Пеметрексед-Келун-Казфарм (500 мг)
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Халықаралық патенттелмеген атауы
Пеметрексед
Дәрілік түрі, дозасы
Инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат, 100 мг, 500 мг
Фармакотерапиялық тобы
Антинеопластикалық және иммуномодуляциялық препараттар. Антинеопластикалық препараттар. Антиметаболиттер. Фолий қышқылының аналогтары. Пеметрексед.
АТХ коды L01BA04
Қолданылуы
өкпенің жергілікті жайылған немесе метастаздық жалпақ жасушалы емес ұсақ жасушалы емес обыры бар пациенттерді бастапқы емдеу үшін цисплатинмен біріктіріп, сквамоздық жасушалардың гистологиясы басым жағдайларды қоспағанда
өкпенің жергілікті жайылған немесе метастаздық ұсақ жасушалы емес обыры бар, ауруы платина препараттарының негізіндегі бірінші желілі химиотерапияның төрт циклынан кейін дереу үдемеген пациенттерде демеуші ем үшін монотерапия түрінде
өкпенің жергілікті жайылған немесе метастаздық ұсақ жасушалы емес обыры бар пациенттерде екінші желілі ем үшін монотерапия түрінде, сквамоздық жасушалардың гистологиясы басым жағдайларды қоспағанда
бұрын химиотерапия қабылдамаған, плевраның операция жасалмайтын қатерлі мезотелиомасы бар пациенттерді емдеу үшін цисплатинмен біріктіріп
Дәрілік препаратты қолданудың басталуына дейінгі қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- пеметрекседке немесе препараттың қосымша компоненттеріне аса жоғары сезімталдық
- миелосупрессия (нейтрофилдердің абсолюттік саны <1500/мкл, тромбоциттер саны <100 000/мкл)
- сары қызбаға қарсы вакцинаны қатарлас қолдану
- бүйректің айқын жеткіліксіздігі (КК <45 мл/мин)
- жүктілік және лактация кезеңі
- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге
Препаратты бауыр функциясының бұзылуы кезінде; жүрек-қантамыр жүйесінің ауыр аурулары, соның ішінде, миокард инфарктісі мен ми қанайналымының бұзылуы кезінде сақтықпен қолдану керек.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Пеметрексед, негізінен өзгеріссіз күйде, шумақтық сүзіліс және өзекшелік сөлініс жолымен бүйрекпен шығарылады. Пеметрекседті нефроуытты препараттармен (мысалы, аминогликозидтер, ілмектік диуретиктер, платина препараттары, циклоспорин) және/немесе бүйрекпен шығарылатын заттармен (мысалы, пробенецид, пенициллин) бірге қолдану, пеметрексед клиренсінің төмендеуіне алып келуі ықтимал. Мұндай біріктірілімін сақтықпен пайдалану керек. Қажет болса, креатинин клиренсін мұқият бақылау керек.
Бүйрек функциясы қалыпты (креатинин клиренсі ≥ 80 мл/мин) пациенттерде қабынуға қарсы стероидты емес препараттардың (мысалы, тәулігіне >1600 мг ибупрофен) жоғары дозалары мен жоғарырақ дозалардағы (күніне ≥1,3 г) ацетилсалицил қышқылы пеметрекседтің шығарылуын азайтуы мүмкін, осыған орай, Пеметрекседтің жағымсыз реакциясының туындауын арттыруы мүмкін. Сондықтан сақтық таныту қажет.
Бүйректің жеңіл және орташа жеткіліксіздігі бар (креатинин клиренсі 45 - 79 мл/мин) пациенттерде Пеметрекседтің ҚҚСП (мысалы, ибупрофенмен) немесе жоғарырақ дозалардағы аспиринмен бір мезгілде енгізілуін Пеметрекседті қолданғанға дейін 2 күн бұрын, Пеметрекседті қолдану күні және қолданғаннан кейін 2 күн бойы болдырмау керек.
Пеметрексед пен жартылай шығарылу кезеңі ұзақ ҚҚСП (мысалы, пироксикам, рофекоксиб) арасындағы өзара әрекеттесу мүмкіндігі туралы деректер жоқ болғандықтан, бүйректің жеңіл және орташа жеткіліксіздігі бар, ҚҚСП қабылдап жүрген барлық пациенттер оларды қолдануды Пеметрекседті қабылдағанға дейін 5 күн бұрын, қабылдау күні және қабылдағаннан кейін 2 күн бойы тоқтатуы тиіс. Егер ҚҚСП қатарлас тағайындау қажет болса, пациенттерде уыттылығына, әсіресе, миелосупрессия және бүйрек пен асқазан-ішек жолы тарапынан болатын уыттылығына қатысты қатаң мониторинг жүргізу қажет.
Пеметрексед бауырда шектеулі метаболизмге ұшырайды. In vitro зерттеулердің нәтижелері бойынша Пеметрексед P450 цитохромының изоферменттерімен (CYP3A, CYP2D6, CYP2C9, CYP1A2) метаболизденетін препараттармен іс жүзінде өзара әрекеттеспейді деуге болады.
Тромбоздың даму қаупінің артуына байланысты, онкологиялық аурулары бар пациенттерде антикоагулянттардың жиі қолданылуы байқалады. Ауру кезеңіндегі коагуляциялық статустың түраралық өзгергіштігінің жоғарылығын және пероральді антикоагулянттар мен ісікке қарсы химиотерапия арасындағы өзара әрекеттесу мүмкіндігін ескере отырып, пероральді антикоагулянттармен ем жүргізуге шешім қабылданған жағдайда, Халықаралық қалыптастырылған қатынасқа (ХҚҚ) мониторинг жүргізу жиілігін арттыру қажет.
Вакциналық аурудың өлімге соқтыратын түрінің даму қаупіне байланысты, Пеметрекседті сары қызбаға қарсы вакцинамен бір мезгілде қолдану қарсы көрсетілімді.
Өлімге соқтыруы мүмкін жүйелі аурудың туындау қаупіне байланысты, Пеметрекседті басқа тірі аттенуирленген вакциналармен бірге тағайындау ұсынылмайды. Қауіптің жоғарылауы өздерінің негізгі ауруы аясында иммунитеті әлсіреген пациенттерде білінеді. Бар болған жағдайда, белсенділігі жойылған вакцинаны (мысалы, полиомиелитке қарсы вакцина) қолдануға болады.
Арнайы сақтандырулар
Пеметрексед ісікке қарсы препараттарды қолдануда тәжірибесі бар дәрігердің қадағалауымен тағайындалуы тиіс.
Уытты болуы ықтимал, ісікке қарсы басқа препараттармен жағдайдағы сияқты, Пеметрекседтің инфузиялық ерітінділерін дайындағанда және жұмыс жасағанда сақтық таныту керек. Қолғап пайдалану ұсынылады. Пеметрексед ерітіндісі теріге тиіп кеткен жағдайда, теріні дереу сабынды сумен жуып тастаңыз. Пеметрексед ерітіндісі шырышты қабықтарға тиіп кеткен жағдайда, оларды сумен мұқият жуыңыз.
Пеметрексед ірің түзілуін туғызатын зат болып табылмайды. Пеметрекседтің экстравазациясы кезіндегі арнайы антидоты жоқ. Пеметрексед экстравазациясы жағдайында, ірің түзілуін туғызбайтын басқа дәрілер жағдайындағы сияқты, экстравазацияны емдеу жөніндегі жергілікті емшараларды басшылыққа алу қажет.
Пеметрексед сүйек кемігінің функциясын бәсеңдетуі мүмкін, ол нейтропениямен, тромбоцитопениямен және анемиямен (немесе панцитопениямен) көрініс береді. Миелосупрессия әдетте дозаны шектейтін уыттылық болып табылады. Пациенттерге Пеметрекседпен емдеу кезінде миелосупрессияның болуына мониторинг жүргізілуі тиіс және пациенттерге нейтрофилдердің абсолюттік саны (НАС) ≥1500 және тромбоцитер саны ≥100 000 жасуша/мм3 жеткенше тағайындамау керек. Келесі циклдарында дозасының төмендетілуі алдыңғы циклдың НАС көрсеткішіне, тромбоциттер санына және ең жоғарғы гематологиялық емес уыттылығына негізделеді.
Алдын-ала фолий қышқылы мен B12 дәруменін тағайындағанда нейтропения, фебрильді нейтропения және нейтропениямен жүретін инфекция сияқты гематологиялық және гематологиялық емес уыттылықтары ¾ дәрежеге дейін төмендеген. Осылайша, Пеметрекседті қабылдап жүрген пациенттер емдеумен байланысты гематологиялық және гастроинтестинальді уыттылығын төмендету үшін профилактикалық шара ретінде фолий қышқылы мен В12 дәруменін қабылдауы тиіс.
Алдын-ала кортикостероидтармен (дексаметазонмен немесе аналогымен) емдеу тері реакцияларының жиілігі мен біліну ауырлығын төмендетеді.
Пеметрексед креатинин клиренсі минутына ≥45 мл пациенттерге барлық пациенттерге арналғандай дозаларында енгізіледі. Пеметрексед креатинин клиренсі минутына <45 мл пациенттерге енгізілмеуі тиіс.
Бүйректің жеңіл және орташа жеткіліксіздігі бар (креатинин клиренсі 45 - 79 мл/мин) пациенттерде Пеметрекседті қолданғанға дейін 2 күн бұрын, қолдану күні және Пеметрекседті қолданғаннан кейін 2 күн бойы Пеметрекседтің ҚҚСП (мысалы, ибупрофенмен) немесе аспиринмен жоғарырақ дозаларында бір мезгілде енгізілуін болдырмау керек.
Бүйректің жеңіл және орташа жеткіліксіздігі бар, ҚҚСП қабылдап жүрген пациенттер, оларды қолдануды Пеметрекседті қабылдағанға дейін кемінде 5 күн бұрын, қабылдау күні және қабылдағаннан кейін 2 күн бойы тоқтатуы тиіс. Егер ҚҚСП қатарлас тағайындау қажет болса, пациенттерде уыттылығына, әсіресе миелосупрессия және бүйрек пен асқазан-ішек жолы тарапынан болатын уыттылығына қатысты қатаң мониторинг жүргізу қажет.
Асцит немесе плевриттің клиникалық көріністері бар науқастарға Пеметрексед-Келун-Казфармды қолдануды бастар алдында жалқықты дренаждау жүргізу мүмкіндігін қарастыру қажет, өйткені аталған жағдайлардың Пеметрексед-Келун-Казфарм әсеріне ықпалы белгісіз.
Цисплатинмен біріктірілген Пеметрекседтің асқазан-ішектік уыттылығының болуына байланысты, ауыр сусыздану білінген. Осылайша, пациенттер құсуға қарсы препараттармен талапқа сай ем қабылдауы және Пеметрексед емі жүргізілгенге дейін және/немесе кейін қатарлас гидратациялық ем қабылдауы тиіс.
Сонымен қатар, клиникалық зерттеулер барысында, әдетте, басқа цитоуытты агентпен біріктіріп тағайындағанда, кейде миокард инфарктісін, стенокардияны, ми қанайналымының бұзылуы мен транзиторлық ишемиялық шабуылдарды қоса, күрделі жүрек-қантамырлық және цереброваскулярлық құбылыстардың туындағаны туралы хабарланды. Бұзылуылар анықталған пациенттердің көпшілігінде кардиоваскулярлық қауіп факторларының болғаны байқалған.
Онкологиялық науқастарда иммундық статустың бәсеңдеуіне байланысты, тірі аттенуирленген вакциналарды қатарлас пайдалану ұсынылмайды.
Пеметрекседпен емдеуге дейін, емдеу кезінде немесе емдеуден кейін сәулемен ем қабылдаған пациенттерде радиациялық пневмония жағдайлары тіркелген. Аталған пациенттерге ерекше көңіл бөлу және басқа радиосезімтал агенттерді пайдаланғанда сақтық таныту қажет.
Контрацепция
Жыныстық тұрғыдан жетілген жастағы ерлерге емделу кезінде, емдеуге дейінгі 6 ай бойы және емдеуден кейін 6 ай бойы контрацепция шараларын пайдалану немесе жыныстық қатынастан бас тарту ұсынылады. Пеметрекседпен емдеу қайтымсыз белсіздікті туғызуы мүмкін болғандықтан, болашақта балалы болғысы келетін ерлерге емдеуді бастар алдында шәуһетін криоконсервациялау ұсынылады.
Бала туатын жастағы әйелдер емделу кезінде контрацепцияның тиімді шараларын қолдануы тиіс. Пеметрекседтің генетикалық тұрғыдан зиянды әсері болуы мүмкін.
Жүктілік
Пеметрекседті жүкті әйелдердің қолдануы жөнінде мәліметтер алынған жоқ, алайда пеметрексед, басқа антиметаболиттер сияқты, жүктілік кезінде қолданылған жағдайда, туа біткен күрделі ақаулардың дамуына түрткі болуы мүмкін.
Лактация
Пеметрекседтің емшек сүтімен бөлініп шығатын-шықпайтындығы белгісіз, сондықтан емшекпен қоректеніп жүрген балада жағымсыз реакциялардың дамуы мүмкіндігін жоққа шығаруға болмайды. Пеметрекседпен емдеу кезінде бала емізуді тоқтата тұру ұсынылады.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Пеметрекседтің көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне тигізетін әсерлерін зерттеулер жүргізілген жоқ. Алайда препаратты қолданудың нәтижесінде қажудың дамуы мүмкіндігі туралы хабарланған, соған байланысты пациенттерге Пеметрекседпен емдеу кезінде автокөлік жүргізуден немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқарудан бас тарту керек.
Қолдану жөніндегі нұсқаулар
Дозалау режимі
Цисплатинмен біріктіріп емдеу
Пеметрекседтің ұсынылатын дозасы – 10 минут бойы әр 21-күндік циклдың алғашқы күні 500 мг/м2. Ұсынылатын цисплатин дозасы әр 21-күндік циклдың алғашқы күні Пеметрексед енгізілгеннен кейін шамамен 30 минут өткен соң 2 сағат бойы вена ішіне тамшылатып енгізілетін 75 мг/м2 құрайды (цисплатинді қолдану жөніндегі нұсқаулықты қараңыз). Пациенттер цисплатин енгізуге дейін және/немесе одан кейін құсуға қарсы адекватты ем және тиісінше гидратация алуы тиіс.
Монотерапия
Пеметрекседтің ұсынылатын дозасы – әр 21 күндік циклдың алғашқы күні 500 мг/м2, 10 минут бойы вена ішіне тамшылатып енгізіледі.
Пеметрекседті қолданар алдындағы ұсынымдар
Пеметрекседпен емдеу басталғанға дейін 1 күн бұрын, Пеметрекседті енгізген күні және енгізгеннен кейінгі келесі күні дозада күніне 2 рет 4 мг дексаметазонды (немесе аналогын) тағайындау тері реакцияларының жиілігі мен айқындығын азайтады.
Препараттың уыттылығын азайту үшін, Пеметрекседті қабылдап жүрген пациенттерге фолий қышқылы препараты немесе құрамында тәуліктік дозадағы фолий қышқылы бар мультивитаминдер тағайындалуы тиіс. Тәуліктік дозадағы фолий қышқылы (350 мкг-ден 1000 мкг дейін) Пеметрекседті алғаш енгізер алдындағы 7 күн ішінде ең кемінде 5 күн бойы тағайындалуы тиіс, және мұндай дозалау барлық емдеу циклы кезінде және Пеметрексед соңғы енгізілгеннен кейін 21 күн бойына жалғасуы тиіс. Сонымен қатар пациенттерге Пеметрекседті алғаш енгізер алдындағы 7 күн ішінде В12 дәруменін 1000 мкг дозада бұлшықет ішіне бір рет және содан соң, емдеу басталғаннан кейінгі әр 3 циклдан соң енгізу қажет. В12 дәруменін дәл осындай дозада келесі енгізулерді Пеметрексед енгізілген күні де жүргізуге болады.
Мониторингтеу
Пеметрекседті қолданатын пациенттерге препараттың әр дозасын енгізер алдында, лейкоциттерді жіктеу мен тромбоциттер санын анықтауды қоса, толық қан талдауын жасау қажет. Химиотерапияның әр циклын бастар алдында бүйрек пен бауыр функциясын бағалау үшін биохимиялық қан талдауын жасау қажет. Химиотерапияның кез келген циклын бастар алдында нейтрофилдердің ≥ 1500 жасуша/мм3 және тромбоциттердің ≥100000 жасуша/мм3 абсолютті саны болуы тиіс. Креатинин клиренсі ≥ 45 мл/мин болу керек. Жалпы билирубин қалыптың жоғары шегінен 1,5 еседен көп аспауы тиіс. Сілтілік фосфатаза (СФ), аспартатаминтрансфераза (АСТ) және аланинаминтрансфераза (АЛТ) қалыптың жоғары шегінен 3 еседен көп аспауы тиіс. Бауыр ісігі болған жағдайда, СФ, АСТ және АЛТ мөлшері қалыптың жоғары шегінен ≤5 есе болады.
Дозасын азайту жөніндегі ұсынымдар
Қайталанатын курстар алдында дозаны реттеу гематологиялық көрсеткіштердің ең төмен шегіне немесе алдыңғы емдеу циклы кезінде ең жоғары гематологиялық емес уыттануға негізделуі тиіс. Емдеуді уыттылығынан қалыпқа келу мақсатында кейінге қалдыруға болады. Қалпына келуіне қарай, пациенттер Пеметрекседті монотерапияда немесе цисплатинмен біріктіріп қолдануға қатысты 1-3 кестелердегі нұсқауларды пайдаланып, емді жалғастыруы қажет.
1 кесте
Пеметрексед (монотерапия кезінде немесе біріктіріп емдеуде) пен цисплатинді дозалау режимі – Гематологиялық уыттылық |
|
Нейтрофилдер саны өте төмен <500/мкл және тромбоциттер саны өте төмен 50 000/мкл |
Алдыңғы дозасының (Пеметрексед пен цисплатиннің) 75%-ы |
Тpомбоциттер саны өте төмен < 50 000/мкл, нейтpофилдер санының өте төмендігіне байланыссыз қан кетусіз жүредіа |
Алдыңғы дозасының (Пеметрексед пен цисплатиннің) 75%-ы |
Тpомбоциттер саны өте төмен < 50 000/мкл, нейтpофилдер санының өте төмендігіне байланыссыз қан кетумен жүредіа |
Алдыңғы дозасының (Пеметрексед пен цисплатиннің) 50%-ы |
а Бұл кpитеpийлер Ұлттық Обырды Зерттеу Институтының Жалпыға ортақ Уыттылық Кpитеpийлеріне сәйкес, ≥ 2 дәрежедегі қан кетуді анықтауға сәйкес келеді, 2 нұсқа (CTC v2.0; NCI 1998).
Гематологиялық емес уыттылықтың (нейроуыттылықты қоспағанда) 3 дәрежесі дамыған жағдайда, емдеуді бастар алдындағы деңгейге сәйкес келетін көрсеткіштер қалпына келгенше емді кейінге шегеру қажет. Ары қарай емдеуді 2 кестеде келтірілген ұсынымдарға сәйкес жалғастыру қажет.
2 кесте
Пеметрексед (монотерапия кезінде немесе біріктіріп емдеуде) пен цисплатинді дозалау режимі – Гематологиялық емес уыттылық a,b |
||
Пеметрекседтің дозасы (мг/м2) |
Цисплатиннің дозасы (мг/м2) |
|
Шырышты қабықтың қабынуын қоспағанда, 3 немесе 4 дәрежедегі кез келген уыттылық |
Алдыңғы дозасының 75%-ы |
Алдыңғы дозасының 75-ы |
Ауруханаға жатқызуды қажет ететін диарея (дәрежесіне байланыссыз) немесе 3 немесе 4 дәрежедегі диарея |
Алдыңғы дозасының 75%-ы |
Алдыңғы дозасының 75-ы |
Шырышты қабықтың 3 немесе 4 дәрежедегі қабынуы |
Алдыңғы дозасының 50%-ы |
Алдыңғы дозасының 100%-ы |
Нейроуыттылық жағдайында, Пеметрексед пен цисплатиннің дозасының ұсынылатын түзетуі 3 кестеде көрсетілген. Егер 3 немесе 4 дәрежедегі нейроуыттылық байқалса, пациенттерге емдеуді тоқтату қажет.
3 кесте
Пеметрексед (монотерапия кезінде немесе біріктіріп емдеуде) пен цисплатинді дозалау режимі – Нейроуыттылық |
||
Уыттылық дәрежесі |
Пеметрекседтің дозасы (мг/ м2) |
Цисплатиннің дозасы (мг/м2) |
0-1 |
Алдыңғы дозасының 100%-ы |
Алдыңғы дозасының 100%-ы |
2 |
Алдыңғы дозасының 100%-ы |
Алдыңғы дозасының 50%-ы |
Егер пациентте 3 немесе 4 дәрежедегі гематологиялық және гематологиялық емес уыттылық байқалса, Пеметрекседпен емдеу дозаларын екі рет азайтудан кейін тоқтатылуы тиіс, немесе 3 немесе 4 дәрежедегі нейроуыттылық бар болса, дереу тоқтатылуы тиіс.
Егде жастағы пациенттер
Клиникалық зерттеулердің мәліметтері бойынша, 65 жас шамасындағы және одан үлкен пациенттерде 65 жастан кіші пациенттермен салыстырғанда, жағымсыз құбылыстардың даму қаупінің жоғарылығы байқалмайды. Барлық пациенттер үшін ұсынылғанынан басқа, дозасын азайтулар қажет емес.
Балалар
Плевраның қатерлі мезотелиомасы мен өкпенің ұсақ жасушалы емес обыры кезінде Пеметрекседті педиатриялық популяцияда пайдалануы жөніндегі сәйкесінше мәліметтер жоқ.
Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттер
Пеметрексед креатинин клиренсі минутына ≥45 мл пациенттерге барлық пациенттерге арналғандай дозаларында енгізіледі. Пеметрексед креатинин клиренсі минутына <45 мл пациенттерге енгізілмеуі тиіс.
Бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттер
АСТ, АЛТ немесе жалпы билирубин мен пеметрекседтің фармакокинетикасы арасында өзара байланыс анықталған жоқ. Алайда, билирубин деңгейі қалыптың жоғары шегінен >1,5 есе жоғары және/немесе трансаминазалар деңгейі қалыптың жоғары шегінен >3,0 есе жоғары (бауырда метастаздар жоқ) немесе қалыптың жоғары шегінен >5,0 есе жоғары (бауырда метастаздардың болуы) болуы сияқты бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттер арнайы зерттелген жоқ.
Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар
Симптомдары: Пеметрекседтің артық дозалануының күтілетін симптомдарына нейтропениямен, тромбоцитопениямен және анемиямен білінетін сүйек кемігінің бәсеңдеуі кіреді. Сонымен қатар қызбамен/ қызбасыз жүретін салдарлы инфекциялардың қосылғаны, диарея, шырышты қабықтардың қабынуы, сенсорлық полинейропатия, бөртпе байқалуы мүмкін.
Емі: Артық дозаланған жағдайда қанның клиникалық талдауын мониторингтеу және демеуші ем жүргізу қажет. Артық дозалануын емдеу кезінде кальций фолинатын немесе фолий қышқылын қолдану мүмкіндігі қарастырылуы тиіс.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алу үшін жүгіну бойынша ұсынымдар
1. Венаішілік инфузияларын жүргізу үшін Пеметрекседті қалпына келтіру және ары қарай сұйылту кезінде асептикалық техниканы пайдалану қажет.
2. Пеметрекседтің дозасы мен құтыларының санын есептеу қажет.
3. Құтының ішіндегісін (100 мг) 4,2 мл 0,9% натрий хлориді ерітіндісінде (консерванттарсыз) 25 мг/мл концентрацияға дейін ерітеді. Құтыны лиофилизат толық ерігенше мұқият шайқайды. Алынған ерітінді мөлдір болуы тиіс, ерітінді түсінің түссізден сарғыштау немесе жасылдау сары түске дейін өзгеруіне жол беріледі. Қалпына келтірілген ерітріндінің pH 6.6 және 7.8 аралығында болады. ҚОСЫМША СҰЙЫЛТУ ҚАЖЕТ.
Құтының ішіндегісін (500 мг) 20 мл 0,9% натрий хлориді ерітіндісінде (консерванттарсыз) 25 мг/мл концентрацияға дейін ерітеді. Құтыны лиофилизат толық ерігенше мұқият шайқайды. Алынған ерітінді мөлдір болуы тиіс, ерітінді түсінің түссізден сарғыштау немесе жасылдау сары түске дейін өзгеруіне жол беріледі. Қалпына келтірілген ерітріндінің pH 6.6 және 7.8 аралығында болады. ҚОСЫМША СҰЙЫЛТУ ҚАЖЕТ.
4. Алынған Пеметрексед ерітіндісінің сәйкесінше көлемін 0,9 % натрий хлориді ерітіндісімен 100 мл дейін жеткізу керек және венаішілік инфузиясы түрінде 10 минут ішінде енгізеді.
5. Пеметрекседтің жоғарыда көрсетілгендей алынған инфузиялық ерітінділері поливинилхлорид- және полиолефин – басқару жинақтарымен және инфузиялық жүйелермен үйлесімді.
6. Ерітіндіні енгізер алдында ішінде қатты бөлшектердің бар-жоқтығы мен түсінің өзгермегендігін тексеру қажет. Ішінде қатты бөлшектер бар болған жағдайда, препаратты қолдануға болмайды.
7. Пеметрекседтің инфузиялық ерітіндісі тек бір рет пайдалануға арналғандықтан, пайдаланылмаған ерітінді жойылуы тиіс.
Дәрілік препаратты стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар
Пеметрекседті қолданумен байланысты, препараттың монотерапия түрінде немесе біріктіріліп пайдаланғандығына қарамастан, анағұрлым жиі кездесетін жағымсыз әсерлері анемиямен, нейтропениямен, лейкопениямен, тромбоцитопениямен білінетін сүйек кемігі функциясының бәсеңдеуі, және анорексиямен, жүрек айнуымен, құсумен, диареямен, іш қатуымен, фарингитпен, мукозитпен және стоматитпен білінетін асқазан-ішектік уыттылығы болып табылады. Басқа жағымсыз әсерлеріне бүйректік уыттылығы, трансаминазалар деңгейінің жоғарылауы, алопеция, қатты қажу, сусыздану, бөртпе, инфекция, сепсис және нейропатия кіреді. Сирек жағдайларда Стивенс-Джонсон синдромы мен уытты эпидермальді некролиз туындауы мүмкін.
Төмендегі кестеде келтірілген жағымсыз реакциялардың жиілігі келесі критерийлердің көмегімен анықталды: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100, <1/10), жиі емес (≥1/1000, <1/100), сирек (≥1/10000, <1/1000), өте сирек (<1/100000) және белгісіз (қолда бар деректер бойынша бағалау мүмкін емес).
Әр жиілік тобындағы жағымсыз әсерлер жиілігінің азаю тәртібімен келтірілген.
Плевраның қатерлі мезотелиомасы (ПҚМ) – цисплатинмен біріктірілімі (фолий қышқылы мен В12 дәрумені қосылған)
Қан және лимфа жүйелері
Өте жиі: нейтрофилдердің/ гранулоциттердің азаюы, лейкоциттердің азаюы, гемоглобин төмендеуі, тромбоциттердің азаюы
Метаболизм және тамақтану бұзылыстары
Жиі: дегидратация
Жүйке жүйесі тарапынан
Өте жиі: сенсорлық нейропатия
Жиі: дәм сезудің бұзылуы
Көз аурулары
Жиі: конъюнктивит
Асқазан-ішек бұзылыстары
Өте жиі: диарея, құсу, стоматит/фарингит, жүрек айнуы, анорексия, іш қатуы
Жиі: диспепсия
Тері мен теріасты шелінің аурулары
Өте жиі: бөртпе, аллопеция
Бүйрек және несеп шығару бұзылыстары
Өте жиі: креатинин жоғарылауы, креатинин клиренсінің төмендеуі
Жалпы бұзылулар және енгізген жердегі жағдайлар
Өте жиі: шаршау
Өкпенің жайылған немесе метастаздық ұсақжасушалы емес обыры (ӨҰЕО) – Осының алдындағы химиотерапиядан кейінгі монотерапия (фолий қышқылы мен В12 дәрумені қосылған)
Қан және лимфа жүйелері
Өте жиі: нейтрофилдердің/ гранулоциттердің азаюы, лейкоциттердің азаюы, гемоглобин төмендеуі
Жиі: тромбоцитотердің азаюы
Асқазан-ішек бұзылыстары
Өте жиі: диарея, құсу, стоматит/фарингит, жүрек айнуы, анорексия
Жиі: іш қатуы
Гепатобилиарлық бұзылыстар
Жиі: АЛТ (ГПТС) жоғарылауы, АСТ (ГҚТС) жоғарылауы
Тері мен теріасты шелінің аурулары
Өте жиі: бөртпе/десквамация
Жиі: қышыну, аллопеция
Жалпы бұзылулар және енгізген жердегі жағдайлар
Өте жи: шаршау
Жиі: қызба
Өкпенің жайылған немесе метастаздық ұсақжасушалы емес обыры (ӨҰЕО) – цисплатинмен біріктірілімі (фолий қышқылы мен В12 дәрумені қосылған)
Қан және лимфа жүйелері
Өте жиі: гемоглобин төмендеуі, нейтрофилдердің/ гранулоциттердің азаюы, лейкоциттердің азаюы, тромбоциттердің азаюы
Жүйке жүйесі тарапынан
Жиі: сенсорлық нейропатия, дәм сезудің бұзылуы
Асқазан-ішек бұзылыстары
Өте жиі: жүрек айнуы, құсу, анорексия, іш қатуы, стоматит/фарингит, диарея (колостомасыз)
Жиі: диспепсия/қыжыл
Тері мен теріасты шелінің аурулары
Өте жиі: аллопеция
Жиі: бөртпе/десквамация
Бүйрек және несеп шығару бұзылыстары
Өте жиі: креатинин жоғарылауы
Жалпы бұзылулар және енгізген жердегі жағдайлар
Өте жиі: шаршау
Өкпенің IIIB немесе IV сатыдағы ұсақжасушалы емес обыры (ӨҰЕО) –Құрамында платина бар препараттармен индукциялық емнен кейінгі монотерапия (фолий қышқылы мен В12 дәрумені қосылған)
Қан және лимфа жүйелері
Өте жиі: гемоглобиннің төмендеуі
Жиі: лейкоциттердің азаюы, нейтрофилдердің азаюы
Жүйке жүйесі тарапынан
Жиі: сенсорлық нейропатия
Асқазан-ішек бұзылыстары
Өте жиі: жүрек айнуы, анорексия
Жиі: құсу, мукозит/стоматит
Гепатобилиарлық бұзылыстар
Жиі: АЛТ (ГПТС) жоғарылауы, АСТ (ГҚТС) жоғарылауы
Тері мен теріасты шелінің аурулары
Жиі: бөртпе/десквамация
Жалпы бұзылулар және енгізген жердегі жағдайлар
Өте жиі: шаршау
Жиі: ауыру, ісіну
Бүйрек қызметінің бұзылыстары
Жиі: бүйрек қызметінің бұзылыстары
Қысқарған сөздер: AЛT = аланинаминотрансфераза; АСТ = аспартатаминотрансфераза; ГҚТС = глутамин қымыздықсірке аминотрансферазасы сарысуы; ГПТС = глутамин пировиноград аминотрансферазасы сарысуы.
Сонымен қатар, клиникалық зерттеулер барысында, әдетте басқа цитоуытты агентпен біріктіріп тағайындағанда, кейде миокард инфарктісін, стенокардияны, ми қанайналымының бұзылуы мен транзиторлық ишемиялық шабуылдарды қоса, ауыр жүрек-қантамырлық және цереброваскулярлық құбылыстардың туындағаны туралы хабарланған. Бұзылулар анықталған пациенттердің көпшілігінде кардиоваскулярлық қауіп факторларының болғандығы байқалды.
Сирек жағдайларда клиникалық зерттеулерді жүргізуде гепатиттің ықтимал ауыр жағдайлары дамығаны туралы хабарланған.
Клиникалық сынқтар барысында кейде панцитопения, колит (кейде өлімге соқтыратын ішектен және ректальді қан кетуді, ішектің тесілуін, ішек некрозын және соқырішектің қабынуын қоса), тыныс алу жеткіліксіздігімен жүретін интерстициальді пневмониттің (кейде өлімге соқтыратын), ісіну, эзофагит (соның ішінде, сәулелік) туындағаны туралы хабарланды.
Кейде өлімге соқтыратын сепсис туралы пеметрекседтің клиникалық сынақтары барысында хабарланған.
Маркетингтен кейінгі хабарламалардың мәліметтері бойынша жағымсыз реакциялар:
Гиперпигментация жағдайлары жиі тіркелген.
Пеметркседпен монотерапия кезінде немесе басқа химиотерапиялық препараттармен бірге қолданғанда бүйректің жедел жеткіліксіздігінің жиі емес жағдайлары тіркелген.
Нефрогендік қантсыз диабеті және бүйрек түтікшелерінің некрозы туралы жиілігі белгісіз жағдайлар тіркелген.
Пеметрекседті қабылдаған пациенттерде сәулемен емдеуге дейін, сәулемен емдеу кезінде және емдеуден кейін радиациялық пневмониттің жиі емес жағдайлары тіркелген.
Бұрын сәулемен ем қабылдаған пациенттерде радиациялық сәулеленудің сирек жағдайлары тіркелген.
Кейде аяқ-қолдың некрозына алып келетін шеткері ишемияның жиі емес жағдайлары тіркелген.
Кей жағдайларда өлімге соқтырған Стивенс-Джонсон синдромы мен уытты эпидермальді некролизді қоса, буллезді жай-күйдің сирек жағдайлары тіркелген.
Пеметрекседті қабылдаған пациенттерде иммунитетке байланысты болған гемолиздік анемияның сирек жағдайлары тіркелген.
Анафилаксиялық шоктың сирек жағдайлары тіркелген.
Негізінен аяқтардың эритематозды ісінулерінің жиілігі белгісіз жағдайлары тіркелген.
Дерманың, гиподерманың және/немесе тері астындағы тіндердің жұқпалы және жұқпалы емес ауруларының жиілігі белгісіз жағдайлары тіркелген (мысалы, жедел бактериялық дермо-гиподермит, псевдоцеллюлит, дерматит).
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Қосымша мәліметтер
Дәрілік препарат құрамы
1 құты лиофилизат (100 мг доза үшін) құрамында:
белсенді зат – пеметрексед динатрий гемипентагидраты 121.4 мг,
(100.00 мг пеметрекседке баламалы)
қосымша заттар: маннитол – 100.00 мг, 10% ерітіндінің хлорсутек қышқылы және/немесе 10% ерітіндінің натрий гидроксиді – рН 6.6 – 7.8 дейін.
1 құты лиофилизат (500 мг доза үшін) құрамында:
белсенді зат – пеметрексед динатрий гемипентагидраты 607.0 мг,
(500.00 мг пеметрекседке баламалы)
қосымша заттар: маннитол – 500.00 мг, 10% ерітіндінің хлорсутек қышқылы және/немесе 10% ерітіндінің натрий гидроксиді – рН 6.6 – 7.8 дейін.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ақтан ашық-сарыға дейінгі немесе жасылдау реңді ашық-сары түсті лиофилизат.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Препарат көк түсті алынбалы пластмасса қақпағы бар алюминий қалпақшаның көмегімен бекемделген резеңке тығыны бар I типті түссіз шыныдан жасалған құтыға құйылады.
1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау мерзімі
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дайындалған ерітіндінің қолданылу кезеңі 24 сағаттан аспайды.
Пайдаланылмаған ерітіндіні жойып жіберу керек.
Сақтау шарттары
150С-ден 250С-ге дейінгі температурада сақтау керек. Дайындалған ерітіндіні 2 0С-ден 8 0С-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші туралы мәліметтер
«Kelun-Kazpharm» (Келун-Казфарм), ЖШС, Қазақстан,
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Елтай а/о, Көкөзек а. 1147,
тел/факс: 8 (727) 312-14-01, e-mail: kelun_reg@mail.ru
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
«Kelun-Kazpharm» (Келун-Казфарм), ЖШС, Қазақстан,
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Елтай а/о, Көкөзек а. 1147,
тел/факс: 8 (727) 312-14-01, e-mail: kelun_reg@mail.ru
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта):
«Kelun-Kazpharm» (Келун-Казфарм), ЖШС, Қазақстан,
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Елтай а/о, Көкөзек а. 1147,
тел/факс: 8 (727) 312-14-01, e-mail: kelun_reg@mail.ru