Перметрин (спрей)

МНН: Перметрин
Производитель: Публичное акционерное общество "Стома"
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Permethrin
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№021264
Информация о регистрации в РК: 20.03.2015 - 20.03.2020
Номер регистрации в РБ: 8879/09/14/16/20
Информация о регистрации в РБ: 30.01.2020 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Перметрин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Перметрин

Дәрілік түрі

Баллондарда 50 г 0,5 % спрей

Бір баллонның ішінде

белсенді зат – 0.25 г перметрин

қосымша заттар: этоний, бензалконий хлориді, этанол (96%), тазартылған су.

Сипаттамасы

Сорғы типті клапаны бар баллонда болатын спиртке тән иісі бар түссіз немесе сәл сары түсті мөлдір сұйықтық. Препарат баллоннан шыққан кезде дисперсиялық ағын түрінде шашыратылады.

Фармакотерапиялық тобы

Эктопаразиттерді жоюға арналған препараттар (қотыр кенесін, инсектицидтерді, репелленттерді қоса). Эктопаразиттерді жоюға арналған препараттар (қотыр кенесін қоса). Пиретриндер. Перметрин.

АТХ коды Р03АС04

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Теріге аппликациядан кейінгі сіңірілуі 2% артық емес. Жүйелі қан ағымына түскен заттардың бір бөлігі белсенді емес метаболиттерге дейін жылдам гидролизденіп, негізінен несеппен сыртқа шығарылады. Педикулезбен зақымданған беткейлерді бір мезгілде өңдеу кезінде әсері 2 аптадан 6 аптаға дейін сақталады.

Фармакодинамикасы

Синтетикалық пиретроидтар тобына жататын жанаспалы әсері бар инсектицидті дәрі. Бунақ аяқтылардың көптеген түрлеріне (бит, бүрге, кене, оның ішінде қотырлық және басқа да эктопаразиттерге) қатысты тиімді және жылы қандылар үшін уыттылығы аз. Балаңқұрттардың, сіркелер және жыныстық жетілген дарақтардың жетілуі мен қырылуын туғызады.

Қолданылуы

- педикулезде (бастағы, қасағадағы).

Қолдану тәсілі және дозалары

Сыртқа.

Шашыратқыштың басын басып тұрып, препаратты шашқа шашыратады, әрі оны шаштың түбіне жағады. Препаратты шашыратқан кезде шашыратқыштың ұшын шаштан 3 см арақашықтықта ұстау қажет.

Өңдеуден кейін препаратты шашта 10-40 минутқа қалдырады (басқа орамал тартып алуға болады), содан соң сабынмен немесе сусабынмен ағынды жылы сумен жуып тастайды және әдеттегі тәсілмен құрғатады. Жуғаннан кейін өлген паразиттерден тазарту үшін шашты жиі тарақпен тарайды; тірі биттер табылып жатса, өңдеуді шашты келесі жуудың алдында немесе 7 күннен кейін қайталайды.

Препараттың шығыны шаштың қалыңдығы мен ұзындығына қарай - 10-нан 60 мл дейін.

Қасаға педикулезінде қасаға аймағының шашты бөлігі толық жабылғанша шашыратқыштың басын қысқа ғана басып, спрейді шашыратады.

30 минуттан кейін өңделген жерлерді сабынмен жуып, сумен мұқият шаяды.

Жағымсыз әсерлері

Жекелеген жағдайларда болуы мүмкін:

  • тері бөртулері және ісінуі түріндегі аллергиялық реакциялар;

  • жергілікті реакциялар – ашыту, шаншу немесе шымшылауды сезіну, терінің жансыздануы, қышынудың күшеюі, эритема.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- перметринге және препараттың қосымша заттарына жоғары сезімталдық;

- тері тұтастығының бұзылуы, терінің қабыну үдерістері және екіншілік жұқпалары;

- жүктілік, бала емізу;

- препаратты бронх демікпесі, обструктивті бронхиті бар науқастарға, оның ішінде сыртартқысында болғанда, препаратты деммен тартқанда бронх түйілуінің туындау қаупіне байланысты қолдануға болмайды;

- 3 жасқа дейінгі балаларға.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Препаратпен жұмыс істейтін медицина қызметкерлері қорғаныш қолғабын пайдалануы тиіс. Препарат тек қана сыртқа қолданылуы керек.

Өңдеуді жақсы желдетілетін үй-жайда немесе далада жүргізеді. Өңдеген кезде препараттың көз, мұрын, ауыз қуысы, несеп-жыныс мүшелерінің шырышты қабығына тигізбеген жөн. Шырышты қабықтарға кездейсоқ тигізіп алған жағдайда, судың көп мөлшерімен жуып-шайған жөн, өңдегеннен кейін қолды мұқият сабынмен жуып, ауызды ағынды сумен шаю керек.

Қайталап зақымдануды болдырмас үшін барлық отбасында қоздырғыштар болуын тексеру, киімді, бас киімдерді, мойын орағыштарды, төсек жаймаларын, тарақтарды және т.б зарарсыздандыру және науқаспен қарым-қатынаста болған адамдардың шаштарын өңдеу қажет.

Педиатрияда қолданылуы

Препаратты 3 жасқа дейінгі балаларға қолданылмайды.

Жүктілік және лактация кезеңі

Препаратты жүктілік және бала емізу кезеңінде қолданудың қауіпсіздігін зерттеу жүргізілмеген, демек препаратты жүктілік және бала емізу кезеңінде қолданбаған жөн.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Анықталмаған.

Артық дозалануы

Артық дозаланғанда «Жағымсыз әсерлері» бөлімінде көрсетілген симптомдарды күшейтуі мүмкін. Артық дозалануы кезінде препарат қолдануды тоқтатып, теріні көп мөлшердегі жылы сумен жуып-шаю қажет, сондай-ақ антигистаминді дәрілерді қолдануға болады. Препарат буын деммен ішке тарту арқылы уланған жағдайда емдеуді алдымен емделушіні таза ауаға шығарудан бастау керек. Егер препарат көзге немесе теріге, зақымданған жерлерге тиіп кетсе жеткілікті мөлшердегі сумен жуып-шаю қажет.

Препаратты кездейсоқ ішке қабылдап қойған кезде өздігінен құсу ықтималдығы зор, сондықтан құрысу мен команың жылдам даму қаупіне байланысты, одан әрі құстыратын дәрілерді қабылдауға болмайды. Асқазанды шаю және белсендірілген көмір немесе іш жүргізетін дәрілерді қабылдау арқылы препараттың сіңуіне кедергі келтіруге болады. Емдеу ең алдымен демеуші ем тұрғысында болады және аллергиялық реакциялар пайда болуына бағытталған бақылау қамтылады.

Шығарылу түрі және қаптамасы

50 г-ден сақтандырғыш қалпақшалары болатын мен тамаққа арналған шашыратқышпен (ТШ) немесе суспензия және ерітіндіні сыртқа қолдануға арналған шашыратқышпен (ЕССҚШ-1) жабдықталған сорғы типті клапаны бар баллонда.

Баллонға трафареттік баспа әдісімен мәтін жазылады немесе өздігінен желімделетін материалдан жасалған заттаңба жапсырылады.

Шашыртқышы, сақтандырғыш қалпақшасы және медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулығы болатын әрбір баллон картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«СТОМА» ЖАРИЯЛЫ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ, Украина, 61105, г. Харьков қ., Ньютон к-сі, 3

Тіркеу куәлігінің иесі

«СТОМА» ЖАРИЯЛЫ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ, Украина, 61105, г. Харьков қ., Ньютон к-сі, 3

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан препарат сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

Тлеубергенова Г.С. ЖК, 010000, Ақмола обл., Астана қ.,

Бозінген к-сі, 8 үй

aldokinakbar@mail.ru

 

 

5

 

Прикрепленные файлы

837912391477976547_ru.doc 48.5 кб
238495971477977708_kz.doc 60.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники