Пара Плюс

МНН: Малатион, Перметрин, Пиперонил бутоксид
Производитель: Аэрофарм
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Перметрин в комбинации с другими препаратами
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№011677
Информация о регистрации в РК: 02.09.2013 - 02.09.2018

Инструкция

Саудалық атауы

Пара Плюс

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған аэрозоль

Құрамы

Бір баллонның (116 г) ішінде

белсенді заттар: малатион 0.29 г (0.25 %),

перметрин 0.58 г (0.5 %),

пиперонилбутоксид 2.32 г (2.0 %),

қосымша заттар: изододекан, пропеллент НFA 134а.

Сипаттамасы

Жеңіл өзіне тән иісі бар сарғыш түсті мөлдір майлы сұйықтық. Ұсақ бөлшектер түрінде шашырайды.

Фармакотерапиялық тобы

Эктопаразиттерді жоюға арналған препараттар (қотыр кенесін, инсектицидтерді және репелленттерді қоса). Пиретриндер.

АТХ коды Р03АС54

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакодинамикасы

Перметрин – жәндіктерге арналған нейроуытты у. Оның әсер ету механизмі жәндіктердің жүйке жасушасы жарғақшаларының катиондық алмасуын бұзуға негізделеді.Перметриннің әсері жәндіктер бөлетін қорғағыш ферменттерді бөгейтін пиперонилбутоксидпен күшейеді. Малатион - органофосфорлы инсектицид, жәндіктердің қозғалыс жүйкесі деңгейінде холинэстеразаның босап шығуын төмендетеді.

Қолданылуы

- бастың шашты бөлігі педикулезін емдеуде

Қолдану тәсілі және дозалары

Қысқа мерзімді басу арқылы бас терісіне және шаштың ұзына бойына түгел бүркеді. Препаратты бүркуден кейін басты еш нәрсемен жаппай 10 минут күту қажет, ал одан кейін басты сусабынмен мұқият жуу керек.

Өлі сіркелер шашқа жабысып қалады. Сіркелерді сүзгі тарақпен тарайды.

Жағымсыз әсерлері

Жергілікті реакциялар: аллергиялық реакциялар, бас ауыруы, бронх түйілу, терінің күюі.

Өте сирек : аздап шымылдатуды немесе күйдіруді сезіну.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- 2.5 жасқа дейінгі балаларға

- бронх демікпесі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Қайта жұқтырмау үшін науқас жанасқан барлық тоқыма бұйымдарын (жастықтарды, бас киімдерді, жағаларды және т.б.) өңдеу керек.

Препарат құрамында өртену қаупін тудыратын пропеллент газы бар, осыған байланысты баллонды температурасы 50 0С-ден асуы мүмкін жерлерде сақтауға болмайды. Препаратты жақсы желдетілетін үй-жайда бүрку керек.

Препаратты бүрку кезінде және экспозициялағанда оттан қашық болу керек. Препараттың көз бен шырышты қабықтарға түсуінен сақтану керек. Көзге кездейсоқ жағдайда түскенде жылы сумен мұқият жуу керек.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік пен лактация кезеңінде препаратты қауіпсіз қолдану жөнінде талапқа сай және қатаң бақылау зерттеулері жүргізілген жоқ.

Препаратты жүктілік және лактация кезеңінде қолдану ұсынылмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

116 г препараттан үздіксіз әсер ету клапаны және полимер материалдардан жасалған бүріккіші бар алюминий баллонда.

Баллон медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

30 °C-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

4 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«АЭРОФАРМ»

468, шемин де Литорал, 13016 Марсель, Франция

Тіркеу куәлігінің иесі

«Лаборатории Омега Фарма Франция»

20 рю Андре Жид, 92320 Шатильон, Франция

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Қазақстан Республикасындағы «FIC MEDICAL» (ФИК МЕДИКАЛЬ) ЖШС өкілдігі, Төле би к-сі 69, 33 кеңсе, 050000, Алматы қ., Қазақстан Республикасы

тел.: +7 (727) 272 93 08, факс: +7 (727) 272 90 25

e-mail: fic_kz@ficmedical.kz

 

Прикрепленные файлы

569702431477976800_ru.doc 46.5 кб
646445751477977961_kz.doc 63.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники