Перьета
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Перьета
Халықаралық патенттелмеген атауы
Пертузумаб
Дәрілік түрі
Инфузиялық ерітінді дайындауға арналған концентрат 420 мг/14 мл
Құрамы
Бір құтының ішінде
белсенді зат - пертузумаб 420 мг,
қосымша заттар: L-гистидин, мұзды сірке қышқылы, сахароза, полисорбат 20, инъекцияға арналған су
Сипаттамасы
Мөлдір немесе бозаңданатын түссіз немесе сәл қоңыр түсті сұйықтық.
Фармакотерапиялық тобы
Ісікке қарсы препараттар. Басқа да ісікке қарсы препараттар. Моноклональді антиденелер. Пертузумаб.
АТХ коды L01ХС13
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Пертузумабтың фармакокинетикалық параметрлері жасына, жынысына және этникалық айырмашылығына тәуелсіз.
Сіңуі
Пертузумаб көктамыр ішіне енгізіледі. Препаратты енгізудің басқа жолдары зерттелмеген.
Таралуы
Орталық камерадағы (VC) және шеткергі камерадағы (VP) таралу көлемі тиісінше 3,11 л және 2,46 л құраған.
Метаболизм
Пертузумаб метаболизмі зерттелмеген. Басқа да антиденелер сияқты пертузумаб көбіне катаболизмге ұшырайды.
Шығарылуы
Пертузумаб клиренсі шамамен 0,239 л/тәулік құрайды, жартылай шығарылу кезеңі (Т1/2) шамамен 17,2 күнге тең.
Емделушілердің ерекше топтарындағы фармакокинетикасы
Егде және қарттық жастағы емделушілер
Егде және қарттық жастағы емделушілер тобында пертузумаб фармакокинетикасының арнайы зерттеулері жүргізілмеген. Популяциялық талдау нәтижелері адам жасының пертузумабтың фармакокинетикалық параметрлеріне әсер етпейтіні туралы айғақтайды.
Бүйрек функциясы бұзылуы бар емделушілер
Бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілер тобында пертузумаб фармакокинетикасының арнайы зерттеулері жүргізілмеген. Популяциялық талдау нәтижелері бойынша бүйрек жеткіліксіздігі пертузумаб экспозициясына әсер етпейді. Алайда орташа және ауыр дәрежелі бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілер үшін деректер шектеулі.
Фармакодинамикасы
Пертузумаб – ісікке қарсы дәрі, ол адамның 2 типті (HER2) эпидермальді өсу факторының рецепторының жасушадан тыс II субдоменімен димеризацияға іріктеп жауап беретін рекомбинантты гуманизацияланған моноклональді антидене болып табылады. Пертузумабтың II субдоменмен байланысуы EGFR (адам өсуінің эпидермальді факторының рецепторы), HER3 (адам өсуінің эпидермальді факторының 3-ші типті рецепторы) және HER4 (адам өсуінің эпидермальді факторының 4-ші типті рецепторы) қоса, басқа HER тобының басқа ақуыздарымен HER2 лиганд-тәуелді гете-родимеризациясының үдерісін бөгейді. Осылайша, пертузумаб лиганд-бастамалаған жасуша ішілік сигналдар берілісін екі негізгі сигнал жолы бойынша тежейді: митоген-белсендірілген протеинкиназа (МАР) жолы және фосфоинозитид-3-киназа (PI3K) жолы. Сигналдар жолы деректерінің бәсеңдетілуі тиісінше жасуша өсуінің тоқтауына және апоптозға алып келуге қабілетті. Бұдан басқа, пертузумаб антиденеге тәуелді жасушалық цитоуыттылықтың (АЗКЦ)
активациясына ықпал етеді.
Пертузумаб моноагент түрінде адам ісігі жасушаларының пролиферациясын тежейді. Оны трастузумабпен біріктірілімде қолданғанда HER2 гиперэкспрессиялы ксенотрансплантаттар моделінде пертузумабтың ісікке қарсы белсенділігі күшейгені көрсетілген.
Иммуногенділігі
Трастузумабпен және доцетакселмен ем қабылдаған емделушілердің шамамен 6,2%-да және трастузумабты доцетакселмен және пертузумабпен біріктірілімде қабылдаған емделушілердің 2,8%-да емге қарсы антидене анықталды. Препаратқа анафилактикалық/ аллергиялық реакциялар дамуымен бар антидене түзілуінің анық байланысы 34 емделушінің бірінде де анықталмаған.
Иммуногенділік талдауының нәтижелері елеулі дәрежеде талдаудың сезімталдығы және арнайылығы, талдау жүргізудің әдістемесі, алынған үлгілермен манипуляция, үлгілерді алу уақыты, қатарлас препараттар және негізгі аурудың сипаты сияқты әртүрлі факторларға тәуелді. Осы түсінік тұрғысынан алғанда, пертузумабқа антидене анықталу жиілігін және басқа биологиялық препараттарға антидене анықталу жиілігін салыстыру ақпаратты емес болуы мүмкін.
Қолданылуы
Гиперэкспрессиялы HER2 ісігі бар сүт безінің метастазданатын обыры немесе операцияла жасауға болмайтын жергілікті-қайталанатын (МРМЖ) обыры:
-
бұрын негізгі ауру себебі бойынша ем (анти-HER2 және химиялық емін) алмаған емделушілерді емдеу үшін трастузумабпен және доцетакселмен біріктірілімде
Сүт безі обырының неоадъювантты емі
-
жергілікті таралған (қабыну түрін қоса) немесе ісік мөлшері 2 см диаметрінен астам болған жағдайда сүт безі обыры үшін фторурацил, эпирубицин және циклофосфамид (FEC сызбасы) немесе карбоплатин қосылатын ем сатысы ретінде трастузумабпен және доцетакселмен біріктірілімде неоадъювантты химиялық ем құрамында.
Қолдану тәсілі және дозалары
Ем бастар алдында ісікке HER2-статусына міндетті түрде зерттеу жүргізу керек. Ісіктің HER2 гиперэкспрессиясы иммуногистохимиялық зерттеудің немесе амплификацияның негізгі дәрежесінің ≥2.0 гибридизациясы in situ (ISH) нәтижелері бойынша 3+ балл негізінде анықталады. Тестілеудің дәл және валидацияланған әдістерін пайдалану керек.
Перьета препаратын тек көктамыр ішіне тамшылатып қана енгізеді! Препаратты сорғалатып немесе болюсті енгізуге болмайды!
Сүт безінің метастазданатын обыры
Перьета препаратының жүктеме дозасы 60 минуттық көктамырішілік тамшылататын инфузия түріндегі дене салмағына 840 мг құрайды, содан кейін әрбір 3 аптадан кейін Перьета препаратын енгізуді демеуші 420 мг 30-60-минуттық инфузия түрінде қайталайды.
Перьета препаратын Герцептин препаратымен біріктірілімде қолданғанда жүктеме дозасы дене салмағына қарай 8 мг/кг құрайды, содан кейін әрбір 3 аптадан соң Герцептин енгізуді дене салмағына қарай 6 мг/кг демеуші дозада 90-минуттық инфузия түрінде қайталайды.
Перьета препаратымен біріктірілімде қолданғанда доцетакселдің ұсынылатын бастапқы дозасы көктамырішілік инфузия түріндегі 75 мг/м2 құрайды. Содан кейін препаратты сол дозада әрбір 3 апта сайын енгізу керек. Доцетаксел дозасы жақсы жағымды болған жағдайда 100 мг/м2 дейін арттырылуы мүмкін.
Көрсетілген дәрілік заттар бірізді енгізілуі тиіс. Перьета және трастузумаб кез келген тәртіпте енгізілуі мүмкін. Егер емделуші доцетаксел қабылдап жүрсе, онда оны Перьета препараты және трастузумаб енгізгеннен кейін енгізу керек. Перьета препаратының әр инфузиясынан кейін Герцептин немесе доцетаксел препаратын кез келген келесі құюды бастағанға дейін 30-60 минут бойына бақылау кезеңі ұсынылады.
Сүт безі обырының неоадъювантты емі
Перьета, Герцептин және доцетаксел жоғарыда сипатталған тәртіпте, ем сызбаларының бірінің аясында енгізіледі:
-
FEC сызбасынан кейін 3 цикл бойына
-
FEC сызбасын жүргізу алдында 4 цикл бойына
-
бір мезгілде карбоплатин қолдана отырып 6 цикл бойына (берілген жағдайда доцетаксел дозасын 75 мг/м2 астам арттыру ұсынылмайды).
Бүгінгі күні антрациклиндер мен Перьета препаратын бір мезгілде енгізуді ұсынуға негіз болатын деректер жеткіліксіз.
Емнің ұзақтығы
Сүт безінің метастазданатын обырын емдегенде ауру үдегенге дейін немесе көтере алмайтын уыттылық дамығанға дейін емді жалғастыру керек.
Сүт безі обырын неоадъювантты емдеуде Перьета препаратын қолданғанда ем сызбасына қарай 3-тен 6 циклға дейінгі мерзімде ұсынылған, осыдан кейін адъювантты режимде Герцептин препаратын жинақта 1 жылға дейін тағайындау жалғастырылады.
Жоспарлы енгізуде өткізу
Егер Перьета препаратын жоспарлы енгізуде өткізіп алу 6 аптадан азды құраса, келесі жоспарлы енгізуді күтпестен, 30-60 минуттық тамшылатқыш инфузия түрінде 420 мг дозада мүмкін болғанша тезірек енгізу керек.
Егер Перьета препаратын енгізудегі үзіліс 6 апта және одан көпті құраса, бастапқы 840 мг дозада 60 минуттық тамшылатқыш инфузия түрінде енгізу керек. Осыдан кейін препаратты 420 мг дозада әр 3 аптада 30-60 минуттық тамшылатқыш инфузия түрінде енгізуді жалғастыру керек.
Дозаны төмендету
Перьета препаратының дозасын төмендету ұсынылмайды.
Герцептин препаратын тоқтатқан жағдайда Перьета препаратын да тоқтату керек.
Доцетаксел препаратын тоқтатқан жағдайда Перьета және Герцептин препараттарымен емдеуді ауру үдегенге дейін немесе көтере алмайтын уыттылық дамығанға дейін жалғастыруға болады.
Герцептин препаратының дозасын төмендету ұсынылмайды.
Доцетаксел дозасын модификациялау бойынша ұсыныстарды - доцетаксел препаратын медициналық қолдану бойынша нұсқаулықтан қараңыз.
Инфузиялық реакциялар
Инфузия жылдамдығын емделушіде инфузиялық реакциялар туындағанда баяулату немесе тоқтату керек. Аса жоғары сезімталдық реакциялары (анафилаксия) дамығанда инфузияны дереу үзу керек.
Сол жақ қарынша функциясының бұзылуы
Перьета және Герцептин препараттарын енгізу төмендегі жағдайларда ең кемі 3 аптаға тоқтатылуы тиіс:
- сол жақ қарынша лықсытуы фракциясының (СЖҚЛФ) 40% төмен деңгейге дейін төмендеуі;
- СЖҚЛФ мәні 40-45%, алайда емге дейінгі бақыланған көрсеткіштерге қатысты төмендеуі 10% және одан астамды құрайды.
Егер СЖҚЛФ көрсеткіші 45% және одан астамға дейін қалпына келген жағдайда немесе 40-45% құраса ғана Перьета және Герцептин препараттарымен емдеуді жаңғыртуға болады, бұл арада емге дейінгі көрсеткіштерге қатысты төмендеуі 10% аз болады.
Егер 3 аптадан кейін қайта бағалау деректері бойынша СЖҚЛФ ұлғаймаса немесе оның одан әрі төмендеуі орын алса, егер нақты әр жағдайда оларды қолданудың пайдасы қаупінен астам болмаса ғана Перьета және Герцептин препараттарымен емдеуді тоқтату керек.
Емделушілердің ерекше тобындағы дозалау
Егде және қарттық жастағы емделушілер.
Егде және қарттық жастағы емделушілерде доза түзету талап етілмейді.
Балалық жастағы емделушілер
18 жастан кіші емделушілерде Перьета препаратының тиімділігі мен қауіпсіздігі зерттелмеген.
Бүйрек функциясының бұзылуы бар емделушілер
Ауырлығы жеңіл және орта дәрежелі бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде Перьета препаратының дозасын түзету талап етілмейді.
Бауыр функциясының бұзылуы бар емделушілер
Бауыр функциясының бұзылуы бар емделушілерде Перьета препаратының тиімділігі мен қауіпсіздігі зерттелмеген.
Инфузияға арналған ерітінді дайындау
Назар аударыңыз: Перьета препараты глюкоза ерітіндісімен 5% үйлесімсіз!
Бұндай ерітіндіде сұйылту Перьета препаратының химиялық және физикалық тұрақсыздығына алып келеді. Перьета препаратын басқа дәрілік заттармен бірге араластыруға немесе сұйылтуға болмайды.
Перьета препаратының ерітіндісі поливинилхлоридтен, полиэтилен және полиолефиннен жасалған инфузиялық пакетпен үйлесімді.
Препаратты енгізуге дайындау асептикалық жағдайларда жүргізілуі тиіс.
Перьета препаратының құрамында микробқа қарсы консерванттар болмайды. Осыған байланысты инфузия үшін дайындалған ерітіндінің стерильділігін сақтау үшін сақтық шараларын қолдану керек.
Барлық сұйық концентратты құтыдан (құтылардан) жинап алу керек және оны 250 мл 0,9% натрий хлоридінің ерітіндісі бар инфузиялық пакетке енгізу керек. Дайын ерітіндінің концентрациясы шамамен жүктемелік үшін 3,36 мг/мл (840 мг/250 мл), демеуші доза үшін 1,68 мл (420 мг/250 мл) құрайды.
Содан кейін көбік түзілуін болдырмастан, ерітіндіні араластыру үшін инфузиялық пакетті сақтықпен аудару керек. Препаратты енгізер алдында механикалық қоспалар жоқтығын және бояуының өзгеруін көзбен тексеру керек. Инфузияға арналған ерітіндіні оны дайындағаннан кейін сол сәтте енгізеді.
Жеке дара жағдайларда егер инфузияға арналған ерітіндіні дайындау асептикалық және валидацияланған жағдайларда жүргізілсе, дайындалған ерітінді 2-8ºС температурада сақталуы мүмкін. Бұл арада сақтау шарттарына (сақтау ережелері және ұзақтығы) ерітіндіні дайындаған маман жауап береді.
Жағымсыз әсерлері
Перьета препаратын қолданудың қауіпсіздігі рандомизацияланған клиникалық зерттеулердің III фазасын жүргізу аясында 1600 емделушіден астамда, болмаса көбіне Перьета препаратын ісікке қарсы басқа препараттармен біріктірілімде қабылдаған, әртүрлі қатерлі жаңа түзілімдері бар науқастарда зерттеудің I және II фазасы аясында зерттелді. Жағымсыз құбылыстардың туындау жиілігі және кеңірек таралуы моноем ретінде пертузумабты пайдалануға немесе ісікке қарсы препараттармен бір мезгілде енгізуге байланысты ауытқып отырса да, I және II фаза зерттеулері нәтижелері бойынша анықталған Перьета препаратының қауіпсіздігі көрсеткіштері негізінен III фаза зерттеулері барысындағы бақылауларға сәйкес болды.
Перьета препаратын Герцептинмен және доцетакселмен біріктірілімде қолдануға байланысты кеңірек таралған (≥ 50%) жағымсыз әсері диарея, алопеция және нейтропения болды. NCI-CTCAE сәйкес 3-4 ауырлық дәрежесіндегі кеңірек таралған (≥ 10%) жағымсыз әсері нейтропения, фебрильді нейтропения және лейкопения болды. Перьета препаратын Герцептинмен біріктірілімде қабылдаған емделушілерде доцетакселмен емдеуді тоқтатқаннан кейін жиілігі көбірек жағымсыз әсерлері диарея (28,1%), тері бөртпесі (18,3%), жоғарғы тыныс алу жолдарының жұқпасы (18,3%), бас ауыруы (17,0%), назофарингит (17,0%), тері қышынуы (13,7%), шаршағыштық (13,4%), астения (13,4%) және артралгия (11,4%) болды.
Перьета препаратын неоадъювантты режимде Герцептинмен және доцетакселмен біріктірілімде тағайындағанда жиілігі көбірек (≥ 50%) жағымсыз әсері алопеция және нейтропения болды. NCI-CTCAE сәйкес 3-4 ауырлық дәрежесіндегі кеңірек таралған (≥ 10%) жағымсыз әсері нейтропения болды.
Перьета препаратын неоадъювантты режимде Герцептинмен және доцетакселмен біріктірілімде 3 цикл бойына тағайындағанда, оның соңынан FEC режиміндегі 3 цикл жүргізілгенде жиілігі көбірек (≥ 50%) жағымсыз әсері диарея, жүрек айнуы және алопеция болды. NCI-CTCAE сәйкес 3-4 ауырлық дәрежесіндегі кеңірек таралған (≥ 10%) жағымсыз әсері нейтропения және лейкопения болды.
Перьета препаратын неоадъювантты режимде Герцептинмен, карбоплатинмен және доцетакселмен біріктірілімде 6 цикл бойына тағайындағанда жиілігі көбірек (≥ 50%) жағымсыз әсері диарея және алопеция болды. NCI-CTCAE сәйкес 3-4 ауырлық дәрежесіндегі кеңірек таралған (≥ 10%) жағымсыз әсері нейтропения, фебрильді нейтропения, анемия, лейкопения және диарея болды.
Бұдан әрі қарай сүт безінің метастаздық обырында және сүт безі обырының жергілікті таралған, қабынбалы және ерте сатысын емдеудің неоадъювантты режимінде Перьета препаратын қабылдағанда бақыланған жағымсыз әсері бойынша жиынтық деректер берілген.
Туындау жиілігінің төмендегі категориялары пайдаланылды: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100-ден <1/10 дейін), жиі емес (≥ 1/1000-ден <1/100 дейін), сирек (≥ 1/10000 - <1/1000-ға), өте сирек (<1/10000).
Өте жиі:
-
алопеция, тері бөртпесі, тырнақ пластинкасының зақымдануы
-
шеткергі ісінулер
-
нейтропения, анемия, лейкопения, фебрильді нейтропения
-
жоғарғы тыныс жолдарының жұқпалары, назофарингит
-
диарея, жүрек айнуы, құсу, стоматит, іш қатуы, тәбет төмендеуі
-
қажығыштық, астения, дене температурасы жоғарылауы
-
миагия, артралгия
-
бас ауыруы, дәм сезу бұзылуы, шеткергі нейропатия, ұйқысыздық
Жиі:
-
тері қышынуы, терінің құрғауы, паронихия
-
ентігу, плевралық жалқық
-
бас айналуы, шеткергі сенсорлық нейропатия
-
сол жақ қарынша дисфункциясы
-
аса жоғары сезімталдық реакциялары
-
көз жасы сұйықтығы өнімінің артуы.
Сол жақ қарынша функциясы бұзылуы
CLEOPATRA базалық зерттеулер жүргізгенде ем уақытында сол жақ қарынша функциясы бұзылуының жиілігі Перьета препаратын қабылдаған топ емделушілеріне (8,6% және 6,6%, тиісінше) қарағанда плацебо қабылдау тобында жоғары болды. Сол жақ қарыншаның симптоматикалық систолалық дисфункциясы ауруы сондай-ақ Перьета препараты тобынан төмен болды (1,5% Перьета препараты тобымен салыстырғанда плацебо қабылдау тобында 1,8% болды).
NEOSPHERE зерттеулерін жүргізу аясында (емделушілер Перьета препаратын неоадъювантты режимде 4 цикл қабылдаған) сол жақ қарынша функциясы бұзылуының жиілігі (емнің барлық кезеңі бойына) Перьета (7,5%) + Герцептин + доцетаксел қабылдаған емделушілерде Герцептин және доцетаксел (1,9%) қабылдаған топқа қарағанда жоғары болды. Перьета және Герцептин препараттарын қабылдаған емделушілерде сол жақ қарыншаның симптоматикалы систолалық дисфункциясының бір жағдайы анықталды.
TRYPHAENA зерттеулерін жүргізу аясында сол жақ қарыншаның функциясы бұзылуының жиілігі (емнің барлық кезеңі бойына) алдымен Перьета + Герцептин + FEC қабылдаған, одан кейін емделушілер Перьета + Герцептин + доцетаксел қабылдаған емделушілер тобында 8,3% болды; алдымен Перьета + Герцептин + доцетаксел қабылдаған, одан кейін FEC режимін қабылдаған емделушілер тобында 9,3% болды және Перьета + Герцептин + карбоплатин қабылдаған емделушілер тобында 6,6% болды.
Антрациклиндер және Перьета препаратын қабылдаған емделушілерде сол жақ қарыншаның симптоматикалық систолалық дисфункциясының даму жиілігі (іркілісті жүрек жеткіліксіздігі) және Перьета препаратын басқа химия препараттарымен үйлесімде қабылдаған емделушілерде 1,3% болды.
Инфузиялық реакциялар
Зерттеудің III фазасын жүргізу аясында инфузиялық реакциялар ретінде кез келген нақты оқиға анықталды, мысалы аллергиялық реакция, анафилактикалық реакция, жедел инфузиялық реакция немесе тікелей инфузия кезінде немесе инфузиядан кейінгі күні болатын цитокиндер лықсыту синдромы. CLEOPATRA зерттеулерінде Перьета препаратының бастапқы дозасын препарат қабылдауға байланысты реакцияларды талдау үшін Герцептин және доцетаксел енгізу қарсаңында енгізген. Перьета препаратын енгізудің бірінші күні инфузиялық реакциялардың жалпы жиілігі плацебо тобындағы емделушілерде 9,8% және Перьета препараты тобындағы емделушілерде 13,2% құрады, бұл арада реакция дәрежесі жеңілден орташаға дейін ауытқыды. Перьета препаратын қабылдаған емделушілерде кеңірек таралған инфузиялық реакциялар (≥ 1,0%) гипертермия, қалтырау, қажу, бас ауыруы, астения және құсу болды.
Барлық дәрілерді бір күнде енгізген екінші цикл кезінде Перьета препаратын қабылдаған емделушілерде кеңірек таралған (≥ 1,0%) инфузиялық реакциялар қажығыштық, препаратқа аллергиялық реакциялар, дәм сезудің субъективті бұзылыстары, аса жоғары сезімталдық, миалгия және құсу болды.
NEOSPHERE және TRYPHAENA зерттеулерін жүргізу аясында Перьета препаратын басқа зерттелетін дәрілік заттармен бір күнде енгізген. Инфузиялық реакциялар CLEOPATRA зерттеулерін жүргізуде бақыланғандармен сәйкес келген, бұл арада реакция дәрежесі жеңілден орташаға дейін ауытқыған.
Аллергиялық реакциялар/анафилаксия
CLEOPATRA зерттеулерін жүргізу аясында аллергиялық реакциялар/анафилаксияның іс жүзіндегі дамуының жалпы жиілігі плацебо қабылдаған емделушілердің 9,3% және Перьета препаратын қабылдаған емделушілердің 11,3% құрады, олардың 2,5% және 2,0% тиісінше NCI-CTCAE 3-ші және 4-ші дәрежеге сәйкес болды. Негізінен алғанда, плацебо қабылдаған топтарда 2 емделушіде және Перьета препаратын қабылдаған 4 емделушіде анафилактикалық реакциялар дамығаны анықталған. Тұтас алғанда, аллергиялық реакциялардың көбінің ауырлығы жеңілден орташа дәрежеге дейін болған және ем аяқталғанша жойылған. Зерттелетін ем сызбасына енгізілген өзгерістер негізінде реакциялардың көпшілігі доцетаксел енгізуге қатысты екіншілік ретінде бағаланған.
NEOSPHERE және TRYPHAENA зерттеулерін жүргізгенде аллергиялық/анафилактикалық реакциялардың жиілігі CLEOPATRA зерттеулерін жүргізу аясында бақыланғандармен сәйкес келді. Перьета препаратын және доцетаксел қабылдаған екі емделушіде NEOSPHERE зерттеулерін жүргізгенде анафилактикалық реакциялардың дамығаны белгіленген. TRYPHAENA зерттеулерінде аллергиялық/анафилактикалық реакциялардың жалпы жиілігі Перьета препаратын және доцетакселмен, карбоплатинмен және трастузумабпен (13,2%) біріктірілімде қабылдаған емделушілерде ең жоғары болды, олардың 2,6% NCI-CTCAE ауырлықтың 3-4 дәрежесіне сәйкес болды.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-
пертузумабқа және/немесе препараттың қосымша ингредиенттеріне аса жоғары сезімталдық
-
18 жасқа дейінгі балалық және жасөспірімдік жас.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Перьета және трастузумаб, доцетаксел, гемцитабин, эрлотиниб және капецитабин препараттары арасындағы фармакокинетикалық өзара әрекеттесулерінің белгілері анықталмаған.
Перьета препараты глюкозаның 5% ерітіндісімен үйлесімсіз. Бұндай ерітіндіде сұйылту Перьета препаратының химиялық және физикалық тұрақсыздығына алып келеді. Перьета препаратын басқа дәрілік заттармен бірге араластыруға немесе сұйылтуға болмайды.
Перьета препаратының ерітіндісі поливинилхлорид, полиэтилен және полиолефиннен дайындалған инфузиялық пакеттермен үйлесімді.
Айрықша нұсқаулар
Перьета препаратымен емдеуді тек онколог бақылауымен ғана жүргізу керек. Басқа биологиялық өнімге алмастыру емдеуші дәрігер келісімімен жүргізілуі тиіс.
Белсенділігін бөгейтін препараттар қолдану аясында СЖҚЛФ төмендеу қаупі жоғары болуы мүмкін.
Науқастарды неоадъювантты емдегенде сол жақ қарынша дисфункциясы жағдайының мөлшері Герцептин және доцетаксел қабылдаған емделушілерге қарағанда Перьета препаратын қабылдаған емделушілерде көбірек болған. Сондай-ақ СЖҚЛФ төмендеу жағдайының санының артуы Перьета препаратын Герцептин және доцетакселмен үйлесімде қабылдаған емделушілерде байқалды; СЖҚЛФ деңгейі барлық емделушілердің 50%-нан астамындағы көрсеткішке дейін қалпына келді.
Перьета препаратын қолданудың қауіпсіздігі және тиімділігі ем бастар алдында СЖҚЛФ көрсеткіштері ≤50% науқастарда; сыртартқысында жүрек жеткіліксіздігі бар; Герцептин қолданған алдын ала адъювантты ем кезіндегі 50% аз СЖҚЛФ көрсеткіштері төмендеген науқастарда; мысалы, бақыланбайтын артериялық гипертензия, жуырда болған миокард инфарктісі жағдайы, емдеуді талап ететін күрделі жүрек аритмиясы, немесе доксорубицин немесе оның баламасы түрінде жалпы мөлшері > 360 мг/м2 антрациклиндерді алдын ала қолдану жай-күйі сол жақ қарынша функциясын бұзуы мүмкін науқастарда зерттелмеген.
СЖҚЛФ бұл мекемеде анықталған қалыпты мән шегінде екеніне көз жеткізу үшін СЖҚЛФ Перьета қолдануды бастар алдында бағалау керек және ем аясында ұдайы (сүт безінің метастаздық обырын емдеуде әр 3 ай сайын және ең кемі неоадъювантты емде әр 6 апта сайын) анықтау керек. Егер СЖҚЛФ бастапқы мәнінен 10 пункттен астамға төмендегенде 40% азды немесе 40-45% құраса, Перьета және Герцептин препараттарын қолдануды тоқтату керек. Егер шамамен 3 апта бойына жүргізілген қайта бағалаудан кейін СЖҚЛФ көрсеткіші жақсармаса немесе оның одан әрі қарай төмендеуі жүрсе, оларды қолданудың артықшылығы нақты емделуші үшін қаупінен астам деп шешілмесе ғана Перьета және Герцептин препараттарын тоқтату туралы мәселені қарастыру керек.
Инфузиялық реакциялар және аса жоғары сезімталдық реакциялары
Перьета препаратын тағайындау инфузиялық реакциялар дамуымен астасқан. Перьета препаратын енгізгенде бірінші инфузия барысында және ол аяқталғаннан кейін 60 минут бойына, сондай-ақ содан кейінгі инфузиялар барысында және ол аяқталғаннан кейін 30 минут бойына емделушіні мұқият бақылау керек. Клиникалық мәні бар инфузиялық реакциялар дамығанда инфузия жылдамдығын баяулату керек немесе оны үзу керек және тиісті емдеу шараларын жүргізу керек. Емделушіні мұқият бақылау және оның жай-күйін бағалау симптомдар толық анықталғанға дейін ұсынылады. Ауыр инфузиялық реакциялары бар емделушілерде препаратты толық тоқтату қажеттігіне баға беру керек. Клиникалық баға беру дамыған реакциялардың ауырлығына, қолданылатын емнің жауабына негізделуі тиіс.
Емделушілердің аса жоғары сезімталдық реакцияларын мұқият бақылау керек. Клиникалық зерттеулерде анафилактикалық реакцияларды қоса, аса жоғары сезімталдықтың ауыр реакциялары дамуы жағдайлары байқалды. Осыған ұқсас жай-күйлерді емдеуге арналған дәрілік заттар, сондай-ақ реанимациялық жабдықтар қажет болғанда дереу пайдалану үшін дайын болуы тиіс.
Жүктілік және лактация
Перьета препаратын анасы үшін потенциалды пайдасы ұрық үшін қаупінен жоғары болатын жағдайларда болмаса, жүктілік кезеңінде тағайындаудан аулақ болу керек. Ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдерге Перьета препаратымен емдеу уақытында және ем аяқталғаннан кейін ең кемі 6 ай бойы контрацепцияның сенімді әдістерін пайдалану керек.
Жүктілік басталып кеткен жағдайда ұрыққа болуы мүмкін зиянды әсері туралы әйелге ескерту керек.
IgG емшек сүтімен секрецияланатындықтан, ал бала организміне болжамды әсері белгісіз болғандықтан, емшекпен емізуді немесе анасының денсаулығы үшін пайдасын және претузумаб препаратының жартылай шығарылу кезеңін ескере отырып, препарат тағайындауды тоқтату туралы шешім қабылдануы тиіс.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Перьета препаратының бұрыннан бар жағымсыз әсерлерін ескере отырып, препарат инфузиясын қабылдайтын емделушілерге автомобиль басқаруда және жоғары зейін шоғырландыруды талап ететін жұмыстарды орындауда сақ болу керек.
Артық дозалануы
Жүргізілген клиникалық зерттеулерде препараттың артық дозалану жағдайлары бақыланбаған. Дене салмағына қарай 25 мкг астам доза зерттелмеген.
Артық дозаланған жағдайда жағымсыз құбылыстардың симптомдарын анықтау және тиісті симптоматикалық ем тағайындау мақсатында емделушілерді мұқият бақылау керек
Шығарылу түрі және қаптамасы
Фторлы полимер жабындысы бар резеңке тығынмен және «flip-off» пластик қақпағы бар алюминий қалпақшамен тығындалған 1 типті түссіз шыны құтыларда 420 мг/14 мл препараттан.
1 құтыдан медициналық қолдану жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, 2 -ден 8 0С-ге дейінгі температурада сақтау керек. Мұздатып қатыруға болмайды.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
Рош Диагностикс ГмбХ., Маннхайм, Германия
Roche Diagnostics GmbH, Sandhofer Strasse 116, 68305 Mannheim, Germany
Тіркеу куәлігінің иесі
Ф. Хоффманн-Ля Рош Лтд., Базель, Швейцария
Қаптаушы
Ф. Хоффманн-Ля Рош Лтд., Кайзераугст, Швейцария
F. Hoffmann-La Roche Ltd, Wurmisweg СН-4303 Kaiseraugst, Switzerland
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан тауар сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын және фармакологиялық қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы:
«Рош Қазақстан» ЖШС
050000, Алматы
Қонаев к-сі, 77 үй, «Park View Office Tower» бизнес орталығы, 15 қабат
e-mail: kz.safety@roche.com, kz.quality@roche.com