Пилокарпин (капли глазные, 10 мг/мл)

МНН: Пилокарпин
Производитель: Фармак ПАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Pilocarpine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№006019
Информация о регистрации в РК: 30.06.2021 - 30.06.2031
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 279.87 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Пилокарпин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

10 мг/мл көз тамшылары

Құрамы

1 мл ерітіндінің құрамында

белсенді зат - 10 мг пилокарпин гидрохлориді;

қосымша заттар: бор қышқылы, натрий тетрабораты, инъекцияға арналған су

Сипаттамасы

Мөлдір түссіз сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Глаукомаға қарсы препараттар және миотикалық дәрісі.

Парасимпатомиметиктер. Пилокарпин.

ATХ коды S01E B01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Конъюнктиваға пилокарпин гидрохлоридін тамызғанда мөлдір қабық арқылы енеді және көздің сулы ылғалында 30-40 мин соң ең көп мөлшерде шоғырланады. Көзден жартылай шығарылу кезеңі 1,5-2 сағат, алайда көзішілік қысымның деңгейіне әсер етуі 4-8 сағат бойы жалғасады. Пилокарпин гидрохлориді метаболизденбейді, көзішілік сұйықтықпен бірге шығарылады, гидролиз жолымен қан сарысуы мен бауырда белсенділігін жояды. Плазмадан жартылай шығарылу кезеңі 30 мин.

Фармакодинамикасы

Пилокарпин гидрохлориді М-холиномиметикалық дәрілерге жатады. Әсер ету механизмі шеткергі М-холинорецепторлардың қозуына негізделген, бұл нұрлы қабық айналасы бұлшықеттері мен цилиарлы бұлшықеттердің жиырылуын туындатады, қарашықтың тарылуы мен көздің алдыңғы камерасы бұрышының ашылуы, көзішілік сұйықтықтың ағып шығуын жақсартумен қатар жүреді, жалпы барлығы келіп, көзішілік қысымның төмендеуін туғызады және көз тіндеріндегі трофикалық үдерістерді жақсартады. Офтальмотонустың төмендеуі сынап бағанасы бойынша 3-4 мм жетеді.

Қолданылуы

  • бастапқы және созылмалы ашық бұрышты глаукомада

  • жабық бұрышты глаукоманың жедел ұстамасында

  • созылмалы жабық бұрышты глаукомада (хирургиялық араласуға дейін)

  • салдарлы глаукомада (торқабықтың орталық көктамыры тромбозы нәтижесінде, торқабық артериясының жедел бітелуінде, көру жүйкесінің атрофиясында, торқабықтың пигментті дегенерациясында, шыны тәрізді денеге қан құйылуда)

  • мидриатиктермен артық дозаланған кезде диагностикалық мақсатта және хирургиялық араласуларда көз қарашығын тарылту қажеттілігінде (жоғары дәрежелі миопиясы бар адамдардан басқаларға)

Қолдану тәсілі және дозалары

Пилокарпин әр көзге 1-2 тамшыдан – тәулігіне 2-4 рет тамызады. Тәуліктік дозаны, сондай-ақ емдеу курсының ұзақтығын көзішілік қысым деңгейіне байланысты дәрігер белгілейді. Қажет болған кезде препаратты β-адренорецепторлары бөгегіштерімен біріктіруге болады.

Жабық бұрышты глаукоманың жедел ұстамасында Пилокарпин былайша тағайындалады:

  • алғашқы сағаттар ішінде – әр 15 мин сайын 1 тамшыдан

  • 2-3 сағат бойы – әр 30 мин сайын 1 тамшыдан

  • 4-6 сағат бойы – әрбір 60 мин сайын 1 тамшыдан

  • бұдан әрі тәулігіне 3-6 рет ұстама басылғанға дейін

Жағымсыз әсерлері

Пилокарпинді қолдану кезінде дамуы мүмкін:

– жергілікті жағымсыз құбылыстар: миоз, көздің қысқа мерзімді ауыруы, оның қызаруы, тұрақты миоз салдары (тәуліктің түнгі уақытында) тұрғысындағы аккомодацияның түйілуі, көру өткірлігінің төмендеуі, самай немесе параорбитальді аумақтардағы бас ауыруы, жас ағудың күшеюі, аллергиялық конъюнктивит және қабақ терісі дерматиті, цилиарлы бұлшықеттің түйілуі; сирек жағдайларда торқабықтың ажырауы.

– жүйелі жағымсыз құбылыстары өте сирек дамиды: бронх түйілуі, бас ауыруы, бас айналуы, гиперсаливация, ринорея, өкпенің ісінуі, артериялық қысымның көтерілуі, қатты тершеңдік, жүрек айну, құсу, диарея

  • ұзақ емдеу фолликулярлық конъюнктивитке, қабақтың жанаспалы дерматиті, кератопатия, катаракта, көзбұршақтың қайтадан бұлыңғырлануы, конъюнктивальді тіндердің өзгеруіне әкелуі мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

– ирит, иридоциклит, иридоциклді криз, увеит, циклит, кератит және көз қарашығының тарылуы болмағаны дұрыс болатын басқа да көз аурулары (көздегі хирургиялық араласудан кейін артқы синехия пайда болуының алдын алу үшін)

– глаукоманың іркілген түрі кезінде препаратқа парадоксальді реакция

  • Пилокарпинді сыртартқысында торқабықтың ажырауы бар науқастарда, жоғары дәрежелі миопиясы бар жасы кіші адамдарға сақтықпен қолданған жөн.

– көз тіндерінің жедел қабыну аурулары

– сыртартқысындағы препарат компоненттеріне аллергиялық реакциялар және бронх демікпесі

– балаларға және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Атропин мен басқа да М-холинолитикалық препараттар Пилокарпиннің антагонистері болып табылады. Адреностимуляторлармен бір мезгілде қолданған кезде әсер етуінің антагонизмі (көз қарашығы диаметріне) байқалуы мүмкін.

Тимолол мен мезатон көзішілік қысымның төмендеуін күшейтеді.

Пилокарпин β-адренобөгегіштермен, карбоангидраза тежегіштерімен біріктірілімде қолданылуы мүмкін.

Пилокарпиннің М-холиностимуляциялаушы әсері үшциклді антидеприссанттармен, фенотиазин туындыларымен, хлорпротиксенмен, клозапинмен біріктірілімде төмендейді; антихолинэстеразды препараттармен күшейеді.

Фторотан қолданылатын жалпы анестезия уақытында брадикардия мен артериялық қысымның төмендеуі орын алуы мүмкін (Пилокарпинді көз тамшы дәрісі түрінде пайдаланатын науқастарда).

Айрықша нұсқаулар

Дәріні дене температурасына дейін жылыту үшін, тікелей қолданар алдында препараты бар құтыны алақанда ұстау керек. Қақпағын бұрап ашып, алып тастайды да, құты корпусын ақырын қыса отырып, ерітіндіні көзге тамызады. Тамызғаннан кейін қақпағын нығыздап бұрап жабады.

Жедел жүрек жеткіліксіздігі, инфаркт миокардын жуық арада өткерген, ауыр брадикардия, артериялық гипотензия, артериялық гипертензия, гипертиреоз, эпилепсия, несеп жолдарының обструкциясы, вазомоторлы тұрақсыздық, Паркинсон ауруы бар науқастарда сақтықпен қолданған жоқ.

Миотикалық препараттарды нұрлы қабықта жаңа түзілген қан тамырлары жоқ болған кезде қолданады.

Концентрация мен инстилляция жиілігін ұлғайту (6 және одан көп) –жөнсіз, өйткені бұл гипотензивті әсерін күшейтпейді және организмнің жалпы жағымсыз реакцияларын туғызады.

Пилокарпин іс жүзінде сау адамдардың офтальмотонус деңгейіне әсерін тигізбейді, бірақ глаукоманың әртүрлі түрлерімен ауыратындарға тиімді. Мүмкіндігінше бір жыл ішінде Пилокарпинді 1-3 ай басқа миотикалық емес препараттармен ауыстырған дұрыс. Ұзақ уақыт тамызған кезде миоз барлық кезде сақталады, бұл факосклерозы және бастапқы сатыдағы катарактасы бар егде жастағы адамдар үшін маңызды.

Педиатрияда қолданылуы

Препарат балаларға қолданылмайды

Жүктілік немесе лактация кезеңінде қолданылуы

Күтілетін әсері ықтимал жағымсыз реакциялар қатерінен артық болып, тек емдеуші дәрігер тағайындағанда ғана жүктілік немесе бала емізу кезеңінде қолданылады.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препаратты қолданған кезде автокөлік жүргізуге және басқа да көру айқындылығын қажет ететін қауіптілігі зор қызмет түрлерімен айналысуға болмайды.

Артық дозаланғанда

Симптомдары: жүрек айнуы, брадикардия, тұрақты миоз дамуы мүмкін, көздің ауыруы, көрудің бұзылуы, бас ауыруы мүмкін.

Емі - симптоматикалық. Осы симптомдар пайда бола бастағаннан-ақ препарат тоқтатылады. Атропин, тропикамид – арнайы у қайтарғысы ретінде қолданылуы мүмкін. Парасимпато-миметиктердің артық дозалануынан болған айқын брадикардия кезінде 0,5-2 мг атропин парентеральді енгізіледі.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 мл бұрандалы қалпақшасы бар полиэтилен құтыға құйылған. Әр құты медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 8°С-ден 15°С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл.

Препарат құты ашылғаннан кейін 28 тәулікке жарамды.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

“Фармак” ЖАҚ, Украина, 04080, Киев қ., Фрунзе к-сі, 74.

Тіркеу куәлігінің иесі

“Фармак” ЖАҚ, Украина

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 050012, Амангелді к-сі 59 "А" "Шартас" бизнес орталығы, 9 қабат.

Тел +7 (727) 267 64 63, факс +7 (727) 267 63 73, электронды мекенжайы: a.liadobruk@gmail.com

 

 

5

 

Прикрепленные файлы

277332331477977123_ru.doc 75.5 кб
716289251477978292_kz.doc 71.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники