Пиногал

МНН: Клопидогрел
Производитель: REPLEK FARM Ltd. Skopje
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Clopidogrel
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№021380
Период регистрации: 25.05.2015 - 25.05.2020
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 198.32 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Пиногал

Халықаралық патенттелмеген атауы

Клопидогрел

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 75 мг

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

 

белсенді зат - 98,00 мг клопидогрел бисульфаты (75,00 мг клопидогрелге баламалы),

қосымша заттар: маннитол, микрокристалды целлюлоза, гидроксипропилцеллюлоза, натрий кроскармеллозасы, коллоидты сусыз кремний, тальк, стеарин қышқылы,

үлбірлі қабықтың құрамы (қызғылт опадри 03F34266): гипромеллоза 6 сР (НРМС 2910), макрогол 6000, титанның қостотығы (Е 171), тальк, темірдің қызыл тотығы (Е 172)

Сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, екі жақ беті дөңес, қызғылт түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар. Сындырғанда таблетканың ақ дерлік түсті өзегі және жұқа қызғылт үлбірлі қабығы байқалады.

Фармакотерапиялық тобы

Антикоагулянттар. Тромбоциттер агрегациясының тежегіштері, гепаринді қоспағанда. Клопидогрел

АТХ коды В01АС04

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі

Күніне 75 мг дозада бір рет және қайталап пероральді қабылдағаннан кейін клопидогрел жылдам сіңеді. Өзгермеген клопидогрелдің ең жоғары орташа плазмалық концентрациясы (75 мг дозада бір рет пероральді қабылдағаннан кейін шамамен 2,2-2,5 нг/мл) қабылдағаннан кейін шамамен 45 минуттан кейін анықталды. Клопидогрелдің несеппен бөлінетін метаболиттеріне қарағанда сіңуі 50%-дан кем емес.

Таралуы

Клопидогрел және оның қан ағымындағы ең негізгі (белсенді емес) метаболиті адам плазмасы протеиндерімен (тиісінше 98% және 94%) қайтымды байланыс түзеді. Байланысуы концентрацияның ауқымды диапазонында қанықпаған болып табылады.

Метаболизм

Клопидогрел бауырда қарқынды метаболизмге ұшырайды. Клопидогрел негізгі екі жолмен метаболизденеді: біреуі эстераза арқылы жүреді және карбон қышқылының белсенді емес туындыларын түзе отырып гидролизге алып келеді (қан ағымында болатын 85% метаболиттер), басқасы әртүрлі Р450 цитохромалар арқылы болады. Басында клопидогрел аралық метаболит 2-оксо-клопидогрелге дейін метаболизденеді. 2-оксо-клопидогрелдің аралық метаболитінің кейінгі метаболизмі клопидогрелдің тиолдық туындыларының белсенді метаболиті түзілуіне алып келеді. Метаболизмнің бұл жолы CYP3А4, CYP2С19, CYP1А2 және CYP2В6 арқылы жүреді. Белсенді тиолды метаболиті тромбоциттер рецепторларымен жылдам және қайтымсыз байланысады, сонымен тромбоциттер агрегациясын бәсеңдетеді.

Белсенді метаболиттің клопидогрелдің 300 мг бір реттік жүктеме дозасынан кейін де, сондай-ақ 4 күн бойына 75 мг демеуші доза қабылдағаннан кейін де Cmax 2 рет ұлғаяды. Cmax қабылдағаннан кейін шамамен 30-60 минуттан соң байқалады.

Шығарылуы

Клопидогрел қабылдағаннан кейін шамамен 50% несеппен шығарылады және шамамен 46% нәжіс массасымен енгізгеннен кейін 120 сағат бойына шығарылады. Бір реттік 75 мг пероральді дозадан кейін клопидогрелдің жартылай шығарылу кезеңі шамамен 6 сағатты құрайды.

Қандағы негізгі айналымдағы метаболиттің (белсенді емес) жартылай шығарылу кезеңі бір реттік және қайталап қабылдаулардан кейін 8 сағатты құрайды.

Фармакогенетикасы

CYP2С19 белсенді метаболитінің де, сондай-ақ аралық метаболиті 2-оксо-клопидогрелдің түзілуіне қатысады. Клопидогрелдің белсенді метаболитінің фармакокинетикасы және антитромбоцитарлық әсері CYP2С19 генотипіне қарай өзгереді.

CYP2С19*2 және CYP2С19*3 аллельдері функционалды емес, CYP2С19*1 аллелі толығымен функционалдық метаболизмге сәйкес келеді. CYP2С19*2 және CYP2С19*3 аллельдері еуропалықтардағы (85%) және азиялықтардағы (99%) баяу метаболизаторлардың функциясы төмендеуі бар аллельдердің үлкен бөлігінің себепшісі. Метаболизмі болмауымен немесе төмендеуімен астасқан басқа аллельдердің кездесу жиілігі төмен және оған CYP2С19*4, *5, *6, *7 және *8 қосылады. Нәтижесі CYP2С19 орташа және баяу метаболизм болып табылатын CYP2С19 аллельдерінің басым болуы нәсілі/этникалық тегіне қарай әртүрлі болды.

Баяу метаболизатор статусы бар емделушілерде жоғарыда сипатталғандай функциясы жойылған екі аллель болады. CYP2С19 баяу метаболизатор генотиптерінің жиілігі шамамен 2% еуропалық, 4% африкалық нәсіл және 14% шығу тегі қытайлық үшін сәйкес келеді. Емделушінің CYP2С19 генотипін анықтау үшін тесттер бар.

Ультра жылдам, жылдам және орташа метаболизаторлар арасындағы белсенді метаболит экспозициясы мен тромбоциттер агрегациясын орташа бәсеңдетуде (ТАБ) елеулі айырмашылық байқалмады. Баяу метаболизаторларда белсенді метаболит экспозициясы жылдам метаболизаторлармен салыстырғанда 63-71%-ға төмен болды. 600 мг/75 мг дозалық режимді қолданғаннан кейін антитромбоцитарлық жауап реакциясы баяу метаболизаторларда төмен болды, бұл арада 39% ТАБ (24 сағат) және 58% (5 күн) жылдам метаболизаторлар және 37% (24 сағат) және 60% (5 күн) - орташа метаболизаторлармен салыстырғанда орташа ТАБ (5 мкМ АДФ) 24% (24 сағат) және 37 % (5 күн) құрады. Баяу метаболизаторлар 600 мг/150 мг режимінде болғанда, 300 мг/75 мг режиміне қарағанда белсенді метаболит экспозициясы көбірек болды. Бұдан басқа, ТАБ 32% (24 сағат) және 61% (5 күн) құрайды, бұл 300 мг/75 мг режиміндегі баяу метаболизаторлардағыдан астам болды, бірақ бұл 300 мг/75 мг режиміндегі басқа топтағы CYP2С19 метаболизаторларына ұқсас болды. Науқастардың бұл популяциясы үшін тиісінше дозалау режимі анықталмады.

Орташа метаболизаторларда белсенді метаболит экспозициясы 28%-ға және баяу метаболизаторларда 72%-ға төмендеген, бұл арада жылдам метаболизаторлармен салыстырғанда тромбоциттер агрегациясын бәсеңдетуі (5 мкМ АДФ) ТАБ тиісінше 5,9% және 21,4%-дағы айырмашылықпен төмендеген.

Ерекше популяциялар

Бұл ерекше популяцияларда клопидогрелдің белсенді метаболитінің фармакокинетикасы (бауыр және бүйрек функциясы бұзылуы бар) белгісіз.

Бүйрек функциясы бұзылуы

Ауыр бүйрек аурулары бар (креатинин клиренсі 5-тен 15 мл/мин дейін) емделушілерде күніне 75 мг клопидогрелдің қайталау дозасынан кейін АДФ (аденозиндифосфат) туындаған тромбоциттер агрегациясының бәсеңдеуі дені сау субъектілерге қарағанда (25%) әлсіз болды, алайда қан кету уақытының ұзаруы күніне 75 мг клопидогрелден қабылдаған дені сау субъектілерде байқалғанға ұқсас болды. Бұдан басқа, барлық науқастарда клиникалық жағымдылығы жақсы болды.

Бауыр функциясы бұзылуы

Бауыр функциясының ауыр бұзылуы бар науқастарда 10 күн бойына күніне 75 мг клопидогрелдің қайталау дозасынан кейін АДФ туындатқан тромбоциттер агрегациясының бәсеңдеуі дені сау субъектілерде байқалғанға ұқсас болды. Қан кету уақытының орташа ұзаруы екі топта да ұқсас болды.

Фармакодинамикасы

Клопидогрел метаболиттерінің біреуі тромбоциттер агрегациясының тежегіші болып табылатын әсер етуші заттардың ізашары болып табылады.

Клопидогрел CYP2С19 энзимдері арқылы метаболизмге ұшырайды, нәтижесінде тромбоциттер агрегациясын бәсеңдететін белсенді метаболит түзіледі. Клопидогрелдің белсенді метаболиті аденозиндифосфаттың (АДФ) оның тромбоцитарлық рецепторымен Р2Y12 және кейінгі гликопротеинді GPIIb/IIIa кешенінің АДФ активациясымен шартталған байланысуын іріктеп тежейді, сонысымен тромбоциттер агрегациясына кедергі келтіреді. Байланысуының қайтымсыздығы салдарынан әсерге ұшыраған тромбоциттер тіршілігінің қалған барлық мерзіміне зақымданады (шамамен 7-10 күн), ал тромбоциттердің функциясы қайта қалпына келуі тромбоцитарлық циклге сәйкес жылдамдықпен жүзеге асады. АДФ айырмашылығы бар агонистерден туындаған тромбоциттер агрегациясы, босап шыққан АДФ әсерімен жүзеге асатын тромбоциттердің ұлғаюы күшеюін бөгеу жолымен бәсеңдетіледі.

Белсенді метаболит кейбіреулері полиморфты CYP450 энзимдер көмегімен түзілетіндіктен немесе басқа дәрілік қосылыстармен бәсеңдетілетіндіктен науқастардың барлығында бірдей тромбоциттерді бәсеңдету дәрежесі жеткілікті бола бермейді.

Күніне 75 мг қайталау дозасы бірінші күннен-ақ АДФ туындаған тромбоциттер агрегациясының елеулі бәсеңдеуіне алып келеді. Тежегіш әсері үдемелі күшейген және 3-7 күннен кейін тепе-теңдік жай-күйге жеткен. Тепе-теңдік жай-күйіндегі сатысында күніне 75 мг дозасында бақыланған тежеудің орташа деңгейі 40%-дан 60% дейінді құрады.

Тромбоциттер агрегациясы және қан кету уақыты емдеу тоқтатылғаннан 5 күннен кейін әдетте бастапқы деңгейіне біртіндеп қайтып келген.

Қолданылуы

Атеротромбоздық асқынулардың алдын алуда:

- миокард инфарктісінен (бірнеше күннен 35 күнге дейін), ишемиялық инсульттен (7 күннен 6 айға дейін) зардап шегуші ересек науқастарда, немесе шеткергі артерияларының диагностикаланған ауруы бар науқастарда

- жедел коронарлық жеткіліксіздігі синдромымен ауыратын ересек науқастарда:

- ST сегменті жоғарылауы болмайтын жедел коронарлық жеткіліксіздігі синдромы (тұрақсыз стенокардия немесе Q тісшесі жоқ миокард инфарктісі), оның ішінде ацетилсалицил қышқылымен (АСҚ) біріктірілімде коронарлық тамырларда тері арқылы араласу барысында коронарлық стент орнатуға ұшыраған науқастарда

- дәрі-дәрмекпен ем қабылдайтын және тромбоздық ем жүргізуге жарайтын науқастарда АСҚ біріктірілімінде ST сегменті жоғарылауы бар жедел миокард инфарктісі

Жыпылықтағыш аритмияда атеротромбоздық және тромбоэмболиялық асқынулардың алдын алу:

- тамыр ауруларының ең болмаса бір қауіп факторы бар жыпылықтағыш аритмиялы ересек науқастарда, К витамині антагонистеріне жақпаушылығы бар (кейбіреулерде қан кету қаупі онша көп емес) науқастарда, АСҚ біріктірілімінде ми тамырларының инсультін қоса, атеротромбоздық және тромбоэмболиялық жағдайларды болдырмау үшін

Қолдану тәсілі және дозалары

Тамақ ішуге байланыссыз, ішке қабылдау үшін.

Ересек және егде жастағы науқастар

Пиногал препаратын тәулігіне бір рет 75 мг қабылдау керек.

Жедел коронарлық жеткіліксіздігі синдромымен ауыратын ересек науқастарда:

- ST сегменті жоғарылауы болмайтын жедел коронарлық жеткіліксіздігі синдромы (тұрақсыз стенокардия немесе Q тісшесі жоқ миокард инфарктісі) - Пиногал препаратымен емді бір реттік 300 мг жүктеме доза тағайындаудан бастайды, ал содан кейін тәулігіне бір рет 75 мг дозада ацетилсалицил қышқылымен (АСҚ) тәулігіне 75-100 мг дозада жалғастырады. АСҚ жоғарылау дозалары қан кету қаупі жоғары болуымен қауіпті, сондықтан АСҚ дозасын 100 мг асырмау ұсынылады. Емнің оңтайлы ұзақтығын емдеуші дәрігер анықтайды. Клиникалық зерттеу деректері препаратты 12 айға дейін қолдану үшін негіз болады, ең жоғары оң әсері емнің 3 айынан кейін байқалады

- ST сегменті жоғарылауы бар жедел миокард инфарктісі

- Пиногал препаратын 300 мг жүктеме дозадан бастап, АСҚ біріктірілімде және басқа да тромбоздық дәрілермен немесе оларсыз бір рет 75 мг тең тәуліктік дозада қабылдау керек. 75 жастан асқан науқастарда, Пиногал препаратымен емді жүктемесі жоқ дозадан бастау керек.

Біріктірілген емді симптомдар пайда болғаннан кейін мүмкіндігінше ерте бастау керек және ең кемі 4 апта бойына жалғастыру керек. Бұл аурудағы АСҚ мен клопидогрел біріктірілімінің емінің 4 аптадан кейінгі оң әсері зерттелмеген.

Жыпылықтағыш аритмиялы науқастарда Пиногал препаратын бір реттік тәуліктік 75 мг тең доза тағайындау керек.

АСҚ (тәулігіне 75-100 мг) қабылдауды бастау және оны Пиногал препаратымен біріктірілімде қолдануды жалғастыру керек.

Егер дозаны жіберіп алса:

- және препаратты қабылдаудың әдеттегі жоспарланған уақытынан кейін 12 сағаттан аз өткен - науқас жіберіп алған дозаны дереу қабылдау керек және осыдан кейін келесі дозаны әдеттегі уақытта қабылдау керек - және 12 сағаттан астам уақыт өткен - науқас келесі дозаны препаратты қабылдаудың әдеттегі жоспарланған уақытында қабылдау керек, қосарлы дозаны бір мезгілде қабылдауға болмайды.

Бүйрек функциясы бұзылуы

Бүйрек функциясы бұзылуы бар науқастарда емдеу тәжірибесі шектеулі.

Бауыр жеткіліксіздігі

Айқындығы орташа бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерде қолданғанда

геморрагиялық диатез дамуы мүмкін.

Жағымсыз әсерлері

Қан кету клиникалық зерттеулерде, сондай-ақ постмаркетингтік кезеңде тіркелген ең жиі реакция болып табылады, ол негізінен емнің бірінші айында тіркелген.

Жиі (≥1/100, 1/10)

- гематома және жарақаттық соғылу

- мұрыннан қан кету

- асқазан-ішек қан кетуі, диарея, іштің ауыруы, диспепсия

- пункция орнындағы қан кету

Жиі емес (≥1/1000,<1/100)

- тромбоцитопения, лейкопения, эозинофилия

- бассүйекішілік қан құйылу (өліммен аяқталған бірнеше жағдайлар туралы хабарланған), бас ауыруы, парестезия, бас айналуы

- көзге қан құйылу (конъюнктивалық, окулярлық, ретиналдық)

- асқазан және он екі елі ішек ойық жарасы, гастрит, құсу, жүрек айнуы, іш қатуы, метеоризм

- бөртпе, қышыну, теріге қан кету (пурпура)

- гематурия

- қан кету уақытының ұзаруы, нейтрофилдер санының төмендеуі,

тромбоциттер санының төмендеуі

Сирек (≥1/10000, <1/1000)

- нейтропения, оның ішінде ауыры

- вертиго (вестибулярлық бас айналуы )

- ретроперитонеалдық қан кету

Өте сирек (<1/10000)

- тромбоздық тромбоцитопениялық пурпура (ТТП), апластикалық анемия,

панцитопения,агранулоцитоз, ауыр тромбоцитопения, гранулоцитопения,

анемия

- сарысу құю ауруы, анафилактоидты реакциялар, айқаспалы аса жоғары сезімталдық

- елестеулер, сананың шатасуы

- дәм сезу бұзылуы

- ауыр қан кету, операциялық жарадан қан кету, васкулит,

гипотензия

- респираторлық жолдан қан кету (қан түкіру, өкпеден қан кету),

бронх түйілуі, интерстициальді пневмонит

- өліммен аяқталатын асқазан-ішектік және ретроперитонеалдық қан кету, панкреатит, колит (оның ішінде ойық жаралы және лимфоцитарлық), стоматит

- жедел бауыр жеткіліксіздігі, гепатит, бауыр функциясы талдауларының патологиялық көрсеткіштері

- буллёзді дерматит (уытты эпидермальді некролиз,

Стивенс-Джонсон синдромы, көп формалы эритема), Квинке ісінуі, эритематозды бөртпе, есекжем, экзема және қызыл жалпақ теміреткі

- қаңқа – бұлшықет қан кетулері (гемартроз, артрит, артралгия, миалгия)

- гломерулонефрит, қандағы креатинин деңгейінің жоғарылауы

- қызба

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- ауыр бауыр жеткіліксіздігі

- жедел қан кету (мысалы, пептитік ойық жарадан қан кету, бассүйекішілік қан құйылу)

- 18 жасқа дейінгі балалық және жасөспірімдік жас

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Пероральді антикоагулянттар

Клопидогрелді пероральді антикоагулянттармен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды, өйткені бұл біріктірілім қан кетуді күшейтуі мүмкін. Тәулігіне 75 мг клопидогрел қабылдау S-варфарин фармакокинетикасын және халықаралық қалыптасқан қатынасты (ХҚҚ) өзгертпейтініне қарамастан, варфаринді ұзақ уақыт қабылдайтын науқастарда клопидогрел мен варфаринді бір уақытта қолдану екі препараттың да гемостазына әсер етуіне байланысты қан кету қаупін жоғарылатады.

Гликопротеин IIb/IIIа тежегіштері: клопидогрелді гликопротеин IIb/IIIа тежегіштерімен бір мезгілде қабылдайтын науқастарда сақтықпен қолдану керек.

Ацетилсалицил қышқылы (АСҚ)

АСҚ клопидогрелден болатын, АДФ индукцияланған, тромбоциттер агрегациясы бәсеңдеуін өзгертпейді, алайда клопидогрел коллагенмен индукцияланған АСҚ-ның тромбоциттер агрегациясына әсерін ұлғайтады. Дегенмен АСҚ 500 мг күніне екі рет бір мезгілде қабылдау тәулік бойына клопидогрел қабылдаудан болған қан кету уақытының елеулі артуын туындатпады. Клопидогрел мен ацетилсалицил қышқылы арасында қан кету қаупі жоғарылауына алып келетін фармакодинамикалық өзара әрекеттесу болуы мүмкін. Демек, бұл препараттарды бір мезгілде сақтықпен қолдану керек. Дегенмен клопидогрел және АСҚ бір жыл мерзімге дейін бірге тағайындалып келген.

Гепарин

Клопидогрел гепарин дозасын өзгертуді талап етпейді және гепариннің қан ұюына көрсететін тиімділігіне әсер етпейді. Гепаринмен бір мезгілде қолдану клопидогрелден туындаған тромбоциттер агрегациясының бәсеңдеуіне әсер етпейді. Клопидогрел мен гепарин арасында фармакодинамикалық өзара әрекеттесу болуы ықтимал, бұл қан кету қаупі жоғарылауына алып келуі мүмкін. Яғни бұл препараттарды бір мезгілде сақтықпен тағайындау керек.

Тромболитикалық дәрілер

Клопидогрелді фибринспецификалық және фибринспецификалық емес тромболитикалық дәрілермен және гепаринмен бірге қолданудың қауіпсіздігі жедел миокард инфарктісі бар науқастарда зерттелген. Клиникалық елеулі қан кету жиілігі тромболитикалық дәрілерді және гепаринді АСҚ бірге қолданғандағы бақыланғанға ұқсас болды.

Қабынуға қарсы стероидты емес дәрілер (ҚҚСД): клопидогрел мен напроксенді бір мезгілде қолдану асқазан-ішек жолдарынан жасырын қан кетуді арттырады. Алайда, басқа ҚҚСД өзара әрекеттесулері бойынша жеткілікті клиникалық зерттеулер болмауы салдарынан қазіргі уақытта асқазан-ішектік қан кету қаупінің жоғары болуы барлық ҚҚСД бар ма жоқ па белгісіз. Осыған орай ҚҚСД (оның ішінде ЦОГ-2 тежегіштерін) мен клопидогрелді бір мезгілде қолдану сақ болуды талап етеді.

Басқа да бір мезгілде жүргізілетін ем: клопидогрел ішінара CYP 2С19 көмегімен өзінің белсенді метаболитіне дейін метаболизденетіндіктен осы энзимнің белсенділігін бәсеңдететін дәрілік заттарды қолдану клопидогрелдің белсенді метаболитінің дәрілік концентрациясының төмендеуіне алып келетіні күтіледі. Бұл өзара әрекеттесулердің клиникалық мәні түсініксіз. Сақтық шаралары ретінде CYP2С19 бәсеңдететін дәрілік заттарды бір мезгілде қолданудан бас тарту керек.

Р450 2С19 цитохромы (CYP2С19)

Фармакогенетикасы: баяу метаболизаторлары CYP2С19 болып табылатын науқастарда ұсынылатын дозаларында клопидогрел белсенді метаболиттерді аз түзеді және тромбоциттер функциясына аз әсер етеді. Науқастарда CYP2С19 генотипін анықтауға арналған тест бар.

CYP2С19 бәсеңдететін дәрілік препараттарға омепразол, эзомепразол, флувоксамин, флуоксетин, моклобемид, вориконазол, флуконазол, тиклопидин, ципрофлоксацин, циметидин, карбамазепин, окскарбазепин және хлорамфеникол жатады.

Протондық помпа тежегіштері (ППТ)

Омепразол тәулігіне бір рет 80 мг дозада, клопидогрелмен бір мезгілде қабылданатын, болмаса екі дәрілік препаратты қабылдау арасындағы 12 сағаттық аралықты сақтаумен, белсенді метаболиттің экспозициясын 45%-ға (жүктеме доза) және 40% (демеуші доза) азайтты. Төмендеуінің 39% (жүктеме дозада) және 21% (демеуші дозада) тромбоциттер агрегациясын бәсеңдетуді төмендетумен байланысты болды. Сондай-ақ клопидогрелмен бір уақытта қабылданатын эзомепразол белсенді метаболиттің экспозициясы төмендеуіне алып келеді деп күтіледі.

Бұл фармакокинетикалық /фармакодинамикалық өзара әрекеттесулердің клиникалық мәні туралы қарама-қайшы деректер маңызды кардиоваскулярлық симптомдарда көрінеді және бақыланған, сондай-ақ клиникалық зерттеулерде көрсетілген. Сақтық шаралары ретінде клопидогрелмен омепразол немесе эзомепразолды бір мезгілде қолдануға болмайды.

Пантопразол мен лансопразолды қолданған жағдайда метаболит экспозициясының аз айқындықпен төмендеуі байқалды. Белсенді метаболиттің плазмалық концентрациясы күніне бір рет 80 мг дозада пантопразолмен емдеу кезінде 20%-ға (жүктеме дозада) және 14%-ға (демеуші дозада) төмендеген. Бұл тромбоциттер агрегациясының орташа тежелуінің тиісінше 15% және 11% төмендеуімен бірге жүрді. Бұл нәтижелер клопидогрелді пантопразолмен бірге қолдануға болады дегенді білдіреді.

Н2-рецепторларының блокаторлары сияқты (CYP2С19 тежегіші болып табылатын циметидинді қоспағанда) асқазан қышқылдығын төмендететін басқа да дәрілік заттардың және антацидтердің клопидогрелдің антитромбоцитарлық белсенділігіне әсер ететіндігінің дәлелі жоқ.

Басқа да дәрілік препараттар

Клопидогрел атенололмен немесе нифедипинмен бірге немесе осы екі препараттың екеуімен де бірге қолданылған жағдайда клиникалық маңызды фармакодинамикалық өзара әрекеттесулер байқалмады. Фенобарбитал немесе эстрогенді бір мезгілде қолдану клопидогрелдің фармакодинамикалық белсенділігіне елеулі әсер етпеді.

Клопидогрелді бір мезгілде қолданғанда дигоксин және теофиллиннің фармакокинетикасы өзгермеген.

Антацидтік дәрілер клопидогрел сіңу дәрежесін өзгертпеген.

CYP2С9 көмегімен метаболизденетін фенитоин және толбутамидті клопидогрелмен бір мезгілде қауіпсіз қолдану мүмкіндігі бар.

Айрықша нұсқаулар

Қан кету және гематологиялық бұзылулар

Емдеу уақытындағы қан кету қаупі және гематологиялық жағымсыз реакциялар кезінде қан кетуін көрсететін клиникалық симптомдар пайда болғанда дереу қанның жалпы талдауын және/немесе басқа да тиісінше талдаулар жүргізу керек.

Басқа да антитромбоцитарлық дәрілер сияқты клопидогрелді хирургиялық немесе басқа патологиялық жай-күйі бар, жарақатқа байланысты күшті қан кетудің қаупіне ұшырауы мүмкін, сондай-ақ АСҚ, гепаринмен, гликопротеин IIb/IIIа тежегіштерімен немесе ЦОГ-2 тежегіштерін қоса, қабынуға қарсы стероидты емес дәрілермен (ҚҚСД) емдеуде жүрген науқастар жағдайында сақтықпен қолдану керек. Науқастардағы қан кетудің кез келген белгілерін, жасырын қан кетуін қоса, әсіресе емнің бірінші аптасында және/немесе жүрекке жүргізілген инвазиялық емшарадан немесе хирургиялық араласулардан кейін мұқият бақылау керек.

Пиногал препаратын пероральді антикоагулянттармен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды, өйткені бұл қан кетуді күшейтуі мүмкін. Егер науқасқа элективті хирургиялық араласулар жүргізу керек болса және

антитромбоцитарлық әсерге уақытша тыйым болса, Пиногал препаратын қабылдауды операция алдында 7 күн бұрын тоқтату керек. Кез келген жоспарланған операция алдында және кез келген жаңа дәрілік препаратты қабылдар алдында науқастар емдеуші дәрігерді және стоматологты Пиногал препаратын қабылдап жүргені туралы алдын ала ескертуі керек.

Пиногал қан кету уақытын арттырады және қан кетуге (әсіресе, асқазан-ішек және көзішілік) бейімділік патологиясы бар науқастарда сақтықпен қолданылуы тиіс.

Пиногал препаратын қабылдағанда (бір өзін немесе АСҚ-мен біріктірілімін) науқастарға қан кетуін тоқтату үшін көп уақыт талап етілуі мүмкіндігі, егер оларда күтпеген (орналасуы бойынша немесе ұзақтығы туралы) қан кету басталса – бұларды өзінің емдеуші дәрігері білу керегі туралы науқастар хабардар болуы тиіс.

Тромбоздық тромбоцитопениялық пурпура (ТТП)

Пиногал препаратын қолданғаннан кейін өте сирек, ал кейде аз уақыт қолданғаннан кейін тромбоздық тромбоцитопениялық пурпура жағдайлары анықталды (ТТП). Ол тромбоцитопениямен және неврологиялық өзгерістері бар микроангиопатиялық гемолитикалық анемиямен, бүйрек дисфункциясы немесе қызбамен үйлесімде сипатталады. ТТП плазмаферезді қоса, дереу емдеуді талап ететін, өмірге қауіпті жай-күй болып табылады.

Жедел ишемиялық инсульт

Деректер болмауына байланысты, Пиногал препараты жедел ишемиялық инсульттан кейін бастапқы 7 күнде ұсынылмайды.

Аллергиялық реакциялар

Препаратты тағайындар алдында емделушінің басқа тиенопиридиндерге (мысалы, тиклопидин, прасугрел) аса жоғары сезімталдығы бар-жоғын анықтау керек, өйткені тәжірибеде тиенопиридин арасында аллергиялық айқаспалы реакциялар жағдайы байқалды. Сыртартқысында аса жоғары сезімталдығы бар емделушілер емделу кезінде клопидогрелге жоғары сезімталдығының белгілері болуына мұқият бақылауды қажет етеді.

Бүйрек функциясы бұзылуы

Бүйрек функциясы бұзылуы бар науқастарды Пиногал препаратымен емдеу тәжірибесі шектеулі. Сондықтан бұндай науқастарда препаратты сақтықпен қолдану керек.

Бауыр функциясы бұзылуы

Препаратты ауырлығы орташа дәрежедегі бауыр функциясы бұзылуы бар, геморрагиялық диатезге бейім науқастарда қолданудың тәжірибесі шектеулі. Осыған байланысты бұл популяцияда Пиногал препараты сақтықпен қолданылуы тиіс.

Педиатрияда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде Пиногал препаратын қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.

Жүктілік және лактация кезеңі

Пиногал препаратының жүктілік кезінде әсері туралы клиникалық деректер болмауына байланысты сақтық шаралары ретінде дұрысы препаратты жүктілік кезінде қолдануға болмайды. Клиникаға дейінгі зерттеулер клопидогрелдің емшек сүтімен бөлінетінін көрсетті. Пиногал препаратымен ем уақытында сақтық шаралары ретінде бала емізуді жалғастыруға болмайды.

Фертильділігі

Клиникаға дейінгі зерттеулерде клопидогрелдің фертильділігіне әсер ететіні дәлелденбеген.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Бас айналуы, елестеулер, сананың шатасуы сияқты жағымсыз әсерлер даму қаупін ескере отырып, автомобиль басқаруда және қозғалыстағы механизмдермен жұмыс жүргізуде сақтық жасау керек.

Артық дозалануы

Симптомдары: қан кету уақытының ұзаруы, соңынан болатын қан кету асқынулары.

Емі: ауыр қан кету жағдайында тромбоцитарлық массаны трансфузиялау талап етілуі мүмкін. Арнайы у қайтарғысы жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Полиамид/алюминий/поливинилхлорид үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 таблеткадан.

3 қаптамадан медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

REPLEK FARM Ltd. Skopje, Скопье, Македония Республикасы

Тіркеу куәлігінің иесі

BELINDA Laboratories LLP., Лондон, Ұлыбритания

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Cepheus Medical» (Цефей Медикал) ЖШС, 050000, ҚР, Алматы қ., Панфилов к-сі 98, «OLD SQUARE» БО, 807 кеңсе.

тел: +7 (727) 300 69 71, e-mail: cepheusmedical@gmail.com

 

 

Прикрепленные файлы

754499591477976537_ru.doc 127 кб
488257651477977705_kz.doc 124.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники