Пиридоксина гидрохлорид (Витамин В6)

МНН: Пиридоксин
Производитель: Химфарм АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Pyridoxine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№014278
Информация о регистрации в РК: 05.08.2014 - 05.08.2019
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 9.52 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Пиридоксин гидрохлориді (В6 витамині)

Халықаралық патенттелмеген атауы

Пиридоксин

Дәрілік түрі

Инъекцияға арналған 5% ерітінді, 1 мл

Құрамы

1 мл ерітіндінің құрамында

белсенді зат - пиридоксин гидрохлориді

(100% затқа шаққанда) 50.0 мг,

қосымша затинъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Мөлдір түссіз немесе сәл боялған сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Таза күйдегі басқа да витаминдер. Пиридоксин

АТХ коды A11HA02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Парентеральді енгізгенде пиридоксин эритроциттердің альбуминдермен және гемоглобинмен байланысқан күйде тасымалданады. Барлық тіндерге жақсы өтеді. Көбінесе бауырда, азғантай дәрежеде бұлшықеттер мен орталық жүйке жүйесінде (ОЖЖ) жинақталады. Плацента арқылы өтіп, емшек сүтіне бөлінеді.

Пиридоксин бауырда бір-біріне өзара өтуге қабілетті 3 витамер: пиридоксин, пиридоксаль және пиридоксамин түзе отырып метаболизденеді.

Пиридоксальфосфат қан плазмасы ақуыздарымен 90%-ға байланысады. Жартылай шығарылу кезеңі 25-33 күнді құрайды. Бүйрекпен белсенді емес пиридоксин қышқылы түрінде шығарылады.

Фармакодинамикасы

Пиридоксин гидрохлориді суда еритін витаминдер (В6 витамині) тобына жатады. В6 витамині тапшылығының орнын толтырады, аминқышқылдарының, нейромедиаторлардың алмасуына реттегіштік әсер береді.

B6 витамині орталық және шеткергі жүйке жүйелерінің қалыпты қызмет атқаруы үшін қажет.

Пиридоксин аминқышқылдарының алмасуы мен нейромедиаторлар синтезін қамтамасыз ететін трансаминазалар мен декарбоксилазалардың коферменті болып табылады.

Бұлшықеттерде (соның ішінде миокардта) пиридоксин гликогеннің ыдырау үдерістерін белсендіреді және бұлшықеттердің гипоксия жағдайларындағы энергетикалық алмасуын оңтайландырады. Никотин қышқылының (РР витаминінің) триптофаннан синтезделуін қамтамасыз етеді. Глутамин қышқылының, метиониннің, цистеиннің алмасуын реттейді.

Жүйке жүйесінде пиридоксин нейромедиаторлар: норадреналиннің, дофаминнің, глициннің, ГАМҚ және серотониннің синтезіне қатысады. Сонымен қатар ол аталған медиаторлардың теңгерімін тежегіш медиаторлар - ГАМҚ, глицин, сондай-ақ серотониннің басым жағына қарай өзгертеді. Осылайша, пиридоксин орталық жүйке жүйесінің (ОЖЖ) қозғыштығын реттеуге қатысады. Пиридоксин антиноцицептивтік жүйені белсендіреді және ауыруды басатын дәрілердің әсерін күшейтеді.

Липидтер алмасуының қалыпқа түсуіне ықпал етеді.

Гемоглобиндегі гем синтезін стимуляциялайды, сүйек кемігінің (сидерофилин) темірді байланыстырғыш ақуызының синтезін арттырады, В12 витамині мен фолий қышқылының алмасуын реттеп отырады. Тромбоциттер мен фибриноген беткейіндегі лизин қалдықтарымен байланыса отырып, қан ұюының және тромбоциттер агрегациясының баяулауын туғызады және қанның аққыштығы мен тіндердің қанмен қамтылуын жақсартады.

Пиридоксин стероидты гормондар: эстрогендер, андрогендер, гестагендердің, глюкокортикостероидтық гормондардың әсерін модификациялайды, гормон-рецепторлық кешеннің жасуша ядросымен өзара әрекеттесуін өзгертеді.

Пиридоксиннің оқшауланған тапшылығы өте сирек, негізінен арнайы жасанды тамақтануда жүрген балаларда (диареямен, құрысулармен, анемиямен білінеді, шеткергі невропатия дамуы мүмкін) кездеседі.

Қолданылуы

- В6 витаминінің гипо-, авитаминозында

- жүкті әйелдердегі токсикозда, уытты гепатиттерде, маскүнемдік кезіндегі абстиненттік синдромда кешенді ем құрамында

- гипохромдық сидероахристикалық (сидеробласттық) анемияда

- балалардағы пиридоксинге тәуелді құрысу синдромында

- туберкулезге қарсы препараттардың нейроуытты әсерлерінің профилактикасы және емдеуде

- жүйке жүйесі ауруларын емдеуде кешенді ем құрамында (Литтл ауруы, кіші хорея, невралгиялар, невриттер)

- Меньер ауруында, теңіз және әуе ауруларында

- себорея тәрізді және себореялық емес дерматитте, нейродермитте, псориазда, экссудативтік диатезде

Қолдану тәсілі және дозалары

Пиридоксинді көктамыр ішіне, бұлшықет ішіне немесе тері астына (егер ішке қабылдау мүмкін болмаса, мысалы, құсқан кезде және ішекте сіңірілуі бұзылғанда) тағайындайды.

Ересектерге В6 гипо- және авитаминозында емдік дозалар күніне 1-2 қабылдауға 50-100 мг құрайды (1-2 мл 5% ерітінді). Ересектер үшін емдеу курсы – 1 ай.

Балаларға тәулігіне 20 мг-ден (0,5 мл 5% ерітінді), емдеу курсы – 2 апта.

Паркинсонизмде бұлшықет ішіне тәулігіне 100 мг (2 мл 5%) ерітінді тағайындайды. Емдеу курсы – 20-25 инъекция. 2-3 айдан соң емдеу курсын қайталайды немесе тәулігіне 50-100 дозадан бастап, 12-15 күн бойы бір реттік инъекция түрінде тәулігіне 300-400 мг-ге жеткізе отырып, күн сайын дозаны 50 мг-ге арттырып отырады.

Анемияны емдеу үшін 100 мг-ден бұлшықет ішіне аптасына 2 рет тағайындайды. Бір уақытта фолий қышқылын, цианокобаламинді, рибофлавинді қабылдаған дұрыс.

Пиридоксинге тәуелді құрысу синдромын емдеу үшін ересектерге – көктамыр ішіне немесе бұлшықет ішіне 30-600 мг; балаларға – күнделікті 10-100 мг. Инволюциялық жастағы депрессияда – бұлшықет ішіне тәулігіне 200 мг.

ИНҚГ (изоникотин қышқылы гидразиді) және оның туындыларымен туберкулезді емдегенде ИНҚГ-нің енгізілген 1 г-ге 100 мг пиридоксин тағайындау қажет (орталық жүйке жүйесі функциялары бұзылуларының алдын алу үшін).

Жағымсыз әсерлері

- диспепсия, эпигастрий тұсының ауыруы

- парестезиялар, ұю, аяқ-қолдардың қысылуы сезімінің пайда болуы ("шұлықтар" және "қолғаптар" симптомы)

- тері бөртпесі, қышыну, есекжем, анафилаксиялық шок сияқты аллергиялық реакциялар

- енгізген жердегі тітіркену, гиперемия, ісіну түріндегі жергілікті реакциялар

- лактация төмендеуі (кейде бұл емдік әсер ретінде пайдаланылады)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- пиридоксинге аса жоғары сезімталдық

- ауыр бауыр жеткіліксіздігі

Сақтықпен

- асқазан мен 12- елі ішектің ойық жара ауруы (асқазан сөлі қышқылдылығының жоғарылауы мүмкіндігіне байланысты)

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Изониазидтің, гидралазиннің, циклосериннің және D-пеницилламиннің нейроуытты әсерін әлсіретеді.

Пиридоксин леводопаның паркинсон ауруына қарсы белсенділігін әлсіретеді, оның асқазан-ішек жолы мен бауырдағы метаболизм үдерістерін жеделдетеді, бұл ОЖЖ-ға леводопаның түсуіне кедергі келтіреді. Темірдің сіңірілуіне және оның қалпына келтірілген түрінде жинақталуына ықпал етеді. Тікелей емес антикоагулянттардың (фениндион, варфарин, неодикумарин) және гепариннің әсерлерін күшейтеді.

Метамизолдың, ацетилсалицил қышқылының, трамадол мен нефопамның ауыруды басатын әсерін күшейтеді.

Фармацевтикалық тұрғыдан үйлесімсіз болғандықтан, пиридоксин гидрохлоридінің ерітіндісін В1 және В12 витаминдерімен бір еккіште енгізуге болмайды.

Айрықша нұсқаулар

Пиридоксинді асқазан мен он екі елі ішектің ойық жаралы ауруы (асқазан сөлі қышқылдылығы артуы мүмкін болғандықтан), жүректің ишемиялық ауруы бар пациенттерге тағайындағанда сақ болу қажет, өйткені препаратты қабылдау аталған аурулар ағымының нашарлауын туғызуы мүмкін.

Бауырдың ауыр зақымданулары кезінде жоғары дозалардағы пиридоксин оның функциясының нашарлауын туғызуы мүмкін.

Жүктілік және лактация кезеңі

Пиридоксин плацента арқылы өтеді және емшек сүтіне бөлініп шығады.

Препаратты жүктілік кезінде жүкті әйелдердегі токсикозда тағайындайды.

Жүктілік кезінде пиридоксинге физиологиялық қажеттілік нормасынан (тәулігіне 2-2,3 мг) асыру ұсынылмайды.

Препаратты бала емізу кезінде тағайындағанда лактация төмендеуі мүмкін.

Педиатрияда қолданылуы

Препаратты педиатриялық тәжірибеде жаңа туған сәбилердегі туа біткен пиридоксинге тәуелді құрысу синдромын кешенді емдеуде қолданады.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: артық дозалануы пиридоксинді жоғары дозаларда (тәулігіне 200-2000 мг немесе одан көп) енгізгенде туындайды. Саусақтар мен табандардың ұюының дамуы, олардың қысылу сезімінің пайда болуы тән.

Емі: симптоматикалық ем (нейробұлшықеттік берілісті жақсарту үшін неостигминнің немесе галантаминнің азғантай дозаларын енгізу). Арнайы у қайтарғысы жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Сындыру нүктесі немесе сақинасы бар бейтарап шыныдан жасалған еккішпен толтырылатын ампулаларға 1 мл-ден құйылған.

Әр ампулаға заттаңбалық немесе жазу қағазынан жасалған заттаңба желімденеді.

5 немесе 10 ампуладан поливинилхлоридті үлбір мен алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамамен қаптайды.

Пішінді ұяшықты қаптамалар медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдерінде бекітілген нұсқаулықпен бірге тұтынушылар ыдысына арналған немесе гофрланған картоннан жасалған қорапқа салады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 30 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші ұйымның атауы мен елі

«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы,

Шымкент қ., Рашидов к-сі, 81

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты және тұтынушылардан өнім (тауар) саасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы,

Шымкент қ., Рашидов к-сі, 81

Телефон нөмірі 7252 (561342)

Факс нөмірі 7252 (561342)

Электронды поштасы infomed@santo.kz

 

Прикрепленные файлы

476580671477976691_ru.doc 50.19 кб
924354551477977834_kz.doc 97 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники