Перца настойка
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Бұрыш тұндырмасы
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Сыртқа қолдануға арналған тұндырма
Құрамы
1 л тұндырманың құрамында
белсенді зат – 100 г біржылдық бұрыш жемістері
қосымша зат - 1 л–ге дейінгі 90% этил спирті
Сипаттамасы
Күйдіретін дәмі бар, қызғылт-сары түсті мөлдір сұйықтық
Фармакотерапиялық тобы
Тірек-қимыл аппараты ауруларын жергілікті емдеуге арналған препараттар.
Бұрыш негізіндегі препараттар.
АТХ коды М02АВ
Фармакологиялық қасиеттері
Бұрыш тұндырмасының құрамындағы негізгі әсер етуші зат - капсацин, ол жергілікті тітіркендіруші және алаңдатушы әсер береді.
Қолданылуы
Кешенді ем кезінде
-
- невралгияда
-
- радикулитте
-
- миозитте
Қолдану тәсілі және дозалары
Сыртқа – ысқылау үшін.
Жағымсыз әсері
Сирек аллергиялық бөртпелер байқалады
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-
жаралы беткейлер
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Анықталмаған
Айрықша нұсқаулар
Препараттың көзге, шырышты қабықтарға, терінің зақымданған жерлеріне түсуіне жол бермеу керек. Түскен жағдайда – ағынды судың көп мөлшерімен әбден жуу керек.
Жүктілік, лактация кезеңі
Дәрігердің тағайындауы бойынша қолданылуы мүмкін.
Балаларға
Дәрігердің тағайындауы бойынша қолданылуы мүмкін.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшіліктері
Әсер етпейді
Артық дозалануы
Анықталмаған
Шығарылу түрі және қаптамасы
Полиэтилен тығынмен тығындалған және бұрандалы қақпағы немесе тығыздағыш элементі бар полиэтиленді қақпағы бар, бұрандалы мойны бар шыны массадан жасалған құтыда 50 мл-ден.
Құтылар саны сәйкесінше медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге орама бумалар тобы немесе қораптық картоннан жасалған қорапқа немесе жылу ұстайтын полиэтилен үлбірге немесе гофрланған картоннан жасалған жәшіктерге салынады.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардан қорғау керек!
Сақтау мерзімі
4 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндiрушi
“ФАРМАЦИЯ 2010” ЖШС, Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ-сы. Чкалов к-сі 7, тел. 8 (7212) 42-67-34
Тіркеу куәлігінің иесі
“ФАРМАЦИЯ 2010” ЖШС, Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ-сы. Чкалов к-сі 7, тел. 8 (7212) 42-67-34
Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөнінде түскен шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
“Фармация 2010” ЖШС, Қазақстан Республикасы, 100019, Қарағанды қ-сы. Чкалов к-сі 7, тел./факс: 8 (7212) 42-67-34, е-mail: farmaciyakrg@mail.ru