Пектолван плющ

МНН: Плюща листьев экстракт
Производитель: Фармак ПАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Отхаркивающие препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019586
Информация о регистрации в РК: 16.08.2023 - 16.08.2033

Инструкция

Саудалық атауы

Пектолван шырмауық

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Шәрбат

Құрамы

5 мл шәрбаттың құрамында

белсенді зат: кәдімгі шырмауық жапырағының құрғақ сығындысы (шикізат арақатынасы: препарат – (4-8):1) – 35 мг;

қосымша заттар: натрий цитраты, лимон қышқылының моногидраты, сорбит (Е 420), калий сорбаты, ксантан шайыры, тағамдық хош иістендіргіш «Шие 667» (пропиленгликоль еріткіші), тазартылған су.

Сипаттамасы

Ашық-қоңыр түсті шие иісі және тәтті жемістің дәмі бар мөлдір сұйықтық, жеңіл бозаңдану пайда болуы мүмкін

Фармакотерапиялық тобы

Ауру белгілері мен жөтелді жоюға арналған препараттар. Қақырық түсіретін дәрілер.

АТХ коды R05C A

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Зерттелмеген

Фармакодинамикасы

Пектолван шырмауығы – өсімдік тектес препарат. Белсенді заты –құрамына сапониндер, тритерпеноидтер, флавоноидтар кіретін шырмауық жапырақтарының құрғақ сығындысы.

Тыныс алу жолдарының қабынуында және бронхтың созылмалы қабыну ауруларында кәдімгі сұйық секрет, жиі өнімсіз жөтел туындататын тұтқыр шырышқа айналады.

Пектолван шырмауығы қақырық тұтқырлығын азайтады және оның жөтелгенде шығарылуын жеңілдетеді (муколитикалық әсері), кірпікті эпителий жұмысын (мукокинетикалық әсері) белсенділендіреді, бронх бұлшық еттерінің босаңсуын туындатады, бронх түйілуін басады, тыныс алу қиындағанда оң әсер етеді (бронхоспазмолитикалық әсері), жөтел орталығын бөгемей жөтелді жұмсартады (жөтелге қарсы жеңіл әсер). Препарат тыныс алудың орталықтан реттелуінің нашарлауына соқтырмайды.

Муколитикалық әсері шырмауық жапырақтарының құрамына кіретін сапониндік гликозидтер әсерімен түсіндіріледі және бронх шырышының тұтқырлығын төмендететін сурфактант өндірілуін көтермелейтін препараттың екінші типті альвеоциттар рецепторларына әсерімен шартталған.

Бронхоспазмолитикалық әсері препарат құрамына кіретін сапониндік гликозидтердің парасимпатолитикалық әсерімен білінеді. Бронх бұлшықеттері жасушаларындағы және өкпе эпителийіндегі ß2-рецепторларын белсенділендіру адренергиялық әсерді көтермелейді. Бұл бронх бұлшықеттеріндегі жасуша ішіндегі Ca2+ құрамының төмендеуіне және бронхтың босаңсуына алып келеді.

Пектолван шырмауықтың микробқа қарсы белсенділігі бар.

Қолданылуы

Жоғары тыныс алу жолдары мен өкпенің қабыну ауруларын кешенді емдеуде симптоматикалық дәрі ретінде.

Қолдану тәсілі және дозалары

Препаратты өлшеуіш қасықты пайдалана отырып, ішке қолданады.

Шәрбатты әрбір қолданар алдында құтыны мұқият сілку керек.

1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға – тәулігіне 3 рет 2,5 мл-ден;

6 жастан асқан балаларға тәулігіне 3 рет 5 мл-ден;

ересектерге 5 - 7,5 мл-ден тәулігіне 3 рет.

Препаратпен емдеу ұзақтығы аурудың сипатына және ауырлығына қарай анықталады, алайда емдеу ұзақтығы 1 аптадан кем болмауы тиіс. Тұрақты емдік әсер алу үшін препаратпен емді ауру белгілерін жойғаннан кейін тағы 2-3 күн жалғастыру ұсынылады. Егер жақсармаса дәрігер кеңесін алу қажет. Емдеу курсының жалпы ұзақтығын дәрігер анықтайды.

Жағымсыз әсерлері

Препаратты әдетте науқастар жақсы көтереді. Қолданғанда жағымсыз әсерлер туындауы мүмкін:

Өте сирек

– диарея, жүрек айнуы, құсу

Кез келген жағымсыз реакциялар туындағанда емді тоқтату және дәрігерге қаралу керек.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- 1 жылға дейін балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Белгісіз

Айрықша нұсқаулар

Қант диабетімен ауыратын науқастар үшін нұсқаулар.

2,5 мл шәрбаттың құрамында 963 мг қант алмастырушы зат сорбит = 0,080 нан бірлігі бар.

Сорбитол елеусіз іш жүргізгіш әсер туындатуы мүмкін.

Препарат құрамында сорбит болғандықтан фруктоза көтере алмайтын науқастарға қолдану ұсынылмайды.

Жүктілік немесе лактация кезеңінде қолдану

Жүктілік және бала емізу кезінде қолдану ұсынылмайды (клиникалық деректер жеткіліксіздігіне байланысты).

Препараттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Препараттың артық дозалану жағдайлары туралы мәлімделмеген.

Симптомдары: препаратты тәуліктік дозадан 3 есе асатын дозада қолданғанда жүрек айнуы, құсу және диарея пайда болуы мүмкін, бұл дәрігерге дереу қаралуды талап етеді.

Емдеу: симптоматикалық.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Ашылуына бақылау сақинасы бар бұрандалы қақпақпен тығындалған қоңыр шыныдан жасалған мойны бұрандалы шыны құтыда 100 мл-ден.

Құтыға өзі жабысатын - заттаңба жапсырады.

Әрбір құты дозалағыш қасықпен бірге және медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Құтыны ашқаннан кейін қолдану кезеңі 90 тәулік.

Препаратты қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

“Фармак” ЖАҚ, Украина, 04080, Киев қ-сы, Фрунзе к-сі, 63.

Тіркеу куәлігінің иесі

“Фармак” ЖАҚ, Украина

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Қазақстан Республикасы, 050009 Алматы қ-сы, Абай к-сі 157, 5 кеңсе

Тел/факс: +7 (727) 250 66 23, электронды пошта: Djatlova88@mail.ru

 

 

Прикрепленные файлы

701286921477976923_ru.doc 56.5 кб
838647531477978078_kz.doc 54.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники