Пиридоксин - Дарница (Витамин В6 - Дарница)

МНН: Пиридоксин
Производитель: Фармацевтическая фирма «Дарница» ЧАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Pyridoxine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№008636
Период регистрации: 08.10.2015 - 08.10.2020
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 9.52 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Пиридоксин – Дарница (Витамин В6 –Дарница)

Халықаралық патенттелмеген атауы

Пиридоксин

Дәрілік түрі

Инъекцияға арналған 5% ерітінді 1мл

Құрамы

1 мл ерітінді құрамында

белсенді зат - 50 мг пиридоксин гидрохлориді,

қосымша заттар - динатрий эдетаты, инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Мөлдір түссіз немесе сәл боялған сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Витаминдер. Басқа да витаминдер. Таза түрдегі басқа да витаминдер. Пиридоксин.

АТХ коды А11НА02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Бауырда метаболизденіп, фармакологиялық белсенді метаболиттер (пиридоксальфосфат және пиридоксаминофосфат) түзеді. Пиридоксальфосфат плазма ақуыздарымен 90% байланысады. Барлық тіндерге жақсы өтеді. Көбінесе бауырда, азырақ бұлшықеттерде және орталық жүйке жүйесінде (ОЖЖ) жиналады. Плацента арқылы өтеді, емшек сүтіне бөлінеді. Жартылай шығарылу уақыты (T1/2) – 15-20 күн. Бүйрекпен (көктамыр ішіне енгізгенде – өтпен 2 %), сондай-ақ гемодиализ барысында шығарылады.

Фармакодинамикасы

Пиридоксин гидрохлориді (В6 витамині) өсімдіктерде және жануарлар ағзаларында, әсіресе дәнді дақылдардың тазартылмаған дәндерінде, көкөністерде, етте, балықта, сүтте, нәлім мен ірі қара малдың бауырында, жұмырта сарыуызында болады. В6 витамині ашытқыларда біршама көп. В6 витаминінің қажеттілігі тамақ өнімдерімен қанағаттандырылады; ол ішек микрофлорасымен де ішінара синтезделеді.

Зат алмасуда маңызды рөл атқарады, орталық және шеткергі жүйке жүйесінің қалыпты функциясы үшін қажет, нейромедиаторлар синтезіне қатысады. Фосфорланған түрінде амин қышқылдарының декарбоксилдену, қайта аминделу, аминсіздендіру үдерістерін қамтамасыз етеді, ақуыз, ферменттер, гемоглобин, простагландиндер синтезіне, серотониннің, катехоламиндердің, глутамин қышқылының, гамма-аминомай қышқылының (ГАМҚ), гистаминнің алмасуына қатысады, қанықпаған май қышқылдарының пайдаланылуын жақсартады, қандағы холестерин мен липидтер деңгейін төмендетеді, миокард жиырылуын жақсартады, фолий қышқылының оның белсенді түріне айналуына ықпал етеді, гемопоэзды көтермелейді. Атеросклероз кезінде В6 витамині липидтік алмасуды жақсартады.

Пиридоксин атеросклерозда және қант диабетінде гликозилденген гемоглобин мөлшерін азайтады, бұдан басқа, пиридоксин диуретик ретінде әсер етеді: жоғары артериялық қысымды түсіруге көмектеседі.

Пиридоксиннің норэпинефрин мен серотониннің өндірілуіне оң әсер етіп, депрессиялар тұсында олардың өнімін арттыратыны анықталды, бұл оның катехоламиндер синтезі үдерісіне дофа-декарбоксилаза кофакторы ретінде қатысуымен байланысты.

Пиридоксин қан ұю уақытын ұзартып, тромбоциттер агрегациясын тежей алады, ықтималды түрде, бұл пиридоксальфосфаттың тромбоциттер беткейіндегі фибриногенмен және спецификалық амин топтарымен байланысуымен түсіндіріледі.

Қолданылуы

- B6 витаминінің гипо- және авитаминозы

- жүктілік токсикозын, атеросклероз, анемия (соның ішінде сидеробластты), лейкопения, орталық жүйке жүйесінің ауруларын (радикулиттер, невриттер, невралгиялар, паркинсонизм, Литтл ауруы), жедел және созылмалы гепатиттер, себорея сияқты және себореялы емес дерматит, белдеулі теміреткі, нейродермит, псориаз, экссудаттық диатездерді, салынып ішу кеселінен шығару және масаңдық табы синдромында кешенді емдеу

- әуе және теңіз аурулары

- Меньер ауруы

- туберкулезге қарсы препараттармен емдеу кезіндегі уытты әсерлерді (әсіресе, полиневрит) болдырмау немесе азайту

- пиридоксинге тәуелді құрысуларды емдеу.

Қолдану тәсілі және дозалары

Пиридоксин-Дарница препаратын ішу арқылы қабылдау мүмкін емес жағдайларда бұлшықет ішіне, көктамыр ішіне немесе тері астына енгізіледі.

Емдеу курсы әркімде жеке және аурудың типі мен ауырлығына қарай белгіленеді.

Ерітіндіні тура енгізер алдында әзірлейді – препараттың бір реттік дозасын инъекцияға арналған 1-2 мл суда немесе 0,9 % натрий хлориді ерітіндісінде сұйылтады.

Ересектерге.

В6 гиповитаминозы: препарат 1-2 енгізілетін тәуліктік 50-100 мг (1-2 мл) дозада тағайындалады. Емдеу курсы – 3-4 апта.

Сидеробластты анемия: препарат аптасына 2 рет тәуліктік 100 мг (2 мл) дозада бұлшықет ішіне тағайындалады. Фолий қышқылын, рибофлавин, В12 витаминін бір мезгілде қабылдау ұсынылады.

Изониазид тобының препараттарын қолдану: препарат изониазидпен емдеудің бүкіл курсы бойына тәуліктік 5-10 мг (0,1-0,2 мл) дозада тағайындалады.

Изониазид тобының препараттарын артық дозалау: әр 1 г артық дозаланған препаратқа 1 г (20 мл) пиридоксиннен минутына 0,5 г жылдамдықпен көктамыр ішіне енгізеді. 10 г-ден астам изониазидпен артық дозаланғанда пиридоксин 4 г (80 мл) дозада көктамыр ішіне, сонан соң әр 30 минут сайын 1 г (20 мл) препараттан бұлшықет ішіне енгізіледі. Жалпы тәуліктік доза – 70-350 мг/кг.

Жүктілік токсикозы: препарат тәулігіне 50 мг (1 мл) дозада бұлшықет ішіне тағайындалады. Емдеу курсы – 10-20 инъекция.

Пиридоксинге тәуелді анемия (қан плазмасында темір деңгейін арттыратын макроцитарлы, гипохромды): препарат тәуліктік 50-200 мг (1-4 мл) дозада тағайындалады. Емдеу курсы – 1-2 ай. Тиімді болмаған жағдайда емнің басқа түріне ауысады.

Пиридоксинге тәуелді синдром, пиридоксинге тәуелді құрысуларды қоса: препарат тәулігіне 50-500 мг (1-10 мл) дозада көктамыр ішіне немесе бұлшықет ішіне тағайындалады. Көктамыр ішіне минутына 50 мг жылдамдықпен енгізіледі. Емдеу курсы – 3-4 апта.

Паркинсонизм: препарат тәулігіне 100 мг (2 мл) дозада бұлшықет ішіне тағайындалады. Емдеу курсы – 20-25 күн. 2-3 ай сайын – қайталама курс. Емдеудің басқа сызбасы бойынша: препарат бастапқы тәуліктік 50-100 мг (1-2 мл) дозада бұлшықет ішіне тағайындалады, содан соң дозаны күнделікті 50 мг (1 мл) арттырып, тәулігіне бір реттік 300-400 мг (6-8 мл) дозаға жеткізеді. Емдеу 12-15 күндік курстармен жүзеге асырылады.

Басқа көрсетілімдер: препарат 1-2 енгізілетін тәуліктік 50-100 мг (1-2 мл) дозада тағайындалады.

Балаларға.

В6 гиповитаминозы: препарат дозасын дәрігер тәулігіне дене салмағына 1-2 мг/кг есебінен әркімге жеке тағайындайды. Емдеу курсы – 2 апта.

Пиридоксинге тәуелді құрысулар: препарат тәулігіне 50-100 мг (1-2 мл) дозада бұлшықет ішіне немесе көктамыр ішіне сорғалатып тағайындалады. Минутына 50 мг жылдамдықпен көктамыр ішіне енгізеді. Балаларға арналған ең жоғары дозалары анықталмаған.

Жағымсыз әсерлері

- тахикардия, жүрек аумағындағы ауыру

- бас ауыру, бас айналу, ұйқышылдық, қозу, қозғалыс үйлесімінің бұзылуы, парестезиялар, аяқ-қолдардың ұюы, аяқ-қолдарда кысу сезімінің – «шұлық және қолғап» симптомдарының пайда болуы, көктамыр ішіне жылдам енгізгенде естен тану және құрысудың дамуы

- тыныс алудың қиындауы

- жүрек айну, эпигастрий аумағындағы ауыру, қыжыл, асқазан сөлінің көп бөлінуі

- фолий қышқылы деңгейінің төмендеуі

- анафилактикалық шок, есекжем, бөрту, қышыну, тері гиперемиясы, дерматит, Квинке ісінуі, фотосенсибилизация

- лактогенді кезеңде лактацияның бәсеңдеуі (кейде емдік әсер үшін пайдаланады)

- енгізген жердегі өзгерістер, гиперемияны қоса, инъекция орынының қышуы, ашытуы

- әлсіздік, қызба.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

- асқазан мен он екі елі ішектің ойық жаралы ауруы (асқазан сөлі қышқылдылығының артуы мүмкін екеніне орай)

- ауыр функционалдық жеткіліксіздікпен өтетін бауыр аурулары

- ишемиялық жүрек ауруы.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Диуретиктер – пиридоксинмен біріктіріп қолданылғанда диуретиктер әсері күшейеді.

Гормональді контрацептивтер, циклосерин, пеницилламин, изониазид, гидралазин сульфаты, этионамид, иммунодепрессанттар – пиридоксинмен біріктіріп қолданғанда соңғысының әсері төмендейді.

Ұйықтататын және тыныштандыратын дәрілер пиридоксинмен біріктіріп қолданғанда ұйықтататын әсері әлсірейді.

Паркинсонға қарсы дәрілер – пиридоксинмен біріктіріп қолданғанда Паркинсон ауруын емдеуге арналған дәрілердің тиімділігі азаяды.

Фенитоинпиридоксинмен біріктіріп қолданғанда фенитоин әсері әлсірейді.

Кортикостероидтар – пиридоксинмен біріктіріп қолданғанда организмдегі В6 витаминінің мөлшері азаяды.

Глутамин қышқылы, аспаркам – пиридоксинмен біріктіріп қолданғанда гипоксияға төзімділік артады.

Жүрек гликозидтері – пиридоксинмен біріктіріп қолданғанда миокардтағы жиырғыш ақуыздар синтезі жоғарылайды.

Үш циклды антидепрессанттар – пиридоксинмен біріктіріп қолданғанда соңғысы үш циклды антидепрессанттардың антихолинергиялық белсенділігімен байланысты жағымсыз әсерлерді (ауыздың кеберсуі, несептің іркілуі) жояды.

Сіңіру әсері бар левомицетин препараттары – пиридоксинмен біріктіріп қолданғанда соңғысы сіңіру әсері бар левомицетин препараттарын (синтомицин, хлорамфеникол) ұзақ уақыт қолданған кезде туындайтын офтальмологиялық асқынулардан сақтандырады.

Пиридоксин ерітіндісін тиамин ерітіндісімен (В1 витамині), цианокобаламин ерітіндісімен (В12 витамині), сілтілі ерітінділермен, темір тұздарымен және тотықтырғыш ерітінділермен бір еккіште араластыруға болмайды. Пиридоксин инъекциясын тиамин инъекциясынан кейін 12 сағат өткен соң барып жасаған жөн.

Бір инфузиялық жүйеде немесе бір еккіште адреномиметиктер, натрий тұзы бар ампициллин, амфотерицин В, аскорбин қышқылы, В тобының басқа витаминдері, фитоменадион, дипиридамол, натрий оксиферискорбоны, фенотиазин туындылары (хлорпромазин), фуросемид, этамзилат, эуфиллин сияқты дәрілік заттармен араластыруға болмайды.

Айрықша нұсқаулар

Сыртартқысында асқазанның және он екі елі ішектің ойық жаралы ауруы бар емделушілерге (асқазан сөлі қышқылдылығының артуы мүмкін екеніне орай), бауырдың функционалдық жеткіліксіздігінде (500 мг/ тәулігіне артық дозалардағы пиридоксин оның функциясын нашарлатады) абайлап қолдану керек.

Пиридоксин алмасуы алкогольді ұдайы тұтынған кезде бұзылады.

Эрлих реактивін пайдаланумен уробилиногенге жасалған жалған оң сынамаға әкелуі мүмкін.

Жүктілік, лактация

Жүктілік кезеңінде препарат жүкті әйел токсикозында және жүкті әйел құсқан кезде тағайындалады. Препарат бала емізу кезеңінде тағайындалғанда лактация төмендеуі мүмкін.

Балалар

Препарат педиатриялық практикада жаңа туған нәрестелердегі туа біткен пиридоксинге тәуелді құрысу синдромын кешенді емдеуде қолданылады. Бұлшықет ішіне және көктамыр ішіне енгізіледі. Дозалары және енгізу режимі патологияға байланысты («Қолдану тәсілі және дозалары» бөлімін қараңыз).

Дәрілік заттың автокөлікті және басқа қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Емделу кезінде көлік құралдарын басқарғанда және күрделі механизмдермен жұмыс істегенде жүйке жүйесі жағынан жағымсыз әсерлердің дамуы мүмкін екеніне орай сақтық шарасын қадағалау керек.

Артық дозалану

Симптомдары. жағымсыз әсерлердің күшеюі; ақуыздар, көмірсулар және липидтер алмасудың бұзылуы; орталық жүйке жүйесіндегі (шеткергі нейропатия) және паренхиматозды ағзалардағы (НАД және НАДФ никотинамидті коферменттер белсенділігінің едәуір төмендеуімен және никотин қышқылының тапшылығымен байланысты алмасу үдерістерінің бұзылуы) дегенеративті өзгерістер. Шеткергі нейропатия симптомдары: гиперпарестезиялар, парестезиялар, бұлшықет әлсіздігі. Жүрудің бұзылуымен, аяқ пен қолдағы ұю мен шаншуды сезінумен үдейтін сенсорлы нейропатия, ішінара таздану, организмнің инфекцияларға қарсыласуының төмендеуі, ұюға қарсы қан жүйесі белсенділігінің азаюы. Үлкен дозаларда ұзақ уақыт қолданған кезде бұлшықет тініндегі және ішкі ағзалардағы ақуыз мөлшерінің күрт төмендеуімен сипатталатын В6 гипервитаминозы дамиды. В6 гипервитаминозының ерте сатыларында тері бөртпелері, бас айналу, құрысу пайда болады. Препаратты тоқтатқан кезде бұл симптомдар жоғалып кетеді.

Емі: Препаратты тоқтату, симптоматикалық ем.

Шығарылу түрі және қаптамасы

1 мл препараттан шыны ампулаларда.

Ампулаға өздігінен жапсырылатын жабыны бар қағаздан жасалған заттаңба жапсыруға немесе шыны бұйымдарға арналған терең баспа бояумен жағуға болады.

5 ампуладан ампулаларды ашуға арналған пышақпен бірге пішінді ұяшықты қаптамаға (таспаға) салады.

Түрлі түсті сындыру сақинасы немесе түрлі түсті сындыру нүктесі бар ампулаларды қаптағанда, ампуланы ашуға арналған пышақ салынбайды.

Екі пішінді ұяшықты қаптама медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге қорапшаға салынады.

10 ампуладан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен және ампулаларды ашуға арналған пышақпен гофрлауға арналған қағаздан жасалған гофрланған астары бар картон қорапқа салынады. Түсті сындыру сақинасы немесе түсті сындыру нүктесі бар ампулаларды қаптағанда ампулаларды ашуға арналған пышақтар салынбайды.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамада, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Мұздатып қатыруға болмайды.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Фармацевтикалық фирма «Дарница» ЖАҚ

02093 Украина, Киев қаласы, Борисполь көшесі, 13.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Фармацевтикалық фирма «Дарница» ЖАҚ

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы -

телефон/факс: (+ 380 44) 207 73 27

е-mail: vigilance@darnitsa.kiev.ua

http://www.darnitsa.ua

 

Прикрепленные файлы

931243211477976377_ru.doc 69.5 кб
645867931477977575_kz.doc 86.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники