Пиковит® Д
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Пиковит® Д
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Пастилкалар
Құрамы
Бір пастилканың құрамында
белсенді заттар:
Аскорбин қышқылы (С витамині) |
10.00 мг |
|
Никотинамид |
3.00 мг |
|
Кальций пантотенаты (В5витамині) |
1.20 мг |
|
А витамині пальмитатының концентраты (синтетикалық майлы түрі) 1.7 млн ХБ/г |
0.35 мг |
|
Рибофлавин (В2 витамині) |
0.30 мг |
|
Пиридоксин гидрохлориді (В6 витамині) |
0.30 мг |
|
Тиамин нитраты (В1 витамині) |
0.25 мг |
|
Цианокобаламин (В12 витамині) 0.1 % маннитолда (Е421) |
0.20 мг |
|
Холекальциферол концентраты (Д3 витамині) (майлы түрі) 1 млн ХБ/г |
0.08 мг |
|
Фолий қышқылы |
0.04 мг |
|
Сусыз кальций гидрофосфаты |
43.00 мг |
|
қосымша заттар: сұйық малтитол (құрғақ зат), маннитол, таңқурай хош иістендіргіші, глицерин, магний стеараты, капол 600 фарма, повидон, майсана майы (суық сығындысы), полисорбат 80, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, малтитол |
||
Сары түсті пастилкалар: бета-каротин 1% (CWS (E160a) (E124), титанның қостотығы (Е 171) |
||
Қызғылт сары түсті пастилкалар: бета-каротин 10% (CWS (E160a) (E110), титанның қостотығы (Е 171) |
||
Қызыл-қоңыр түсті пастилкалар: бояғыш Sicopharm Rot 30 (Е172) |
Сипаттамасы
Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, сары, қызғылт сары және қызыл-қоңыр түсті қабықпен қапталған пастилкалар.
Фармакотерапиялық тобы
Поливитаминдер. Минералды заттармен поливитаминдер. Басқа да минералдары бар поливитаминдер мен олардың біріктірілімдері.
АТХ коды А11АА03
Фармакологиялық қасиеттері
Пиковит® Д – кешенді витаминді-минералды препарат. Препараттың фармакологиялық қасиеттері оның құрамына кіретін витаминдер мен минералдардың жиынтық әсеріне негізделген.
Фармакокинетикасы
Суда еритін витаминдер (В тобы витаминдері және С витамині) организмнің күнделікті қажеттілігіне сай мөлшерде жақсы сіңіріледі. Тіндердің қанығу дәрежесінен жоғары мөлшері несеппен, кейде нәжіспен шығады. Олар организмде тек шектеулі мөлшерде ғана жинақталады, сондықтан мұндай витаминдерді үнемі қабылдау тіндерде қажетті мөлшерді ұстап тұру үшін маңызды.
Пероралды қабылдағаннан кейін майда еритін А және D витаминдері майлардың қатысуымен жіңішке ішекте жақсы сіңіріледі. Майда еритін витаминдер жоғары концентрацияларда бауырда жинақталады, сондықтан олар суда еритін витаминдерге қарағанда уытты болады.
Фармакодинамикасы
В тобының витаминдері (В1, В2, В6, В12, пантотен қышқылы және никотинамид) көмірсулардың, ақуыздардың және майлардың метаболизмдеріне қатысады. Фолий қышқылы қан жасушаларының қалыпты регенерациясы және функцияларын дұрыс атқаруы үшін қажетті. А витамині эпителиалдық жасушалардың дамуы және көру пигментінің синтезі үшін қажет. D витамині кальцийдің түсуін реттейді және сүйектер мен тістердің дұрыс минерализациялануына себепші болады. С витамині темірдің сіңірілуін тездетеді және организмдегі көптеген тотығу-тотықсыздану үдерістеріне қатысады.
Кальций мен фосфор сүйек пен тістің минералдануында шешуші рөл атқарады. Кальций иондары көптеген ферменттерді белсендіреді, олар жүрек бұлшықеттері тонусын реттеуге, жүйке импульстері берілісіне қатысады және жасуша жарғақшаларының өткізгіштігін реттейді.
Пиковит® Д пастилкаларының құрамында тәттілендіретін заттар малтитол және маннитол бар. Ауыз қуысындағы бактериялар бұл қант алмастырғыштарды өте аз мөлшерде және өте баяу метаболиздейді. Сондықтан ол кариес тудырмайды.
Қолданылуы
- тәбеттің болмауында
- мектеп жасындағы балалардың шектен тыс шаршап-шалдығуында
- антибиотиктермен емдегенде (қосымша ем ретінде)
- диеталық витаминді-минералды қоспа ретінде
Қолдану тәсілі және дозалары
Пиковит® Д пастилкасын толық ерігенше ауызда қалдырады.
4-тен 6 жасқа дейінгі балаларға: 1 пастилкадан күніне 1 немесе 2 рет.
7-ден 14 жасқа дейінгі балаларға: 1 пастилкадан күніне 2 немесе 3 рет.
Орташа емдеу ұзақтығы 1 ай. Тәбетті жақсарту үшін пастилкаларды 2 ай бойы қабылдау керек, барлық басқа жағдайларда пастилкаларды 1 ай бойы жылына 2-3 рет қабылдау керек.
Жағымсыз әсерлері
Өте сирек
- асқазан-ішек бұзылыстары (метеоризм және диарея)
- аса жоғары сезімталдық реакциялары (бөртпе, қышыну)
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- ингредиенттердің кез келгеніне жоғары сезімталдық реакциялары
- А және D гипервитаминозы
- 4 жасқа дейінгі балаларға
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
С витамині сульфаниламид тобындағы микробқа қарсы дәрілердің әсері мен жағымсыз әсерлерін (соның ішінде несепте кристалдардың пайда болуын) күшейтеді.
Пиридоксин леводопаның паркинсонизмге қарсы әсерін төмендетеді. Пеницилламинді ұзақ уақыт қолданғанда, пиридоксин тапшылығы дамуы мүмкін. Пиковит®Д және колхицинді немесе бигуанидтерді бірге қолданғанда, цианокобаламин абсорбциясы төмендейді. Цианокобаламинді қан ұюын жоғарылататын препараттармен бірге біріктіруге болмайды. Құрысуға қарсы препараттармен (фенобарбиталмен, фенитоинмен, карбамазепинмен) ұзақ уақыт емдегенде Пиковит®Д қолдану аясында препарат құрамына кіретін тиамин тапшылығына әкелуі мүмкін. Алкоголь тиаминнің сіңуін күрт төмендетеді.
Айрықша нұсқаулар
Балаларға ұсынылғаннан жоғары дозаларды бермеген жөн.
Жоғары дозаларды ұзақ уақыт қолдану А және Д гипервитаминозын туындатуы мүмкін, дегенмен артық дозалану ықтималдығы өте төмен.
Басқа да витаминдік немесе минералдық препараттармен бірге қолдану қажет болған жағдайда, дәрігермен кеңесу керек.
Қант диабетімен ауыратын науқастар
Пиковит®Д пастилкаларын қолдана алады, дегенмен, бір пастилканың құрамында 0,6 г малтитол бар екендігін, яғни тәуліктік доза құрамында 2,4 – 4,2 г малтитол бар екендігін есте ұстаған жөн. Малтитол метаболизмі үшін инсулин қажет, бірақ оның баяу гидролизденуіне және асқазан-ішек жолында баяу сіңуіне байланысты инсулинге қажеттілік аз.
Бір пастилканың энергетикалық құндылығы шамамен 6 кДж (1,4 ккал).
Сирек тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы бар пациенттер бұл препаратты қабылдамаулары керек.
Жүктілік және лактация
Жүкті және бала емізетін әйелдер препаратты дәрігер тағайындауымен қолдануына болады.
Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіпті деген механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.
Артық дозалануы
Симптомдары: жағымсыз әсерлердің күшеюі.
Емі - симптоматикалық.
Шығарылу түрі және қаптамасы
15 пастилкадан PVC/PE/PVDC үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған. 2 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі бекітілген нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, 25С-ден аспайтын температурада, ылғалдан және жарықтан қорғалған жерде сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
КРКА, д.д. Ново место, Словения
Шмарьешка 6, 8501 Ново место, Словения.
Тіркеу куәлігінің иесі
КРКА, д.д. Ново место, Словения
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы
«КРКА Қазақстан» ЖШС, ҚР, 050059, Алматы қ., әл-Фараби д-лы 19, 1б корпус, 2-ші қабат
тел.: +7 (727) 311 08 09
факс: +7 (727) 311 08 12
info.kz@krka.biz