Пепсан-Р (10 мг)

МНН: 1,4-Диметил-7-(2-пропил)азулен (Гвайазулен), Диметикон
Производитель: Лаборатории Роза-Фитофарма
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Другие препараты, применяемые при нарушениях функции кишечника
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№016487

Инструкция

Саудалық атауы

Пепсан - Р

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Ішуге арналған гель

Құрамы

Бір сашенің (10 г) ішінде

белсенді заттар: 3,0 г диметикон

0,004 г гвайазулен,

қосымша заттар: кристалданатын 70% сорбитол, каррагенаттар, натрий цикламаты, метилпарагидроксибензоат, бұрыш жалбызының майы, тазартылған су.

Сипаттамасы

Жалбыз иісі бар көгілдір түсті гель

Фармакотерапиялық тобы

АІЖ функциялық бұзылыстарын емдеуге арналған препараттар. Ішек функциясының бұзылыстарын емдеуге арналған препараттар. Ішек функциясының бұзылыстарын емдеуге арналған басқа да препараттар.

АТХ коды А03AХ

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Диметикон және гвайазулен химиялық инертті затар болуына байланысты әрі асқазан-ішек жолдарынан сіңбейтіндіктен, фармакокинетикасы жөнінде деректер жоқ.

Фармакодинамикасы

Пепсан-Р - біріктірілген препарат. Қабынуға қарсы әсер етеді, асқазандағы тұз қышқылы секрециясын төмендетеді, ішекте газ түзілуін азайтады.

Гвайазулен – қабынуға қарсы айқын әсері бар, аллергиялық реакцияны босатып, регенеративті үдерістерді күшейтіп, антиоксидантты әсер етеді. Асқазанның шырышты қабығының жасушалары мастоциттерден гистаминнің босап шығуын тежейтін әсері арқасында, қышқыл секрециясын тежейді.

Диметикон – беткейлік тартылу күші төмен гидрофобты полимерлі зат, ол ішекте газ түзілуін төмендетеді және асқорыту жолының қабырғасын қорғайтын үлбірмен жабады. Әсер ету механизмі ішектегі газ көпіршіктерін беткейлік тартылуын өзгертуге негізделген. Газ көпіршіктері жарылып, олардың ішіндегі газ босап шығады да, сіңеді немесе табиғи жолмен шығарылады.

Қолданылуы

- гастралгияны симптоматикалық емдеуде

- ішек метеоризмінде

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектер мен 14 жастан асқан балаларға 1-2 сашеден тәулігіне 2-3 рет тамақтануға дейін, не ауыру туындаған жағдайда. Емдеу курсын дәрігер әр адамға жекелей белгілейді.

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық реакциялар (тері бөртпесі, қышыну)

- іштің ауыруы және кебуі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың компоненттеріне жоғары сезімталдық

- ішек бітелісі

- асқазан-ішек жолының обструкциялық аурулары

- балаларға және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Пепсан құрамында қант жоқ, диабетпен зардап шегетін адамдарға қарсы көрсетілімі жоқ.

Сорбитол болуы салдарынан препаратты фруктоза жақпаушылығы бар пациенттерге қолдануға болмайды.

Препарат құрамында метилпарагидроксибензоат бар және аллергиялық реакциялар туындатуы ықтимал (баяу болуы мүмкін).

Егер симптомдар сақталып қалса немесе нашарлап кетсе, дәрігермен кеңесу ұсынылады.

Жүктілік және лактация

Жүкті және бала емізу кезеңінде қолданылуы мүмкін.

Дәрілік заттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Симптомдары: диарея, іштің ауыруы

Емі: препаратты тоқтату, симптоматикалық ем.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 г гельден көп қабатты материалдан жасалған сашеде (ағартылған крафт-қағазы/ тығыздығы төмен полиэтилен / алюминий фольгасы/ тығыздығы төмен полиэтилен), 30 сашеден медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшада.

Сақтау шарттары

25 0С-ден аспайтын температурада.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Лаборатории Роза-Фитофарма»

68 рю Жан-Жак Руссо 75001 Париж, Франция

Тіркеу куәлігінің иесі

«Лаборатории РОЗА-ФИТОФАРМА», Франция

68 рю Жан-Жак Руссо 75001 Париж, Франция

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«FIC MEDICAL» (ФИК МЕДИКАЛЬ) ЖШС Қазақстан Республикасындағы өкілдігі, Төле би 69, 33 кеңсе, 050000, Алматы, Қазақстан

тел.: +7 (727) 272 93 08, факс: +7 (727) 272 90 25

e-mail: fic_kz@ficmedical.kz

Прикрепленные файлы

154179741477976132_ru.doc 45.5 кб
674632241477977474_kz.doc 51.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники