Полиоксидоний® (12 мг)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Полиоксидоний®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Азоксимер бромиді
Дәрілік түрі
12 мг таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат – 12 мг азоксимер бромиді,
қосымша заттар: маннитол, повидон, бетакаротен, лактоза моногидраты, картоп крахмалы, стеарин қышқылы.
Сипаттамасы
Жалпақ цилиндрлі, бір жағында ойығы, сызығы және екінші жағында «ПО» жазуы бар, сарғыш реңді ақ түстен қызыл-сары реңді сары түске дейінгі таблеткалар. Cәл білінетін бояуы қанықтау теңбілдері болуына жол беріледі.
Фармакотерапиялық тобы
Иммуномодуляторлар
АТХ коды L0З
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Полиоксидоний® 12 мг таблеткалары ішке қабылдағаннан кейін АІЖ-нан тез сіңеді, биожетімділігі шамамен 50 % құрайды. Қан плазмасындағы ең
жоғары концентрациясына ішке қабылдағаннан кейін 3 сағаттан соң жетеді. Полиоксидоний фармакокинетикасы дозаға байланысты (қан плазмасындағы концентрациясы қабылданған дозаға пропорционалды).
Полиоксидоний® – гидрофильді қосылыс. Болжамды таралу көлемі – шамамен 0,5 л/кг, бұл препараттың негізінен жасушааралық сұйықтықта таралатынын білдіреді. Жартылай сіңірілу кезеңі – 35 минут, жартылай шығарылу кезеңі – 18 сағат. Организмде көбінесе бүйрекпен шығарылатын олигомерлерге дейін гидролизденеді. Жинақталу әсері болмайды.
Фармакодинамикасы
Полиоксидоний® 12 мг таблеткаларының иммуномодуляциялаушы әсері бар. Препарат организмнің бактериялық, зеңдік және вирустық жұқпаларға қатысты төзімділігін арттырады. Полиоксидонийдің иммуномодуляциялаушы механизмінің негізі лейкоциттердің микробтарды фагоцитоздау қабілетін арттыру, иммунитетті белсенділендіретін цитокиндер өндірілуінің бастапқы төмендеген көрсеткіштерінде көтермелеу, жұқпалы агенттерге антиденелердің түзілуін күшейту болып табылады.
Полиоксидоний® шеткергі қан фагоциттерін және тіндік макрофагтарды белсенділендіреді, бұл жұқпа ошағы болғанда организмнен қоздырғыштың тезірек элиминациялануына ықпал етеді. Бұдан басқа, Полиоксидоний® регионарлық лимфа түйіндерінде болатын лимфоидты жасушаларды, атап айтқанда, секреторлық IgA өндіретін В-жасушаларды белсенділендіреді.
Тіл астына қолданғанда Полиоксидоний® мұрын қуысында, евстахий түтіктерінде, ауыз-жұтқыншақта, бронхтарда болатын лимфоидты жасушаларды белсенділендіреді. Бұдан басқа, Полиоксидоний® сілекейдің бактерицидті қасиеттерін белсенділендіреді.
Ішу арқылы қолданғанда Полиоксидоний® ішектің лимфа түйіндерінде болатын лимфоидты жасушаларды белсенділендіреді.
Соның салдарынан тыныс алу, асқазан-ішек жолының және ЛОР-ағзалардың жұқпа агенттеріне төзімділігі артады.
Иммуномодуляциялаушы әсерімен қатар, Полиоксидоний® айқын уытсыздандырғыш және антиоксидантты белсенділікке ие, организмнен токсиндерді, ауыр металдар тұздарын шығару қабілеті бар, липидтердің асқын тотықты тотығуын тежейді. Аталған қасиеттері Полиоксидоний құрылымымен және жоғары молекулалық тегімен айқындалады.
Салдарлы иммунитет тапшылығы жағдайларының аясында Полиоксидоний қолдану емдеу тиімділігін арттыруға және ұзақтығын қысқартуға, антибиотиктер, бронхолитиктер, глюкокортикостероидтар пайдалануды едәуір азайтуға, ремиссия мерзімін ұзартуға мүмкіндік береді.
Препараттың көтерімділігі жақсы, митогендік, поликлональді белсенділігі, антигенді қасиеттері жоқ, аллергия туындататын, мутагенді, эмбриоуытты, тератогенді және канцерогенді әсерін көрсетпейді.
Қолданылуы
Полиоксидоний® 12 мг таблеткалары стандартты емге берілмейтін жұқпалы қабыну ауруларын (шығу тегі вирустық, бактериялық және зеңдік) емдеу және алдын алу үшін ересектер мен 12 жастан асқан жасөспірімдерде қолданылады. Полиоксидоний® өршу сатысында да, ремиссия сатысында да пайдаланылады.
кешенді емде:
-
ауыз-жұтқыншақтың, мұрын маңындағы қойнаулардың, жоғарғы тыныс жолдарының, ішкі және ортаңғы құлақтың жедел және созылмалы қайталанатын жұқпалы-қабыну ауруларында;
-
қайталанатын бактериялық, зеңдік және вирустық жұқпамен (соның ішінде поллиноз, бронх демікпесі) асқынған аллергиялық ауруларда
-
науқастанған тұлғаларды жиі және ұзақ уақыт (жылына 4-5 реттен аса) оңалту үшін;
монотерапия түрінде:
- қайталанатын герпестік жұқпаның алдын алу үшін;
- ауыз-жұтқыншақтың, мұрын маңындағы қойнаулардың, жоғарғы тыныс жолдарының, ішкі және ортаңғы құлақтың созылмалы жұқпа ошақтары өршулерінің маусымдық алдын алу үшін;
- иммунитеті төмен тұлғаларда эпидемиялық кезең алдындағы тұмаудың және басқа да жедел респираторлық жұқпалардың алдын алу үшін;
- қартаюдан немесе жайсыз факторлар әсерінен болатын салдарлы иммунитет тапшылығын түзету үшін.
Қолдану тәсілі және дозалары
Полиоксидоний® 12 мг таблеткалары күн сайын тәулігіне 1, 2 немесе 3 рет тамақтануға дейін 20-30 минут бұрын ішу арқылы және тіл астына қолданылады: ересектерде - 12 мг немесе 24 мг дозаларда, 12 жастан бастап жасөспірімдерге - 12 мг дозада. Тәсілі және дозалау режимін диагнозға, үдеріс жеделдігі мен ауырлығына қарай дәрігер белгілейді.
Ұсынылатын ем сызбалары
Тіл астына:
• Ауыз-жұтқыншақтың қабыну үдерістерінде (бактериялық, вирустық және зеңдік шығу тегіндегі) – 10-14 күн бойы 12 сағат сайын күніне 2 рет
1 таблеткадан. Ауыз қуысының герпестік және зеңдік жұқпасының ауыр түрлерінде – 15 күн бойы 8 сағат сайын күніне 3 рет 1 таблеткадан.
• Мұрын маңындағы қосалқы қойнаулардың созылмалы ауруларында және созылмалы отиттерде – 5-10 күн бойы 12 сағат сайын күніне 2 рет
1 таблеткадан.
• Созылмалы тонзиллитте – 10-15 күн бойы 8 сағат сайын күніне 3 рет
1 таблеткадан.
• Жоғарғы тыныс жолдарының созылмалы ауруларында – 10-14 күн бойы 12 сағат сайын ересектерге күніне 2 рет 2 таблеткадан, жасөспірімдерге күніне 2 рет 12 мг 1 таблеткадан.
• Тұмау мен жедел респираторлық жұқпалардың алдын алу үшін – ЖРА-мен жылына 4 рет ауыратын иммунитеті төмен тұлғаларға эпидемия кезеңінің алдында 10-15 күн бойы 12 сағат сайын күніне 2 рет ересектерге 2 таблеткадан, жасөспірімдерге 1 таблеткадан.
Ішу арқылы
Жоғары тыныс жолдарының созылмалы ауруларында – 10-14 күн бойы ересектерге күніне 2 рет 12 сағат сайын 2 таблеткадан, жасөспірімдерге күніне 2 рет 12 сағат сайын 1 таблеткадан.
Препараттың кезекті дозасын өткізіп алған жағдайда, сіз оны еске түсірген бойда қабылдауыңыз қажет. Дегенмен, егер кезекті дозаны қабылдау уақыты келсе, өткізіп алған дозаны қабылдауға болмайды, әдеттегі емдеу режиміне оралу керек. Екі есе дозасын қабылдамау керек.
Жағымсыз әсерлері
Тіркелмеген.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- Жекеше жоғары сезімталдық;
- тұқым қуалайтын фруктоза көтере алмаушылық, Lapp-лактаза тапшылығы, глюкоза-галактозы мальабсорбациясы;
- жүктілік және бала емізу кезеңі (клиникалық қолдану тәжірибесі жоқ);
- 12 жасқа дейінгі балаларға.
Сақтықпен: жедел бүйрек жеткіліксіздігі.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Дәрілермен өзара әрекеттесуі анықталмаған. Полиоксидонийді көптеген дәрілік заттармен қолдануға болады, соның ішінде антибиотиктермен, вирусқа қарсы, зеңге қарсы және антигистаминдік препараттармен, бронхолитиктермен, глюкокортикостероидтармен, цитостатиктермен, -адреномиметиктермен үйлеседі.
Айрықша нұсқаулар
Көрсетілген дозаларынан және емдеу курсының ұзақтығынан асыруға болмайды.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.
Артық дозалануы
Анықталмаған
Шығарылу түрі және қаптамасы
Поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 10 таблеткадан салады.
Пішінші ұяшықты бір қаптама медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамада, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл.
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз.
Өндіруші
«Петровакс Фарм ҒӨБ» ЖШҚ, Ресей Федерациясы
Заңды мекенжайы:
142143, Мәскеу облысы, Подольск ауданы, Покров ауылы, Сосновая көшесі, 1 үй, тел./факс: +7 (495) 926-21-07, e-mail: info@petrovax.ru.
Өндірілген: 115598, Мәскеу қ., Загорьевская к-сі, 10 үй, 4 корпус, тел./факс: +7 (495) 329-17-18.
Қапталған: 142143, Мәскеу облысы, Подольск ауданы, Покров ауылы, Сосновая көшесі, 1 үй, тел./факс: +7 (495) 926-21-07.
Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі
«Петровакс Фарм ҒӨБ» ЖШҚ, Ресей Федерациясы
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы
Мекенжайы: |
«Петровакс Фарм ҒӨБ» ЖШҚ Ресей Федерациясы, 142143, Мәскеу облысы, Подольск ауданы, Покров ауылы, Сосновая көшесі, 1 үй, |
|
Телефон: |
+7 (495) 926-21-07 |
|
Факс: |
+7 (495) 926-21-07 |
|
Электронды поштасы: |
info@petrovax.ru
|