Пармелии слоевища

Производитель: Даулет-Фарм ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты для лечения заболеваний органов дыхания
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№018097
Период регистрации: 14.08.2015 - 14.08.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Пармелия қатпарлары

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Қатпарлары

Құрамы

белсенді зат – кезбе пармелия қатпарлары 30,0 г, 100,0 г

Сипаттамасы

Диаметрі 7 мм тесігі бар елеуіш арқылы өтетін, пішіні әртүрлі қатпарлардың түйіршіктері. Түйіршіктердің түсі сұрғылт-жасылдан қоңыр түске дейін. Ашқылтым, шырыш сезілетін біршама күйдіргіш дәмі бар. Өзіне тән әлсіз иісі бар.

Фармакотерапиялық тобы

Тыныс алу мүшелерінің ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар.

АТХ коды R07AХ

Фармакологиялық әсері

Пармелия – бірнеше жылдық қына, төмен топтағы уақ саңырауқұлақтар мен балдырлардан тұратын екі организмнің симбиозы болып табылады. Қынаның денесі қатпарлары деп аталады. Пармелия қатпарларында уснин қышқылы, өзінің химиялық құрылысы бойынша талшыққа ұқсас және ыстық суда ісінетін және еритін қабілетімен ерекшеленетін көп мөлшерде көмірсулар (лихенин және изолихенин) бар. Қант, аскорбин қышқылы, тұтқыр заттар да анықталған. Пармелия қатпарларының бактерицидтік, антисептикалық, қанды тоқтататын, жараны жазатын, қабынуға қарсы, бүркеуіш қасиеттері бар.

Қолданылуы

Тыныс жолдары және өкпе ауруларын (бронхит, әртүрлі қарқындылықтағы жөтелдер, бронхтық демікпе, туберкулез) кезінде, асқазан-ішек жолдарының ауруларын (гастриттер, энтероколиттер) емдеу үшін ішке қолданылады.

Іріңді жараларды, кесулерді, жарылуларды емдеуде сыртқа қолданылады.

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішке қолдану үшін қайнатпа. 3 шай қасық шикізатты жабық ыдыстағы 1,5 стакан суда 10 минут қайнатады, 2 сағат тұндырып қойғаннан кейін сүзіп алады. Ересектер тамақтануға дейін 1-2 ас қасықтан күніне 3-4 рет қабылдау керек.

Балаларға. 1 шай қасық шикізатты жабық ыдыстағы 1 стақан суда 5 мин қайнатып, 2 сағат тұндырып, сүзу керек. 6-14 жасқа 1 шай қасықтан күніне 3 рет. Салқын жерде 2 тәуліктен асырмай сақтау керек.

Сыртқа қолдану үшін қайнатпа. 10 г (1 ас қасық) шикізатты эмаль ыдысқа салады да, үстіне 200 мл қайнаған ыстық су құяды, қақпақпен жауып, қайнап жатқан су моншасында 10 минут қыздырады, 8 сағат тұндырып , сүзіп алып, сығады, қайнаған сумен 200 мл-ге дейін жеткізеді. Дайындалған қайнатпаны салқын жерде 2 тәуліктен асырмай сақтайды. Дәріленген дәке түрінде қолдану керек. Емдеу курсын дәрігер тағайындайды.

Жағымсыз әсерлері

Тері бөртпелері, қышыну түріндегі аллергиялық реакция болуы мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

Препарат компоненттеріне жекелей жоғары сезімталдық.

Гипертония кезінде сақ болу керек.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Балалар

6 жастан асқан балаларға дәрігердің тағайындауымен қолданылуы мүмкін.

Жүктілік, лактация кезеңі

Жүктілік және лактация кезіндегі әсері зерттелмеген, сондықтан қолдану ұсынылмайды.

Препараттың автокөлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

30 г және 100 г полиэтилен пакеттер картон қорапшаларға салынған.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды.

Босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Даулет-Фарм» ЖШС, Қазақстан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, «Даулет-Фарм» ЖШС, Тополевская к-сі, 157 К, тел/ факс: 8(727) 383-95-08, E-mail: daulet-farm@mail.ru

 

Прикрепленные файлы

780704311477976409_ru.doc 57 кб
517343271477977610_kz.doc 42 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники