Петрекса®

МНН: Пеметрексед
Производитель: Фармацевтика Парагвая С.А.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Pemetrexed
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№022297
Период регистрации: 27.07.2016 - 27.07.2021

Инструкция

Саудалық атауы

Петрекса®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Пеметрексед

Дәрілік түрі

Инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған 500 мг лиофилизат

Құрамы

белсенді зат: 551,430 мг пеметрексед динатрий (500 мг пеметрекседке баламалы),

қосымша заттар: 500 мг маннитол, хлорсутек қашқылы, натрий гидроксиді, инъекцияға арналған су

Сипаттамасы

Ақтан сарғыш немесе жасылдау түске дейінгі түйіршік түрінде лиофилизацияланған кеуекті масса.

Фармакотерапиялық тобы

Ісікке қарсы препараттар. Антиметаболиттер. Фолий қышқылы аналогтары. Пеметрексед.

АТХ коды L01BA04

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Пеметрекседтің тұрақты таралу көлемі 9 л/м2 тең. Плазма ақуыздарымен 81 % жуығы байланысады. Айқын бүйрек жеткіліксіздігінде байланысуы бұзылмайды.

Пеметрексед бауырда шектеулі метаболизденеді. Көбінесе бүйрекпен шығарылады, препарат 70-тен 90 % дейін енгізуден кейін алғашқы 24 сағатта өзгеріссіз күйде бөлінеді. Пеметрекседтің жалпы плазмалық клиренсі 92 мл/мин құрайды, Бүйрек функциясы қалыпты науқастарда плазмадан жартылай шығарылу кезеңі – 3,5 сағат.

Фармакодинамикаcы

Пеметрексед – фолий қышқылының антагонисі, ол оның метаболизмінің көптеген нысаналарына әсер етеді және тимидин мен пурин нуклеотидтері биосинтезінде фолатқа тәуелді шешуші ферменттер болып табылатын тимидилатсинтаза (TS), дигидрофолатредуктаза (DHFR), (GARFT), глицинамидрибонуклеотид-формилтрансферазаны in vitro тежейді. Пеметрексед қалыпқа келтірілген фолаттардың және ақуыздық фолат-байланыстырушы тасымал жүйелері тасымалдағышының көмегімен жасушаларға түседі. Жасушаға түсіп, пеметрексед фолилполиглутаматсинтетаза ферментінің көмегімен тез және тиімді түрде полиглутаматты формаларға айналады.

Полиглутаматты формалар жасушаларда кідіріп, TS және GARFT ең қуатты тежегіштері болып табылады. Полиглутаминделу – бұл ісік жасушаларында және аз дәрежеде қалыпты тіндерде кездесетін уақыт пен концентрацияға тәуелді үдеріс. Полиглутаминделген метаболиттерде жартылай шығарылу кезеңі ұзарған, соның нәтижесінде препараттың ісік жасушаларына әсер етуі артады.

Пеметрексед пен цисплатинді біріктіріп қолданғанда in vitro зерттеулерінде ісіке қарсы әсер ету синергизмі байқалды.

Қолданылуы

  • сквамозды жасушалар гистологиясы басым болатын жағдайларды қоспағанда, өкпенің жергілікті таралған немесе метастаздық жалпақ жасушалы емес, ұсақ жасушалы емес обыры бар пациенттерді цисплатинмен біріктіріп бастапқы емдеу үшін;

  • платина препараттарының негізінде бірінші желідегі химиялық емнің төрт циклынан кейін ауруы дереу үдемейтін жергілікті таралған немесе метастаздық ұсақ жасушалы емес обыры бар пациенттерде монотерапия түріндегі демеуші ем үшін;

  • сквамозды жасушалар гистологиясы басым болатын жағдайларды қоспағанда, өкпенің жергілікті таралған немесе метастаздық ұсақ жасушалы емес обырына шалдыққан пациенттерде монотерапия түріндегі екінші желідегі ем үшін;

  • операция жасалмайтын плевраның қатерлі мезотелиомасы бар, бұрын химиялық ем қабылдамаған пациенттерді цисплатинмен біріктірілімде емдеу үшін.

Пеметрексед өкпенің ұсақ жасушалы емес, жалпақ жасушалы обыры бар пациенттерді емдеуге арналмаған.

Қолдану тәсілі және дозалары

Пеметрексед 10 минут ішінде вена ішіне тамшылатып енгізіледі.

Өкпенің жергілікті таралған немесе метастаздық жалпақ жасушалы емес, ұсақ жасушалы емес обыры

Бірінші желідегі ем. Цисплатинмен біріктіріп емдеу:

Ұсынылатын пеметрексед дозасы – әр 21-күндік циклдың бірінші күні 500 мг/м2. Цисплатин әр 21-күндік циклдың бірінші күні пеметрексед енгізуден кейін шамамен 30 минуттан соң гидратация аясында 75 мг/м2 дозада енгізіледі (цисплатин қолдану жөнінде нұсқаулықты қараңыз).

Платина туындыларының негізінде бірінші желідегі емнен кейін ауруының үдеуі болмайтын пациенттердегі демеуші химиялық ем. Монотерапия:

Ұсынылатын пеметрексед дозасы – әр 21-күндік циклдың бірінші күні 500 мг/м2.

Плевраның қатерлі мезотелиомасы

Цисплатинмен біріктіріп емдеу:

Ұсынылатын пеметрексед дозасы – әр 21-күндік циклдың бірінші күні 500 мг/м2. Цисплатин әр 21-күндік циклдың бірінші күні пеметрексед енгізуден кейін шамамен 30 минуттан соң гидратация аясында 75 мг/м2 дозада енгізіледі (цисплатин қолдану жөнінде нұсқаулықты қараңыз).

Пеметрексед қолдануды бастар алдындағы нұсқаулар

Пеметрекседпен емнің басталуынан 1 күн бұрын, пеметрексед енгізілген күні және енгізуден кейінгі келесі күні күніне 2 рет 4 мг дозада дексаметазон (немесе аналогын) тағайындау тері реакцияларының жиілігі мен айқындылығын төмендетеді.

Препарат уыттылығын азайту үшін пеметрексед алатын пациенттерге құрамында тәуліктік қажеттілігі қамтамасыз етілетін фолий қышқылы препараттары немесе құрамында фолий қышқылы бар мультидәрумендер тағайындалуы тиіс. Фолий қышқылы тәуліктік дозада (350 мкг-ден 1000 мкг дейін, орта есеппен, 400 мкг) пеметрекседті алғаш енгізу алдындағы 7 күн ішінде кем дегенде 5 күн тағайындалуы тиіс, ал осылай дозалануы бүкіл емдеу циклы бойына және пеметрекседті соңғы енгізуден кейін 21 күн бойы жалғасуы тиіс. Пациенттерге пеметрекседті алғаш енгізу алдындағы 7 күндік кезеңде, артынан ем басталған соң әр 3 цикл сайын 1000 мкг дозада бір рет В12 дәруменін бұлшықет ішіне енгізу қажет. В12 дәруменін сол дозада келесі енгізуді пеметрекседті енгізген күні орындауға болады.

Қадағалау

Пеметрексед алатын барлық пациенттер үшін препаратты әр енгізудің алдында, лейкоцитарлық формула мен тромбоциттер санын анықтауды қоса, жалпы клиникалық қан талдауын қадағалап отыру ұсынылады. Бүйрек және бауыр функциясын бағалау үшін пеметрекседті әр енгізудің алдында биохимиялық қан талдауын жасаған жөн. Химиялық емнің әрбір циклын бастар алдында биохимиялық қан талдауын жасау керек. Әр химиялық ем циклын бастар алдында нейтрофилдердің абсолютті саны (НАС) ≥ 1500 жасуша/мм3, тромбоциттер саны ≥ 100000 жасуша/мм3, жалпы билирубин концентрациясы қалыптың жоғарғы шегінен (ҚЖШ) ≤ 1,5 есе, сілтілік фосфатаза, аспарагин және аланин аминотрансферазалар ҚЖШ ≤ 3 есе немесе бауырда метастаздар болғанда ҚЖШ ≤ 5 есе құрауы тиіс.

Дозаны азайту бойынша нұсқаулар

Доза қайталамалы циклдар алдында гематологиялық көрсеткіштердің ең төменіне немесе алдыңғы емдеу циклы кезіндегі барынша айқын гематологиялық уыттылыққа негіздеп түзетілу керек. Емдеуді уыттану көріністерінен қалыпқа келу мақсатында кейінге шегеруге болады. Қалыпқа келуге қарай, пеметрекседті монотерапияда немесе цисплатинмен біріктірілімде қолдануға қатысты 1-3 кестелерде берілген нұсқауларға сәйкес емдеуді жалғастырған жөн.

1 кесте – Пеметрексед (монотерапияда немесе біріктірілген емде) және цисплатин дозасын түзету

Гематологиялық уыттану

Дозаны түзету (мг/м2)

Нейтрофилдердің ең төмен мөлшері < 500 жасуша/мкл және тромбоциттердің ең төмен мөлшері ≥ 50000

Алдыңғы дозаның 75 % тағайындалады (пеметрексед және цисплатин – екі препарат)

Нейтрофилдердің ең төмен мөлшеріне байланыссыз тромбоциттердің ең төмен мөлшері < 50000 жасуша/мкл

Алдыңғы дозаның 75 % тағайындалады (пеметрексед және цисплатин – екі препарат)

Нейтрофилдердің ең төмен мөлшеріне қарамастан қан кетумена болатын тромбоциттердің ең төмен мөлшері < 50000 жасуша/мкл

Алдыңғы дозаның 50 % тағайындалады (ПЕМЕКЕР және цисплатин)

а бұл критерийлер Ұлттық обыр институтының жалпы уыттылық критерийлеріне (NCI-СТС) сәйкес ≥ 2 дәрежедегі қан кету анықтамасына сәйкес келеді.

≥ 3 дәрежедегі гематологиялық емес уыттану (нейроуыттылықты қоса) дамығанда, емнің басталуына дейінгі мәніне сәйкес келетін көрсеткіштері қалыпқа түскенше емдеуді кейінге қалдыру қажет. Әріқарай емдеуді 2 кестеде берілген нұсқауларға сәйкес жалғастырады.

2 кесте – Пеметрексед (монотерапияда немесе біріктірілген емде) және цисплатин дозасын түзету

Гематологиялық емес уыттану а,б

Пеметрексед дозасы (мг/м2)

Цисплатин дозасы (мг/м2)

Шырышты қабықтың қабынуын қоспағанда, ауырлығы 3 немесе 4 дәрежедегі кез келген уыттану

Алдыңғы дозаның 75 % тағайындалады

Алдыңғы дозаның 75 % тағайындалады

Ауруханаға жатуды талап ететін диарея (ауырлық дәрежесіне қарамастан) немесе ауырлығы 3 немесе 4 дәрежедегі диарея

Алдыңғы дозаның 75 % тағайындалады

Алдыңғы дозаның 75 % тағайындалады

Ауырлығы 3 немесе 4 дәрежедегі шырышты қабық қабынуы

Алдыңғы дозаның 50 % тағайындалады

Алдыңғы дозаның 100 % тағайындалады

а NCI-СТС критерийлеріне сай;

б нейроуыттылықты қоспағанда.

Нейроуыттылық дамыған жағдайда ұсынылатын пеметрексед пен цисплатин дозасының түзетілуі 3 кестеде берілген. 3 немесе 4 дәрежедегі нейроуыттануда емдеуді тоқтату қажет.

3 кесте – Пеметрексед (монотерапияда немесе біріктірілген емде) және цисплатин дозасын түзету

Нейроуыттылық дәрежесі

Пеметрексед дозасы (мг/м2)

Цисплатин дозасы (мг/м2)

0-1

Алдыңғы дозаның 100 % тағайындалады

Алдыңғы дозаның 100 % тағайындалады

2

Алдыңғы дозаның 100 % тағайындалады

Алдыңғы дозаның 50 % тағайындалады

Егер пациентте ауырлығы 3 немесе 4 дәрежедегі гематологиялық емес уыттану болса, дозаны екі рет азайтудан кейін пеметрекседпен емдеуді тоқтату немесе ауырлығы 3 немесе 4 дәрежедегі нейроуыттану болғанда дереу тоқтату керек.

Пациенттердің ерекше топтары

Егде жастағы пациенттер: 65 жастағы және одан асқан пациенттерде жағымсыз әсерлер туындау қаупінің артуы туралы деректер жоқ. Дозаларын азайту режимі жалпы нұсқауларға сәйкес болады.

Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттер: шумақтық сүзіліс (КК) көрсеткіштері 45 мл/минуттан кем емес болса, дозаны және енгізу режимін түзету қажет емес. КК 45 мл/мин аз пациенттерге пеметрексед қолдану ұсынылмайды (науқастардың осы санатында препаратты қолдану деректерінің жеткіліксіздігіне байланысты).

Бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттер: билирубин концентрациясы қалыптың жоғарғы шегінен (ҚЖШ) 1,5 есе асып кететін немесе аминотрансферазалар белсенділігі ҚЖШ 3 есе (бауырда метастаздар болмаса) немесе ҚЖШ 5 есе (бауырда метастаздар болмаса) асып кететін бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерде препаратты қолдану деректері жеткіліксіз.

Инфузия үшін ерітінді дайындау бойынша нұсқаулар

  • Еріткіш ретінде тек инъекцияға арналған 0,9 % натрий хлориді ерітіндісі пайдаланылады.

  • Инфузияға арналған ерітінді алу үшін құтының ішіндегісін 20 мл 0,9 % натрий хлориді ерітіндісінде 25 мг/мл концентрацияға дейін ерітеді. Әр құтыны лиофилизат толық еріп кеткенше ұқыпты шайқайды. Алынған ерітінді мөлдір болуы тиіс; ерітіндінің түсін түссізден сарғыш немесе жасылдау-сары түске дейін өзгеруіне жол беріледі. Әріқарай сұйылту қажет болады.

  • Алынған ерітіндінің сәйкесті көлемін 0,9 % натрий хлориді ерітіндісімен 100 мл дейін қосымша сұйылту қажет.

  • Енгізер алдында препарат ерітіндісінде бөлшектер мен түс өзгерісінің бар-жоғын қарап тексеру қажет.

  • Енгізуге арналған ерітіндіні дереу немесе 2-8 ºС температурада сақталған жағдайда 24 сағат ішінде пайдалану қажет, өйткені пеметрексед пен ұсынылған еріткіш құрамында бактерияға қарсы консерванттар жоқ.

  • Жоғарыда сипатталғандай дайындалған пеметрекседтің инфузиялық ерітінділері вена ішіне енгізуге арналған жинақтармен және поливинилхлорид пен полиолефиннен жасалған инфузияға арналған пакеттермен үйлеседі.

  • Пеметрексед ерітіндісі тек бір рет пайдалануға арналған. Пайдаланылмаған дәрілік препараттың кез келген мөлшері немесе қалдықтары қолданыстағы нормалар мен ережелерге сәйкес жойылуы тиіс.

    Препаратпен жұмыс істеу кезіндегі алдын ала сақтану шаралары: басқа да уыттылығы зор ісікке қарсы препараттар сияқты, пеметрекседтің инфузиялық ерітінділерімен жұмыс істеу және дайындау кезінде сақ болу керек. Қолғаптарды пайдалануға кеңес беріледі. Пеметрексед тері жабындарына түсіп кеткенде теріні дереу сабынды судың мол мөлшерімен мұқият жуып-шаю керек. Пеметрексед шырышты қабықтарға түсіп кеткенде оларды мол су мөлшерімен жуған жөн. Пеметрексед көпіршіктер түзілуін туындатпайды. Пеметрексед ерітіндісінің экстравазациясы болғанда арнайы у қайтарғы жоқ. Зерттеушілер салмақты оқиғалар болып бағаланбаған экстравазацияның бірнеше жағдайын тіркеген. Экстравазация жағдайында, көпіршіктер түзілуін туындатпайтын басқа препараттар жағдайындағы сияқты, қабылданған стандарттарға сәйкесті ем тағайындалу керек.

Жағымсыз әсерлері

Төменде фолий қышқылы мен В12 дәрумені қосылған пеметрекседпен монотерапия (өкпенің жергілікті таралған немесе метастаздық жалпақ жасушалы емес, ұсақ жасушалы емес обыры) кезінде байқалған жағымсыз реакциялар келесі жиілікке сәйкес атап көрсетілген: өте жиі ( 10 %); жиі ( 10 % және ≥ 1 %); жиі емес ( 1 % және ≥ 0,1 %); сирек ( 0,1 %).

Қан түзу жүйесі тарапынан: өте жиілейкопения, нейтропения, анемия; жиі – тромбоцитопения.

Ас қорыту жүйесі тарапынан: өте жиі – жүрек айну, құсу, анорексия, стоматит/фарингит, диарея; жиі – аланинаминотрансфераза (АЛТ) және аспартатаминотрансфераза (АСТ) белсенділігінің жоғарылауы, іш қату, іштің ауыруы.

Тері және тері қосалқылары тарапынан: өте жиі – бөртпе/қабыршақтану; жиі – тері қышынуы, алопеция, мультиформалы эритема.

Шеткері жүйке жүйесі тарапынан: жиі – сенсорлы немесе моторлы нейропатия.

Несеп бөлу жүйесі тарапынан: жиісарысулық креатинин концентрациясының жоғарылауы.

Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан: жиі емес – суправентрикулярлы аритмия.

Басқалары: өте жиі – қатты қажу; жиі – қызба, нейтропениясыз екіншілік инфекциялардың қосылуы, фебрильді нейтропения, аллергиялық реакциялар.

Төменде фолий қышқылы мен В12 дәрумені қосылған пеметрекседті цисплатинмен біріктіріп қолдану (өкпенің жергілікті таралған немесе метастаздық жалпақ жасушалы емес, ұсақ жасушалы емес обыры) кезінде байқалған жағымсыз реакциялар келесі жиілікке сәйкес тізбеленген: өте жиі ( 10 %); жиі ( 10 % және ≥ 1 %); жиі емес ( 1 % және ≥ 0,1 %); сирек ( 0,1 %).

Қан түзу жүйесі тарапынан: өте жиілейкопения, нейтропения, анемия, тромбоцитопения.

Ас қорыту жүйесі тарапынан: өте жиі – жүрек айну, құсу, анорексия, стоматит/фарингит, диарея, іш қату; жиі – диспепсия, қыжыл, АЛТ және АСТ белсенділігінің жоғарылауы; жиі емес – гаммаглютамилтрансфераза (ГГТ) белсенділігінің жоғарылауы.

Тері және тері қосалқылары тарапынан: өте жиі – алопеция; жиі – бөртпе/қабыршақтану.

Шеткері жүйке жүйесі тарапынан: жиі – сенсорлы нейропатия, дәм сезудің нашарлауы; жиі емес – моторлы нейропатия.

Несеп бөлу жүйесі тарапынан: өте жиісарысулық креатинин концентрациясының жоғарылауы; жиі креатинин клиренсінің төмендеуі, бүйрек жеткіліксіздігі.

Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан: жиі емес – аритмия.

Тыныс алу ағзалары тарапынан: жиі емес – кеуде қуысының ауыруы.

Басқалары: өте жиі – қатты қажу; жиі – екіншілік инфекциялардың қосылуы, конъюнктивит, сусыздану, фебрильді нейтропения, дене температурасының көтерілуі.

Төменде бірінші желіден кейін үдеуі болмайтын пациенттерде фолий қышқылы және В12 дәрумені қосылған демеуші ем ретіндегі пеметрекседпен монотерапия (өкпенің жергілікті таралған немесе метастаздық жалпақ жасушалы емес, ұсақ жасушалы емес обыры) кезінде байқалған жағымсыз реакциялар келесі жиілікке сәйкес тізбеленген: өте жиі ( 10 %); жиі ( 10 % және ≥ 1 %); жиі емес ( 1 % және ≥ 0,1 %); сирек ( 0,1 %).

Қан түзу жүйесі тарапынан: өте жиіанемия; жиі – лейкопения, нейтропения, тромбоцитопения.

Ас қорыту жүйесі тарапынан: өте жиі – жүрек айну, анорексия; жиі – құсу, шырышты қабықтар қабынуы/стоматит, диарея, іш қату, АЛТ және АСТ белсенділігінің жоғарылауы.

Тері және тері қосалқылары тарапынан: жиі – бөртпе/қабыршақтану, алопеция, терінің қышынуы; жиі емес – мультиформалы эритема.

Шеткергі жүйке жүйесі тарапынан: жиі – сенсорлы және моторлы нейропатия.

Несеп бөлу жүйесі тарапынан: жиісарысулық креатинин концентрациясының жоғарылауы, КК төмендеуі, бүйрек жеткіліксіздігі.

Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан: жиі емес – суправентрикулярлы аритмия.

Тыныс алу ағзалары тарапынан: жиі емес – кеуде қуысының ауыруы.

Басқалары: өте жиі – қатты қажу; жиі – ісінулер, ауыру синдромы, фебрильді нейтропения, екіншілік инфекциялардың қосылуы, нейтропениясыз қызба, конъюнктивит, көз жасының көп ағуы, бас айналу; жиі емес – аллергиялық реакциялар, өкпе артериясы тромбоэмболиясы.

Төменде фолий қышқылы және В12 дәрумені қосылған пеметрекседті цисплатинмен біріктіріп қолдану (плевраның қатерлі мезотелиомасы) кезінде байқалған жағымсыз реакциялар келесі жиілікке сәйкес тізбеленген: өте жиі ( 10 %); жиі ( 10 % және ≥ 1 %); жиі емес ( 1 % және ≥ 0,1 %);сирек ( 0,1 %).

Қан түзу жүйесі тарапынан: өте жиілейкопения, нейтропения, анемия, тромбоцитопения.

Ас қорыту жүйесі тарапынан: өте жиі – жүрек айну, құсу, анорексия, стоматит/фарингит, диарея, іш қату; жиі – диспепсия, АЛТ, АСТ және ГГТ белсенділігінің жоғарылауы.

Тері және тері қосалқылары тарапынан: өте жиі – бөртпе, алопеция.

Шеткергі жүйке жүйесі тарапынан: өте жиі – сенсорлы нейропатия; жиі – дәм сезудің бұзылуы; жиі емес – моторлы нейропатия.

Несеп бөлу жүйесі тарапынан: өте жиісарысулық креатинин концентрациясының жоғарылауы, креатинин клиренсінің төмендеуі; жиі бүйрек жеткіліксіздігі.

Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан: жиі емес – аритмия.

Тыныс алу ағзалары тарапынан: жиі – кеуде қуысының ауырулары.

Басқалары: өте жиі – қатты қажу; жиі – конъюнктивит, сусыздану, фебрильді нейтропения, екіншілік инфекциялардың қосылуы, дене температурасының қосылуы, есекжем.

Басқа клиникалық зерттеулерде пеметрексед қолдану кезінде байқалған жағымсыз әсерлер: миокард инфарктісін, стенокардия, инсульт, ми қан айналымының өткінші бұзылуын қоса, күрделі жүрек-қантамырлық және цереброваскулярлы жағымсыз құбылыстар пеметрекседті ісікке қарсы басқа препараттармен біріктіріп қолдану кезінде жиі емес; бұл орайда, негізінен, жүрек-қантамыр бұзылуларының қауіп факторлары бар пациенттерде байқалды.

Панцитопения, эзофагит/сәулелі эзофагит жағдайлары жөнінде де хабарлануы жиі емес. Сирек жағдайларда ауыр дәрежеде болуы ықтималды гепатит дамуы аталды. Пеметрексед қолдану кезінде колит (соның ішінде, кейде өліммен аяқталатын ішектен және ректальді қан кету; ішек қабырғасының тесілуі, ішек қабырғасы некрозы және соқыр ішектің қабынуы) және тыныс алу жеткіліксіздігімен, кейде өліммен аяқталатын интерстициальді пневмонит жағдайлары тіркелді (жиі емес).

Клиникалық зерттеулер нәтижелері бойынша пациенттердің шамамен 1 %-да кейбір жағдайларда өліммен аяқталатын сепсистің дамуы болды.

Постмаркетингтік деректер: жиі емес – ісінулер, кейбір жағдайларда некроздың дамуымен аяқ-қол ишемиясы, жедел бүйрек жеткіліксіздігі, сәулелі пневмонит; сирек – кейіннен пеметрексед тағайындалғанда бұрын сәулелі ем алған пациенттерде сәулемен емдеуге ұқсас тері реакцияларының (сәулеленуге анамнездік реакция) қайта даму жағдайлары болды; сондай-ақ кейбір жағдайларда өліммен аяқталатын Стивенс-Джонсон синдромы мен уытты эпидермалық некролизді қамтитын буллёзді дерматит жағдайлары тіркелді; сирек гемолиздік анемия, анафилаксиялық шок дамыған жағдайлар хабарланды.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • пеметрекседке немесе препарат құрамына кіретін қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық;

  • миелосупрессия (нейтрофилдердің абсолютті саны < 1500/мкл, тромбоциттердікі < 100000/мкл);

  • айқын бүйрек жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі (КК) < 45 мл/мин);

  • жүктілік және бала емізу кезеңі;

  • 18 жасқа дейінгі балаларға (тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы жеткілікті деректердің болмауы);

  • сары қызба профилактикасында вакцинамен бір мезгілде қолдану.

Сақтықпен: бауыр функциясының бұзылуында, жүрек-қантамыр жүйесінің ауыр ауруларында, соның ішінде миокард инфарктісінде және ми қан айналымының бұзылуында.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Іn vitro зерттеулері пеметрекседтің ОАТ3 (3 типті адам органикалық аниондарының тасымалдаушысы) арқылы белсенді секрециялануын көріністеді. Нефроуытты препараттармен (аминогликозидтер, «ілмекті диуретиктер», құрамында платина бар препараттар, циклоспорин сияқты) және/немесе өзекшелік секреция арқылы бүйрекпен шығарылатын заттармен (мысалы, пробеницид) бірге қолдану пеметрексед клиренсінің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Іn vitro зерттеулерінің нәтижелері пеметрекседтің CYP3A, CYP2D6, CYP2C9, CYP1A2 изоферменттерімен метаболизденетін препараттармен тым аз өзара әрекеттесуін айғақтайды.

Пеметрексед фармакокинетикасы фолий қышқылын ішке, В12 дәруменін бұлшықет ішіне қолданғанда және цисплатинмен біріктіріп қолданғанда өзгермейді. Платина туындыларының жалпы клиренсі пеметрекседті қолданғанда бұзылмайды.

Қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды (ҚҚСП) жоғары дозаларда (мысалы, тәулігіне 1600 мг-ден көп ибупрофен немесе тәулігіне 1300 мг-ден көп ацетилсалицил қышқылы) пеметрексед емімен бір мезгілде қолдану тіпті бүйрек функциясы қалыпты (КК ≥ 80 мл/мин) пациенттерде пеметрексед клиренсінің төмендеуіне және оның жағымсыз әсерінің күшеюіне әкелуі мүмкін.

Ауырлығы жеңіл және орташа дәрежедегі (КК 45-79 мл/мин) бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге пеметрекседті қолданар алдында 2 күн ішінде, пеметрексед қолданған күні және қолданудан кейін 2 күн бойы жартылай шығарылу кезеңі қысқа ҚҚСП қолдану ұсынылмайды.

Пеметрексед пен жартылай шығарылу кезеңі ұзақ ҚҚСП (пироксикам, рофекоксиб) арасында өзара әрекеттесу мүмкіндігі туралы деректер болмауына орай, ҚҚСП алатын жеңіл немесе орташа айқындылық дәрежесіндегі бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер пеметрексед енгізуден 5 күн бұрын, пеметрексед енгізілген күні және енгізуден кейін 2 күн бойы оларды қолдануды тоқтатуы тиіс. Егер ҚҚСП бірге қолдану қажет болса, пациенттер уыттылыққа, әсіресе, миелосупрессияға және асқазан-ішек жолы (АІЖ) тарапынан уыттануға қатаң мониторинг өткізу қажет.

Пеметрексед Рингер лактат ерітіндісімен және Рингер ерітіндісімен үйлеседі. Пеметрекседті басқа препараттармен және ерітінділермен (0,9 % натрий хлориді ерітіндісін қоспағанда) бірге қолдану зерттелмеген, сондықтан да ұсынылмайды.

Тірі әлсіретілген вакциналармен бір мезгілде қолданғанда вакциналық вирустың көбею үдерісінің қарқындауы, оның жағымсыз/қолайсыз әсерлерінің күшеюі және/немесе пациент организмінде вакцина енгізуге жауап ретінде антиденелер өндірілуінің төмендеуі мүмкін.

Ішуге арналған антикоагулянттармен бір мезгілде қолданғанда Халықаралық қалыптасқан қатынасты (ХҚҚ) жүйелі бақылап отыру керек.

Айрықша нұсқаулар

Пеметрекседпен емдеу ісікке қарсы химиялық ем қолдану тәжірибесі бар дәрігердің қадағалауымен ғана жүргізілуі тиіс.

Миелосупрессия пеметрекседтің дозаны шектейтін уыттылығы болып табылады.

Пеметрекседті әрбір енгізудің алдында лейкоцитарлық формула мен тромбоциттер саны есептелетін жалпы қан талдауын жасау қажет.

Бүйрек және бауыр функциясын бағалау үшін мезгіл-мезгіл биохимиялық қан талдауын жасау қажет.

Препарат қолдануды бастар алдында нейтрофилдердің абсолютті саны ≥ 1500/мкл, тромбоциттердікі ≥ 100000/мкл құрауы тиіс.

Фолий қышқылы мен В12 дәруменін тағайындау пеметрекседтің уыттылығын және фебрильді нейтропения әрі ауырлығы 3/4 дәрежедегі нейтропениямен болатын инфекция сияқты гематологиялық және ауырлығы 3/4 дәрежедегі гематологиялық емес уыттану кезінде дозаны азайту қажеттілігін төмендетеді.

Пеметрекседпен ем басталуынан 1 күн бұрын, пеметрексед енгізілген күні және енгізуден кейінгі келесі күні тәулігіне 2 рет 4 мг дозада дексаметазон (немесе оның аналогын) тағайындау дерматологиялық реакциялардың жиілігі мен айқындылығын төмендетеді.

Серозды қуыстарда болатын жалқықтың (асцит немесе плеврит) пеметрексед әсеріне ықпал етуі түпкілікті белгісіз. Серозды қуыстарында жалқық бар, тұрақты күйде болатын пациенттерде плазмадағы стандартты дозада енгізілетін пеметрекседтің концентрацияларында немесе оның клиренсінде, ондай жалқық жоқ пациенттермен салыстырғанда, айрымашылықтар болмаған. Осылайша, пеметрекседпен емдеуді бастар алдында жалқықты дренаждау мүмкіндігін қарастыру керек, алайда, бұл міндетті шарт емес.

Пеметрекседпен ем кезінде және одан кейін кем дегенде 6 ай бойы контрацепцияның сенімді әдістерін пайдалану қажет.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Пеметрекседтің көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне ықпалы зерттелмеген. Алайда, қатты қажу сияқты препараттың кейбір жағымсыз әсерлері көлік құралдарын басқару және жоғары зейін қою мен психомоторлық реакциялар шапшаңдығы талап етілетін аса қауіпті қызмет түрлерін орындау қабілетіне теріс әсер етуі мүмкін.

Артық дозалануы

Күтілетін артық дозалану асқынулары нейтропения, тромбоцитопения және анемиямен көрініс беретін сүйек кемігі функциясының бәсеңдеуін қамтиды. Екіншілік инфекциялар, диарея, шырышты қабықтар қабынуының, бөртпенің қосылуын да байқауға болады.

Препараттың артық дозалануына күдік туындаған жағдайда жалпы қан талдауын жүйелі бақылау керек.

Емі: симптоматикалық ем, кальций фолинатын немесе фолин қышқылын дереу қолдануды қоса.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған 500 мг лиофилизат түсті пластмасса қақпақшасы бар алюминий қалпақшамен қаусырылған, резеңке тығынмен бекітілген сыйымдылығы 50 мл түссіз мөлдір шыны құтыларда. Пластик тұғырдағы 1 құты қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшада.

Сақтау мерзімі

2 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды!

Сақтау шарттары

30 °С-ден аспайтын температурада. Дайындалған ерітіндіні 2 °С-ден 8 °С дейінгі температурада 24 сағаттан асырмай сақтауға болады.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы.

Өндіруші

«Парагвай фармацевтикасы С.А.», Парагвай

Вальдино Рамон Ловера және Дел Кармен, Фернандо Де Ла Мора, Парагвай

Тіркеу куәлігінің иесі

«Толмар Корп.», Панама

50-ші көше, P.H. Глобал Плаза – 6-шы қабат, 0834-01843, Панама,

Панама Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттар сапасына қатысты шағымдар (ұсыныстар) қабылдайтын; дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

«Толмар Корп.» компаниясының өкілдігі, Панама

Қазақстан Республикасы, 050012, Алматы қ., Амангелді к-сі, 49а үй

info@tolmar.ru

12

Прикрепленные файлы

320593741477976195_ru.doc 52.79 кб
312933301477977443_kz.doc 163.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники