Парсабив (5 мг)

МНН: Этелкальцетида гидрохлорид
Производитель: Патеон Мэньюфэкчуринг Сервисез ЛЛС
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Этелькальцетид
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№023621
Информация о регистрации в РК: 26.04.2018 - 26.04.2023

Инструкция

Саудалық атауы

Парсабив

Халықаралық патенттелмеген атауы

Этелкальцетид

Дәрілік түрі

Вена ішіне енгізуге арналған ерітінді, 2,5 мг/0,5 мл, 5 мг/1,0 мл, 10 мг/2,0 мл

Құрамы

Белсенді зат:

Парсабив 2,5 мг, вена ішіне енгізуге арналған ерітінді

Әрбір құтының ішінде 0,5 мл ерітіндіде (5 мг/мл) 3,1 мг этелкальцетид гидрохлориді (2,5 мг этелкальцетидке баламалы) бар

Парсабив 5 мг, вена ішіне енгізуге арналған ерітінді

Әрбір құтының ішінде 1,0 мл ерітіндіде (5 мг/мл) 6,2 мг этелкальцетид гидрохлориді (5,0 мг этелкальцетидке баламалы) бар

Парсабив 10 мг, вена ішіне енгізуге арналған ерітінді

Әрбір құтының ішінде 2,0 мл ерітіндіде (5 мг/мл) 12,3 мг этелкальцетид гидрохлориді (10 мг этелкальцетидке баламалы) бар

Қосымша заттар: Натрий хлориді, янтар қышқылы, хлорсутек қышқылы, натрий гидроксиді, инъекцияа арналған су.

Сипаттамасы

Механикалық қоспалардан бос, мөлдір түссіз сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Қалқанша маңы безі ауруларын емдеуге арналған гормондар. Антипаратиреоидты гормондар. Басқа да антипаратиреоидты препараттар. Этелкальцетид.

АТХ коды H05BX04

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикалық қасиеттері

Таралуы

Популяциялық фармакокинетикалық үлгіде таралу көлемі тепе-тең жағдайда шамамен 796 л құрады. Этелкальцетид көбіне қайтымды ковалентті байланысу арқылы қан плазмасының альбуминімен байланысады. Этелкальцетидте ковалентті емес байланысуға қабілеттілік төмен, ал байланыспаған фракциясында 0,53 құрайды. Қандағы және қан плазмасындағы [14С]-этелкальцетид концентрацияларының арасындағы арақатынас шамамен 0,6 құрайды.

Биотрансформациясы

Этелкальцетид CYP450 цитохромдары жүйесінің изоферменттерімен метаболизденбейді. Қанда этелкальцетид эндогендік тиолдармен қайтымды дисульфидтік алмасу арқылы биотрансформацияға ұшырап, көбіне сарысулық альбуминмен бірге конъюгаттар түзеді. Қан плазмасындағы биотрансформация өнімдерінің экспозициясы, этелкальцетид экспозициясына қарағанда, шамамен 5 есе жоғары болды, ал биотрансформация өнімдерінің концентрация-уақыт бейіні этелкальцетид бейінімен ұқсас болды. Биотрансформация өнімдерінің басым бөлігінің (альбуминмен байланысқан) белсенділігі in vitro өте төмен болды.

Шығарылуы

Аптасына 3 рет вена ішіне енгізу нәтижесінде гемодиализ процедурасының соңында тиімді жартылай шығарылу кезеңі 3-тен 5 күнге дейінді құрайды. Бүйрек функциясы қалыпты пациенттерде этелкальцетид тез шығарылады, ал сол уақытта гемодиализ жүргізуді қажет ететін БСЖ бар пациенттерде гемодиализ препарат элиминациясының негізгі жолы болады. Гемодиализ клиренсі сағатына 7,66 л болған кезде этелкальцетид тиімді түрде шығарылды. Гемодиализ жүргізуді қажет ететін БСЖ және салдарлық ГПТ бар пациенттерге радиоактивті изотоппен таңбаланған этелкальцетидтің бір дозасын енгізгеннен кейін 175 күндік жиналу кезеңінде диализатта шамамен 60% [14С]-этелкальцетид, ал жинақталғанда несепте және нәжісте 7%-ы табылды. Пациенттер популяциясында жүйелік клиренсінің субъектаралық өзгергіштігі шамамен 70% құрайды.

Дозаға тәуелділік/тәуелсіздік

Гемодиализ жүргізуді қажет ететін БСЖ және салдарлық ГПТ бар пациенттерде этелкальцетидтің фармакокинетикасы дозаға тәуелділігімен сипатталды және ол бір дозаны (5-60 мг) в/і енгізгеннен кейінгі де, сонымен қатар қайталанған (2,5-20 мг) дозаларды в/і енгізгеннен кейінгі де уақыт ішінде өзгерген жоқ. Аптасына 3 рет в/і енгізу аясында гемодиализдің 3-4 сағаттық процедурасының соңында қан плазмасында этелкальцетид концентрациялары БСЖ бар пациенттерде емдеуді бастағаннан кейін 4 апта өткеннен кейін іс жүзінде тепе-тең жағдайларға жетті, сонымен қатар байқалған жинақталу 2-3 есеге артты.

Бүйрек функциясының бұзылулары

Бүйрек функциясының ауырлығы жеңілден ауыр дәрежеге дейінгі жеткіліксіздігі бар пациенттерде этелкальцетидті қолдану жөнінде формальді фармакокинетикалық зерттеулер жүргізілген жоқ. Этелкальцетид фармакокинетикасына сипаттама гемодиализде жүрген, БСЖ бар пациенттерге қатысты жасалды. Этелкальцетид гемодиализде жүрген, БСЖ бар пациенттерге пайдалануға арналған.

Бауыр функциясының жеткіліксіздігі

Бауыр функциясының бұзылулары бар пациенттерді қамтыған арнайы зерттеулер жүргізілген жоқ.

Дене салмағы, жынысы, жасы, нәсілі

Зерттеуге алынған ересек пациенттердің дене салмағымен, жынысымен, жасымен немесе нәсілімен байланысты ешқандай фармакокинетикалық айырмашылықтар байқалған жоқ.

Фармакодинамикалық қасиеттері

Әсер ету механизмі

Қалқанша маңы безінің негізгі жасушаларының бетіндегі кальций-сезімтал рецептор ПТГ секрециясының негізгі реттеушісі болып табылады. Этелкальцетид кальций-сезімтал рецептормен байланысу және белсенділену жолымен ПТГ секрециясын төмендететін синтетикалық пептид, кальцимиметик болып табылады. ПТГ концентрациясының азаюы қан сарысуында кальций және фосфат концентрацияларының қатарласа төмендеуімен астасады.

Фармакодинамикалық әсерлері

5 мг этелкальцетидті вена ішіне бір реттік болюстік енгізуден кейін ПТГ концентрациясының төмендеуі тез (30 минут ішінде) жүреді, ал ең жоғары төмендеуі 1 сағаттан соң, бастапқы мәніне оралғанға дейін байқалады. ПТГ төмендеуінің айқындылығы және ұзақтығы дозаның артуымен күшейеді. Гемодиализде жүрген пациенттерде ПТГ концентрациясының төмендеуі қан плазмасындағы этелкальцетид концентрацияларымен өзара байланысты болды. Этелкальцетидті аптасына 3 рет в/і болюсті түрде енгізген кезде ПТГ концентрациясының төмендеуі 6 ай бойы сақталды.

Клининикалық тиімділігі және қауіпсіздігі

Плацебо-бақыланатын зерттеулер

Парсабив препаратына баға беру гемодиализде жүрген, БСЖ-де СГПТ бар пациенттерде 6-айлық салыстырмалы жасырын плацебо-бақыланатын клиникалық екі зерттеуде аптасына 3 рет жүргізілді (n = 1023). Пациенттер Парсабив препаратын немесе плацебоны гемодиализ процедурасының соңында аптасына 3 рет бастапқы 5 мг дозада қабылдады және препарат дозасы әрбір 4 апта сайын 17 аптаға дейін ПТГ ≤300 пг/мл мақсаттық деңгейге жеткізу үшін аптасына 3 рет ең жоғары 15 мг дозаға дейін титрленді. Тиімділігіне баға беру кезеңінде (EAP) Парсабив препаратының апталық орташа дозасы 20,4 мг құрады (бір енгізуге 6,8 мг). ПТГ скринингтіктен төмен деңгейде болатын пациенттерге әдетте өте төмен дозалар қажет болады (ПТГ скринингтік деңгейі <600 пг/мл болатын пациенттер үшін апта сайынғы орташа дозалар медианасы 15,0 мг, 21,4 мг және 27,1 мг болғанда, сәйкесінше, 600-ден бастап ≤1000 пг/мл дейін, және >1000 пг/мл). Диализаттағы кальций концентрациясы ≥2,25 мэкв/л деңгейінде сақталды.

Зерттеулердің әрқайсысында бастапқы соңғы нүктелер тиімділікке баға беру кезеңі (ЕАР, 20-дан бастап 27 аптаны қоса алғанда) ішінде, бастапқы деңгеймен салыстырғанда, ПТГ концентрациясының төмендеуі 30%-дан көбірекке жеткен пациенттер бөлігінде көрсетілді. Салдарлық соңғы нүктелер ЕАР кезінде ПТГ орташа деңгейі ≤300 пг/мл болған, ЕАР кезінде ПТГ, қан сарысуындағы cCa, кальций-фосфор (Са х Р) туындыларының концентрациялары сияқты көрсеткіштердің бастапқы деңгейлеріне қатысты пайыздық өзгерулер орын алған пациенттер бөлігінде көрсетілді.

Екі зерттеудегі екі топта да демографиялық және бастапқы сипаттамалар ұқсас болды. Пациенттердің орташа жасы 2 зерттеуде де 58,2 болды (ауқымы 21 жастан бастап 93 жасқа дейін). ПТГ-нің орташа (SE) бастапқы концентрациясы 2 зерттеуде де Парсабив препаратының тобында 846,9 (21,8) пг/мл және плацебо тобында 835,9 (21,0) пг/мл құрады, сонымен қатар екі зерттеуге де қамтылған пациенттердің 21%-ға жуығында ПТГ деңгейі >1000 пг/мл болды. Зерттеуге қамтылғанға дейін гемодиализдің орташа ұзақтығы 5,4 жылды құрады; 68% пациент зерттеуге қамтылған сәтте D дәруменінің стеролды түрлерін қабылдаған, сонымен бірге 83%-ы фосфат-байланыстыратын препараттарды қабылдаған.

Екі зерттеу де Парсабив ПТГ-нің концентрациясын төмендетті, бір мезгілде кальций, фосфаттар және Са х P деңгейлерін де төмендететіндігін көрсетті. Барлық алғашқы және салдарлық соңғы нүктелердің нәтижелері статистикалық тұрғыдан маңызды болды және, 1 кестеде көрсетілгендей, екі зерттеуде де ұқсас болды.

1 кесте. 6 айлық плацебо-бақыланатын зерттеуде Парсабив препаратының ПТГ, альбумин-түзетілген сарысулық кальций, фосфат және Са х Р концентрациясына ықпалы

  1 зерттеу 2 зерттеу
 

Парсабив (N = 254)

Плацебо (N = 254)

Парсабив

(N = 255)

Плацебо (N = 260)

ПТГ

ПТГ деңгейі ЕАР ішінде 30%-дан көбірекке төмендеген пациенттер, n (%)

188 (74,0)a

21 (8,3)

192 (75,3)a

25 (9,6)

ЕАР ішінде ПТГ концентрациясы ≤300 пг/мл болатын пациенттер, n (%)

126 (49,6)a

13 (5,1)

136 (53,3)a

12 (4,6)

EAP ішінде орташа пайыздық өзгеру, % (SE)

-55,11 (1,94)a

13,00 (2,81)

-57,39 (1,91)a

13,72 (2,50)

Альбумин-түзетілген сарысулық кальций

EAP ішінде орташа пайыздық өзгеру, % (SE)

-7,29 (0,53)a

1,18 (0,29)

-6,69 (0,55)a

0,58 (0,29)

Фосфаттар

EAP ішінде орташа пайыздық өзгеру, % (SE)

-7,71 (2,16)b

-1,31 (1,42)

-9,63 (1,61)a

-1,60 (1,42)

Ca x P

EAP ішінде орташа пайыздық өзгеру, % (SE)

-14,34 (2,06)a

-0,19 (1,44)

-15,84 (1,57)a

-1,06 (1,42)

a плацебомен салыстырғанда p <0,001

b плацебомен салыстырғанда p = 0,003

Парсабив препараты ПТГ концентрациясын, оның бастапқы мәндеріне, диализдің ұзақтығына, сондай-ақ D дәруменінің стеролды түрлерін қолданғанға қарамай, төмендетті. Скрининг кезеңінде ПТГ концентрациясы төмен болған пациенттердің ЕАР ішінде ПТГ деңгейін  ≤300 пг/мл жеткізуге мүмкіндігі үлкен болды.

Парсабив препараты, плацебомен салыстырғанда, зерттеудің соңында (27 апта) сүйек метаболизмінің маркерлері (сүйектік-спецификалық сілтілік фосфатаза және I типті коллагеннің С-телопептиді) санының және 23 фибробласттың өсу факторының (ізденістегі нүктелер) төмендеуіне әкелді.

Белсенді түрде бақыланатын зерттеулер

6 айлық салыстырмалы жасырын белсенді бақыланатын зерттеулер барысында гемодиализде жүрген СГПТ және БСЖ бар 683 пациентте Парсабив және цинакальцет препараттарының тиімділігі мен қауіпсіздігі салыстырылды. Парсабив препаратын дозалау режимі плацебо-бақыланатын зерттеулердегі дозалау режиміне ұқсас болды (әрбір 4 апта сайын 2,5-тен 5 мг-ге дейінгі адыммен аптасына 3 рет ең жоғары 15 мг дозаға дейін титрленетін бастапқы доза 5 мг). Цинакальцеттің бастапқы дозасы, препаратты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес, дозаны тәулігіне ең жоғары 180 мг дозаға дейін соңғы арттырғанда әрбір 4 апта сайын 30 мг немесе 60 мг адыммен титрленетін тәуліктік 30 мг құрайды. EAP кезеңінде Парсабив препаратының орташа апталық дозасының медианасы 15,0 мг (бір енгізуге 5,0 мг), ал цинакальцетте 360,0 мг (бір енгізуге 51,4 мг) құрады. EAP кезеңінде (20-дан бастап 27 апта) ПТГ орташа көрсеткіштерінің төмендеуі, бастапқымен салыстырғанда, 30%-дан көбірекке жеткен пациенттер бөлігіне қатысты алғашқы нүктенің тиімділігі аз болған жоқ. ЕАР кезеңінде ПТГ орташа көрсеткіштерінің төмендеуі, бастапқымен салыстырғанда, 50% және 30%-дан көбірекке жеткен пациенттердің үлесі, сондай-ақ алғашқы 8 апта бойы аптасына құсу немесе жүректің айнуы көріністері болған, кейіннен өте жоғары тиімділігіне баға берілген күндердің орташа саны негізгі салдарлық нүкте болды. ПТГ-нің орташа (SE) бастапқы концентрациялары Парсабив препаратымен емдеу тобында 1092,12 (33,8) пг/мл және цинакальцетпен емдеу тобында 1138,71 (38,2) пг/мл құрады. Демографиялық және басқа да бастапқы сипаттамалар плацебо-бақыланатын зерттеулермен ұқсас болды.

Парсабив препараты алғашқы нүктеге қатысты цинакальцетке орын берген жоқ және EAP кезеңі ішінде, бастапқымен салыстырғанда, ПТГ орташа көрсеткіштерінің төмендеуі 30%-дан көбірекке жеткен пациенттер бөлігінде (цинакалцет тобындағы 57,7%-бен салыстырғанда, Парсабив препаратымен емдеу тобында 68,2%; р = 0,004); және EAP кезеңі ішінде, бастапқымен салыстырғанда, ПТГ орташа көрсеткіштерінің төмендеуі 50%-дан көбірекке жеткен пациенттер бөлігінде (цинакальцет тобындағы 40,2%-бен салыстырғанда, Парсабив препаратымен емдеу тобында 52,4%; p = 0,001) салдарлық нүктеге қатысты цинакальцет алдында артықшылықтары болды. Емдеудің алғашқы 8 аптасы бойы құсу немесе жүректің айнуы көріністері бар күндердің орташа санына баға берілген екі топ арасында салдарлық нүктеге қатысты статистикалық тұрғыдан маңызды айырмашылықтар болған жоқ.

«Ауыстыруларды зерттеу»

Пациенттерді цинакальцеттен Парсабив препаратына ауыстырғанда қан сарысуында альбумин-түзетілген кальций көрсеткіштерінің өзгеруіне баға берілген зерттеу нәтижелері, қан сарысуында альбумин-түзетілген кальций концентрациялары ≥8,3 мг/дл (2,08 ммоль/л) құраған жағдайда, Парсабив препаратымен бастапқы 5 мг дозада емдеуді цинакальцет қабылдауды тоқтатқаннан кейін 7 күннен соң қауіпсіз түрде бастауға болатындығын көрсетті.

Ұзаққа созылатын ашық зерттеу

Гемодиализ қабылдап жүрген, СГПТ және БСЖ бар 891 пациентте Парсабив препаратының ұзақ мерзімдік қауіпсіздігі мен тиімділігін сипаттау мақсатында жоғарыда сипатталған плацебо-бақыланатын зерттеуге және «ауыстырулар» зерттеуіне 52 аптаға созылған ашық зерттеу жүргізілді. Барлық пациенттер Парсабив препаратын аптасына 3 рет бастапқы 5 мг дозада қабылдады. Қан сарысуында cCa концентрациясын сақтай отырып, ПТГ ≤300 пг/мл мақсаттық деңгейіне жеткізу үшін Парсабив препаратының дозасын 5, 9, 17, 25, 33, 41 және 49 апталарда ең жоғары 15 мг дозаға дейін титрлеуге болады.

52 апта өткеннен кейін Парсабив препаратын қолданудың қауіпсіздігіне байланысты ешқандай да жаңа ескертулер орын алған жоқ. Емдік әсерінің сақталғаны білінді, бұл 2/3 пациентте диализ алдындағы ПТГ деңгейінің, бастапқы көрсеткішпен салыстырғанда, 30%-дан көбірекке төмендеуімен айғақталды. Бұдан басқа, пациенттердің 50%-дан көбінде Парсабив препараты, бастапқымен салыстырғанда, диализ алдындағы ПТГ деңгейін ≤300 пг/мл дейін төмендетті және ПТГ, cCa, cCa x P және фосфаттардың орташа көрсеткіштерін азайтты.

Балаларда препаратты қолдану

Қолдану тәсілі және дозалары

Қолданылуы

  • Парсабив препараты гемодиализде жүрген, бүйрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігі (БСЖ) бар пациенттерде салдарлық гиперпаратиреозды (СГПТ) емдеу үшін қолданылады.

Қолдану тәсілі және дозалары

Дозалары

Этелкальцетидтің ұсынылатын бастапқы дозасы аптасына 3 рет болюсті инъекция түріндегі 5 мг құрайды. Парсабив препаратының алғашқы дозасын енгізер алдында, дозаны арттырар алдында немесе емдеуді уақытша тоқтатқаннан кейін препаратты қайтадан тағайындар алдында (сондай-ақ сарысулық кальций деңгейін есепке ала отырып дозаны түзетуді де қараңыз) қан сарысуындағы альбумин-түзетілген кальций концентрациясы қалыпты ауқымдағы мәндердің төменгі шегінен төмен болмауы тиіс. Парсабив препаратын аптасына 3 реттен жиі енгізбеген жөн.

Дозаны таңдау

Парсабив препаратының дозасын 2,5-тен 15 мг-ге дейігі ауқымда жекелей таңдау керек. Паратиреоидты гормонның (ПТГ) мақсатты концентрациясына қол жеткізу үшін дозаны 2,5 немесе 5 мг қадаммен аптасына 3 рет, бірақ әрбір 4 аптадан жиі емес, ең жоғары 15 мг дозаға дейін арттыруға болады.

Дозаны ПТГ деңгейін есепке ала отырып түзету

ПТГ концентрациясын өлшеуді Парсабив препаратын қолдануды бастағаннан кейін немесе дозаны өзгерткеннен кейін 4 аптадан соң және демеуші емде шамамен әрбір 1-3 ай сайын жүргізген жөн. Дозаны түзету, демеуші емдеу фазасын қоса, емдеудің кез келген сәтінде қажет болуы мүмкін.

Егер ПТГ деңгейі 100 пг/мл-ден (10,6 пмоль/л) төмен болса, дозаны төмендеткен немесе препарат қабылдауды уақытша тоқтатқан жөн. Егер ПТГ деңгейі дозаны төмендеткеннен кейін >100 пмоль/мл көрсеткішіне оралмаса, Парсабив препаратын қолдануды тоқтату керек. Емдеуді тоқтатқан пациенттерде емдеуді қайта жаңғыртуды, ПТГ деңгейі >150 пг/мл (15,9 пмоль/л) көрсеткіштеріне оралған кезде, ал қан сарысуындағы альбумин-түзетілген кальцийдің (cCa) диализ алдындағы деңгейі ≥8,3 мг/дл (2,08 ммоль/л) құраса, төмен дозадан бастайды. Егер Парсабив препаратының соңғы енгізілген дозасы 2,5 мг құраса, онда емдеуді >300 пг/мл (31,8 пмоль/л) құраған, ал диализ алдында қан сарысуындағы cCa деңгейі ≥8,3 мг/дл (2,08 ммоль/л) құраған жағдайда, онда емдеуді 2,5 мг дозадан бастап қайта жаңғыртуға болады.

Кальцийдің төмен дозасын бақылауға қатысты қосымша нұсқаулар төмендегі кестеде берілген.

Парсабив препаратын өзіне фосфат-байланыстыратын препараттарды және/немесе сәйкесінше D дәруменінің стеролды түрлерін қамтитын емдеу сызбасы құрамында қолдануға болады («Фармакодинамикалық қасиеттері» бөлімін қараңыз).

Өткізіп алған дозалар

Гемодиализдің жоспарланған процедурасын өткізіп алған жағдайда, препараттың өткізіп алған дозаларын енгізбеген жөн. Парсабив препаратын келесі процедура кезінде ұқсас дозада енгізу керек. Егер Парсабив препаратын енгізуді 2 аптадан көбірекке өткізіп алса, емдеуді 5 мг дозадан (немесе 2,5 мг, егер соңғы енгізілген доза осындай болса) қайта жаңғыртқан және дозаны ПТГ мақсаттық концентрацияға жеткізілгенше титрлеген жөн.

Дозаны кальцийдің сарысулық деңгейін есепке ала отырып түзету

Қан сарысуындағы кальций концентрациясын өлшеуді Парсабив препаратын қолдануды бастағаннан кейін немесе дозасын өзгерткеннен кейін 1 апта ішінде жүргізген жөн. Демеуші дозаны анықтағаннан кейін қан сарысуындағы альбумин-түзетілген кальцийді өлшеуді шамамен әр 4 апта сайын жүргізу керек. Зерттеу барысында жалпы сарысулық кальций Roche компаниясы өндірісінің модульді анализаторларының жәрдемімен өлшенді. Түзетілген сарысулық кальций көрсеткіштерінің қалыпты ауқымының төменгі шегі 8,3 мг/дл (2,08 ммоль/л) құрады. Басқа зертханалық талдауларда қалыпты ауқым мәндерінің төменгі шегінің әртүрлі шектік көрсеткіштері болуы мүмкін.

Қан сарысуындағы альбумин-түзетілген кальций концентрациялары клиникалық тұрғыдан маңызды төмендеген және/немесе гипокальциемия симптомдары пайда болған жағдайда енгізудің келесі тактикасы ұсынылады:

Қан сарысуындағы альбумин-түзетілген кальций концентрациясы немесе гипокальциемияның клиникалық симптомдар *:

Нұсқаулар

<8,3 мг/дл (2,08 ммоль/л) және≥7,5 мг/дл (1,88 ммоль/л)

  • Клиникалық көрсетілімдері бар болған кезде:

    • кальций қоспаларын, құрамында кальций бар фосфат-байланыстыратын препараттарды, және/немесе D дәруменінің стеролды түрлерін қабылдауды бастау немесе дозасын арттыру керек.

    • диализаттағы кальций концентрациясын арттыру керек

    • Парсабив препаратының дозасын төмендету мәселесін қарастыру керек.

    •  

 

<7,5 мг/дл

(1,88 ммоль/л) немесе гипокальциемия симптомдары

  • Қан сарысуындағы альбумин-түзетілген кальций концентрациясы ≥8,3 мг/дл (2,08 ммоль/л) жетпейінше, ал гипокальциемия симптомдары (олар бар болған жағдайда) басылмайынша, Парсабив препаратын қабылдамау керек.

  • Клиникалық көрсетілімдері бар болған кезде:

    • кальций қоспаларын, құрамында кальций бар фосфат-байланыстыратын препараттарды, және/немесе D дәруменінің стеролды түрлерін қабылдауды бастау немесе дозасын арттыру керек.

    • диализаттағы кальций концентрациясын арттыру керек

  • Парсабив препаратын соңғы енгізілген дозадан 5 мг төмен дозада қайтадан тағайындау керек. Егер Парсабив препаратының соңғы енгізілген дозасы 2,5 мг немесе 5 мг құраса, онда емдеуді қан сарысуындағы альбумин-түзетілген кальций концентрациясы ≥8,3 мг/дл (2,08 ммоль/л) дейінгі қалпына келгеннен кейін және гипокальциемия симптомдары (олар бар болса) қайтқаннан кейін 2,5 мг дозадан бастап қайта жаңғыртқан жөн.

* Жалпы кальцийді Roche компаниясы өндірісінің модульді анализаторларының жәрдемімен өлшеген. Альбумин <4,0 г/дл cCa (мг/дл) деңгейі үшін = Жалпы кальций (мг/дл) + (4 – альбумин [г/дл])*0,8.

Цинакалцеттен Парсабив препаратына ауысу

Парсабив препаратымен емдеуді цинакалцеттің соңғы дозасын қабылдағаннан кейін 7 күннен ерте, және түзетілген кальций концентрациясы қалыпты мәндердің төменгі шегінен жоғары болғанда бастамаған жөн («Фармакодинамикалық қасиеттері» бөлімін қараңыз).

Препаратты балаларға қолдану

18 жастан кіші балалар мен жасөспірімдерде этелкальцетидтің қауіпсіздігі және тиімділігі күні бүгінге дейін анықталған жоқ. Ешқандай да деректер алынбады.

Егде жастағы пациенттер

Егде жастағы пациенттерде препаратты дозалау жөніндегі нұсқаулар ересек пациенттердегідей.

Қолдану тәсілі

Парсабив препараты сұйылтуды қажет етпейді.

Парентеральді түрде енгізуге арналған препараттарды қолданар алдында онда бөгде бөлшектердің бар-жоқтығын және түсінің өзгерген-өзгермегенін білу үшін алдын ала қарап тексеру қажет.

Парсабивті гемодиализ процедурасының соңында шаю кезінде, немесе катетерді шайғаннан кейін диализдік жүйенің веноздық катетері арқылы енгізеді. Инъекциядан кейінгі шаю кезінде кем дегенде 150 мл шаятын ерітіндіні енгізген жөн. Егер Парсабив препараты шаю кезінде енгізілмесе, оны вена ішіне енгізіп, кейіннен шаятын физиологиялық ерітіндінің кем дегенде 10 мл көлемін енгізуге болады.

Жағымсыз әсерлері

Қауіпсіздік бейініне шолу

Парсабив препаратымен емдеу аясында өте кең таралған жағымсыз реакциялар қандағы кальций концентрациясының төмендеуі, бұлшықет түйілулері, диарея, жүректің айнуы және құсу болып табылады. Пациенттердің көбісінде бұл құбылыстардың ауырлығы жеңіл немесе орташа дәрежеде және уақытша сипатта болды. Жағымсыз реакциялар себебінен емдеуді тоқтату көбіне қандағы кальций концентрациясының төмендеуімен, жүректің айнуымен және құсумен байланысты болды.

Жағымсыз реакциялардың кестелік тізімі

Жағымсыз реакциялар төменде келесі жіктемеге сәйкес берілген: өте жиі: (≥1/10); жиі (≥1/100 <1/10 дейін); жиі емес (≥1/1000 <1/100 дейін); сирек (≥1/10000 < 1/1000 дейін); өте сирек (<1/10000).

2 кесте. Бақыланатын клиникалық зерттеу деректері бойынша жағымсыз реакциялардың даму жиілігі

MedDRA бойынша жүйелік-ағзалық класс (ЖАК)

Жиілік санаты

Жағымсыз реакциялар

Зат алмасу және тамақтану тарапынан бұзылулар

Өте жиі

Қанда кальций концентрациясының төмендеуі1, 4

Жиі

Гипокальциемия1, 5

Гиперкалиемия2 Гипофосфатемия

Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар

Жиі

Бас ауыру

Парестезия3

Жүрек тарапынан бұзылулар

Жиі

Жүрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігінің декомпенсациясы,

QT аралығының ұзаруы1

Қантамырлар тарапынан бұзылулар

Жиі

Гипотония

Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар

Өте жиі

Жүректің айнуы

Құсу

Диарея

Қаңқа-бұлшықет және дәнекер тіні тарапынан бұзылулар

Өте жиі

Бұлшықет спазмдары

Жиі

Миалгия

1 «Жағымсыз әсерлері – Жекелеген жағымсыз реакциялардың сипаттамасы» бөлімін қараңыз.

2 «Гиперкалиемия» термині гиперкалиемия және қандағы калий концентрациясының артуы сияқты терминдерді қамтиды.

3 «Парестезия» термині парестезия және гипестезия сияқты терминдерді қамтиды.

4 Кальций мөлшерінің 7,5 мг/дл-ден (1,88 ммоль/л) төменге симптомсыз төмендеуі немесе сарысулық cCa деңгейінің 7,5 және <8,3 мг/дл (1,88 және <2,08 ммоль/л) арасында клиникалық тұрғыдан симптомсыз төмендеуі (мұндайда медициналық ем қажет болды).

5 Сарысулық cCa <8,3 мг/дл (2,08 ммоль/л) деңгейінің клиникалық көріністермен төмендеуі.

Жекелеген жағымсыз реакциялардың сипаттамасы

Гипокальциемия

Қандағы кальций концентрациясы симптомсыз төмендеген және клиникалық көріністері бар гипокальциемия орын алған көптеген жайттардың ауырлығы жеңіл немесе орташа дәрежеде болды. Біріктірілген плацебо-бақыланатын зерттеулерде Парсабив препаратымен емдеу тобында, плацебомен салыстырғанда, қан сарысуында cCa <7,0 мг/дл (1,75 ммоль/л) (Парсабив препаратымен емделген топта 7,6%; плацебо тобында 3,1%), <7,5 мг/дл (1,88 ммоль/л) (Парсабив препаратымен емделген топта 27,1%; плацебо тобында 5,5%) және <8,3 мг/дл (2,08 ммоль/л) (Парсабив препаратымен емделген топта 78,6%; плацебо тобында 19,4%) концентрациясы, кем дегенде, бір рет тіркелген пациенттердің үлесі жоғары болды. Осы зерттеулерде Парсабив препаратымен емделген топтағы пациенттердің 1%-ы және плацебо тобындағы пациенттердің 0%-ы, «қан сарысуындағы кальций концентрациясы төмен» болатын жағымсыз құбылыстарға байланысты, емдеуді тоқтатты. Гипокальциемияның потенциалды көріністері және кальцийдің сарысулық деңгейін бақылау жөніндегі нақтырақ ақпарат, сәйкесінше, «Айрықша нұсқаулар» және «Қолдану тәсілі және дозалары» бөлімдерінде берілген.

Гипокальциемияның салдарынан QTc аралғының ұзаруы

Біріктірілген плацебо-бақыланатын зерттеулерде Парсабив препаратымен емдеу тобында, плацебомен салыстырғанда, бастапқы деңгейге қатысты QTcF аралығының ең жоғары ұзаруы 60 мсек шамасынан көбірек болатын пациенттердің үлесі жоғары болды (Парсабив препаратымен емдеу тобында 1,2%, плацебо тобында 0%). Бастапқы тексеруден кейін ең жоғары QTcF >500 мсек мәні тіркелген (өлшек диализ процедурасының алдында жүргізілді) пациенттердің үлесі Парсабив препаратымен емделген топта 4,8%-ды, ал плацебо тобында 1,9%-ды құрады.

Жүрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігінің декомпенсациясы

Біріктірілген плацебо-бақыланатын зерттеулерде ауруханаға жатқызуды қажет еткен, БСЖ декомпенсациясы байқалған пациенттердің үлесі Парсабив препаратымен емделген топта 2,2%-ды, ал плацебо тобында 1,2% -ды құрады.

Күмәнді жағымсыз реакциялар жөніндегі мәлімдемелер

Дәрілік препаратты тіркегеннен кейінгі күмәнді жағымсыз реакциялар жөніндегі ақпарат маңызды мәнге ие. Бұл дәрілік затты қолданудың пайда/қаупі теңгеріміне мониторинг жүргізуді жалғастыруға мүмкіндік береді. Денсаулық сақтау саласында қызмет атқаратын адамдар күмәнді барлық дәрілік реакцияларды фармакобақылау және жағымсыз құбылыстарға мониторинг жүргізу үшін қарастырылған ұлттық жүйе арқылы, «Дәрілік заттарды сараптау Ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК-ға мәлімдеп отыруы тиіс.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • белсенді затқа немесе «Құрамы» бөлімінде берілген қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

  • қан сарысуындағы альбумин-түзетілген кальций концентрациясы қалыпты мәннің төменгі шегінен төмен болған жағдайда Парсабив препаратымен емдеуді бастамаған жөн

  • 18 жасқа дейінгі балаларға

  • жүктілік

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Өзара әрекеттесулеріне зерттеулер жүргізілген жоқ. Этелкальцетидтің фармакокинетикалық дәрілік өзара әрекеттесуі жөнінде деректер жоқ.

In vitro этелкальцетид CYP450 цитохромы жүйесі изоферменттерінің белсенділігін тежеген жоқ және индукциялаған жоқ, және олардың субстраты болып табылған жоқ. In vitro этелкальцетид эффлюксті тасымалдаушы ақуыздардың және қармап қалатын тасымалдаушы ақуыздардың субстраты болып табылмайды; сондай-ақ кең таралған тасымалдаушы ақуыздарды тежейтін қабілет көрсеткен жоқ.

Қан сарысуында кальций концентрациясын төмендететін басқа дәрілік препараттарды және Парсабив препаратын бір мезгілде қолдану гипокальциемияның даму қаупінің ұлғаюына әкелуі мүмкін («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз). Парсабив препаратын қабылдап жүрген пациенттер цинакальцетті қабылдамауы тиіс («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз).

Айрықша нұсқаулар

Гипокальциемия

Парсабив препаратымен емдеуді қан сарысуындағы альбумин-түзетілген кальций концентрациялары қалыпты мәннің төменгі шегінен төмен болғанда бастамаған жөн («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз).

Гипокальциемияның ықтимал клиникалық көріністері парестезияны, миалгияны, бұлшықет спазмдарын және құрысуларды қамтиды.

Этелкальцетид сарысулық кальций деңгейін төмендететін болғандықтан, гипокальциемия симптомдары пайда болған жағдайда пациенттерге медициналық жәрдем алу және олар пайда болған жағдайға қатысты дәрігердің бақылауында болу ұсынылады («Қолдану тәсілі және дозалары» бөлімін қараңыз). Қан сарысуындағы кальций концентрациясын бақылауды емдеуді бастар алдында, емдеуді немесе дозаны түзетуді бастағаннан кейін бір апта ішінде, сондай-ақ Парсабив препаратымен емдеудің әрбір 4 аптасы сайын жүзеге асырған жөн. Қан сарысуында альбумин-түзетілген кальций концентрациясы клиникалық тұрғыдан маңызды төмендеген кезде қан сарысуында кальций концентрациясының жоғарылауына бағытталған шаралар қабылдау қажет («Қолдану тәсілі және дозалары» бөлімін қараңыз).

Гипокальциемия себеп болған қарыншалық аритмия және QT аралығының ұзаруы

Қан сарысуындағы кальций концентрацияларының төмендеуі QT аралығының ұзаруына әкелуі мүмкін, ол, өз кезегінде, қарыншалық аритмияның дамуымен қатар жүруі мүмкін («Жағымсыз әсерлері» бөлімін қараңыз). QT аралығының туа біткен ұзару синдромы, анамнезінде QT аралығының ұзаруы немесе отбасылық анамнезінде кенеттен жүректен өлу жағдайы, сондай-ақ QT аралығының ұзаруына және қарыншалық аритмияның дамуына бейім ететін басқа да жағдайлары бар пациенттерді Парсабив препаратымен емдеу кезінде қан сарысуындағы кальций концентрацияларының мұқият бақылануын қамтамасыз ету қажет.

Құрысулар

Құрысуларға дайындық шегі қан сарысуындағы кальций концентрациялары едәуір азайған кезде төмендеуі мүмкін. Анамнезінде құрысу бұзылыстары бар пациенттерде Парсабив препаратымен емдеу кезінде қан сарысуындағы кальций концентрацияларын мұқият бақылауды қамтамасыз ету қажет.

Жүрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігінің декомпенсациясы

Миокард функциясының төмендеуі, гипотензия және жүрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігі (ЖСЖ) қан сарысуындағы кальций концентрациясының едәуір азаюымен байланысты болуы мүмкін. Анамнезінде жүрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігі бар пациенттерде (ол қан сарысуындағы кальций концентрацияларының азаюымен астасуы мүмкін) Парсабив препаратымен емдеу кезінде қан сарысуындағы кальций концентрациясына мұқият бақылау жүргізуді қамтамасыз ету қажет («Қолдану тәсілі және дозалары» бөлімін қараңыз).

Басқа дәрілік заттармен бір мезгілде қолданылуы

Парсабив препаратын қан сарысуында кальций концентрациясын төмендететін кез келген басқа дәрілік заттарды қабылдап жүрген пациенттерге абайлап тағайындаған жөн. Осы көрсеткішке мұқият мониторинг жүргізген жөн («Дәрілермен өзара әрекеттесуі» бөлімін қараңыз).

Парсабив препаратын қабылдап жүрген пациенттерге цинакалцетті тағайындамаған жөн. Оларды бір мезгілде қолдану ауыр гипокальциемияның дамуына әкелуі мүмкін.

Сүйектердің адинамиялық ауруы

ПТГ концентрациялары 100 пг/мл-ден төменге ұзақ уақыт басылғанда сүйектердің адинамиялық ауруы дамуы мүмкін. ПТГ концентрациялары ұсынылған мақсатты ауқымнан азға төмендегенде дозаны азайтқан немесе D дәруменінің стеролды түрлерімен емдеуді және/немесе Парсабив препаратымен емдеуді тоқтатқан жөн. Емді тоқтатқаннан кейін ПТГ концентрацияларын мақсатты мәннің ауқымы шегінде сақтау үшін, емдеуді өте төмен дозаларда қайта жаңғыртады («Қолдану тәсілі және дозалары» бөлімін қараңыз).

Иммуногенділік

Клиникалық зерттеулерде 6 айға дейінгі кезең ішінде Парсабив препаратымен ем қабылдаған СГПТ бар пациенттердің 7,1%-да байланыстыратын антиденелер табылды. 80,3%-да антиденелер бастапқы тексеру кезінде байқалды. Фармакологиялық бейінінде, клиникалық жауабында немесе қауіпсіздік бейінінде, этелкальцетидке бастапқыдан бар немесе емделу кезінде өндірілген антиденелердің болуынан туындаған өзгерістер байқалған жоқ. Этелкальцетидке, клиникалық тұрғыдан маңызды әсерлермен қатар жүретін, антиденелердің түзілуіне күдіктенгенде, антиденелерді анықтау үшін зертханалық зерттеу жүргізу жөніндегі мәселені шешу үшін Қазақстан Республикасы аумағында тіркеу куәлігін ұстаушымен немесе оның иесімен байланыс жасауыңызды өтінеміз. Байланыс жасайтын деректер дәрілік затты медициналық қолдану жөніндегі осы нұсқаулықтың соңында көрсетілген.

Белгілі әсері бар қосымша заттар

Құтыдағы Парсабив препаратының құрамында 1 ммольден азырақ натрий бар, яғни нақты алғанда ол натрийсіз болып табылады.

Ұрпақ өрбіту функциясы, жүктілік және емшек емізу

Жүктілік

Жүкті әйелдерге этелкальцетидті қолдану жөнінде деректер жоқ немесе шектеулі. Іn vivo зерттеулерде репродукциялық уыттылыққа қатысты қандай да болсын тікелей немесе жанама жағымсыз ықпалы білінген жоқ. Жүктілік кезеңінде сақтық шаралары ретінде Парсабив препаратын қолдануға жол бермеу ұсынылады.

Емшек емізу

Емшек сүтіне этелкальцетидтің өтетіндігі-өтпейтіндігі белгісіз. Іn vivo зерттеулер этелкальцетидтің сүтке бөлініп шығатындығын көрсетті.

Емшек еміп жүрген жаңа туған нәрестелер/сәбилер үшін қауіпті жоққа шығаруға болмайды. Нәресте үшін емшек емудің пайдасына және ана үшін Парсабив препаратымен емделудің пайдасына баға бере отырып, емшек емізуді тоқтатуға немесе Парсабив препаратын қабылдауды доғару/тоқтатуға қатысты шешім қабылдаған жөн.

Ұрпақ өрбіту функциясы

Адамның ұрпақ өрбіту функциясына этелкальцетидтің ықпалы жөнінде деректер жоқ. Іn vivo зерттеу нәтижелері фертильділік үшін тікелей немесе жанама зиянын айғақтамады.

Көлік құралын немесе потенциалды қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне дәрілік заттың ықпал ету ерекшеліктері

Парсабив препараты көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс жасау қабілетіне ықпалын тигізбейді немесе аз ғана ықпалын тигізеді. Дегенмен, гипокальциемияның белгілі бір потенциалды көріністері көлік құралдарын басқаруға және механизмдермен жұмыс жасауға ықпалын тигізуі мүмкін («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз).

Үйлеспеушілік

Осы дәрілік препаратты басқа дәрілік препараттармен араластыруға тыйым салынады.

Жою кезіндегі және препаратпен жұмыс жасаудың басқа да түрлеріндегі ерекше сақтық шаралары

Тек бір реттік қолдануға арналған.

Пайдаланылмаған препаратты немесе оның қалдықтарын жергілікті талаптарға сәйкес жойған жөн.

Артық дозалануы

Этелкальцетидтің артық дозалануы клиникалық көріністер болатын немесе онсыз гипокальциемияға әкелуі және емдеуді қажет етуі мүмкін. Артық дозаланған жағдайда тиісті араласымдарды дер кезінде жүргізу мақсатында («Қолдану тәсілі және дозалары» бөлімін қараңыз) кальцийдің сарысулық концентрациясын қадағалау қажет және гипокальциемия симптомдарын анықтау үшін пациентті бақылау керек («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз). Парсабив препараты диализбен шығарылатын болса да, препараттың артық дозалануын емдеуде гемодиализ жүргізуге қатысты зерттеулер жүргізілген жоқ. Клиникалық зерттеулер барысында диализ қабылдап жүрген пациенттерге диализ процедурасының соңында препараттың 60 мг-ге дейінгі бір реттік дозасы немесе аптасына 3 рет 22,5 мг-ге дейінгі көп реттік дозасы қауіпсіз енгізілді.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Парсабив 2,5 мг, вена ішіне енгізуге арналған ерітінді;

Парсабив 5 мг, вена ішіне енгізуге арналған ерітінді;

Парсабив 10 мг, вена ішіне енгізуге арналған ерітінді

Фторполимермен ламинацияланған эластомерлі тығыны, алюминий қалпақшасы және сындырылатын полипропилен қалпақшасы бар, І гидролитикалық класқа жататын шыныдан жасалған, көлемі 3 мл құтыда 0,5 мл, 1,0 мл немесе 2,0 мл ерітіндіден.

6 құты медициналық қолдану жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Әрбір қорапшаға – алғаш ашылғаны бақыланатын, ұзына бойы түрлі-түсті жолағы бар – қорғаныш заттаңбалар жапсырылған.

Сақтау шарттары

2-8°С температурада сақтау керек.

Мұздатып қатыруға болмайды. Жарықтан қорғау үшін түпнұсқалық қаптамасында сақтау керек.

Сақтау мерзімі

3 жыл.

Препаратты тоңазытқыштан шығарып алған кезде:

  • Парсабив препаратының тұрақтылығы түпнұсқалық қаптамасында 7 күн бойы сақталады. Ерекше температуралық жағдайлар қажет етілмейді.

  • Құты картон қорапшасыз сақталған жағдайда Парсабив препаратының тұрақтылығы тікелей түсетін күн сәулесінен қашық жерде 4 сағаттан аспайтындай сақталады.

  • Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Патеон Мэньюфэкчуринг Сервисез ЛЛС

5900 Мартин Лютер Кинг

Дж. Хайвей,

Гринвил, NC 27834

АҚШ

Қаптаушы

Амджен Еуропа Б.В.

Минервум 7061

4817 ZK Бреда

Нидерланды

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

Амджен Еуропа Б.В.

Минервум 7061

4817 ZK Бреда

Нидерланды

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасы жөніндегі шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және тіркеуден кейін дәрілік заттың қауіпсіздігін бақылауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс жасау деректері:

«Фирма Евросервис-Ист» ЖШС

Нақты мекенжайы. Алматы облысы, Талғар ауданы, Бесағаш ауылы, «Луч Востока» ӨК

тел/факс +7 727 389 95 45

e-mail: safety@euroservice-east.kz

Прикрепленные файлы

Инструкция_Парсабив_рус.docx 0.08 кб
Парсабив_каз.docx 0.08 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту