Пиона настойка (100 мл)

МНН: Пиона уклоняющегося трава, корневища и корни
Производитель: Фармацевтическая компания Ромат , завод медицинских препаратов ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие снотворные и седативные препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№013168
Информация о регистрации в РК: 26.12.2012 - 26.12.2017

Инструкция

Саудалық атауы

Таушымылдық тұндырмасы

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

100 мл тұндырма

Құрамы

1 л препараттың құрамында

белсендi зат - 100 г иілгіш таушымылдық тамырсабағы мен тамыры,

қосымша зат - 1 л-ге дейін 40 % этанол.

Сипаттамасы

Ашық қоңыр түсті, ащы тұтқыр дәмді, өзіне тән иісі бар мөлдір ерітінді.

Фармакотерапиялық тобы

Ұйықтататын және седативті басқа да препараттар

АТХ коды N05 СМ

Фармакологиялық қасиеттері

Иілгіш таушымылдық тамыры мен тамырсабағының құрамында: эфир майлары, гликозидтер, флавоноидтар, сапониндер, иіткіш заттар, алкалоидтар іздері, минералды заттар мен микроэлементтер (темір, марганец, мыс, магний, кальций, стронций, висмут, хром) бар. Артериялық қысымға, тыныс алуға және организмнің басқа да қызметтеріне елеулі ықпалын тигізбестен тыныштандыратын әсер береді.

Қолданылуы

  • ұйқысыздықта

  • шығу тегі әр түрлі вегетативті-қантамырлық бұзылуларда

  • жоғары жүйке қозғыштығында

Қолдану тәсiлi және дозалары

Ішке 30-40 тамшыдан немесе 1 шай қасықтан күніне 3 рет. Емдеу курсы 30 күн.

Жағымсыз әсерлерi

- аллергиялық реакциялар: терінің бөртуі, қышыну

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

  • бауыр және бүйрек жеткіліксіздігі

  • жүктілік және лактация кезеңі

  • 18 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Препарат ұйықтататын, тыныштандыратын, жүрек дәрілерінің, спазмолитиктердің әсерін күшейтеді; ОЖЖ көтермелейтін дәрілік заттардың әсерін азайтады.

Айрықша нұсқаулар

Бұлыңғырлануы мен ерітіндіде шөгіндінің болуы оның тиімділігіне әсер етпейді.

Қолданар алдында бөтелкені жақсылап сілку керек.

Препарат құрамында этил спирті бар, сондықтан ұзақ уақыт ішке қабылдауға, сондай-ақ 18 жасқа дейінгі балаларға және жүктілік пен бала емізу кезеңінде әйелдерге ұсынылмайды.

Автокөлікті және аса қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер етуі

Емдеу кезінде автокөлікті және жоғары зейін шоғырландыру мен психомотолы реакциялар жылдамдығын қажет ететін қауіптілігі зор қызмет түрлерін басқару кезінде сақ болу қажет.

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

100 мл-ден пластмасса қақпақпен немесе алюминий қалпақшалары бар полимер тығынмен тығындалған шыны массадан жасалған құтыларда.

Құтылар медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі тиісті нұсқаулықтар санымен гофрланған картоннан жасалған тұғырға салынады және жылу ұстап тұратын үлбірмен қапталады немесе гофрланған картоннан жасалған жәшікке салынады.

Сақталу шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 8 оС-ден 18 оС-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Сақтау мерзiмi

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндiрушi

«Ромат» фармацевтикалық компаниясы ЖШС, Медициналық препараттар зауыты, Семей қ., Қазақстан, тел (7222) 340867, факс (7222) 347559,

e-mail: zmp@romat.kz

Тіркеу куәлігінің иесі

«Ромат» фармацевтикалық компаниясы ЖШС, Медициналық препараттар зауыты, Қазақстан

Қазақстан Республикасында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Ромат» фармацевтикалық компаниясы ЖШС, Медициналық препараттар зауыты, Семей қ., Қазақстан, тел (7222) 340867, факс (7222) 347559,

e-mail: zmp@romat.kz

 

Прикрепленные файлы

761701441477976920_ru.doc 37.5 кб
098731261477978074_kz.doc 62 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники