Перметриновая мазь с бактерицидом
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Перметрин жақпамайы бактерицидпен
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Сыртқа қолдануға арналған жақпамай, 40 г
Құрамы
1 г жақпамайдың құрамында
белсенді заттар: 50 мг перметрин (100 % затқа шаққанда),
1 мг хинифурил
қосымша заттар: этанол, карбомер, тазартылған су.
Сипаттамасы
Гель тәрізді сары түсті мөлдір емес масса.
Фармакотерапиялық тобы
Эктопаразиттерді жоюға арналған препараттар. Пиретриндер.
АТЖ коды PO3ACO4
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Жергілікті қолданған кезде жақпамайдың белсенді заттары сіңбейді және кері сіңірілетін әсер бермейді.
Фармакодинамикасы
Перметрин синтетикалық пиретроид цис- және транс- түрлері изомерлерінің қоспасы болып табылады. Сыртқа қолданылатын бұл инсектицидті және акарицидті зат бит, бүрге, кене (оның ішінде қотыр кенесі) және басқа да буынаяқтылар тұқымдастары эктопаразиттеріне әсер етеді. Балаңқұрттардың, сіркелер және жетілген особтердің қырылуын туғызады. Перметрин жарғақшалар поляризациясын реттейтін өзектерде калий мен натрий иондарының ағымын бұза отырып, инсектердің жүйке жасушалары жарғақшаларына әсер етеді. Реполяризацияның бұзылуы салдарынан эктопаразиттің салдануы басталады.
Хинифурилдің грамоң микроорганизмдерге, әсіресе стафилокок пен стрептококтың патогенді штаммдарына қатысты алғанда бактерияларға қарсы белсенділігі жоғары.
Қолданылуы
-
ересектер мен 2 айлық жастан бастап балалардағы екіншілік флорамен асқынған қотырда.
Қолдану тәсілі және дозалары
Ересектер және 3 жастан асқан балалар.
Жақпамайдың аздаған бөлігін терінің қотырмен зақымданған бөлігіне жұқалап жағып, абайлап сылау керек. Жақпамайды 24 сағат ұстап, содан соң сабындап жуып, іш киімді ауыстыру керек. Егер терінің қышуы мен қабыну үдерісі азаймаса немесе қайтадан басталса, сондай-ақ қотыр мен қабынудың жаңа ошақтары пайда болған жағдайда 1-2 күндік аралықпен 5 ретке дейін қайталап қолдануға болады.
2 айдан бастап 3 жасқа дейінгі балаларға.
Жақпамайдың аздаған бөлігін терінің қотырмен зақымданған бөлігіне жұқалап жағып, абайлап сылау керек. Жақпамайды 12 сағат ұстап, содан соң сабындап жуып, іш киімді ауыстыру керек. Жақпамайды бірінші қолданудан кейін 2 күннен соң тек бір-ақ рет қайталап қолдануға болады.
Жағымсыз әсерлері
- күйдіруді сезіну, шаншу, ұю, қышудың күшеюі, эритема,
аллергиялық реакциялар.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- белсенді затқа және/немесе кез келген басқа компонентіне жоғары сезімталдық
- жүктілік және лактация кезеңі
- 2 айлық жасқа дейінгі балалар
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Анықталмаған
Айрықша нұсқаулар
Жақпамай көз конъюнктивасын тітіркендіреді, сондықтан жақпамайды көзге тигізбеу керек. Егер тигізіп алған болсаңыз, көп мөлшердегі жылы сумен жуу керек.
Балаларға тек дәрігердің нұсқауы бойынша қолдану керек. 2-ден 6 айлық жасқа дейінгі балаларды емдеу медицина қызметкерлерінің бақылауымен жүргізіледі.
Жүктілік және лактация кезеңі
Жүктілік және лактация кезеңінде тек пайда/қатерінің арақатынасын мұқият қарастырылған соң ғана қолданылады. Емшекпен емізу кезеңінде препарат қолданудан бас тартқан немесе тоқтатқан жөн.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді
Артық дозалануы
Артық дозалану жағдайлары туралы ақпараттар жоқ.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Алюминий сықпаға 40 г препараттан салынған. 1 сықпадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25оС -ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«ЛМП» ЖШҚ, Виеталвас к-сі 1, Рига, LV-1009, Латвия.
Тел./Факс: (+371) 67040788
Тіркеу куәлігінің иесі
«ЛМП» ЖШҚ, Латвия
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
«ЛМП» ЖШҚ, Виеталвас к-сі 1, Рига, LV-1009, Латвия.
Тел. (+371) 67040788
Факс: (+371)6704087
E-mail – info@lmp.lv
4