Пегасис (180 мкг/0.5 мл, Ф. Хоффманн-Ля Рош Лтд)

МНН: Пэгинтерферон альфа 2а
Производитель: Ф. Хоффманн-Ля Рош Лтд.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Peginterferon alfa-2a
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№018950
Информация о регистрации в РК: 04.06.2012 - 04.06.2017
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)

Инструкция

Саудалық атауы

Пегасис

Халықаралық патенттелмеген атауы

Пегинтерферон альфа-2а

Дәрілік түрі

Инъекцияға арналған 180 мкг/0,5 мл ерітінді

Құрамы

Бір еккіш-түбектің ішінде

белсенді зат: 180 мкг пегинтерферон альфа-2а (сәйкесінше 138,7 мг пегинтерферон ерітіндісінің балкы түрінде),

қосымша заттар: натрий хлориді, бензил спирті, натрий ацетаты, мұзды сірке қышқылы, полисорбат 80, рН 6.0 дейін 10% натрий ацетаты ерітіндісі, рН 6.0 дейін 10% сірке қышқылы, инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Түссізден ашық-сары түске дейінгі мөлдір ерітінді

Фармакотерапиялық тобы

Иммуностимуляторлар. Интерферондар. Пегинтерферон альфа-2а.

АТХ коды L03АВ11

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі

Пегасис сіңуі ұзақ, сарысудағы ең жоғары концентрациялары препарат енгізілгеннен кейін 72-96 сағаттан соң білінеді. Тері астына 180 мкг Пегасис бір рет енгізілгеннен кейін сарысудағы препарат концентрациялары 3-6 сағат шегінде анықтала бастайды. 24 сағат ішінде сарысулық концентрациялары ең жоғарғыcының 80 шамасына жетеді. Пегасистің абсолютті биожетімділігі 84 құрап, интерферон альфа-2а осындайына ұқсас болады.

Таралуы

Пегасис көбінесе қан ағымынан және жасушадан тыс сұйықтықтан табылады, көктамыр ішіне енгізгеннен кейін тепе-тең жағдайдағы (Vss) таралу көлемі 6-14 л құрайды.

МетаболизміБиотрансформация өзгермеген Пегасис клиренсінің негізгі механизмі болып табылады. Пегасис метаболизмінің ерекшеліктері толық сипатталмаған. Адамда жүйелік клиренсі 100 мл/сағат құрайды, бұл әдеттегі интерферон альфа-2а енгізген кездегіден 100 есе төмен. Пегасис метаболизмінің өнімдері, ең алдымен, несеппен және аз дәрежеде өтпен шығарылады. Бүйрек арқылы енгізілген интактілі пегинтерферон альфа-2а дозасының 10-дан азы шығарылады. ПЭГ молекуласы мен интерферон альфа-2а молекуласының байланысы сақталып тұратын уақытқа дейін екеуі: ПЭГ-де, интерферон альфа-2а-да метаболизденеді.

Шығарылуы

Көктамыр ішіне енгізгеннен кейін Пегасиске тән терминалдық фазаның жартылай шығарылу кезеңі 60 сағатқа жуық (стандартты интерферонда – 3-4 сағат) құрайды. Тері астына енгізгеннен кейін терминалдық фазадағы жартылай шығарылу кезеңі ұзақтау – 80 сағатқа жуық (науқастардың көпшілігіндегі ауқымы 50-ден 140 сағатқа дейін).

Тері астына енгізгеннен кейін терминалдық фазадағы жартылай шығарылу кезеңі Пегасис шығарылуын емес, ұзақ уақыт сіңуін көріністеуі мүмкін.

Пегасис аптасына 1 рет енгізілгенде препарат экспозициясының дозаға тәуелді ұлғаюы білінеді. Созылмалы С гепатитімен науқастарда Пегасис емінің 5-8 аптасынан соң аптасына бір рет препараттың сарысулық концентрациялары, бір реттік енгізуден кейінгіге қарағанда, 2-3 есе жоғары болады, 5-8 апта ішінде аптасына 1 рет енгізгенде тұрақты деңгейге жетеді. Тұрақты деңгейге жеткенде әріқарай пегинтерферон альфа-2а жинақталуы болмайды. Емнің 48 аптасынан соң ең жоғары және ең төмен концентрацияларының арақатынасы 1,5-2,0 жуық құрайды. Сарысудағы Пегасис концентрациясының тұрақты деңгейі енгізгеннен кейін бір апта (168 сағат) бойы сақталады.

Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер

Гемодиализ жүргізуді қажет ететін, терминалдық бүйрек жеткіліксіздігі бар тұлғаларда клиренстің 25%-45 төмендеуі білінді, 135 мкг Пегасис дозалары бүйрек функциясы қалыпты кездегі 180 мкг дозаларымен салыстырмалы. Емделу кезінде бүйрек функциясы бұзылуының айқындылық дәрежесіне және старттық дозаға байланыссыз мониторинг жүргізіп, жағымсыз әсерлері білінген жағдайда Пегасис дозасын тиісінше өзгерту қажет

Егде және қарттық жастағы пациенттер

«Концентрация-уақыт» қисығы астындағы аудан (АUС) 62 жастан асқан тұлғаларда, жасырақ тұлғалармен салыстырғанда, орташа ұлғайды. Препараттың экспозициясы, фармакодинамикалық жауабы және көтерімділігі жөніндегі деректерді ескергенде, қарттық жастағы пациенттерде дозаны модификациялау қажет емес.

Бауыр циррозы бар және циррозсыз пациенттер

Компенсацияланған циррозбен пациенттерде препараттың экспозициясы мен фармакокинетикалық сипаттамалары циррозсыз науқастардағы сияқты болды.

Инъекция орны

Пегасис іш аумағындағы немесе санның алдыңғы беткейіндегі тері астына енгізіледі. Иық аумағына енгізу Пегасистің фармакокинетикалық көрсеткіштерін төмендетеді.

ФармакодинамикасыПегасис пегилирленген интерферон альфа-2а болып табылады, ол ПЭГ (бис-монометоксиполиэтилен гликоль) молекуласының интерферон альфа-2а молекуласымен конъюгациялануы арқылы түзіледі. Интерферон альфа-2а рекомбинантты ДНҚ технологиясы бойынша биосинтетикалық әдіспен өндіріледі және E.coli жасушаларында синтезделетін адамның лейкоцитарлы интерферонының клондалған генінің туынды өнімі болып табылады.

Пегасис, интерферон альфа-2а сияқты, дәл сондай вирусқа қарсы және антипролиферациялық әсерлер көрсетеді. Интерферондар күрделі жасушаішілік дабыл механизмін іске қосумен және гендер транскрипциясын тез белсенділендірумен жасушалар бетіндегі спецификалық рецепторлармен байланысады.

Интерферонмен көтермеленген гендер инфекция жұққан жасушаларда вирус репликациясын бәсеңдетуді, жасушалар пролиферациясын басуды және иммундық модуляцияны қоса, көптеген биологиялық әсерлерді модуляциялайды.

Пегасиспен емге вирусологиялық жауап берген созылмалы С гепатитімен пациенттерде С гепатиті вирусының (НСV) РНҚ деңгейінің екі фазалы төмендеуі білінеді. Тұрақты вирусологиялық жауапқа жеткен пациенттерде алғашқы төмендеу фазасы Пегасистің бірінші дозасын енгізгеннен кейін 24-36 сағат ішінде, екінші фазасы 4-тен 16 аптаға дейін емдеу кезеңінде жүреді. Стандартты интерферондармен емдеумен салыстырғанда, аптасына 1 рет 180 мкг дозадағы Пегасистің вирион шығарылуына әсері аса айқын және ем аяқталғанда вирусологиялық жауабы өте жақсы. Пегасис дозаға тәуелді мәнердегі плазма неопротеині және 2,5-олигоаденилат синтетазасы сияқты әсерлі протеиндердің өндірілуін көтермелейді. 180 және 135 мкг Пегасис дозасын енгізгенде 2,5-олигоаденилат синтетазасын ең жоғары көтермеленуге жеткізуге болады және осы күйінде бір апта бойы сақталады. Пегасис енгізуден болған 2,5-олигоаденилат синтетазасы белсенділігінің айқындылығы мен ұзақтығы 62 жастан асқан адамдарда және бүйрек функциясының бұзылуы айқын (креатинин клиренсі 20-40 мл/мин) адамдарда төмендеген. Осы фармакодинамикалық параметрлердің клиникалық мәні белгісіз.

Қолданылуы

  • созылмалы В гепатитінде (Пегасис бауыр циррозынсыз және компенсация сатысындағы бауыр циррозы, вирус репликациясының және бауыр қабынуының белгілері бар пациенттерде HBeAg-позитивті, және HBeAg-негативті созылмалы В гепатитін емдеу үшін көрсетілген)
  • созылмалы С гепатитінде (басқа дәрілік заттармен біріктірілген Пегасис бауыр циррозынсыз және компенсация сатысындағы бауыр циррозы бар пациенттерде, бұрын емделмеген немесе интерферон альфамен (пегилирленген немесе пегилирленбеген) жеке немесе рибавиринмен біріктіріліп қолданылған алдыңғы емдеу тиімсіз болған жағдайда, созылмалы С гепатитін емдеу үшін көрсетілген), соның ішінде созылмалы С гепатиті /АИТВ ко-инфекциясында.
  • бұрын ем қабылдамаған 5 жастан асқан балалардағы созылмалы С гепатитінде (Пегасисті рибавиринмен біріктіріп). Балаларды емдеуді бастау туралы шешімді біріктірілген ем түрткі болатын өсу тежелуінің даму қаупін ескере отырып қабылдау керек. Өсудің тежелуінің қайтымдылығы қазіргі кезде белгісіз күйінде қалып отыр. Емдеуді бастау туралы шешімді әр нақты жағдайды ескере отырып қабылдау қажет.

Қолдану тәсілі және дозалары

Созылмалы В гепатиті

Әрі НВЕАg-оң, әрі НВЕАg-теріс созылмалы В гепатитінде ұсынылған Пегасис дозасы іш немесе сан аумағындағы тері астына аптасына бір рет 180 мкг құрайды. Пегасиспен ұсынылған емдеу ұзақтығы – 48 апта.

Созылмалы С гепатиті- бұрын ем қабылдамаған ересек пациенттер

Монотерапия түрінде немесе рибавиринмен біріктіріп ұсынылған Пегасис дозасы іш немесе сан аумағының тері астына аптасына бір рет 180 мкг құрайды.

Біріктірілген ем ұзақтығы және Пегасиспен біріктірілген рибавириннің тәуліктік дозасы пациенттің вирус генотипіне сәйкес әркімге жеке белгіленуі тиіс.

Вирустық С гепатитінің 1 генотипін жұқтырған, вирус РНҚ вирустық жүктемесіне байланыссыз 4-ші аптада анықталатын пациенттер 48 апта бойы ем алуы тиіс. 24 апталық емді бастапқы вирус жүктемесі төмен (ВЖТ, 800000 ХБ/мл-ден көп емес) болған жағдайда 1 генотипті пациенттерде немесе вирус РНҚ 4-ші аптада анықталмайтын және емдеудің 24-ші аптасында да айқындалмаған күйде қалатын 4 генотипті пациенттерде жүргізуге болады. Алайда, қорытындысында 24 апталық емдеу ұзақтығы, 48 апталыққа қарағанда, қайталану қаупінің жоғарылауымен байланысты болуы мүмкін. Сондықтан емдеу ұзақтығы туралы мәселені шешкенде біріктірілген емнің көтерімділігі, сондай-ақ бауыр фиброзының дәрежесі сияқты факторларға көңіл бөлу қажет. Вирус РНҚ 4-ші аптада анықталмайтын және 24-ші аптада да айқындалмаған күйде қалатын, бастапқы вирус жүктемесі жоғары (ВЖЖ, 800000 ХБ/мл-ден көп) және 1 генотипті пациенттерде емдеу курсын қысқартуды аса сақтықпен атқару керек, өйткені зерттеу деректері тұрақты вирусологиялық жауапқа теріс ықпал болуын жоққа шығаруға мүмкіндік бермейді (1 кесте).

Бастапқы вирустық жүктемесіне байланыссыз, вирус РНҚ 4-ші аптада анықталатын С гепатиті вирусының 2 немесе 3 генотиптері бар пациенттер 24 апталық емдеу курсымен шектелуі мүмкін. Вирус РНҚ емдеудің 4-ші аптасында анықталмайтын, бастапқы вирустық жүктемесі төмен 2 немесе 3 генотипті пациенттерде емдеу ұзақтығы 16 апта болуы мүмкін. Сайып келгенде, 16 апталық емдеу курсы, 24 апталық емдеу курсына қарағанда, қайталану қаупінің жоғарылауымен астасуы мүмкін. Осы топ пациенттерінде емдеуді жалғастыру жөнінде шешім қабылдағанда біріктірілген емнің көтерімділігі мен бауыр фиброзының дәрежесін есепке алған жөн. Вирус РНҚ 4-ші аптада анықталмайтын, бастапқы вирустық жүктемесі жоғары 2 немесе 3 генотиптері бар пациенттерде емдеу курсын қысқартуды аса сақтықпен атқару керек, өйткені тұрақты вирусологиялық жауапқа теріс ықпал болуы жоққа шығарылмайды.

5 немесе 6 генотиптері бар пациенттер жөнінде деректер шектеулі; сондықтан олар үшін 1000-1200 мг дозадағы рибавиринмен біріктірілген Пегасиспен 48 апталық емдеу курсы ұсынылады.

1 кесте. Вирустық С гепатитімен науқастарды біріктіріп емдеу кезінде дозалануы жөніндегі нұсқаулар

Вирус генотипі

Пегасис, аптасына 1 рет

Тәуліктегі рибавирин дозасы

Емдеу ұзақтығы

1 генотип, ВЖТ, ЖВЖ*

180 мкг

 75 кг дене салмағы = 1000 мг

 75 кг = 1200 мг

24 немесе 48 апта

1 генотип, ВЖЖ, ЖВЖ*

180 мкг

 75 кг дене салмағы = 1000 мг

 75 кг = 1200 мг

48 апта

4 генотип, ЖВЖ*

180 мкг

 75 кг дене салмағы = 1000 мг

 75 кг = 1200 мг

24 немесе 48 апта

1 немесе 4 генотип, ЖВЖ* жоқ

180 мкг

 75 кг дене салмағы = 1000 мг

 75 кг = 1200 мг

48 апта

2 немесе 3 генотип, ТВЖ, ЖВЖ**

180 мкг

800 мг

16 немесе 24 апта

2 немесе 3 генотип, ВЖЖ, ЖВЖ**

180 мкг

800 мг

24 апта

2 немесе 3 генотип, ЖВЖ**-сыз

180 мкг

800 мг

24 апта

ЖВЖ* – 4-ші аптадағы жылдам вирусологиялық жауап (вирус РНҚ анықталмайды) және вирус РНҚ 24-ші аптада анықталмайды.

ЖВЖ** – 4-ші аптадағы жылдам вирусологиялық жауап (вирус РНҚ анықталмайды).

ВЖТ – вирустық жүктемесі төмен (800000 ХБ/мл-ден көп емес); ВЖЖ – вирустық жүктемесі жоғары (800000 ХБ/мл-ден көп).

Созылмалы С гепатиті- бұрын ем қабылдаған ересек пациенттер

Пегасистің ұсынылатын дозасы, генотипке байланыссыз, дене салмағы 75 кг-ден аз науқастар үшін 1000 мг және дене салмағы 75 кг және одан жоғары науқастар үшін 1200 мг дозадағы рибавиринмен біріктіріліп, аптасына 180 мкг құрайды. Рибавирин ас ішу кезінде қабылданады. Вирус 12 аптада анықталған пациенттерге емдеуді тоқтату керек. Ұсынылатын емдеу ұзақтығы 48 апта құрайды. Бұрын жүргізілген пегилирленген интерферонмен және рибавиринмен біріктірілген емге жауап бермеген, бірақ емдеуге сай келеді деп бағаланған 1 генотипті пациенттер үшін емдеу мерзімі 72 апта құрайды.

Біріккен АИТВ-ССГ инфекциясы

Монотерапияда немесе рибавиринмен біріктіріліп аптасына бір рет 180 мкг дозада ұсынылатын Пегасиспен емдеу ұзақтығы – 48 апта. 1 генотипті пациенттерге рибавирин дозасы дене салмағы 75 кг-ден аз науқастар үшін 1000 мг және дене салмағы 75 кг және одан жоғары науқастар үшін 1200 мг құрайды. Генотиптері басқаша пациенттер үшін рибавирин дозасы 800 мг құрайды. 48 аптадан кем емдеу ұзақтығы зерттелмеген.

Бұрын емделмеген пациенттердегі емдеуге жауаптың предиктивтілігі және жауаптың болмауы

Вирус жүктемесінің бастапқысынан 2 log көп төмендеуі түрінде анықталатын немесе вирус РНҚ вирустық жүктемесінің деңгейі анықталмайтын 12 аптадағы ерте вирусологиялық жауап емдеуге тұрақты вирусологиялық жауаптың предикторы болып табылады (2 кестені қараңыз).

2 кесте. Пегасиспен және рибавиринмен біріктірілген емді дозалаудың ұсынылған режимінде емнің 12-ші аптасында емге вирусологиялық жауаптың предиктивтілігіне баға беру

 

Теріс нәтиже

Оң нәтиже

12-ші аптада жауап жоқ

ТВЖ жоқ

Предиктивтілігі

12-ші аптада жауап бар

ТВЖ бар

Предиктивтілігі

1генотип

(n=569)

102

97

95 (97/102)

467

271

58 (271/467)

2 және 3 генотиптер (n=96)

3

3

100 (3/3)

93

81

87 (81/93)

Пегасиспен монотерапияда предиктивтіліктің теріс нәтижесі 98 құрайды. Ұқсас теріс нәтижелер Пегасисті монотерапия түрінде немесе рибавиринмен біріктіріп алған АИТВ-ССГ үйлескен инфекциясы бар науқастарда алынған (тиісінше, 100 және 98). 1 генотипті пациенттерді және 2 немесе 3 генотиптерімен, АИТВ-ССГ үйлескен инфекциясы бар пациенттерді біріктіріп емдеу кезінде 45 және 70 оң предиктивті мәндер алынды.

Алдыңғы емдеу тиімсіз болған пациенттердегі жауаптың предиктивтілігі және ем әсерінің болмауы

Алдыңғы емдеу тиімсіз болған науқастарда (қайтадан 48 немесе 72 апта емделіп шыққан) емдеудің ең жақсы тиімділік предикторы емнің 12 аптасындағы вирус супрессиясы (С гепатиті вирусының РНҚ анықталмайтын деңгейі, немесе 50 ХБ/мл аз концентрациясы) болып табылады. Емдеудің 12 аптасында вирустық супрессияның теріс предиктивті нәтижесі 96 (339-дан 324) және оң предиктивті нәтижесі 57 (100-ден 57) құрайды.

Пегасис дозасын модификациялау

Жалпы көрсетілімдері: егер дозаны модификациялау орташа және ауыр дәрежелі (клиникалық және/немесе зертханалық) жағымсыз реакцияларға орай қажет болса, әдетте, дозаны 135 мкг дейін азайту жеткілікті болады. Алайда, кейбір жағдайларда дозаны 90 мкг немесе 45 мкг дейін азайту талап етіледі. Жағымсыз реакциялар басылғаннан кейін дозаны бұрынғысына дейін жеткізе қайта арттыру жөніндегі мәселені қарастыруға болады.

Гематологиялық көрсеткіштер (ересек пациенттерде): нейтрофильдердің абсолютті саны (НАС) 750/мм3-ден кемге төмендегенде дозаны азайту ұсынылады. НАС 500/мм3-ден аз болатын науқастарда емдеуді осы көрсеткіш 1000/мм3-ден асқанша үзген дұрыс. Пегасис қолдануды нейтрофильдер санын бақылаумен 90/мкг дозада жаңғыртқан жөн.

Тромбоциттер саны 50000/мм3-ден аз төмендегенде дозаны 90 мкг дейін азайту ұсынылады. Тромбоциттер 25000/мм3-ден кем азайғанда препаратты мүлде тоқтату керек.

Емдеу аясында пайда болған анемияны жою үшін рибавирин дозасын, егер келесі симптомдар орын алса, күніне 600 мг дейін (таңертең 200 мг және кешкілік 400 мг) азайтқан жөн:

  • жүрек-қантамыр ауруы жоқ пациентте гемоглобин деңгейі 100 г/л-ден аз құраса және 85 г/л-ден аспаса, немесе

  • жүрек-қантамыр ауруы тұрақты пациентте гемоглобин деңгейі емнің 4 аптасы ішінде 20 г/л-ден көп төмендесе.

Рибавирин келесі жағдайларда тоқтатылу керек:

  • жүрек-қантамыр ауруы жоқ пациентте гемоглобин деңгейі 85 г/л-ден төмен болса, немесе

  • жүрек-қантамыр ауруы тұрақты пациентте, дозаны 4 апта бойы азайтуға қарамастан, гемоглобин деңгейі 120 г/л-ден аз болса.

Егер рибавирин қабылдау зертханалық көрсеткіштердің немесе клиникалық көріністердің ауытқу себебінен тоқтатылса, тиісті көрсеткіштердің қалпына келуіне қарай, емдеуші дәрігер шешімімен қабылдауды жаңғыртуға болады. Доза әуелі күніне 600 мг құрап, сосын 800 мг дейін арттырылуы мүмкін, бірақ дозаны әріқарай көбейту ұсынылмайды. Рибавиринді көтере алмағанда Пегасиспен емдеуді монотерапия түрінде жалғастыруға болады.

3 кесте. Жағымсыз әсерлер ауырлығына байланысты Пегасис және рибавирин дозасын түзету

 

Рибавирин дозасын 600 мг дейін азайту

Рибавиринді тоқтату

Пегасис дозасын 135/90/45 мкг дейін азайту

Пегасисті тоқтату

Препараттың екеуін де тоқтату

Нейтрофильдердің абсолютті саны

   

< 750/мм3

<500/мм3

 

Тромбоциттер саны

   

<50 000/мм3

>25 000/мм3

 

<25 000/мм3

Гемоглобин деңгейі (жүрек-қантамыр патологиясының болмауы)

85-100 г/л

< 85 г/л

     

Гемоглобин деңгейі (тұрақты жүрек-қантамыр ауруында)

4 апта ішінде гемоглобиннің 20 г/л-ден көп төмендеуі

4 апта бойы дозаны азайтуға қарамастан, 120 г/л-ден аз

     

 

Бауыр функциясы: Созылмалы гепатитпен пациенттерге бауыр функциясы көрсеткіштерінің ауытқуы тән. Алайда, басқа альфа интерферондарымен емделу кезіндегі сияқты, бастапқысымен салыстырғанда, АЛТ деңгейінің жоғарылауы, вирусологиялық жауабы бар пациенттерді қоса, Пегасис қабылдап жүрген науқастарда байқалды.

Созылмалы вирустық С гепатиті бар пациенттерде АЛТ үдемелі жоғарылағанда, емдеуге дейінгі көрсеткіштермен салыстырғанда, Пегасис дозасын бастапқыда 135 мкг дейін азайту керек. Егер АЛТ белсенділігінің артуы, дозаны азайтуға қарамастан, жалғасатын болса немесе билирубин концентрациясының жоғарылауымен немесе бауыр декомпенсациясы белгілерімен қатар жүрсе, емдеуді тоқтатқан жөн.

СВГ (созылмалы В гепатиті) бар науқастар үшін АЛТ деңгейінің транзиторлы, кейде қалыпты АЛТ деңгейінен 10 есе асып кететін көтерілуі - әдеттегі жағдай және иммундық жауапты көріністеуі мүмкін. АЛТ деңгейінің осындай жоғарылауы кездерінде бауыр функциясын жиі мониторингілеумен емді жалғастыруға болады. Егер АЛТ белсенділігі қалыптың жоғары шегінен 10 еседен артса емді бастауға болмайды.

Бауырдың компенсацияланған циррозымен науқастарда (Чайлд-Пью бойынша А класы) Пегасис тиімді және қауіпсіз. Декомпенсацияланған циррозбен науқастарда (Чайлд-Пью бойынша В/С класы немесе өңештің варикозды-кеңейген көктамырынан қан кету) Пегасис препаратын қолдану зерттелген жоқ.

Чайлд-Пью бойынша жіктелуі пациенттерді A, B және C топтарына немесе ауырлық дәрежесі «жеңіл», «орташа» және «ауырға» бөледі, ол тиісінше 5-6, 7-9 және 10-15 баллдарға сәйкес келеді.

Модифицикацияланған бағалау шкаласы:

Параметрі

Ауытқу дәрежесі

Балл

Энцефалопатия

Жоқ

1

 

1-2 дәреже

2

 

3-4* дәреже

3

Асцит

Жоқ

1

 

Жеңіл дәреже

2

 

Орташа дәреже

3

Билирубин, мкмоль/л

<34

1

 

34 – 51

2

 

> 51

3

Альбумин, г/л

>35

1

 

35 – 28

2

 

<28

3

ХҚҚ

<1,7

1

 

1,7 – 2,3

2

 

>2,3

3

* Trey, Bums, Saunders (1966) авторларымен қолданылатын жіктелуі.

5 жастан асқан балалар

4 және 5 кестелерде Пегасис препараты мен рибавиринді созылмалы С гепатиті бар, дене беткейінің ауданы 0,7 м2 асатын 5 жастан 17 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде дозалау жөніндегі ұсынымдар келтірілген. Балаларда қолдану үшін Пегасис препаратын алдын-ала толтырылған еккіштер түрінде пайдалану ұсынылады. Емдеуді 18 жасқа толғанша бастаған пациенттер, Пегасис препаратымен емдеуді бастапқы режимде емдеу курсы аяқталғанша жалғастыруы тиіс. Пегасис дене беткейінің ауданы 0,7 м2 аз балаларды емдеу үшін қолданылмауы тиіс, өйткені препаратты пациенттердің бұл популяциясында пайдалану жөніндегі мәліметтер жоқ.

Балалардағы емдеу ұзақтығы

ССГ бар бала жастағы пациенттерде Пегасис препаратымен және рибавиринмен біріктірілген емнің ұзақтығы вирустың генотипіне байланысты. 2 және 3 генотиптері бар пациенттер 24 апта бойы емделуі тиіс, ал СГВ басқа генотиптері бар пациенттер 48 апта бойы ем қабылдайды. СГВ РНҚ 24 апта емдеуден кейін анықталатын пациенттер емдеуді тоқтатуы тиіс, өйткені емдеуді жалғастырған кезде олардан тұрақты вирусологиялық жауап алу ықтималдығы өте төмен болып табылады.

4 кесте. 5 жастан 17 жасқа дейінгі балаларда Пегасис препаратын дозалау жөніндегі ұсынымдар

Дене беткейінің ауданы (ДБА), ауқымы (м2)

Апталық дозасы (мкг)

0,71 - 0,74

65

0,75 - 1,08

90

1,09 – 1,51

135

>1,51

180

Созылмалы С гепатиті бар 5 жастан 17 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер үшін рибавириннің ұсынылатын дозасы пациенттің дене салмағына және тәулігіне 15 мг/кг есептік коэффициентіне қарай анықталады; жалпы тәуліктік дозасы екі дозаға бөлінеді. 5 кестеде дене салмағы 23 кг және одан асатын балаларға рибавириннің 200 мг таблеткаларын пайдалана отырып дозалау режимдері келтірілген. Пациенттер (оларға күтім жасайтын адамдар) рибавирин таблеткаларын (200 мг) екі немесе бірнеше бөлікке бөлуге тырыспауы тиіс.

5 кесте: 5 жастан 17 жасқа дейінгі балаларда рибавиринді дозалау жөніндегі ұсынымдар

Дене салмағы, кг

Рибавириннің тәуліктік дозасы (тәулігіне 15 мг/кг жуық)

Рибавирин таблеткаларының саны

23 – 33 (51-73)

тәулігіне 400 мг

1 x 200 мг, таңертең

1 x 200 мг, кешке

34 – 46 (75-101)

тәулігіне 600 мг

  • x 200 мг, таңертең

  • x 200 мг, кешке

47 – 59 (103-131)

тәулігіне 800 мг

2 x 200 мг, таңертең

2 x 200 мг, кешке

60 – 74 (132-163)

тәулігіне 1000 мг

  • x 200 мг, таңертең

  • x 200 мг, кешке

≥75 (>165)

тәулігіне 1200 мг

3 x 200 мг, таңертең

3 x 200 мг, кешке

Балаларда жағымсыз реакциялар туындаған жағдайда дозасын түзету

Уытты реакцияның ауырлық дәрежесіне байланысты, Пегасис препаратының дозасын түзетудің үш деңгейі қарастырылған, оларды емдеу үзілгенге дейін немесе толық тоқтатылғанға дейін пайдалануға болады.

6 кесте. Балаларда Пегасис препаратының дозаларын түзету жөніндегі ұсынымдар

Бастапқы дозасы (мкг)

Дозасының төмендетілуі,

1-ші деңгейі (мкг)

Дозасының төмендетілуі,

2-ші деңгейі (мкг)

Дозасының төмендетілуі,

3-ші деңгейі (мкг)

65

45

30

20

90

65

45

20

135

90

65

30

180

135

90

45

Пегасис препаратын және/немесе рибавиринді қолданумен байланысты болуы мүмкін уытты реакциялар дамыған жағдайда, препараттардың біреуінің немесе екеуінің де дозасын азайтуға болады. Сонымен қатар рибавиринді немесе Пегасис препараты мен рибавиринмен біріктірілген емді пайдаланудан толықтай бас тартуға болады. Рибавиринді монотерапия ретінде тағайцындауға болмайтындығын айта кету маңызды. 7 кестеде балаларда препаратты қолданумен байланысты болуы ықтимал уытты әсерлері туындаған жағдайда, Пегасис препаратының дозаларын түзету жөніндегі ұсынымдар келтіріледі. Егер басқаша көрсетілмесе, барлық басқа уытты реакцияларды емдеу ересек пациенттер үшін қарастырылған нұсқауларға сәйкес жүргізіледі.

7 кесте. Балаларда уытты әсерлері туындаған жағдайда Пегасис препаратының дозасын түзету жөніндегі ұсынымдар

Уыттылық реакциясы

Пегасис дозасын түзету

Нейтропения

750-999 жасуша/мм3: Емдеудің 1-2 апталары – 1-ші деңгейге дейін шұғыл түзету; 3-48 апталары: дозасын түзету қажет емес.

500-749 жасуша/мм3: 1-2 апталар – емдеуді жасушалар саны >750 жасуша/мм3 деңгейіне дейін қалпына келгенше тоқтата тұрып, артынан емдеуді 1-ші деңгейі бойынша түзетілген дозада қайта бастау; НАС көрсеткішінің >750 жасуша/мм3 деңгейінде кейінгі 3 апта бойы сақталуын апта сайын бақылау; 3-48 апталар - 1-ші деңгейге дейін шұғыл түзету.

250-499 жасуша/мм3: 1-2 апталар – емдеуді жасушалар саны >750 жасуша/мм3 деңгейіне дейін қалпына келгенше тоқтата тұрып, артынан емдеуді 2-ші деңгейі бойынша түзетілген дозада қайта бастау; 3-48 апталар – емдеуді жасушалар саны >750 жасуша/мм3 деңгейіне дейін қалпына келгенше тоқтата тұрып, артынан емдеуді 1-ші деңгейі бойынша түзетілген дозада қайта бастау.

< 250 жасуша/мм3 (немесе фебрильді нейтропения) – емдеуді тоқтату.

Аланинтрансаминаза (АЛТ) деңгейінің жоғарылауы

АЛТ деңгейлері тұрақты түрде сақталған немесе олар жоғарғы қалып шегінен (ЖҚШ) ≥5-тен <10 x дейін жоғарылаған кезде, дозасын түзетудің 1-ші деңгейіне дейін қысқартып, артынан АЛТ концентрациясының тұрақты деңгейде сақталуын немесе оның төмендеуін апта сайын бақылау

АЛТ деңгейлерінің ЖҚШ 10 және одан да көп есе тұрақты жоғарылауы кезінде препаратты қабылдауды толығымен тоқтату керек.

Бала жастағы пациенттерде рибавиринді қолданумен байланысты уытты реакцияларды (мысалы, емдеу барысында туындайтын анемияны) емдеу, жалпы тәуліктік дозасын азайту арқылы жүргізіледі. 8 кестеде рибавирин дозасын түзетудің деңгейлері сипатталған.

8 кесте. Балаларда рибавириннің дозасын түзету жөніндегі ұсынымдар

Толық дозасы

(тәулігіне 15 мг/кг-ге жуық)

Дозасын сатылап түзету

( тәулігіне 7.5 мг/кг жуық)

Рибавирин таблеткаларының саны

тәулігіне 400 мг

тәулігіне 200 мг

1 x 200 мг, таңертең

тәулігіне 600 мг

тәулігіне 400 мг

1 x 200 мг, таңертең

1 x 200 мг, кешке

тәулігіне 800 мг

тәулігіне 400 мг

1 x 200 мг, таңертең

1 x 200 мг, кешке

тәулігіне 1000 мг

тәулігіне 600 мг

  • x 200 мг, таңертең

  • x 200 мг, кешке

тәулігіне 1200 мг

тәулігіне 600 мг

  • x 200 мг, таңертең

  • x 200 мг, кешке

Пегасис препаратының 3 жастан 5 жасқа дейінгі, ССГ-ден зардап шегетін, немесе алдыңғы емге жауап талапқа сай болмаған балаларды емдеу үшін қолданылу тәжірибесі шектеулі. Пегасис препаратының АИТВ-СГВ ко-инфекциясы немесе бүйрек жеткіліксіздігі бар балаларды емдеу үшін қолданылуы жөнінде мәліметтер жоқ.

Егде жастағы пациенттер. Егде жастағы пациенттерде дозаны түзету қажет емес.

Бүйрек жеткіліксіздігі. Бүйрек жеткіліксіздігінің терминалдық сатысындағы пациенттерде емдеуді 135 мкг дозадан бастау керек. Пегасистің бастапқы дозасына және бүйрек жеткіліксіздігі сатысына қарамастан, бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерді жағымсыз әсерлер дамыған жағдайда дозаны түзету тұрғысынан мұқият бақылау керек.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі (>10%)

  • анорексия

  • астения, жалпы әлсіздік

  • әлсіздік, қалтырау, температураның көтерілуі, инъекция орнының ауыруы және қызаруы

  • алопеция, терінің құрғауы, қышыну, дерматит

  • бұлшықеттердің және буындардың ауыруы

  • депрессия, мазасыздық, ұйқысыздық, зейін шоғырландырудың бұзылуы, бас ауыру, бас айналу

  • ентігу, жөтел

  • жүрек айну, диарея, іштің ауыруы

Жиі ( >1%, <10%)

  • тұмау тәрізді симптом, кеуденің ауыруы, шөлдеу, дімкәстану, салмақтың азаюы

  • бөртпе, экзема, псориаз, фотосезімталдық реакциялары, қатты тершеңдік, түнде терлеу

  • сүйектердің ауыруы, арқаның, мойынның ауыруы, бұлшықеттердің ауыруы, бұлшықеттердің әлсіздігі, артриттер, бұлшықеттердің құрысуы

  • риниттер, назофарингиттер, синуситтер, ентігу, мұрыннан қан кету, бронхит, мұрынның бітелуі

  • жүрек айну, құсу, диспепсия, ауыз кеберсуі, афтозды стоматит, қызыл иектің қанағыштығы, дисфагия, глоссит

  • жүрек қағу, тахикардия, шеткергі ісінулер

  • гипотиреоз, гипертиреоз

  • эректильді функцияның төмендеуі

  • жадының бұзылуы, дәм сезудің бұзылуы, парестезиялар, гипестезиялар, тремор, әлсіздік, эмоциялық бұзылыстар, көңіл-күй бұзылыстары, күйгелектену, озбырлық, бас сақинасы, либидо төмендеуі, ұйқышылдық, гиперестезиялар, түнгі шым-шытырық түстер, естен танулар

  • көз алдының тұмандануы, ксерофтальмия, конъюнктивит, көздің ауыруы

  • бас айналу, құлақтың ауыруы

  • қарапайым герпес вирусы туғызған инфекциялар, несеп шығару жолдарының инфекциялары, ауыз қуысының кандидозы

  • лимфаденопатия, анемия, тромбоцитопения

Жиі емес (>1%, <2%) СВГ/АИТВ ко-инфекциясы бар пациенттерде

  • апатия

  • жұтқыншақ пен көмейдің ауыруы, пневмония, ысқырып дем алу

  • хейлит, асқазан-ішектік қан кету

  • жүре пайда болған липодистрофия

  • құлақтың шыңылдауы

  • хроматурия

  • гиперлактацидемия/лактоацидоз

Жиі емес (>0,1%, < 1%)

  • бауыр ісіктері, дегидратация

  • саркоидоз, тиреоидит

  • қант диабеті

  • суицидальді көңіл күй, елестеулер, шеткергі нейропатия, тор қабыққа қан кету, естімей қалу

  • артериялық гипертензия

  • асқазан-ішектен қан кетулер

  • бауыр функциясының бұзылуы

Сирек және өте сирек (<0,1%)

  • миозит

  • суицид, психикалық бұзылыстар

  • коматозды жағдай, құрысулар, бет жүйкесінің невриті, миға қан құйылу, көрмей қалу

  • бет жүйкесінің невриті, макулярлы ісіну, тор қабықтың тамырларының зақымдануы, ретинопатия, мөлдір қабықтың ойық жаралануы

  • өліммен аяқталатын жағдайларды қоса, интерстициальді пневмонит, өкпе артериясының эмболиясы

  • миокард инфарктісі, іркілген жүрек жеткіліксіздігі, кардиомиопатия, аритмия, стенокардия, жүрекшелер фибрилляциясы, перикардит, қарынша үстілік тахикардия, васкулит

  • пептикалық ойық жара, панкреатит

  • бауыр жеткіліксіздігі, холангит, бауырдың майлы дистрофиясы

  • бүйрек жеткіліксіздігі

  • диабеттік кетоацидоз

  • анафилактикалық реакциялар, жүйелі қызыл жегі, ревматоидты артрит, идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура

  • панцитопения

  • апластикалық анемия

  • сыртқы отит

  • Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз, ангионевроздық ісіну, мультиформалы эритема

Жиілігі белгісіз

  • мания, биполярлы бұзылыстар, гомицидальді ойлар

  • церебральді ишемия

  • торқабықтың серозды ажырауы

  • шеткергі қантамырлардың ишемиялық зақымдануы

  • ишемиялық колит, тілдің пигментациясы

  • рабдомиолиз

Зертханалық көрсеткіштер

Пегасиспен немесе Пегасис/рибавирин біріктірілімімен емдеу зертханалық көрсеткіштердің өзгеруімен қатар жүрген, әдетте, олар дозаны түзетуден кейін жақсарған және емді тоқтатқаннан кейін 4-8 апта шегінде бастапқы деңгейіне оралған:

  • гемоглобин және гематокрит деңгейінің біртіндеп аздаған төмендеуі

  • лейкоциттердің жалпы санының да, НАС да төмендеуі

  • тромбоциттер санының азаюы. Клиникалық зерттеулерде тромбоциттер мөлшерінің 50 000 /мм³ дейін төмендеуі, негізінен, тромбоциттердің бастапқы деңгейі төмен науқастарда байқалды

  • медициналық араласуды талап ететін қалқанша без функциясының зертханалық көрсеткіштерінің клиникалық мәнді өзгерістері

  • сарысудағы триглицеридтер деңгейінің жоғарылауы

  • Пегасисті монотерапия режимінде немесе рибавиринмен біріктіріп қабылдаған шамамен 3% пациентте интерферон-бейтараптандырғыш антиденелер титрінің төмен екені білінеді. Бейтараптандырушы антиденелердің плазмада пайда болуының клиникалық мәні әзірге анықталмаған.

Постмаркетингтік кезеңде Пегасисті рибавиринмен үйлестіріп қолданғанда мынадай жағымсыз реакциялардың бірлі-жарым жағдайлары жөнінде хабарламалар алынды: мультиформалы эритема, Стивенс-Джонсон синдромы және уытты эпидермалық некролиз, парциальді қызыл жасушалы аплазия, дегидратация, торқабықтың ыдырауы, бауыр мен бүйрек трансплантатының ажырауы, Фогт-Коянаги-Харада синдромы, сепсис, ишемиялық колит, рабдомиолиз.

Балаларға қолданған кездегі жағымсыз құбылыстар

Бала жастағы (5 жастан 17 жасқа дейінгі), Пегасис препаратын монотерапия ретінде немесе рибавиринмен біріктіріп қабылдаған 114 пациенттің қатысуымен жүргізілген клиникалық зерттеуде дозасын түзету пациенттердің үштен біріне жуығында, көбінесе дамып келе жатқан нейтропениямен және анемиямен байланысты қажет болды. Тұтас алғанда, балаларда байқалатын қауіпсіздік бейіні ересек, пациенттердегі осындайларға сәйкес келген. Балалардың қатысуымен жүргізілген зерттеуде Пегасис/рибавирин препараттарымен 48 аптаға дейін созылған біріктірілген емді қабылдаған пациенттерде анағұрлым кең таралған, реакцияларға мыналар жатқызылды: тұмаутәрізді синдром (91%), бас ауыруы (64%), АІЖ тарапынан бұзылулар (56%), инъекцияны енгізген жердегі реакциялар (45%). Пациенттердің аталған тобында (n=55) тіркелген жағымсыз реакциялардың толық тізімі төменде келтірілген. Пегасис препаратымен және рибавиринмен біріктірілген емді 48 апта бойы қабылдаған 7 пациент, туындаған жағымсыз құбылыстарға (депрессия, психиатриялық көрсеткіштердің ауытқулары, өтпелі соқырлық, торқабық бөліністері, гипергликемия, 1-ші типті қант диабеті, анемия) байланысты емдеуді тоқтатқан. Зерттеуде байқалған жағымсыз реакциялардың көпшілігінің ауырлық дәрежесі жеңіл немесе орташа болды. Біріктірілген ем тобындағы екі пациентте ауыр жағымсыз реакциялар (гипергликемия және холецистэктомия) байқалған.

Өте жиі (>10%)

  • тәбеттің төмендеуі, ашушаңдық, әлсіздік

  • бөртпе, қышыну, алопеция

  • миалгиялар, сүйектердің ауыруы, тұмаутәрізді синдром

  • ұйқысыздық, бас ауыруы

  • ас қорытудың бұзылулары

  • препаратты енгізген жердегі реакциялар

Жиі ( >1%, <10%)

  • депрессия, мазасыздық, елестеулер, мінез-құлық бұзылулары, озбырлық, ызалану, зейін тапшылығы және аса жоғары белсенділік синдромы, бас айналуы, зейін бұзылуы, бас сақинасы, психиатриялық көрсеткіштердегі ауытқулар, оқып-үйренудегі қиындықтар

  • арқа мен аяқ-қолдардың ауыруы

  • өтпелі соқырлық, көру бұзылулары, конъюнктиваның тітіркенуі, қышынуы, көзден жас ағу, құлақтың ауыруы

  • ентігу, мұрыннан қан кету

  • іштің ауыруы, стоматит, жүрек айнуы, ойық жаралы стоматит

  • беттің ісінуі, дәрі-дәрмектік бөртпе

  • дизурия, несепті ұстай алмау, несеп шығару жолдарының аурулары

  • қынап бөліністері

  • препаратты енгізген жердің ауыруы және гематомалар, қызба

  • анемия

  • гипергликемия, 1 типті қант диабеті

  • инфекциялық аурулар: инфекциялық мононуклеоз, стрептококктық фарингит, тұмау, вирустық гастроэнтерит, кандидоз, тіс абсцесі, назофарингит, теріскен, несеп шығару жолдарының инфекциялары

  • тіс жұлу мен холецистэктомияға себепші болатын жағдайлар

Бала жастағы пациенттерде өсудің тежелуі байқалды. Пегасис препаратын рибавиринмен біріктіріп қабылдаған балалар мен жасөспірімдерде 48 апта емдеуден кейін өсудің тежелуі мен дене салмағы артуының баяулағаны (бастапқы мәндерімен салыстырғанда) байқалған. Нормативтік популяцияда емдеу кезінде дене салмағының жас шамасы мен жас шамасына қарай бойының арақатынасының процентильдік мәндерінің төмендеуі орын алды. Емдеу аяқталғаннан кейін 2 жылдан соң пациенттердің көпшілігінде дене салмағы мен бой өсу үшін процентильдік мәндері бастапқы нормативтік деңгейіне қайтып келген (дене салмағына арналған орташа процентиль емдеудің алдында 64%-ды және емдеу аяқталғаннан кейін 2 жылдан соң 60%-ды құрады; бой өсуіне арналған орташа процентиль емдеудің алдында 54%-ды және емдеу аяқталғаннан кейін 2 жылдан соң 56%-ды құрады). Емдеу курсының аяғында пациенттердің 43%-ында дене салмағына арналған процентильдің 15 процентиль және одан да көп төмендегені байқалған, және 25%-ында (13/53) бой өсуіне арналған процентильдің 15 процентиль және одан көпке төмендеуі орын алған. Емдеу аяқталғаннан кейін 2 жылдан соң дене салмағына арналған процентильдің бастапқы мәндерімен салыстырғанда 15 және одан да көп процентильге төмендеуі балалардың 16%-ында (6/38), ал бой өсуіне арналған процентильдің балалардың 11%-ында (4/38) - 15 және одан да көп процентильге төмендегені байқалды. Бастапқы зерттеуде емдеу курсын аяқтаған пациенттердің 55%-ы (21/38), кейінгі ұзақ уақыт қадағалау бағдарламасына кірістірілді, оның ұзақтығы 6 жылға дейін болды. Зерттеу емдеу аяқталғаннан кейін 2 жылдан соң байқалатын өсу көрсеткіштерінің қалпына келуі, емдеу аяқталғаннан кейін 6 жылдан соң да сақталғанын көрсетті. Емдеу аяқталғаннан кейін 2 жылдан соң бой өсуге арналған процентиль бастапқы мәніне қатысты 15 тармақтан астамға төмендеген кейбір пациенттерде, 6 жыл өткен соң бастапқы мәндермен салыстырмалы процентильдерге оралуға мүмкіндік туған немесе оларда жүргізілген еммен байланыссыз себептік фактор анықталған. Қолда бар мәліметтер көлемі Пегасис препаратын пайдаланудан болған өсудің тежелуі үнемі қайтымды болып табылатындығын растау үшін жеткіліксіз.

Зертханалық көрсеткіштер

Гемоглобин, нейтрофилдер мен тромбоциттер деңгейлерінің төмендеуі препараттың дозасын азайтуды немесе емдеуден толықтай бас тартуды талап етуі мүмкін. Көп жағдайларда, клиникалық зерттеу барысында байқалған зертханалық көрсеткіштердің ауытқулары қайтымды болды және емдеуді тоқтатқаннан кейін тез арада бастапқы мәндеріне қайтып келген.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • альфа-интерферондарға, полиэтиленгликольге, E.coli тіршілік қызметі өнімдеріне немесе препараттың кез келген басқа компонентіне аса жоғары сезімталдық

  • аутоиммундық гепатит

  • декомпенсацияланған бауыр циррозы, ауыр бауыр жеткіліксіздігі

  • декомпенсация фазасындағы ауыр жүрек-қантамырлық аурулар, оның ішінде алдыңғы 6 ай ішінде тұрақсыз нашар бақыланатын ағымымен

  • АИТВ-ССГ үйлескен инфекциясымен науқастардағы Чайлд-Пью бойынша 6 балл және одан да жоғары бауыр циррозы (атазанавир және индинавир сияқты дәрілік заттар қабылдаудан болған гипербилирубинемия жағдайларын қоспағанда)

  • телбивудинмен біріктіріп қолдану

  • 5 жасқа дейінгі балаларда

  • балаларда – ауыр психикалық бұзылулардың, соның ішінде ауыр депрессияның, суицидке ниеттену мен суицид әрекеттерінің болуы (соның ішінде сыртартқысында)

  • жүктілікте

  • рибавиринмен біріктірілімі жұптастары жүктіліктен сақтандыратын сенімді дәрілер қолданбайтын ерлерге қарсы көрсетілімді

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Өзара әрекеттесулерін зерделеуге қатысты зерттеулер тек ересек пациенттерде жүргізілді.

В гепатиті мен С гепатитін біріктіріп емдегенде ламивудинмен және рибавиринмен фармакокинетикалық өзара әрекеттесу болмайды.

Пегасисті 180 мкг дозада 4 апта бойы аптасына 1 рет енгізу толубутамид (СҮР 2С19), мефенитоин (СҮР 2С19), дебризохин (СҮР 2D6) және дапсонның (СҮР 3A4) фармакокинетикасына ықпалын тигізбейді.

Пегасис Р450 цитохромының 1А2 изоферменті белсенділігінің орташа тежегіші болып табылады: теофиллиннің «концентрация-уақыт» қисығы астындағы ауданы (АUС) 25 ұлғаятыны көрсетілген. Сондықтан бір мезгілде Пегасиспен немесе Пегасис/рибавирин біріктірілімімен теофиллин қабылдайтын науқастарда теофиллин концентрациясын бақылау және дозаны түзету қажет.

Метадонмен демеуші емді 4 апта бойы аптасына 1 рет 180 мкг дозадағы Пегасиспен бір мезгілде қабылдаған пациенттерде метадон концентрациясының 10-15 жоғарылауы білінді. Сондықтан олар метадонмен байланысты уыттану симптомдары тұрғысынан қадағалауды қажет етеді.

Рибавирин азатиоприн метаболизміне қатысатын фермент- инозинмонофосфат дегидрогеназаны тежейді. Өз кезегінде аталған фермент белсенділігінің басылуы 6-метилтиоинозинмонофосфат деңгейінің жоғарылауына әкеледі, ол азатиоприн қабылдайтын пациенттерде миелоуыттылық қаупімен астасады. Азатиоприн және пегинтерферон альфа-2а біріктірілімін рибавиринмен бір мезгілде қолдануға болмайды. Кейбір жағдайларда, егер емнің күтілген пайдасы әлеуетті қаупінен жоғары болса, рибавиринді азатиопринмен біріктіріп тағайындауға болады. Осындай жағдайларда миелоуыттылықтың дамуына қан құрамына мұқият мониторингілеу жүргізу керек. Миелоуыттылық дамыған жағдайда біріктірілген емді тоқтату керек. 3-ші фазының базалық зерттеулерінде жүргізілген фармакокинетикалық талдаулардың нәтижесі , ВГВ пациенттерде ламивудин және Пегасис препаратының арасында, сондай-ақ СГВ пациенттерде ламивудин және Пегасис пен рибавиринді біріктіріп қолданудың арасында фармакокинетикалық өзара әрекеттесудің жоғын көрсетеді.

ВГВ емдеу үшін телбивудин (600 мг/тәулік) мен пегилирленген интерферон альфа-2а (аптасына 180 мкг, т/а) біріктіріп қолданудың клиникалық зерттеулері көрсеткендей, аталған препараттарды біріктіріп қолдану шеткергі нейропатияның жоғары қаупімен байланысты. Осындай әсер механизмі белгісіз, сондықтан басқа интерферондар үшін (стандартты, сондай-ақ пегилирленген) шеткергі нейропатияның дамуының жоғары қаупін жоққа шығаруға болмайды. Бұдан басқа, қазіргі кезде телбивудин мен интерферон альфаны (пегилирленген немесе стандартты) біріктіріп қолданудың пайдасы анықталмаған. Сондықтан Пегасис препаратын телбивудинмен бір мезгілде қолдануға болмайды.

Мақсаты рибавириннің кейбір кері транскиптазаның нуклеозидті тежегіштерінің (КТНТ) (ламивудин және зидовудин немесе ставудин) жасушаішілік фосфорлануына әсерін анықтау болған, АИТВ-ССГ ко-инфекциясымен 47 пациентке жүргізілген қосымша 12-апталық фармакокинетикалық зерттеуде, дәріаралық өзара әрекеттесудің нақты дәлелдері анықталған жоқ. Әйтсе де мәндерінің айтарлықтай ауытқуы себебінен, сенімділік аралықтары айтарлықтай кең болды. КТНТ бір мезгілде қолдану, рибавириннің плазмадағы экспозициясына әсер етпегені белгілі. Диданозин мен рибавириннің біріктірілімі ұсынылмайды. Рибавирин диданозиннің және оның белсенді метаболитінің (дидеоксиаденозин 5-трифосфат) экспозициясын in vitro жоғарылатады, ол фатальді бауыр жеткіліксіздігінің дамуына, шеткергі невропатияға, панкреатитке, симптоматикалық гиперлактатемия/лактатацидозға әкелуі мүмкін. Зидовудинді АИТВ кешенді емінде қолданғанда рибавиринмен байланысты анемияның нашарлауы туралы хабарланды. Әйтсе де осы құбылыстың дәл механизмін анықтау керек. Анемияның дамуының жоғары қаупіне байланысты рибавирин мен зидовудинді бір мезгілде қолдануға болмайды. Егер біріктірілген антиретровирусты ем жүргізіліп жатса, әсіресе сыртартқысында зидовудинмен туындаған анемиясы бар пациенттерде зидовудинді ауыстыру мүмкіндігін қарастыру керек.

Айрықша нұсқаулар

Пегасиспен монотерапия түрінде немесе Пегасис/рибавирин біріктірілімінде емдеу кәсіби білікті дәрігердің қадағалауымен жүргізілуі тиіс, өйткені орташа немесе күрделі жағымсыз реакциялардың пайда болуы себепті дозаны азайту немесе препаратты уақытша тоқтату немесе емдеуді тоқтату талап етілуі мүмкін.

Пегасиспен монотерапия түрінде немесе Пегасис/рибавирин біріктірілімінде емдеу лейкоциттердің жалпы санының да, НАС да төмендеуімен қатарласады, әдетте, бұл емнің алғашқы 2 аптасында болады. Клиникалық зерттеулерде пішінді элементтердің әріқарай төмендеуі сирек білінді. Нейтрофильдердің абсолютті саны 750 жасуша/мм3 аз деңгейге дейін төмендегенде препарат дозасын азайту ұсынылады. Нейтрофильдердің абсолютті саны 500 жасуша/мм3 аз науқастарда НАС 1000 жасуша/мм3 көп деңгейге дейін жоғарылағанша препаратты тоқтату керек.

Монотерапия түріндегі Пегасистің немесе Пегасис/рибавирин біріктірілімінің клиникалық зерттеулерінде НАС азаюы дозаны азайтудан немесе препаратты тоқтатудан кейін қайтымды болды.

Пегасиспен монотерапия түрінде немесе Пегасис/рибавирин біріктірілімінде емдеу тромбоциттер санының төмендеуімен қатарласты, емделуден кейін ол бастапқы деңгейіне оралды. Тромбоциттер саны

50 000/мм3 аз деңгейге дейін төмендегенде препарат дозасын азайту, ал 25 000/мм3 деңгейге дейін төмендегенде препаратты тоқтату ұсынылады.

Анемия (гемоглобин деңгейі 100 г/л-ден аз) клиникалық зерттеулерде Пегасис пен рибавиринді 48 апта бойы 1000-1200 мг дозада алған 13 пациентте байқалды. Гемоглобиннің барынша төмендеуі рибавирин қабылдай бастағаннан 4-ші аптада байқалады. Сондықтан емнің басталуына дейін, емдеудің 2-ші, 4-ші апталарында және ол аяқталғанда қан құрамын бақылау қажет.

Емді бастау мүмкін болу үшін зертханалық критерийлер:

  • тромбоциттер саны  90 000 мм3 (циррозға шалдыққан немесе циррозға ұласқан науқастарда – 75 000 мм3)

  • НАС  1 500/мм3

  • гемоглобин деңгейі > 120 г/л.

Пегасис препаратымен емдеудегі клиникалық зерттеулерде лейкоциттердің жалпы саны сондай-ақ НАС әдетте емнің екінші аптасынан бастап төмендеді. Емнің 8 аптасынан кейін НАС үдемелі төмендеуі сирек кездеседі. НАС төмендеуі дозаны төмендеткеннен кейін немесе препаратты қабылдауды тоқтатқаннан кейін қайтымды болды, пациенттердің көбінде НАС көрсеткіштері 8 аптадан кейін қалыптағы мәніне жетті және барлық пациенттерде шамамен 16 аптадан кейін бастапқы мәніне оралды.

Пегасис препаратымен емдеу тромбоциттер санының төмендеуімен байланысты, ол бастапқы деңгейіне емнен кейінгі бақылану кезеңі ішінде оралды. Кейбір жағдайларда дозаны өзгерту талап етілуі мүмкін.

Пегасис препараты және рибавиринмен біріктірілген емдегі клиникалық зерттеулерде анемияның пайда болуы (гемоглобин <100 г/л) созылмалы С гепатиті бар 15% пациенттерде байқалды. Анемияның пайда болу жиілігі емдеу курсының ұзақтығы және рибавириннің дозасына тәуелді. Әйелдерде анемияның даму қаупі жоғары.

Пегасис препаратын басқа да миелоуытты препараттармен біріктірілімде қолданғанда сақтық шараларын сақтау керек.

Рибавиринді азатиопринмен біріктіріп қолдануды бастағаннан кейін 3-7 аптаның ішінде әдебиетте панцитопения және сүйек кемігінің супрессиясы пайда болу жағдайлары сипатталған. Миелоуыттылық қайтымды сипат иеленген және вирусқа қарсы ем ССГ мен азатиопринді тоқтатқаннан кейін және 4-6 апта ішінде жоғалды. Емнің түрлерінің біреуін жаңғыртқаннан кейін (вирусқа қарсы ем немесе азатиоприн) ары қарай осындай әсер дамыған жоқ.

Бұрын жүргізілген ем сәтсіздігімен және гематологиялық жағымсыз құбылыстарға байланысты емді тоқтатқан ССГ науқастарда емді бастар алдында потенциальді қаупі мен пайдасын екшеу керек, өйткені Пегасис препаратын осы пациенттерде қолдану жеткілікті зерттелген жоқ.

Инфекциялар

Температураның көтерілуі интерферонмен емдеу аясында жиі білінетін тұмау тәріздес синдромнан туындауы мүмкін болса да, әсіресе, нейтропениямен науқастарда қызбаның басқа себептерінің бар-жоғын анықтау қажет.

Күрделі инфекциялар жағдайларында (бактериялық, вирустық, зеңдік), әсіресе, нейтропениямен науқастарда интерферонмен емдеуді тоқтату қарастырылып, дереу тиісті емді бастау керек.

Аутоиммундық бұзылулар

Аутоиммундық аурулармен науқастарда альфа-интерферондар қолдану оларды өршітуі мүмкін, сондықтан Пегасисті осы топта сақтықпен қолдану керек. Псориаздың пайда болуы немесе өршуі мүмкін. Псориаздық элементтер білінген немесе көбейген жағдайда емді тоқтатуды қарастырған жөн.

Интерферондармен ем қабылдаған ССГ пациенттерде Фогт-Коянаги-Харада (ФГХ) синдромының даму жағдайлары туралы хабарланды. Аталған синдром көзді, есту аппаратын, ми қабығын және теріні қамтитын гранулематозды қабыну ауруы болып табылады.

ФГХ синдромына күдік туғанда вирусқа қарсы препараттармен емді тоқтату және кортикостероидтарды қабылдау мүмкіндігін қарастыру керек.

Эндокриндік бұзылулар

Интерферон альфа, оның ішінде Пегасис препаратын қолданғанда, қалқанша без функциясының бұзылуы немесе қалқанша бездің бұрын болған ауруларының нашарлауы байқалды. Пегасис препаратымен емді бастар алдында ТТГ және T4 деңгейлерін зерттеу керек. Егер ТТГ деңгейі дәрілермен қалыпты мәндер шегінде демеліп тұрса Пегасис препаратымен емдеу басталуы немесе жалғастырылуы керек. Қалқанша бездің болуы мүмкін дисфункциясының клиникалық симптомдары пайда болған жағдайда емдеу кезінде ТТГ зерттеу керек. Пегасис препаратын қабылдағанда гипергликемия, гипогликемия және қант диабеті секілді бұзылыстар байқалды.

Талапқа сай түзетуге жарамайтын жоғарыда аталған жағдайлармен пациенттер Пегасис препаратымен монотерапияны немесе Пегасис/рибавириннің біріктірілген емін бастамаған дұрыс, ал ем жүргізу кезінде осындай ахуалдар дамыған жағдайда емді тоқтату керек.

Нейропсихиатриялық бұзылулар

Пегасис препаратымен емдеу кезінде, сондай-ақ емді тоқтатқаннан кейін 6 ай ішінде кейбір пациенттерде орталық жүйке жүйесі (ОЖЖ) тарпынан ауыр жағымсыз реакциялар байқалды, атап айтқанда: депрессия, суицидке бейімдену және суицидтік әрекеттер.

Интерферон альфамен емдегенде ОЖЖ тарапынан басқа жағымсыз реакциялар байқалды, оның ішінде озбырлық мінез-құлық, кейде басқа адамдарға қарсы бағытталған (мысалы, гомицидальді ойлар), биполярлы бұзылыстар, маниялар, сананың шатасуы, психикалық статустың бұзылуы.

Психикалық бұзылыстардың белгілері мен симптомдарын анықтау үшін пациенттердің жағдайын мұқият бақылау керек. Егер осындай симптомдар пайда болса, онда дәрігер осы жағымсыз құбылыстардың потенциальді елеулігі туралы және сәйкес емнің қажеттігі жөнінде ұмытпауы керек. Егер психикалық бұзылыстардың симптомдары сақталса немесе нашарлаған жағдайда немесе суицидке бейімдену анықталса, Пегасис препаратымен емді тоқтату және қажет сәйкес ем тағайындау ұсынылады.

Ауыр психикалық аурулармен пациенттер (оның ішінде сыртартқысында): Егер ауыр психикалық аурулармен пациенттерді (оның ішінде сыртартқысында) Пегасис препаратымен емдеу қажеттігі туралы шешім қабылданса, онда емді сәйкес тексерулерді өткеннен кейін және психикалық бұзылыстарды емдегеннен кейін бастау керек.

Пегасис препаратын ауыр психикалық аурулармен (оның ішінде сыртартқысында) балалар мен жасөспірімдерді емдеу үшін қолдануға болмайды.

Психикаға белсенді әсер ететін заттарды қолдану/шамадан тыс қолдану: Интерферон альфамен бір мезгілде психикаға белсенді әсер ететін заттарды (алкоголь, марихуана және т.б.) қолданатын, осыған дейін болған психикалық аурулармен СГВ пациенттерде психикалық бұзылыстардың немесе асқынулардың жоғары қаупі бар. Егер осындай пациенттерді интерферон альфамен емдеу қажеттігі туралы шешім қабылданса, емді бастар алдында осыған дейін болған психикалық бұзылыстарды мұқият талдап және оған баламалы ем жүргізу керек. Қажет болғанда пациенттерді тексеруге пациенттерді емдейтін және бақылау жүргізетін психикалық саулық маманын немесе нарколог-дәрігерлерді қамтиды. Ем жүргізу кезінде, сондай-ақ оны аяқтағаннан кейін, пациентті мұқият бақылау жүргізу керек. Психикалық бұзылыстар қайта пайда болғанда немесе дамығанда немесе психикаға белсенді әсер ететін заттарды шамадан тыс қолданғанда араласымды ерте сатысында жүргізу ұсынылады.

Офтальмологиялық бұзылулар

Пегасиспен емдеу аясында торқабыққа қан құйылуын, жұмсақ экссудаттарды, көз жүйкесінің нейропатиясын, көру бүртігінің ісінуін, торқабық артерияларының немесе көктамырларының бітеліп қалуын қамтитын офтальмологиялық патология сипатталған. Пациенттердің бәрі емдеу басталғанша офтальмолог тексеруінен өтуі тиіс. Офтальмологиялық бұзылулар (мысалы, диабеттік немесе гипертензиялық ретинопатия) орын алған пациенттер емделу кезінде көру қабілетін жүйелі тексертуі тиіс. Көру өткірлігінің нашарлауына немесе көру өрісінің тарылуына шағымданатын кез келген пациент офтальмологиялық толық тексеруден өтуі тиіс. Бұрыннан бар офтальмологиялық бұзылулардың білінуі күшейген немесе жаңалары пайда болған жағдайда Пегасиспен немесе Пегасис/рибавирин біріктірілімімен емдеуді тоқтату керек.

Жүрек-қантамырлық бұзылулар

Интерферон препараттарымен, соның ішінде Пегасиспен немесе Пегасис/рибавирин біріктірілімімен емдеу артериялық гипертензия, суправентрикулярлы аритмиялар, іркілген жүрек жеткіліксіздігі, кеуде қуысының ауыруы және миокард инфарктісі сияқты жүрек-қантамыр реакцияларымен қатар жүруі мүмкін. Сыртартқысында жүрек-қантамыр аурулары бар барлық пациенттерді емнің басталуына дейін электрокардиографиялық тексеруден өткізу ұсынылады. Жүрек-қантамырлық статус өзгергенде емдеуді өзгерту немесе тоқтату керек. Жүрек-қантамыр аурулары бар пациенттерде анемия рибавиринді қабылдауды тоқтату немесе дозасын төмендету қажеттігіне әкелуі мүмкін.

Аса жоғары сезімталдық

Интерферондармен ем жүргізу кезінде айқын, жедел аса жоғары сезімталдық реакциялары (мысалы, ангионевроздық ісіну, бронх түйілуі, анафилаксия) сирек білінген. Пегасиспен немесе Пегасис/рибавиринмен емдеу кезінде осындай жағымсыз реакциялар дамыған жағдайда емдеуді тоқтатып, дереу тиісті дәрі-дәрмектік ем тағайындаған жөн. Транзиторлы тері бөртпесі емдеуді тоқтатуды талап етпейді.

Өкпе бұзылулары

Өкпе симптоматикасы, соның ішінде ентігу, өкпе инфильтраттары, пневмония мен пневмонит, соның ішінде өліммен аяқталатын түрлері сипатталған. Персистерленетін немесе ұлғая түсетін өкпе инфильтраттары болғанда немесе өкпе функциясы бұзылғанда препаратты тоқтату керек.

Бауыр функциясы

Егер Пегасис немесе Пегасис/рибавирин біріктірілімін қолдану барысында бауыр жеткіліксіздігі белгілері дамыса, емдеуді тоқтату керек.

Стоматологиялық бұзылыстар

Пегасис препаратымен және рибавиринмен біріктірілген ем қабылдайтын пациенттерде тістің және пародонт патологиясы байқалды, ол тістердің түсіп қалуына әкелуі мүмкін. Одан басқа, Пегасиспен және рибавиринмен ұзақ емдеу курсы ауыз қуысының шырышты қабаты мен тістерді бұзатын әсерімен ауыз қуысының құрғақтығын туындатуы мүмкін. Пациенттер тістерін мұқият күніне екі рет тазалауы және жүйелі стоматологта тексерілуі керек. Кейбір пациенттер құсуы мүмкін, одан кейін ауызды мұқият шаю керек.

Созылмалы С гепатиті.

Басқа альфа-интерферондар қолдану кезіндегідей, Пегасиспен немесе Пегасис/рибавирин біріктірілімімен ем алып жүрген пациенттерде, соның ішінде вирусологиялық жауабы бар пациенттерде, бастапқы деңгеймен салыстырғанда, АЛТ белсенділігінің жоғарылауы байқалды. Егер, дозаны азайтуға қарамастан, АЛТ белсенділігінің жоғарылауы жалғасса немесе билирубин концентрациясының артуымен немесе бауырдағы үдеріс декомпенсациясы белгілерімен қатар жүрсе, препаратты тоқтату керек.

Созылмалы В гепатиті.

Созылмалы С гепатитінен ерекшелігі, аурудың өршуі аракідік байқалады және АЛТ деңгейінің транзиторлы және айқын көтерілуімен сипатталады. АЛТ деңгейі жоғары қалып шегінен 10 еседен көп жоғарылаған жағдайда Пегасис дозасын азайту немесе қалған емді өзгеріссіз жалғастырған кезде АЛТ деңгейі төмендегенше тоқтату керек. Кез келген жағдайда бауыр функциясына аса тиянақты мониторинг жасау қажет болады.

АИТВ-ССГ үйлескен инфекциясы.

АИТВ-ССГ үйлескен инфекциясы бар, АИТВ инфекциясына орай Пегасиспен және рибавиринмен бір мезгілде спецификалық ем алатын пациенттерде өліммен аяқталуы мүмкін бауыр функциясы декомпенсацияның қаупі жоғары болады. Сондықтан осы топтағы пациенттер өте мұқият бақылауға алуды және клиникалық статусы мен бауыр функциясын декомпенсация белгілерін (асцит, энцефалопатия, варикозды кеңейген көктамырлардан қан кету) анықтау тұрғысынан мезгіл-мезгіл бағалауды қажет етеді. Бауыр декомпенсациясының белгілері білінгенде (Чайлд-Пью бойынша 7 балл және одан көп) емдеу дереу тоқтатылуы тиіс. АИТВ-ССГ үйлескен инфекциясымен пациенттер үшін ем бастауға қолайлы критерий 200/мкл-ден кем емес CD4+, немесе 200/мкл-ден кем, бірақ 100 /мкл-ден кем емес CD4+ рецепторларының және Amplicor HIV-1 Monitor test аппаратында анықталған 1 мл-дегі 5000 көшірмесінен аз НІV-1 RNA деңгейі болып табылады.

Рибавирин мен зидовудинді бір мезгілде қолдану анемия дамуының жоғары қаупіне байланысты ұсынылмайды.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек жеткіліксіздігінің терминалдық сатысындағы пациенттерде аптасына бір рет Пегасистің 135 мкг старттық дозасы қолданылуы тиіс. Старттық дозаға немесе бүйрек жеткіліксіздігінің айқындылық дәрежесіне байланыссыз пациенттерді қадағалау қажет және жағымсыз әсерлер білінген жағдайда Пегасис дозасын өзгерту керек.

Бауыр жеткіліксіздігі

Компенсацияланған бауыр циррозы бар пациенттерде (Чайлд-Пью бойынша А класы) Пегасис тиімді және қауіпсіз. Декомпенсацияланған бауыр циррозы бар науқастарда (Чайлд-Пью бойынша В және С кластары немесе өңеш көктамырларынан қан кеткенде) Пегасис қолдану зерттелмеген.

Жүктілік және лактация кезеңі

Пегинтерферон альфа-2а препаратын жүкті әйелдерге қолдану туралы деректер жоқ немесе қатаң шектелген. Интерферон альфа-2а ұрпақ өрбіту уыттылығына иеленген, әйтсе де адам үшін әлеуетті қаупі анықталмаған. Пегасис препараты жүктілік кезінде анасы үшін емнің әлеуетті пайдасы ұрық үшін болуы мүмкін қаупінен жоғары болған жағдайда қолданылуы мүмкін.

Жануарларға жүргізілген зерттеулерде рибавиринде айқын тератогенді әсер және ұрықтың өлімін туындату қабілеті анықталған. Рибавирин жүкті әйелдерге қарсы көрсетілімде. Рибавиринмен біріктірілімде Пегасис препаратымен ем қабылдайтын пациенттерге, сондай-ақ осындай ем қабылдайтын ерлердің жыныстық жұптасына, жүктілікті болдырмау үшін барлық сақтық шараларын сақтау керек. Бала туу жасындағы әйелдер емдеу кезінде және емді аяқтағаннан кейін 4 ай ішінде тиімді контрацепция әдістерін қолдануы керек. Пациент-ерлер және олардың жыныстық жұптастары барлық емдеу курсы бойы және ем аяқталғаннан кейін 7 ай ішінде контрацепцияның тиімді дәрілерін қолдануы керек (рибавиринді медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықты караңыз).

Емшекпен қоректендіру

Пегинтерферон альфа-2а және/немесе оның метаболиттерінің адамның емшек сүтімен шығарылу белгісіз. Препараттың емшекпен қоректендіру кезінде балаға жағымсыз әсерін жоққа шығару үшін, анасын емдер алдында баланы емшекпен қоректендіруді тоқтату керек.

18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

Пегасис препаратын рибавиринмен біріктіріп қабылдаған 5 жастан 17 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде, емдеудің 48 аптасынан кейін бой өсуінің тежелуі мен дене салмағы артуының баяулағаны жиі байқалған. Препаратты балаларға тағайындаған кезде әр нақты жағдайда клиникалық зерттеулерде сипатталған пациенттердің дансаулығына қатысты емдеудің күтілетін артықшылықтарын мұқият саралау қажет.

Біріктірілге ем қайтымдылығы анықталмаған бой өсуінің тежелуіне алып келген фактіні ескеру маңызды. Бұл қауіпті аурудың үдеу белгілерін (әсіресе фиброзды), аурудың үдеуіне теріс ықпал етуі мүмкін қатарлас ауруларды (мысалы, АИТВ ко-инфекциясын), сондай-ақ клиникалық жауаптың болжамалы факторларын (СГВ генотипі және вирустық жүктеме) қоса, бала ауруының сипаттамаларымен салыстыру керек.

Мүмкіндік болса, өсудің тежелу қаупін азайту үшін, баланы емдеуді жыныстық жетілумен байланысты бойдың күрт өсунен кейін бастау керек. Жыныстық жетілуге кейіннен білінетін әсерлері туралы мәліметтер жоқ.Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Бас айналу, ұйқышылдық, сананың шатасуы және әлсіздік дамитын пациенттерді автокөлік жүргізуден немесе машиналармен және механизмдермен жұмыс істеуден сақтандыру керек.

Артық дозалануы

Симптомдары: әлсіздік, бауыр ферменттері белсенділігінің жоғарылауы, тромбоцитопения және нейтропения.

Емі: арнайы у қайтарғысы жоқ. Гемодиализ және перитонеальді диализ тиімсіз.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Түссіз шыныдан жасалған бір реттік еккіш-түбектерде 180 мкг/0.5 мл-ден. 1 еккіш-түбек пен 1 инеден медициналық қолдану жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 2 оС-ден 8 оС-ге дейінгі температурада сақтау керек. Мұздатып қатыруға болмайды.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Ф.Хоффманн-Ля Рош Лтд., Кайзераугст, Швейцария

Wurmisweg, CH-4303 Kaiseraugst, Switzerland

Тіркеу куәлігінің иесі

Ф. Хоффманн Ля Рош Лтд., Швейцария

Қаптаушы

«Ортат» ЖАҚ, Ресей «Р-Фарм» ЖАҚ үшін, Ресей

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан тауар сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын және фармакоқадағалауға жауап беретін ұйымның мекенжайы:

«Рош Қазақстан» ЖШС

050000, Алматы қ-сы, Қонаев к-сі, 77,

«Park View Office Tower» бизнес орталығы, 15 қабат

Тел.: +7 (727) 321 24 24, факс: + 7 (727) 321 24 25

e-mail: kz.safety@roche.com, kz.quality@roche.com

Прикрепленные файлы

299519021477977113_ru.doc 253.5 кб
159011991477978280_kz.doc 352 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники