Папазол (Борисовский завод медицинских препаратов ОАО)

МНН: Бендазол, Папаверин
Производитель: Борисовский завод медицинских препаратов ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие периферические вазодилататоры
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019282
Информация о регистрации в РК: 11.08.2017 - 11.08.2022

Инструкция

Саудалық атауы

Папазол

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында:

белсенді заттар: бендазол 30 мг, папаверин гидрохлориді 30 мг,

қосымша заттар: картоп крахмалы, тальк, кальций стеараты.

Сипаттамасы

Ақ немесе сұр реңді ақ түсті, ойығы бар, жалпақ цилиндр пішінді, аздап мәрмәрлі таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Шеткері вазодилататорлар. Басқа да шеткері вазодилятаторлар.

АТХ коды С04АХ

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ішке қабылдағаннан кейін папаверин мен дибазол асқазан-ішек жолында тез сіңеді. Папавериннің биожетімділігі 29-57% құрайды, дибазолдың биожетімділігі 60%-ға жуық. Препараттың плазмадағы терапиялық тиімді концентрациясы папавериннің 0,2-2,0 мкг/мл, дибазолдың 0,5-2,0 мкг/мл мөлшеріне сәйкес келеді. Қан плазмасының ақуыздарымен байланысуы папаверин үшін 90%, дибазол үшін 70%-ға жуықты құрайды.

Папазолдың компоненттері гистогематикалық бөгет арқылы, оның ішінде гематоплацентарлық және гематоэнцефалдық бөгет арқылы жеңіл өтеді. Бауыр тіндерінде және май тіндерінде папавериннің жинақталуы байқалады, дибазол – іс жүзінде жинақталмайды. Папаверин бауырда биотрансформацияға ұшырайды. Папавериннің жартылай шығарылу (T½) кезеңі 0,5-2,0 сағатты құрайды. Глюкурон қышқылымен конъюгацияланған фенолды метаболиттер түрінде несеппен шығарылады, папавериннің аздаған мөлшері (0,5% кем) өзгермеген түрінде шығарылады. Адамда дибазолдың биотрансформациясы мен элиминациясына қатысты деректер жоқ.

Фармакодинамикасы

Біріктірілген препарат, спазмолитикалық, гипотензивтік, артериодилатациялаушы әсері бар. Бендазол – миотропты әсері бар спазмолитикалық дәрі: гипотензивті, вазодилатациялаушы әсер береді, орташа иммунитет көтермелеуші белсенділікке ие. Папаверин – спазмолитикалық дәрі, гипотензивті әсер етеді. ФДЭ (фосфодиэстераза) тежейді, жасушада цАМФ жиналуын және құрамында Ca2+ төмендеуін туғызады, тонусты төмендетеді және ішкі ағзалар (АІЖ, тыныс алу және несеп-жыныс жүйесінің) мен қан тамырларының тегіс бұлшықеттерін босаңсытады. Үлкен дозада жүрек бұлшықеттерінің қозғыштығын төмендетеді және жүрекішілік өткізгіштікті баяулатады. ОЖЖ аздап әсер етеді (үлкен дозада седативті әсер етеді).

Қолданылуы

- бүйрек және бауыр коликасында, холециститте, түйілумен колитте, асқазанның және 12 елі ішектің ойық жара ауруында, ішкі ағзалардың тегіс бұлшықеттерінің орташа айқындықтағы түйілуінде

- артериялық гипертензияда (лабиальді) (кешенді ем құрамында)

Қолдану тәсілі мен дозалары

Ішке аш қарынға қабылданады. Ересектерге тәулігіне 2-3 рет 1 таблеткадан тағайындайды. Емдеу курсы 8-14 күннен аспайды.

Жағымсыз әсерлері

  • аллергиялық реакциялар (тері бөртпесі, қышыну, есекжем, Квинке ісінуі)

  • жүрек айнуы, құсу, іш қатуы

  • қатты тершеңдік, «ысынумен» құйылулар

  • бас айналуы, бас ауыруы, әлсіздік

  • ұйқышылдық

  • атриовентрикулярлық блокада, жүрек ырғағының бұзылуы (соның ішінде қарыншалық аритмия)

  • миокард жиырылғыштығының төмендеуі

  • бауыр трансаминазалары деңгейінің жоғарылауы, эозинофилия

  • құрғақ жөтел

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

  • тыныс алудың бәсеңдеуі немесе коматозды жағдай

  • атриовентрикулярлық өткізгіштіктің бұзылуы AV-блокада

  • глаукома

  • артериялық гипотензия

  • 60 жастан асқандар

  • бауыр және бүйрек жеткіліксіздігі

  • бүйрекүсті безі функциясының жеткіліксіздігі

  • бас сүйек-ми жарақаты

  • қуық асты безі гиперплазиясы

  • сыртартқысында құрысу синдромы немесе эпилепсия ұстамалары

  • бронхообструктивті синдром

  • бұлшықеттердің жоғары тонусы

  • 18 жасқа дейінгі балалар

  • қан трансаминазалары деңгейінің жоғарылауы

  • жүктілік, лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Бір мезгілде қолданған кезде папазол алкогольдің әсерін күшейтеді, метилдопаның гипотензивті әсерін және леводопаның паркинсонға қарсы әсерін әлсіретеді.

Жүрек гликозидтерімен (дигоксин, строфантин) бір мезгілде қолданғанда олардың әсерін жүрек гликозидінің белсенділігін төмендету есебінен әлсіретеді.

Фентоламинмен, новокаинамидом, хинидином, клонидинмен және резерпинмен, диуретиктермен және салуретиктермен (гидрохлоротиазидпен, ацетазоламидпен, фуросемидпен, спиронолактонмен және б.), сондай-ақ үшциклдік антидепрессанттармен бір мезгілде қолданғанда гипотензивті әсерінің күшеюі байқалады.

Барбитураттар, папазолдың түйілуді басатын әсерін күшейтеді.

β-адреноблокаторлардың гипотензивті әсеріне ықпал етпейді, бірақ β-адреноблокаторлармен байланысты қантамырларының шеткергі кедергісін жоғарылатады.

Антихолинэстеразды дәрілік заттардың (галантамин, прозерин, физостигмин және б.) тегіс бұлшықетке әсерін әлсіретеді.

Папазол мен нитрофурантоинды біріктіріп қолданғанда гепатит дамуы мүмкін.

Аскорбин қышқылымен бір мезгілде қолданғанда папазолдың иммуностимуляциялайтын әсерінің күшеюі байқалады.

Темекі шегетін тұлғаларда папазолдың метаболизмі жеделдетілген, ал оның фармакологиялық әсері төмендейді.

Сүт, адсорбенттер (белсенділендірілген көмір, диоктаэдриялық смектит) және антацидті дәрілер (кальций карбонаты, алюминий гидроксиді, магний гидроксиді немесе алюминий фосфаты) папазолдың компоненттерінің асқазан-ішек жолында сіңуін азайтады.

Оларды қабылдау мен папазолды қабылдау аралығы 2 сағаттан кем болмауы керек.

Айрықша нұсқаулар

Төмендегі жағдайларда сақтықпен қолдану керек:

- ішек перистальтикасының төмендеуінде

- гипотиреозда

- бүйрек үсті безі жеткіліксіздігінде

- бронх ауруларында

- асқазаннан қан кетуде

Емдеу кезінде алкогольді қабылдауға болмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препаратты қабылдағанда көлік құралын басқарудан және күрделі механизмдермен жұмыс жасаудан бас тартқан жөн.

Артық дозалануы

Симптомдары: ыстық құйылулар сезімінің, диафорездің (тершеңдік), әлсіздіктің, ұйқышылдық, жүректің айнуы, бас айналуы, гипотензия, бас ауыруының пайда болуы. Ауыр жағдайларда синусты тахикардия, диплопия, нистагм, ОЖЖ бәсеңдеуі.

Емі: арнайы антидоты жоқ. Препаратты қабылдауды тоқтату, асқазанды шаю, белсенділендірілген көмірді тағайындау және симптоматикалық ем жүргізу.

Шығарылу түрі және қаптамасы

6 таблеткадан пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

Пішінді ұяшықсыз қаптамалар (қорапшаға салынбай) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықтардың сәйкес санымен бірге картоннан жасалған қорапқа салынған.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 5 оС-ден 30 оС-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Сақтау мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Борисов медициналық препараттар зауыты» ашық акционерлік қоғамы, Беларусь Республикасы, Минск обл., Борисов қ-сы, Чапаев к-сі, 64,

тел/факс 8-(10375177)734043.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Борисов медициналық препараттар зауыты» ашық акционерлік қоғамы, Беларусь Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электрондық поштасы)

Қазақстан Республикасы, 050004, Алматы қ-сы, Абылай хан даңғылы, 30, «МедФармИнтерСервис» ЖШС, тел. 87013066011, 87714140258.

Прикрепленные файлы

712219081477977082_ru.doc 64.5 кб
770881691477978256_kz.doc 91.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники