Полиоксидоний® (таблетки) (Азоксимера бромид)

МНН: Азоксимера бромид
Производитель: Петровакс Фарм НПО ООО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие иммуностимуляторы
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№025347
Информация о регистрации в РК: 15.11.2021 - 15.11.2026

Инструкция

Саудалық атауы

Полиоксидоний®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Азоксимер бромиді

Дәрілік түрі, дозалануы

Таблеткалар, 12 мг

Фармакотерапиялық тобы

Антинеопластикалық және иммуномодуляциялайтын препараттар. Иммуностимуляторлар. Басқа иммуностимуляторлар.

АТХ коды L03АХ

Қолданылуы

Жедел және созылмалы респираторлық ауруларды емдеу және олардың профилактикасы үшін ересектер мен 3 жастан бастап балаларға асқыну және ремиссия сатысында қолданылады.

Емдеу үшін (кешенді емде):

- ауыз жұтқыншақ, мұрын маңы қойнаулары, жоғарғы және төменгі тыныс алу жолдары, ішкі және ортаңғы құлақтың жедел және созылмалы қайталанатын инфекциялық-қабыну ауруларының асқынуы;

- қайталанатын бактериялық, зеңдік және вирустық инфекциядан асқынған аллергиялық аурулар (оның ішінде поллиноз, бронх демікпесі).

Профилактика үшін (монотерапия):

- назальді және лабиальді аумақтағы қайталанатын герпестік инфекциялар;

- ауыз жұтқыншақ, мұрын маңы қойнаулары, жоғарғы және төменгі тыныс алу жолдары, ішкі және ортаңғы құлақ инфекцияларының созылмалы ошақтарының асқынуы;

- қартаю немесе жағымсыз факторлардың ықпалы салдарынан туындайтын салдарлы иммун тапшылығы жағдайлары.

Қолданудың басталуына дейінгі қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- жүктілік, емшек емізу кезеңі

- 3 жасқа дейінгі балалар

- жедел бүйрек жеткіліксіздігі

- сирек тұқым қуалайтын лактоза жақпаушылығы, лактаза тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы синдромы.

Сақтықпен

- созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі (аптасына 2 реттен артық қолданбайды).

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Азоксимер бромиді CYP1A2, CYP2С9, CYP2С19, CYP2D6 изоферменттерін, Р-450 цитохромын тежемейді, сондықтан препарат антибиотиктермен, вирусқа қарсы, зеңге қарсы және антигистаминдік препараттармен, глюкокортикостероидтармен және цитостатиктермен үйлесімді.

Арнайы ескертулер

Препаратты тек нұсқауларға, қолдану әдісіне және нұсқаулықта көрсетілген дозаларға сәйкес қолданыңыз.

Егер емдеуден кейін жақсару болмаса немесе симптомдар асқынса немесе жаңа белгілер пайда болса, пациент дәрігермен кеңесу керек.

Аллергиялық реакция дамығанда Полиоксидоний® препаратын қолдануды тоқтату және дәрігерге қаралу керек.

Пациенттер дәрігерден кеңес алмай, көрсетілген дозаларды және емдеу курсының ұзақтығын асырмауы керек.

Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер препаратты сақтықпен қолдану керек (аптасына 2 реттен артық тағайындамайды).

Оның сыртқы белгілерінде жарамсыздық (қаптама ақауы, таблетка түсінің өзгеруі) табылса препаратты пайдаланбаңыз.

Полиоксидоний® таблеткаларының құрамында қосымша зат ретінде лактоза моногидраты бар, сондықтан оларды қабылдау сирек тұқым қуалайтын лактоза жақпаушылығы, лактаза тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбция синдромы бар адамдарға қарсы көрсетілген.

Педиатрияда қолданылуы

Полиоксидоний® 3 жастан асқан балаларда пайдалануға болады. Полиоксидоний®, 12 мг таблеткасы 3 жасқа дейінгі балаларда пайдаланылмауы тиіс.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Полиоксидоний® препаратын жүкті және емшек емізіп жүрген әйелдерге қолдануға болмайды (қолданудың клиникалық тәжірибесі жоқ).

Полиоксидоний® препаратын қолданар алдында егер пациент жүкті болса немесе жүкті болуы мүмкін деп болжамдаса немесе жүктілікті жоспарлап жүрсе дәрігермен кеңесуі қажет.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Полиоксидоний® препаратын қолдану аса зейін қоюды және психомоторлық реакциялардың жылдамдығын талап ететін қызметтің аса қауіпті түрлерін (оның ішінде көлік құралдарын басқару, қозғалмалы механизмдермен жұмыс істеу) орындау қабілетіне ықпал етпейді.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалану режимі

Қажет болса 3-4 айдан кейін қайталама емдеу курстарын өткізуге болады. Препаратты қайта тағайындағанда оның тиімділігі төмендемейді.

Ұсынылған емдеу сызбасы

Сублингвальді

Ересектерді емдеу үшін:

- тұмау және жедел респираторлық инфекцияларды7 күн бойы күніне 2 рет 1 таблеткадан;

- ауыз жұтқыншақтың қабыну үдерістерін 10 күн бойы күніне 2 рет 1 таблеткадан;

- жоғарғы тыныс алу жолдары, мұрын маңы қойнауларының созылмалы ауруларының асқынуы, созылмалы отиттер10 күн бойы күніне 2 рет 1 таблеткадан;

- қайталанатын бактериялық, зеңдік және вирустық инфекциядан асқынған аллергиялық аурулар (оның ішінде поллиноз, бронх демікпесі) 10 күн бойы күніне 2 рет 1 таблеткадан.

3 жастан 10 жасқа дейінгі балаларды емдеу үшін:

- тұмау және жедел респираторлық инфекцияларды7 күн бойы күніне 2 рет ½ таблеткадан;

- ауыз жұтқыншақтың қабыну үдерістерін 7 күн бойы күніне 2 рет ½ таблеткадан;

- қайталанатын бактериялық, зеңдік және вирустық инфекциядан асқынған аллергиялық аурулар (оның ішінде поллиноз, бронх демікпесі) 7 күн бойы күніне 2 рет ½ таблеткадан.

10 жастан асқан балаларды емдеу үшін:

- тұмау және жедел респираторлық инфекцияларды7 күн бойы күніне 2 рет 1 таблеткадан;

- ауыз жұтқыншақтың қабыну үдерістерін 7 күн бойы күніне 2 рет 1 таблеткадан;

- жоғарғы тыныс алу жолдары, мұрын маңы қойнауларының созылмалы ауруларының асқынуы, созылмалы отиттер7 күн бойы күніне 2 рет 1 таблеткадан;

- қайталанатын бактериялық, зеңдік және вирустық инфекциядан асқынған аллергиялық аурулар (оның ішінде поллиноз, бронх демікпесі) 7 күн бойы күніне 2 рет 1 таблеткадан.

Ересектерге профилактика үшін:

- тұмау және жедел респираторлық инфекциялардың эпидемия алдындағы кезеңінде – 10 күн бойы күніне 1 таблеткадан;

- назальді және лабиальді аумақтағы қайталанатын герпестік инфекцияда – 10 күн бойы күніне 2 рет 1 таблеткадан;

- ауыз жұтқыншақ, мұрын маңы қойнаулары, жоғарғы тыныс алу жолдары, ішкі және ортаңғы құлақ инфекцияларының созылмалы ошақтарының асқынуында – 10 күн бойы күніне 1 таблеткадан;

- қартаю немесе жағымсыз факторлардың ықпалы салдарынан туындайтын салдарлы иммун тапшылығы жағдайларында – 10 күн бойы күніне 1 рет 1 таблеткадан.

3 жастан 10 жасқа дейінгі балаларға профилактика үшін:

- тұмау және жедел респираторлық инфекциялардың эпидемия алдындағы кезеңінде – 7 күн бойы күніне ½ таблеткадан;

- назальді және лабиальді аумақтағы қайталанатын герпестік инфекцияда7 күн бойы күніне 2 рет ½ таблеткадан;

- ауыз жұтқыншақ, мұрын маңы қойнаулары, жоғарғы тыныс алу жолдары, ішкі және ортаңғы құлақ инфекцияларының созылмалы ошақтарының асқынуында10 күн бойы күніне ½ таблеткадан.

10 жастан асқан балаларға профилактика үшін:

- тұмау және жедел респираторлық инфекциялардың эпидемия алдындағы кезеңінде – 7 күн бойы күніне 1 таблеткадан;

- назальді және лабиальді аумақтағы қайталанатын герпестік инфекцияда7 күн бойы күніне 2 рет 1 таблеткадан;

- ауыз жұтқыншақ, мұрын маңы қойнаулары, жоғарғы тыныс алу жолдары, ішкі және ортаңғы құлақ инфекцияларының созылмалы ошақтарының асқынуында10 күн бойы күніне 1 таблеткадан.

Пероральді

Ересектерді емдеу үшін:

- жоғарғы және төменгі тыныс алу жолдары аурулары 10 күн бойы күніне 2 рет 1 таблеткадан.

10 жастан асқан балаларды емдеу үшін:

- жоғарғы және төменгі тыныс алу жолдары аурулары 10 күн бойы күніне 2 рет 1 таблеткадан.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Полиоксидоний® 12 мг таблеткалар жедел бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге қабылдауға қарсы көрсетілген. Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі кезінде аптасына 2 реттен артық қолданбайды.

Енгізу әдісі және жолы

Тамақтанудан 20-30 минут бұрын пероральді және сублингвальді.

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

Артық дозалану жағдайлары тіркелмеген. Ұсынылғаннан асатын дозаны абайсызда қабылдаған жағдайда дәрігерге қаралу керек.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын жіберіп алғанда қажетті шаралар

Препараттың кезекті дозасын енгізуді жіберіп алған жағдайда оны кейіннен қолдануды осы нұсқаулықта көрсетілгендей немесе дәрігер ұсынған әдеттегі режимде жүргізу керек. Жіберіп алған дозалардың орнын толтыру мақсатында пациент қосарлы дозаны енгізбеуі тиіс.

Тоқтату симптомдарының пайда болу қаупінің көрсетілімдері

Полиоксидоний® препаратын қолдануды тоқтату қажеттілігінде бірден, дозаны біртіндеп азайтпастан тоқтатуға болады.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар

Емдеуді бастар алдында дәрігермен кеңесіп, дәрігерге сіз қабылдап жүрген барлық дәрілік препараттар туралы хабарлау ұсынылады.

Тиімді нәтижелерге қол жеткізу үшін нұсқаулықта баяндалған барлық ұсыныстарды қатаң түрде орындай отырып, пайдалану керек.

ДП стандартты қолдану кезінде көрініс табатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдануы керек шаралар

Жағымсыз әсерлер тіркелмеген.

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препарат құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат – азоксимер бромиді 12 мг,

қосымша заттар: маннитол, повидон, лактоза моногидраты, картоп крахмалы, стеарин қышқылы.

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Ақ немесе сарғыштау реңкті ақ түсті, бір жағында, сызығы, ойығы және екінші жағында «ПО» бедері бар жайпақ цилиндр тәрізді дөңгелек таблеткалар.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.

Пішінді ұяшықты бір немесе екі қаптама медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау мерзімі

3 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші туралы мәліметтер

«НПО Петровакс Фарм» ЖШҚ, Ресей

Заңды мекенжайы: Ресей, 142143, Мәскеу обл., Подольск қ., Покров ауылы, Сосновая к-сі, 1 үй.

Тел./факс: +7 (495) 926-21-07

Электронды пошта: info@petrovax.ru

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

«НПО Петровакс Фарм» ЖШҚ, Ресей

Заңды мекенжайы: Ресей, 142143, Мәскеу обл., Подольск қ., Покров ауылы, Сосновая к-сі, 1 үй.

Телефон: +7 (495) 926-21-07; +7 (495) 730-75-45

Факс: +7 (495) 926-21-07

Электронды пошта: info@petrovax.ru

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттар сапасына қатысты шағымдар (ұсыныстар) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

"ИнтерФармасьютикал" ЖШС

483110, Қазақстан Республикасы, Қаскелең қ., Бокин к-сі, 58

Тел.: 8-800-777-86-04; +7 (707) 605-02-62

Электронды пошта: adversereaction@drugsafety.ru; kazakhstan@drugsafety.ru

Прикрепленные файлы

ЛВ_рус._яз_._ИСПРАВЛЕННАЯ_ВЕРСИЯ_.docx 0.06 кб
ЛВ_на_каз._яз_._ИСПРАВЛЕННАЯ_ВЕРСИЯ_.docx 0.06 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники