өтуі және гипоталамус – гипофиз – бүйрек үсті бездері жүйесін бәсеңдетуді қоса (оның ішінде Кушинг синдромы көріністері, глюкозурия, қанда қант концентрациясының жоғарылауы), жүйелі әсерін туындатуы мүмкін. Триамцинолон жағымсыз әсерлерінің жүйелік симптомдары пайда болған жағдайда дәрігерге қаралу қажет.

  • Емдеу кезінде күн сәулесі немесе жасанды ультракүгін сәуледен (мысалы, солярий) сақтану керек. Препаратта тетрациклин болғандықтан, терінің аллергиялық симптомдары (фотодерматит) пайда болуы мүмкін.

  • Препаратты ұзақ қолдану зеңдер немесе тетрациклинге төзімді бактериялар штамдарының өсуіне, сондай-ақ тетрациклинге аллергияға әкелуі мүмкін.

Тетрациклинге төзімді бактериялар немесе зеңдер туындатқан жұқпалар дамыған жағдайда, дәрігер талапқа сай бактерияға қарсы немесе зеңге қарсы ем тағайындауы тиіс.

Педиатрияда қолданылуы

Препаратты 18 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.

Тетрациклин немесе препараттың стероидты компоненті триамцинолонның жүйелік әсері мүмкіндігі ескеріледі.

Балаларда дене беткейінің дене массасына арақатынасы ересектерге қарағанда артық, сондықтан гипоталамус–гипофиз–бүйрек үсті бездері (мысалы, Кушинг синдромы) жүйесі функциясының бұзылуын қоса, кортикостероидтардың жүйелік әсерінің қаупі ересектерге қарағанда жоғары. Мұнымен қоса, кортикостероидтарды ұзақ қолдану балалардың өсуі мен дамуын бұзуы мүмкін.

Жүктілік және лактация кезеңі

Препаратты жүктілік және бала емізу кезеңінде қолдануға болмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препараттың автокөлікті және механикалық жабдықтар қызметін көрсету қабілетіне әсер етуіне қатысты деректер жоқ.

Артық дозалануы

Полькодерм ТЦ препараты ішке қабылдауға емес, тек қана сыртқа қолдануға арналған.

Препаратты кездейсоқ ішке қабылдап қойған жағдайда дереу дәрігерге немесе жақын маңдағы медициналық жедел жәрдем пунктіне қаралу керек. Егер препарат терінің ауқымды бөліктеріне, үлкен дозада, окклюзиялық таңғыш астына немесе зақымданған теріге қолданылса, оның қанға өтуі және кортикостероид немесе тетрациклиннің жүйелі әсерін туындатуы мүмкін («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз).

Кортикостероидпен созылмалы улану жағдайында препарат қолдануды біртіндеп тоқтату ұсынылады.

Шығарылу түрі және қаптамасы

17.3 г препараттан клапаны және полипропилен қалпақшамен қорғалған бүріккіш басы бар алюминийлі аэрозолды баллонда. 1 баллоннан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

25C-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Басқа ақпараттар

Препаратты ашық оттың жанында қолдануға болмайды.

Баллонды тесуге және қыздыруға болмайды.

Қысымдағы баллон.

Толық босаған баллонды тастау керек.

ПРЕПАРАТ ЖЕҢІЛ ТҰТАНАДЫ. БАЛЛОНДЫ ОТТАН САҚТАУ КЕРЕК!

Сақтау мерзімі

2 жыл.

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы.

Өндіруші

Тархомин фармацевтикалық зауыты «Польфа» Акционерлік қоғамы

А. Флеминга к-сі 2, 03-176 Варшава, Польша

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

Тархомин фармацевтикалық зауыты «Польфа» Акционерлік қоғамы,

Польша

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Adalan» ЖШС

Тимирязев к-сі 42, 23 пав. 202 кеңсе, 050057 Алматы қ.

Тел. + 727 269 54 59; e-mail: reg@adalan.kz

 

Прикрепленные файлы

399775801477976409_ru.doc 85.5 кб
392502961477977608_kz.doc 104.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники