Пимафуцин® (таблетки, 100 мг)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Пимафуцин®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Натамицин
Дәрілік түрі
Ішекте еритін қабықпен қапталған таблеткалар, 100 мг
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат - 100 мг натамицин,
қосымша заттар: картоп крахмалы, повидон К30, магний стеараты, лактоза моногидраты
қабықтың құрамы: целлюлоза ацетат фталаты, триацетин, сахароза, метилпарагидроксибензоат, кальций карбонаты, каолин, тальк, гуммиарабик (акация), желатин, титанның қостотығы (Е171), Opaglos 6000, тазартылған су.
Сипаттамасы
Дөңгелек пішінді, ақ түсті, ішекте еритін қабықпен қапталған таблеткалар.
Фармакотерапиялық тобы
Микробқа қарсы және қабынуға қарсы ішек препараттары.
Бактерияларға қарсы препараттар.
АТХ коды А07АА03
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Натамицин – жергілікті әсері бар препарат, іс жүзінде асқазан-ішек жолдарынан шырышты қабық арқылы сіңбейді.
Фармакодинамикасы
Фунгицидті әсері бар зеңге қарсы полиенді антибиотик.
Натамицин жасуша жарғақшалары стеролдарын, олардың тұтастығы мен қызметін бұзып, байланыстырады, бұл микроорганизмдердің қырылуына әкеледі. Натамицинге көптеген патогенді ашытқы зеңдері, әсіресе Candida spp. сезімтал. Дерматофиттердің сезімталдығы аздау. Клиникалық тәжірибеде ашытқы зеңдердің арасында натамицинге төзімділік кездеспейді.
Таблетка түріндегі Натамицин, ішекте еритін қабығы болуының арқасында, тек ішекте ғана әсер етеді.
Қолданылуы
- инвазивті емес ішек кандидозын емдеу мен алдын алуда
- кандидозды вульвовагинитте (кешенді ем құрамында, свечамен бір мезгілде)
Қолдану тәсілі және дозалары
Ішек кандидозы кезінде ересектерге орташа алғанда 1 таблеткадан тәулігіне 4 рет 1 апта бойы тағайындайды.
Балаларға 6 жастан бастап 1 таблеткадан тәулігіне 2 рет тағайындайды. Емдеу курсының ұзақтығы 7 күн.
Candida albicans туындатқан вульвовагинит ұзақ қайтпаса, жергілікті емге қоса (суппозиторийлермен) таблеткаларды (7-10 күн бойы тәулігіне 4 рет 1 таблеткадан) ішке қосымша тағайындайды.
Ауру симптомдары жойылғаннан кейін тағы да бірнеше күн емдеуді жалғастыру ұсынылады.
Жағымсыз әсерлері
- жүрек айну, құсу, диарея
- порфирия
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
- 6 жасқа дейінгі балалар
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Дәрілік өзара әрекеттесуі сипатталмаған
Айрықша нұсқаулар
Созылмалы немесе қайталанатын жұқпа жағдайында жергілікті емдеу суппозиторий тағайындаумен толықтырылуы мүмкін.
Жүктілік және лактация кезеңі
Пимафуцин жүктілік және лактация кезеңінде қолданылуы мүмкін.
Дәрілік препараттың автомобиль немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді
Артық дозалануы
Қазіргі кезде Пимафуцин препаратының артық дозалану жағдайлары туралы хабарланбаған.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Ашылуы бақыланатын алюминий қақпақпен жабылған күңгірт шыныдан жасалған құтыға 20 таблеткадан салынған.
1 құтыдан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.
Сақтау шарттары
15 - 25оС температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
4 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
Астеллас Фарма Юроп Б.В.
Силвиусвег 62, 2333 ВЕ, Лейден, Нидерланды
Тіркеу куәлігінің иесі
Астеллас Фарма Юроп Б.В., Нидерланды
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
ҚР, 050000 Алматы қ., Әл-Фараби д-лы 15, «Нұрлы Тау» ПФО,
4В ғимарат, 20 кеңсе
Тел.: 8(727) 311 13 90
e-mail: astellas@com.ru