Повидон-Йод 50 мл (раствор для наружного применения 1%, Султан)

МНН: Повидон - йод
Производитель: Султан ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Povidone-iodine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-3№020418
Информация о регистрации в РК: 13.03.2014 - 13.03.2017
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)

Инструкция

Саудалық атауы

Повидон-Йод

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған 1% ерітінді

Құрамы

100 мл препараттың құрамында

белсенді зат – повидон-йод 10,0 г

(1,0 г белсенді йодқа шаққанда)

қосымша зат: 100,0 мл-ге дейін тазартылған су

Сипаттамасы

Қою-қоңыр, иіссіз немесе йодтың әлсіз иісі бар тұтқыр сұйықтық.

Сумен кез-келген арақатынаста араласады

Фармакотерапиялық тобы

Антисептиктер және дезинфекциялайтын препараттар. Йод препараттары

АТХ коды D08AG02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Повидон-Йодты зақымданбаған теріге жергілікті жаққан кезде йодтың сіңірілуі өте аз мөлшерде. Кешенді молекуланың үлкен көлемде болуына орай, повидон-йод биологиялық бөгеттер арқылы нашар өтеді; йодтың жүйелі әсері іс жүзінде көрініс бермейді. Терімен және шырышты қабықтармен жанасқанда Повидон-Йодтың 30%-ы йодидтерге, ал қалған бөлігі белсенді йодқа айналады. Йодидтер ең алдымен қалқанша безде жинақталады. Бос йодидтер негізінен несеппен, аздаған мөлшері нәжіспен,

сілекеймен, термен бөлініп шығады. Йодидтер плацентарлық бөгет арқылы өтеді және ана сүтіне енеді.

Фармакодинамикасы

Құрамында поливинилпирролидон болуына орай, препараттан белсенді йод баяу және біртіндеп босап шығып, тіндерді тітіркендірмей және күйдірмей, микроорганизмдерге антисептикалық әсер көрсетеді. Повидон-йод препаратын қолданған жерде боялған жұқа үлбір қалады, ол йод мөлшері түгел босап шыққанша сақталады. Повидон-йодтың бактерицидті тиімділігі тепе-теңдік реакция жолымен бос йодтың бөлінуіне байланысты. Осылайша, повидон-йод кешені белсенді бос йодтың тұрақты концентрациясын қамтамасыз ететін және үнемі элементті йод босатып отыратын йод қоры түрінде болады. Бос йод осы ферменттер мен ақуыздарды белсенсіздендіре және жоя отырып, микроорганизмдердің құрылымдық ақуыздары мен ферменттерінің SH- немесе OH-амин қышқылды тізбектерінің тотығатын топтарымен реакцияға түседі. Бұл тұста йод түссізденеді, осыған орай, бояудың қанық қоңыр түсі препарат тиімділігінің индикаторы қызметін атқарады. Түссізденгеннен кейін препаратты қайта жағуға болады. Осы салыстырмалы спецификалық емес әсер ету механизмі повидон-йодтың адамдағы патогенді қоздырғыштарға кең ауқымда әсер етуін түсіндіреді: грамоң және грамтеріс бактериялар, Gardenerella vag., Treponema pall., Chlamydiae, микоплазмалар, қарапайымдылар (соның ішінде трихомонадалар), вирустар (соның ішінде герпес вирусы және АИТВ), зеңдер (мысалы, Candida тектес) және споралар. Повидон-йод ерітіндісі суда ериді және оңай жуылады.

Қолданылуы

- хирургияда, травматологияда, комбустиологияда, стоматологияда жара

инфекцияларының профилактикасында және емдеуде

- ойылуларды, трофикалық ойық жараларды өңдеуде

- инвазиялық зерттеулердің, хирургиялық операциялардың алдында теріні және шырышты қабықтарды антисептикалық өңдеуде (пункциялар, биопсиялар, инъекциялар және т.б.),

- дренаждар, катетерлер, зондтар маңындағы теріні антисептикалық өңдеуде

- операцияға дейін және одан кейін хирургтардың, медицина қызметкерлерінің қолдарын өңдеуде, жұқпа жұқтырған науқастарға күтім жасау кезіндегі қолды өңдеуде

Қолдану тәсілі және дозалары

Повидон-Йод ерітіндісі сұйылтылған және сұйылтылмаған күйде сыртқа қолдануға арналған. Препаратты ыстық сумен сұйылтуға болмайды. Ерітіндіні дене температурасына дейін қысқа уақыт жылытуға болады. Ерітінді ішке қабылдауға арналмаған! Операция алдындағы теріні өңдеу кезінде науқас денесінде ерітіндінің артық мөлшерінің қалып қоймауын бақылау қажет (терінің тітіркенуі мүмкін екендіктен).

Ерітіндіні тері беткейіне қанша қажет болса, сонша рет дымқыл жапсырма түрінде жағады, экспозициясы 2 минуттан кем емес. Хирургиялық қызметкерлердің қолдарын өңдеу үшін 5 мл ерітіндіні алақанмен шынтаққа дейін 5 минут бойы сүртеді, артынан мұқият шаяды; емшараны екі рет қайталайды.

Жараларды, шырышты қабықтарды, хирургияда, травматологияда, комбустиологияда, стоматологияда жара инфекцияларының профилактикасында және емдеуде Повидон-Йодтың 1:10 сұйылтылған ерітіндісі қолданылады.

Ерітіндіні қолданар алдында ғана сұйылту керек.

Жағымсыз әсерлері

Сирек (≥1/10,000 - <1/1,000)

-жоғары сезімталдық

-жанаспалы дерматит (эритема, терідегі кішкентай сулы бөртпелер, қышыну секілді симптомдар)

Өте сирек (<1/10,000)

-анафилаксиялық реакция

-гипертиреоз (кейде тахикардия және мазасыздық секілді симптомдармен жүретін). Анамнезінде қалқанша без ауруларымен пациенттерде повидон-йодты айтарлықтай мөлшерде қолданғаннан кейін (мысалы, повидон-йод ерітіндісін терінің ауқымды беткейінде жарақат пен күйіктерді өңдеу үшін ұзақ уақыт қолданғаннан кейін)

-ангионевротикалық ісіну

- йодизм (ауызда металл тату, сілекей бөлінуінің артуы, көз немесе көмейдің ісінуі)

Жиілігі белгісіз (бар деректер бойынша анықтау мүмкін емес):

-гипотиреоз (повидон-йодтың көп мөлшерін қолданғаннан кейін немесе ұзақ уақыт қолданғаннан кейін)

-электролиттік теңгерімнің бұзылуы (бәлкім, повидон-йодты айтарлықтай мөлшерде қолданғаннан кейін (мысалы, күйіктерді емдеуде))

повидон-йодты айтарлықтай мөлшерде қолданғаннан кейін (мысалы, күйіктерді емдеуде) дамуы мүмкін:

- метаболизмдік ацидоз

- жедел бүйрек жеткіліксіздігі

- қанның осмолялдылығының өзгеруі

- операцияға дайындықта пациенттің астында артық ерітінді жинақталып қалған жағдайдағы терінің химиялық күйігі.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- йодқа немесе препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық

- қалқанша без гиперфункциясы

- қалпына келмейтін жүрек жеткіліксіздігі

- жүктілік және лактация кезеңі

- қалқанша безді емдеуде радиоактивті йодты қолданғанға дейінгі немесе кейінгі жағдайлар

- герпес тәрізді Дюринг дерматиті

- 6 жасқа дейінгі балаларға

- созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде препарат сақтықпен қолданылады.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Повидон-Йод пен сутегі асқын тотығын, сондай-ақ жараларды өңдеуге арналған құрамында күміс пен толуидин бар ферментті препараттарды немесе антисептикалық препараттарды бірге қолдану олардың тиімділігінің өзара төмендеуіне әкеледі.

Повидон-йодты, сілтілі сынап йодидінің түзілу қатеріне орай, сынап препараттарымен бірге қолдануға болмайды.

Препарат ақуыздармен және қанықпаған органикалық кешендермен реакцияға түсуі мүмкін, сондықтан повидон-йод әсерін оның дозасын арттыру арқылы жақсартуға болады.

Литий препараттарын алған пациенттерде ұзақ уақыт, әсіресе, аумақты беткейлерге қолданудан аулақ болу керек.

Үйлеспеушілігі

Повидон-Йод тотықсыздандырғыш заттармен, алкалоид тұздарымен, иіткіш қышқылмен, салицил қышқылымен, күміспен, сынап және висмут тұздарымен, толуидинмен, сутегі асқын тотығымен үйлеспейді.

Айрықша нұсқаулар

Пациентті операцияға дайындар алдында науқас астына артық ерітінді жиналып қалмауын қадағалау керек. Ерітіндімен ұзақ жанасу терінің тітіркенуін, ал сирек жағдайларда – тері тарапынан ауыр рекциялар туғызуы мүмкін. Науқас астында жиналған ерітінді химиялық күюді туғызуы мүмкін. Тері тітіркенуінде, жанаспалы дерматитте немесе жоғары сезімталдық кезінде препаратты тоқтату керек.

Препаратты пайдаланудың алдында қыздыруға болмайды.

Зобы, қалқанша бездің түйінді өзгерістері және қалқанша бездің басқа да жедел емес аурулары бар пациенттерде йодты көп мөлшерде қолданған кезде гипертиреоздың даму қаупі жоғары болып келеді. Осы топтағы пациенттер бір мәнділі көрсеткіштері болмағандықтан повидон-йодтың ерітіндісін ұзақ уақыт бойы және терінің ауқымды беткейіне қолдануға болмайды. Мұндай пациенттерге гипертиреоздың ертерек болған белгілерін анықтау үшін бақылау жүргізу және қажет болса қалқанша без функциясын, тіпті препаратты қолдануды тоқтатқаннан кейін де бақылау керек.

Повидон-йодты радиоактивті йодты қолданумен немесе радиоактивті йодпен қалқанша без карциномасын емдеуде сцинтиграфияға дейін және кейін пайдалаунға болмайды.

Ерітіндінің қою-қызыл түсі оның тиімділігін көрсетеді. Ерітіндінің түссізденуі оның микробтарға қарсы қасиеттерінің нашарлағанын растайды. Ерітіндінің деградациясы жарыққа және 40оС-ден жоғары температурада пайда болады. Көзге препараттың түсірмеуге тырысу керек.

Педиатрияда қолдану

Жаңа туғандарда және 6 айға дейінгі балаларда йодтың көп мөлшерін қолданғанда гипотиреоздың даму қаупі жоғары. Бұл жастағы балаларда йодқа жоғары сезімталдық және теріге өтуі жоғары болғандықтан ПВП йодты қолдану бұл жас тобындағы балаларда ең аз мөлшерде болу керек. Қажет болса қалқанша без функциясын (T4 гормондар деңгейін және тиреотропты гормонды /TТГ/) бақылау керек. Балаларға повидон-йодтың пероральді түсудің кез келген мүмкіндігін болдырмау керек.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік кезінде, сондай-ақ емшек емізу кезеңінде препаратты тек қатаң көрсеткіштер болған кезде ғана қолданылуы мүмкін, сонымен қатар препараттың абсолютты ең аз мөлшерін қолдану керек. Мұндай жағдайда препаратты тек қысқа мерзімде ғана қолдану керек.

Йод плацентарлық бөгет арқылы өтетіндіктен және емшек сүтіне бөлінетіндіктен, сондай-ақ йодқа шарананың және жаңа туғандардың жоғары сезімталдығымен байланысты жүктілік және емшек емізу кезеңінде повидон-йодты елеулі мөлшерде қолдануға болмайды. Одан басқа йод емшек сүтінде, қан плазмасындағы деңгейден жоғарырақ шоғырланады. Шаранада және жаңа туған балада повидон-йод тиреотропты гормон (TТГ) деңгейін жоғарылатумен өтпелі гипотиреоз туындатуы мүмкін. Баланың қалқанша без функциясын мұқият бақылау қажеттігі болуы мүмкін.

Балаларға повидон-йодтың пероральді түсудің кез келген мүмкіндігін болдырмау керек.

Дәрілік заттың көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Жүйелі сіңірілуі болмағандықтан, сыртқа және қынап ішіне қолданған кезде артық дозалану жағдайлары байқалмаған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Полиэтилен тығындармен және бұралатын пластмасса қақпақтармен тығындалған бұрандалы мойыны бар шыныдан жасалған құтыларда немесе бұралатын қақпақтары бар полиэтилен тығындармен тығындалған пластик құтыларда 30 мл, 50 мл, 100 мл.

Бұралатын қақпағы бар полиэтилен құтыларда 1000 мл.

1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге кораптық картон қорапшаға салады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 ºС-ден аспайтын температурада

сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды

Босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Сұлтан» ЖШС, Қазақстан

Алматы обл., Талғар ауданы, Еркін кенті, Б. Момышұлы көш., 5

Тел/факс: 8 (727) 305-48-56/-65, 304-98-32

Е-mail: toosultan@list.ru

Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі

«Сұлтан» ЖШС, Қазақстан

Қаптаушы ұйымның атауы және елі

«Сұлтан» ЖШС, Қазақстан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

«Сұлтан» ЖШС, Қазақстан

Алматы обл., Талғар ауданы, Еркін кенті, Б. Момышұлы көш., 5

Тел/факс: 8 (727) 305-48-56/-65, 304-98-32

Е-mail: toosultan@list.ru

Прикрепленные файлы

повидон_йод_султан_kz.doc 0.1 кб
повидон_йод_султан_ru.doc 0.06 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту