Повидон-Йод 30 мл (раствор для наружного применения, Медоптик)

МНН: Повидон - йод
Производитель: Фармацевтическая компания "МЕДОПТИК"
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Povidone-iodine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№012363
Период регистрации: 05.03.2015 - 05.03.2020
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)

Инструкция

Саудалық атауы

Повидон - Йод

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған ерітінді

Құрамы

100 мл препараттың құрамында

белсенді зат – 10,0 г повидон-йод

(1,0 г белсенді йодқа шаққанда)

қосымша зат: 100,0 мл- ге дейін тазартылған су бар

Сипаттамасы

Күңгірт-қоңыр түсті, йодтың әлсіз иісі бар тұтқыр сұйықтық. Сумен кез-келген қатынаста араласады.

Фармакотерапиялық тобы

Антисептиктер және дезинфекциялайтын препараттар. Йод препараттары.

АТХ коды D08AG02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Повидон-Йодты зақымданбаған теріге жергілікті қолданғанда йод өте аз мөлшерде сіңеді. Кешенді молекуланың үлкен көлемде болуына байланысты Повидон-йод биологиялық бөгеттерден нашар өтеді; йодтың жүйелі әсері мүлдем көрінбейді. Тері және шырышты қабықпен жанасқанда Повидон-Йодтың 30%–ы байланысқанда йодидтерге, ал қалған бөлігі белсенді йодқа айналады. Йодидтер негізінен қалқанша безінде көп жиналады. Бос йодидтердің көбі несеппен, аздаған бөлігі нәжіспен, сілекеймен, терімен шығады. Йодидтер плацентарлық бөгет арқылы өтеді және ана сүтіне енеді.

Фармакодинамикасы

Препараттың құрамында поливинилпирролидонның болуына байланысты

одан белсенді йод баяу және біртіндеп шығып, тіндерді күйдірмей және тітіркендірмей, ондағы микроорганизмдерге қарсы антисептикалық әсер көрсетеді. Повидон-йодты қолданған жерде боялған жұқа үлбір қалады, ол йодтың барлық бөлігі босамағанша сақталады. Повидон-йодтың бактерицидті тиімділігі тепе-теңдік реакция жолымен бос йодтың бөлінуіне байланысты. Осылайша, повидон-йод кешені белсенді бос йодтың тұрақты концентрациясын қамтамасыз ететін және үнемі элементті йод босатып отыратын, йодтың депо түрін көрсетеді. Бос йод белоктар мен ферменттердің белсенділігін төмендете және оларды жоя отырып, микроорганизмдердің, құрылымды ақуыздарын және ферменттерін амин қышқылы тізбектерінің SH- немесе OH- тотығатын топтарына әсер етеді. Бұндай кезде йод осылайша түссізденеді, сондықтан да бояудың қанық қоңыр түсі препарат тиімділігінің индикаторы болып табылады. Түссізденгеннен кейін препаратты қайталап енгізуге болады. Повидон-йод ерітіндісі суда ериді және оңай жуылып кетеді.

Қолданылуы

- хирургияда, травматологияда, комбустиологияда, стоматологияда жарақат инфекциясын емдеуде және профилактикасында

- ауыз қуысы және жұтқыншақтың қабыну және инфекциялық ауруларында: ангина, фарингит, тонзиллофарингит, тонзиллит, глоссит, афта ауруларында ауызды және тамақты шаю үшін

- инвазивті зерттеулерде (пункция, биопсия, инъекция және т.б), хирургиялық операциялардың алдында тері және шырышты қабықты антисептикалық өңдеуде

- зондтар, катетерлер, дренаждар маңындағы теріні антисептикалық өңдеуде

- жұқпа жұқтырған науқастарды күтіп баптау кезіндегі қолды өңдеуде, медицина қызметкерлерінің, хирургтардың қолдарын операцияға дейін және одан кейін өңдеуде

Қолдану тәсілі мен дозалары

Повидон-Йод ерітіндісі сұйылтылған және сұйылтылмаған күйде сыртқа қолдануға арналған. Препаратты ыстық сумен сұйылтуға болмайды. Ерітіндіні дене температурасына дейін қысқа уақыт жылытуға болады. Ерітінді ішке қабылдауға арналмаған! Операция алдындағы теріні өңдеу кезінде, науқас денесінде ерітіндінің артық мөлшерінің қалып қалмауын бақылау керек (терінің тітіркенуі болатындықтан).

Ерітіндіні терінің бетіне қажетті мөлшерде дымқыл жапсырма түрінде жағады, экспозициясы 2 минуттан кем емес. Хирургиядағы қызметкерлердің қолдарын өңдеу үшін 5 мл ерітіндіні алақанмен шынтаққа дейін 5 минут бойы сүртеді, содан кейін мұқият шаяды; іс-шараны екі рет қайталайды.

Жараларды, шырышты қабықтарды, терінің бактериялық және зеңдік зақымдануы кезіндегі өңдеуде, хирургияда, травматологияда, комбустиологияда, стоматологияда жарақат инфекциясының профилактикасында және емдеуде Повидон-Йодтың 1:10 сұйылтылған ерітіндісін қолданады.

Ерітіндіні қолданар алдында ғана сұйылтады.

Ауыз және тамақты шаюға арналған ерітіндінің дайындалуы: ½ немесе 1 шай қасық ерітіндіні 100 мл суда ерітеді (18°С шамасындай).

Жағымсыз әсерлері

- йодқа аллергиялық реакция (қышыну, гиперемия, есекжем)

- жапсырылған жерде қысқа мерзімдік күйдіру сезімі немесе ауыз қуысында құрғау сезімі

Сирек жағдайда:

- тыныс алуды қиындатумен (анафилаксиялық шок) немесе артериялық қан қысымын төмендетумен жүретін жайылған жедел тері реакциясы

- Повидон-Йод ерітіндісін ұзақ қолданған кезде йодтың біраз мөлшерінің сіңуіне байланысты, йодтың демеуші әсерінен соған бейім адамдарда гипертиреоздың дамуы

- күйік жараларды қарқынды түрде өңдеген кезде метаболизмдік ацидоздың немесе бүйрек функциясының бұзылысы бар тұлғаларда қан сарысуы осмолярлығының немесе электролитті теңгерімнің бұзылуы

Препаратты ұзақ уақыт қолдану йодизм құбылысын (ауыздан металл тату,

сілекей ағуы, көздің немесе көмейдің ісінуі және т.б.) тудыруы

мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- йодқа немесе препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық

- қалқанша бездің шамадан тыс функциясында

- жүрек қызметінің қалпына келмейтін жеткіліксіздігінде

- жүктілік және лактация кезеңі

- радиоактивті йодпен бір мезгілде қолдану

- герпес тәрізді Дюринг дерматитінде

- 6 жасқа дейінгі балаларға

Бауыр жеткіліксіздігі бар науқастарда препаратты абайлап қолданады.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Жараларды өңдеуге арналған немесе антисептикалық препараттар сутегі асқын тотығымен Повидон-Йодты, сондай-ақ құрамында күміс және толуидин бар ферменттік препараттармен бірге қолданғанда олардың өзара әсер ету тиімділігі төмендейді.

Сынап сілтілі йодидінің түзілу қаупі болғандықтан, Повидон-Йодты сынап препараттарымен бірге қолдануға болмайды.

Препарат ақуыздармен және қанықпаған органикалық кешендермен реакцияға түсуі мүмкін, сондықтан повидон-йодтың дозасын арттыру арқылы оның әсерін жақсартуға болады.

Литий препараттарын қабылдайтын науқастарға ұзақ уақыт, әсіресе кең аумақты жерге қолдануға болмайды.

Үйлеспеуі

Сутегі асқын тотығымен, толуидинмен, сынап және висмут тұздарымен, күміспен, салицил қышқылымен, иіткіш қышқылымен, алкалоид тұздарымен, тотықсыздандырғыш заттармен Повидон-Йод үйлеспейді.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты ларингит кезінде жедел түрде қажеттілік туған кезде ғана қолданылады.

Повидон-Йодтың тотықтырғыш қасиеті металдардың тотығуын тудыруы мүмкін, ал пластмасса және синтетикалық материалдар әдетте Повидон-Йодқа сезімтал емес. Кейбір жағдайларда түстің өзгеруі мүмкін, ол кейіннен өзінің қалпына келеді.

Текстильді және өзге материалдардан Повидон-Йод ерітіндісін жылы сумен сабындап оңай сүртіп алуға болады. Кетпейтін дақтарды натрий тиосульфаты немесе аммиак ерітіндісімен өңдеу қажет.

Дәрілік заттың көлік құралдарын және механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Жүйелі сіңуі болмағандықтан, сыртқа қолданған кезде артық дозалануы байқалған жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

30 мл, 50 мл, 100 мл-ден полиэтиленді тығынмен бекітілген, ақ түсті полиэтиленнен жасалған құтыларда, тамызғы-құтыларда, құты-спрейлерде.

1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге гофрланған картонға немесе қораптық картоннан жасалған қорапшаға салынған.

1 л-ден пластамасса қақпақтармен бұрап жабылған полиэтиленнен жасалған бөтелкелерде.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Ішке қабылдауға болмайды!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Медоптик» ЖШС, Қазақстан Республикасы

Алматы қ-сы, Огарев к-сі 2 «б»

тел: 8 (727) 2320822, 2320823, 2320824

факс: 8 (727) 3832202

Е-mail: medoptik@medoptik.kz, www.medoptic.kz

Тіркеу куәлігінің иесі

«Медоптик» ЖШС, Қазақстан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

«Медоптик» ЖШС, Қазақстан Республикасы

Алматы қ-сы, Огарев к-сі 2 «б»

тел: 8 (727) 2320822, 2320823, 2320824

факс: 8 (727) 3832202

Е-mail: medoptik@medoptik.kz, www.medoptic.kz

Прикрепленные файлы

296516591477976526_ru.doc 61 кб
533489061477977690_kz.doc 86.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники