Пиковит® форте

МНН: Аскорбиновая кислота, Витамин E, Кальция пантотенат, Колекальциферол, Никотинамид, Пиридоксин, Ретинол, Рибофлавин, Тиамин, Фолиевая кислота, Цианокобаламин
Производитель: КРКА, д.д., Ново Место
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Поливитамины
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№015869
Период регистрации: 02.09.2015 - 02.09.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Пиковит® форте

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Пастилкалар

Құрамы

Бір пастилканың құрамында

белсенді заттар:

ретинол (А витамині)

(А витамині концентраты мөлшеріне сәйкес (синтетикалық майлы түрі) 1,7 млн ХБ/г)

5000 МЕ

2,94 мг

холекальциферол (D3 витамині)

(холекальциферол концентраты мөлшеріне сәйкес (майлы түрі) 1 млн ХБ/г)

400 МЕ

0,40 мг

аскорбин қышқылы (С витамині)

60 мг

никотинамид

20 мг

альфа-токоферол (Е витамині)

(токоферол ацетаты 50 % түйіршіктеріне сәйкес)

15 мг

30 мг

кальций пантотенаты (В5 витамині )

10 мг

пиридоксин гидрохлориді (В6 витамині)

2 мг

рибофлавин (В2 витамині)

1,7 мг

тиамин нитраты (В1 витамині)

1,5 мг

фолий қышқылы

0,4 мг

цианокобаламин (В12 витамині)

(маннитолда 0,1 % цианокобаламин

мөлшеріне сәйкес)

6 мкг

6 мг

қосымша заттар: маннитол, аспартам, мандарин хошиістендіргіші, полисорбат 80, глицерин, майсана майы (суықтай сығылған), сұйық малтитол (құрғақ зат), магний стеараты, капол 600 фарма, повидон, сусыз коллоидты кремний қостотығы, титанның қостотығы (Е171), бета-каротин (Е 160а), малтитол

Сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, қызғылт сары түсті қабықпен қапталған пастилкалар.

Фармакотерапевтикалық тобы

Витаминдер. Поливитаминдер.

АТХ коды А11ВА

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Суда еритін витаминдер (В тобы витаминдері және С витамині) организмнің күнделікті қажеттілігіне сай мөлшерде жақсы сіңіріледі. Тіндердің қанығу дәрежесінен жоғары мөлшері несеппен, кейде нәжіспен шығады. Олар организмде тек шектеулі мөлшерде ғана жинақталады, сондықтан мұндай витаминдерді үнемі қабылдау тіндерде қажетті мөлшерді ұстап тұру үшін маңызды.

Пероралды қабылдағаннан кейін майда еритін А және D витаминдері майлардың қатысуымен жіңішке ішекте жақсы сіңіріледі. Е витаминнінің сіңірілуі едәуір әлсіз (дозаның 25 - 85%). Майда еритін витаминдер жоғары концентрацияларда бауырда жинақталады, сондықтан олар суда еритін витаминдерге қарағанда уытты болады.

Фармакодинамикасы

Пиковит® форте – кешенді витаминді препарат. Препараттың фармакологиялық қасиеттері оның құрамындағы витаминдердің біріккен әсерімен жүзеге асады.

В тобының витаминдері (В1, В2, В6, В12, пантотен қышқылы және никотинамид) көмірсулардың, ақуыздардың және майлардың метаболизмдеріне қатысады. Фолий қышқылы қан жасушаларының қалыпты түзілуі, регенерациясы және функциялар атқаруы үшін қажетті. А витамині эпителиалдық жасушалардың дамуы және көру пигментінің синтезі үшін қажет. D витамині кальцийдің түсуін реттейді және сүйектер мен тістердің дұрыс минерализациялануына себепші болады. С витамині темірдің сіңуіне мүмкіндік туғызады және организмдегі көптеген тотығу-тотықсыздану үдерістеріне қатысады. Е витамині физиологиялық антиоксидант болып табылады, ол жасушалар жарғақшаларын қорғайды және жасушалар функциясын демейді.

Пиковит® форте пастилкаларының құрамында тәттілендіретін заттар малтитол, маннитол және аспартам бар. Ауыз қуысындағы бактериялар бұл қант алмастырғыштарды өте аз мөлшерде және өте баяу метаболиздейді. Сондықтан ол кариес тудырмайды.

Қолданылуы

- мектеп жасындағы балалардың зейін қою қабілетінің төмендеуінде және

олар қатты шаршағанда

- физикалық күш түскенде (сондай-ақ спортпен шұғылдануда)

- толыққанды емес және теңестірілмеген тамақтануда

- антибиотиктермен емдеуде

- тәбеттің болмауында

- емдәмдік витаминдік қоспа ретінде

Қолдану тәсілі және дозалары

Пиковит® форте пастилкасын толық ерігенше ауызда ұстау керек.

7 жастан асқан балаларға күніне бір рет тамақтан кейін 1 пастилкадан қабылдау керек.

Орташа емдеу ұзақтығы 1 ай. Тәбетті жақсарту үшін пастилкаларды 2 ай бойы қабылдау керек.

 

Жағымсыз әсерлері

Өте сирек

- асқазан-ішек бұзылыстары (метеоризм және диарея)

- аса жоғары сезімталдық реакциялары (бөртпе, қышыну)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың құрамындағы ингредиенттердің кез келгеніне жоғары сезімталдылық

- А және D гипервитаминозы

- 7 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

С витамині сульфаниламид тобы микробқа қарсы дәрілерінің әсері мен жағымсыз әсерлерін (соның ішінде несепте кристалдардың пайда болуын күшейтеді.

Пиридоксин леводопаның паркинсонизмге қарсы әсерін төмендетеді. Пеницилламинді ұзақ уақыт қолданғанда, пиридоксин тапшылығы дамуы мүмкін. Пиковит® форте және колхицинді немесе бигуанидтерді бірге қолданғанда, цианокобаламин абсорбциясы төмендейді. Цианокобаламинді қан ұюын жоғарылататын препараттармен бірге біріктіруге болмайды. Құрысуға қарсы препараттармен (фенобарбиталмен, фенитоинмен, карбамазепинмен) ұзақ уақыт емдегенде Пиковит® форте қолдану аясында препарат құрамына кіретін тиамин тапшылығына әкелуі мүмкін. Алкоголь тиаминнің сіңуін күрт төмендетеді.

Айрықша нұсқаулар

Балаларға ұсынылғаннан жоғары дозаларды бермеген жөн.

Жоғары дозаларды ұзақ уақыт қолдану А және Д гипервитаминозын туындатуы мүмкін, дегенмен артық дозалану ықтималдығы өте төмен.

Басқа да витаминдік немесе минералдық препараттармен бірге қолдану қажет болған жағдайда, дәрігермен кеңесу керек.

Қант диабетімен ауыратын науқастар

Бір пастилканың құрамында 0.6 г малтитол бар екендігін ескеру қажет. Малтитол метаболизмі үшін инсулин қажет, бірақ оның баяу гидролизденуіне және асқазан-ішек жолында баяу сіңуіне байланысты инсулинге қажеттілік аз. Бір пастилканың энергетикалық құндылығы шамамен 6 кДж (1,4 ккал).

Пиковит® фортенің құрамына құрамында фенилаланин бар аспартам кіреді, сондықтан препарат фенилкетонуриясы бар емделушілерге ұсынылмайды.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүкті және бала емізетін әйелдер препаратты дәрігер тағайындауымен қолдануына болады.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіпті деген механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары - жағымсыз әсерлердің күшеюі.

Емі - симптоматикалық.

Шығарылу түрі және қаптамасы

15 пастилкадан поливинилхлоридті/полиэтиленді/поливинилдихлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

2 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі бекітілген нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 25С-ден аспайтын температурада, жарық пен ылғалдан қорғалған жерде сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

 

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

­Өндіруші

КРКА, д.д. Ново место, Словения

Шмарьешка 6, 8501 Ново место, Словения

Тіркеу куәлігінің иесі

КРКА, д.д. Ново место, Словения

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«КРКА Қазақстан» ЖШС, ҚР, 050059, Алматы қ., Әл-Фараби д-лы 19, 1б корпус, 2-ші қабат, 207 кеңсе

тел. 8 (727) 311-08-09

факс 8 (727) 311-08-12

е-mail: info.kz@krka.biz

 

 

Прикрепленные файлы

774971601477976406_ru.doc 58.5 кб
310313871477977604_kz.doc 66.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники