Полудан (лиофилизат для приготовления назальных капель)
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Полудан
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Мұрын тамшы дәрісін дайындауға арналған лиофилизат 100 ӘБ
Құрамы
Бір құтының ішінде
белсенді заттар: полирибоаденил қышқылының калий тұзы (калий
полирибоаденилаты) 0.1000 мг, полирибоуридил қышқылының калий тұзы (калий полирибоуридилаты) 0.1070 мг,
қосымша заттар: натрий гидрофосфаты (2-орын басқан натрий фосфорқышқылы), калий дигидрофосфаты (1- орын басқан сусыз калий фосфорқышқылы), натрий хлориді.
Сипаттамасы
Ақ түсті лиофилизат
Фармакотерапиялық тобы
Иммуномодуляторлар.
Басқа да иммуностимуляторлар
АТЖ коды L03AX
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Жергілікті инстилляция кезінде сіңірілуі анықталмаған.
Фармакодинамикасы
Полудан - полирибоаденил және полирибоуридил қышқылдарының биосинтетикалық полирибонуклеотидті кешені. Эндогенді интерферон синтезінің индукторы. Вирусқа қарсы және иммунтүрлендіруші белсенділігі бар.
Инстилляция қан сарысуы мен көз жасы сұйықтығында енгізгеннен кейін 3 сағаттан соң анықталатын эндогенді интерферонның өнуін көтермелейді. Бүкіл курс бойы күнделікті енгізу арқылы интерферонның жоғары деңгейі (қанда 110 ӘБ/мл және көз жасы сұйықтығында 75 ӘБ/мл) сақталып тұрады, енгізуді тоқтатқаннан кейінгі екінші күні мүлдем дерлік (10 ӘБ/мл титрінен аспайды) анықталмайды. Офтальмогерпесі бар науқастарда бастапқыда төмендетілген табиғи киллер жасушаларының, сондай-ақ басқа да иммунокомпетентті жасушалардың белсенділігін күшейтеді.
Қолданылуы
- |
тұмауды және басқа да жедел респираторлық вирусты жұқпаларды емдеуде |
Қолдану тәсілі және дозалары
Жергілікті.
Препаратты ересектерге: тұмауды және басқа да жедел респираторлық вирусты жұқпаларды емдеу үшін мұрынға тамшы түрінде қолданады. Аурудың жедел кезеңінде 5 күн бойы әр танауға 2 тамшыдан күніне 5 рет – аурудың алғашқы симптомдары пайда болған сәттен 24-48 сағаттан кешіктірмей тамызады.
Полудан ерітіндісін құты ішіндегіні (100 ӘБ) қайнаған сумен еріту жолымен заттаңбасында көрсетілген белгіге дейін даярлайды.
Жағымсыз әсерлері
- |
сирек аллергиялық реакциялар болуы мүмкін |
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- |
препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық |
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Полуданды ферментті препараттармен бір мезгілде қолданған кезде Полуданның клиникалық тиімділігі эндогенді интерферонға ферменттердің бұзатын әсер беруіне байланысты азаяды.
Вирус жұқпаларын емдеуге арналған антибиотиктермен және дәрілік заттармен үйлесімді.
Айрықша нұсқаулар
Жағымсыз әсерлерінің транзиторлық сипаты бар және препаратты тоқтатқаннан кейін 1-3 тәуліктен соң жоғалып кетеді.
Жүктілік және лактация
Полуданның жүктілік және лактация кезеңінде қолданылуы туралы деректер жоқ.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.
Анықталмаған.
Артық дозалануы
Анықталмаған
Шығарылу түрі және қаптамасы
Резеңке тығынмен герметикалық тығындалып, тамшылатқыш қақпақпен жиынтықтағы алюминий қалпақшамен қаусырылған көлемі 5 мл болатын түссіз шыны құтыда 100 ӘБ.
1 немесе 3 тамшылатқыш қақпақпен жиынтықтағы 1 немесе 3 құты медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге қораптық картон пәшкеге салынады.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 8ºС -ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
4 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«ЛЭНС-Фарм» ЖШҚ, Ресей Федерациясы.
Заңды мекенжайы: 143033, Мәскеу облысы, Одинцов ауданы, Горки-Х кенті, 30а үй
Өндіріс және шағым қабылдаушы мекенжай: 601125, Владимир обл., Петушин ауданы, Вольгинский кенті, 95 корпус, 67 корпус
Тел. (49243) 7-17-53
Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі
«ЛЭНС-Фарм» ЖШҚ, Ресей Федерациясы.
Заңды мекенжайы: 143033, Мәскеу облысы, Одинцов ауданы, Горки-Х кенті, 30а үй
Қазақстан Республикасында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы: «ВЕРОФАРМ» ЖШС, Қазақстан Республикасы
Алматы қ., Саин к-сі, 30 үй, 116 кеңсе
тел.: (727) 273-1634, (727) 230-09-09