Перметрин-Фарма

МНН: Перметрин
Производитель: Фармтехнология ООО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Permethrin
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019960
Информация о регистрации в РК: 21.06.2013 - 21.06.2018

Инструкция

Саудалық атауы

Перметрин-Фарма

Халықаралық патенттелмеген атауы

Перметрин

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған 5 мг/1 мл ерітінді

Құрамы

Бір құтының ішінде

белсенді зат –100 % затқа шаққанда перметрин (изомерлер қосындысы) – 300 мг;

қосымша заттар: 96 % этил спирті, изопропил спирті, макроголглицерин гидроксистеараты, тазартылған су.

Сипаттамасы

Мөлдір немесе сәл бозаңданған, түссізден қоңыр-сарғыш түске дейінгі ерітінді.

Фармакотерапиялық тобы

Эктопаразиттерді жоюға арналған препараттар. Пиретриндер. Перметрин.

АТХ коды P03A C04

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Перметринмен әрбір аппликациядан кейінгі сіңірілуі 2% артық емес. Жүйелі қан ағымына түскен заттардың бір бөлігі белсенді емес метаболиттерге дейін жылдам гидролизденіп, негізінен несеппен сыртқа шығарылады. Педикулезбен зақымданған беткейлерді бір мезгілде емдеу кезінде әсері 2-3 аптадан 6 аптаға дейін сақталады.

Фармакодинамикасы

Перметрин синтетикалық пиретроидтар цис- және транс-изомерлерінің қоспасы болып табылады. Бұл көптеген жәндіктерге, оның ішінде бит, бүрге, кенеге әсер ететін сыртқа пайдалануға арналған инсектицидті және акарицидті препарат. Балаңқұрттардың, сіркелер және жетілген дарақтардың қырылуын туғызады. Паразитке қарсы әсері натрий өзектері арқылы иондық өткізгіштігінің бұзылуы, жәндіктерге жүйке жасушалары жарғақшаларының поляризация (реполяризация) үдерісінің тежелуіне негізделген, бұл салдану әсеріне әкеледі. Перметриннің адам және жылы қанды жануарлар үшін уыттылығы аз.

 

Қолданылуы Ерітінді - бас педикулезін емдеуде - қасаға педикулезін емдеуде қолданылады

Қолдану тәсілі және дозалары

Дәрілік затты шаштың түбіріне ерітіндімен молынан ылғалдандырылған мақта тампонның көмегімен уқалай отырып, жағады. Әдетте шаштың қалыңдығы мен ұзындығына қарай бір адамға препараттың 10-нан 60 мл дейіні жұмсалады. Өңдеуден кейін басқа орамал тартып алып, ерітіндіні 40 минуттан кейін сабынмен немесе сусабынмен ағынды жылы сумен жуып тастайды. Жуғаннан кейін өлген жәндіктерден тазарту үшін шашты жиі тарақпен тарайды.

Қасаға биттерін жұқтырған кезде жыныс мүшелері шашты бөлігін ерітіндімен мұқият ылғалдап, содан соң толық құрғағанша күте тұру керек. Осы уақыт ішінде жетілген дарақтар мен сіркелер қырылады. Шаш кепкеннен кейін дәрі суға түскенде жуылып кетеді.

Жағымсыз әсерлері

Сирек жағдайларда тері тарапынан аллергиялық реакциялар орын алуы мүмкін.

Жергілікті реакциялар: бірнеше минуттан кейін қайтатын терінің шымылдатып ашытуы. Берілген нұсқаулықта көрсетілмеген жағымсыз әсерлері анықталғанда, дәрігерге хабарлау керек.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттерінің біріне жоғары сезімталдық

- аса жоғары сезімталдық

- жүктілік және лактация кезеңі

- 2 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Өңдеуді жақсы желдетілетін үй-жайда немесе далада жүргізеді. Ерітіндіні көз, мұрын, ауыз қуысының шырышты қабығына тигізбеген жөн. Шырышты қабықтарға кездейсоқ тигізіп алған жағдайда, оларды ағын сумен мұқият жуу керек.

Препаратпен өңдегеннен кейін қолды сабынмен жуып, ауызды ағынды сумен шаю керек.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препаратты автокөлік жүргізу немесе басқа механизмдермен жұмыс істеу, сондай-ақ қауіптілігі зор қызмет түрлерімен айналысқан кезде қолданбаған жөн.

Артық дозалануы

Артық дозалану жағдайлары туралы ақпараттар жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

60 мл-ден полиэтилентерефталаттан жасалған пластмасса құтыда немесе бұралатын полимер қалпақшалармен тығындалған дәрілік заттарға арналған пластмасса құтыларда. Әр құты медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Құтыны ашқаннан кейін 28 тәулік ішінде пайдалану керек.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Фармтехнология» ЖШҚ, Беларусь Республикасы, 220024, Минск қ., Корженевский к-сі 22 , тел: + 375 17 212 90 30, тел./факс + 375 17 212 12 59

Тіркеу куәлігінің иесі

«Фармтехнология» ЖШҚ, Беларусь Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«АМАНАТ» ЖШС, 100026, Қарағанды қ., Гапеев к-сі, 9/2

телефон: (7212) 77 02 00, 77 02 02

 

 

4

 

Прикрепленные файлы

123691771477976934_ru.doc 44.5 кб
497394671477978110_kz.doc 55 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники