Пиона уклоняющегося настойка

МНН: Пиона уклоняющегося трава, корневища и корни
Производитель: Гиппократ ООО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие снотворные и седативные препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020756
Период регистрации: 02.09.2014 - 02.09.2019

Инструкция

Саудалық атауы

Таушымылдық тұндырмасы

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Тұндырма 25 мл

Құрамы

100 мл препараттың құрамында

белсендi зат: таушымылдық шөптері – 5,0 г,

таушымылдық тарамсабақтары – 5,0 г

қосымша заттар: 40 % этил спирті - 100 мл тұндырма алғанға дейін жеткілікті мөлшерде

Сипаттамасы

Метилсалицилаттың иісі бар ашық қоңыр түсті мөлдір сұйықтық. Сақтау үдерісінде шөгінді отыруына жол беріледі.

Фармакотерапиялық тобы

Ұйықтататын және седативті басқа да препараттар

АТХ коды N05СМ

Фармакологиялық қасиеттері

Таушымылдық шөбі, тамыры мен тамырсабағының құрамында: эфир майлары, гликозидтер, флавоноидтар, сапониндер, иіткіш заттар, алкалоидтар іздері, минералды заттар мен микроэлементтер (темір, марганец, мыс, магний, кальций, стронций, висмут, хром) бар. Артериялық қысымға, тыныс алуға және организмнің басқа да қызметтеріне елеулі ықпалын тигізбестен тыныштандыратын әсер береді.

Қолданылуы

  • ұйқысыздықта

  • шығу тегі әр түрлі вегетативті-қантамырлық бұзылуларда

  • жоғары жүйке қозғыштығында

Қолдану тәсiлi және дозалары

Ішке 30-40 тамшыдан немесе 1 шай қасықтан күніне 3 рет. Емдеу курсы 25-30 күн.

Жағымсыз әсерлерi

- аллергиялық реакциялар: терінің бөртуі, қышыну

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

  • бауыр және бүйрек жеткіліксіздігі

  • жүктілік және лактация кезеңі

  • 18 жасқа дейінгі балалар

Сақтықпен бүйрек аурулары, маскүнемдік, бассүйек-ми жарақаты, ми аурулары кезінде

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Препарат ұйықтататын, тыныштандыратын, жүрек дәрілерінің, спазмолитиктердің әсерін күшейтеді; ОЖЖ көтермелейтін дәрілік заттардың әсерін азайтады.

Айрықша нұсқаулар

Бұлыңғырлануы мен ерітіндіде шөгіндінің болуы оның тиімділігіне әсер етпейді.

Қолданар алдында бөтелкені жақсылап сілку керек.

Препарат құрамында этил спирті бар, сондықтан ұзақ уақыт ішке қабылдауға, сондай-ақ 18 жасқа дейінгі балаларға және жүктілік пен бала емізу кезеңінде әйелдерге ұсынылмайды.

Автокөлікті және аса қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер етуі

Емдеу кезінде автокөлікті және жоғары зейін шоғырландыру мен психомоторлық реакциялар жылдамдығын қажет ететін қауіптілігі зор қызмет түрлерін басқару кезінде сақ болу қажет.

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

Полиэтилен тығынмен және бұрандалы қақпақпен немесе тығындағыш-бұрандалы қақпақпен немесе тамшылатқыш тығынмен және қақпақпен тығындалған мойны бұралатын қызыл-сары шыныдан жасалған құтыда 25 мл-ден.

1 құтыдан қораптық картоннан жасалған пәшкеге салынған, нұсқаулықтың мемлекеттік және орыс тіліндегі толық мәтіні пәшкеге жазылады.

Сақталу шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Сақтау мерзiмi

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндiрушi

"Гиппократ" ЖШҚ, Ресей Федерациясы, 443056 Самара, Ерошевский к-сі, 49-33. (846) 312-59-34

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

"Гиппократ" ЖШҚ, Ресей Федерациясы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

"Гиппократ" ЖШҚ, Ресей, 443056 Самара, Ерошевский к-сі, 49-33.

(846) 312-59-34

 

Прикрепленные файлы

630565331477976694_ru.doc 39.5 кб
970071991477977835_kz.doc 46 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники