Папаверин (раствор для инъекций, 20 мг/мл)

МНН: Папаверин
Производитель: Новосибхимфарм ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Papaverine
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№022795
Информация о регистрации в РК: 14.02.2017 - 14.02.2022
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)

Инструкция

Саудалық атауы

Папаверин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Инъекцияға арналған ерітінді, 20 мг/мл, 2 мл

Құрамы

1 мл препараттың құрамында

белсенді зат – папаверин гидрохлориді 20 мг

қосымша заттар: метионин, динатрий эдетаты (этилендиаминтетрасірке қышқылының динатрий тұзы, трилон Б), инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Мөлдір, аздап боялған сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Асқазан-ішек жолының (АІЖ) функционалдық бұзылыстарын емдеуге арналған препараттар. Папаверин және оның туындылары.

АТХ коды А03AD01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Папавериннің биожетімділігі 29-57% құрайды. Препараттың плазмадағы емдік тиімді концентрациялары 0,2-2,0 мкг/мл папаверин мөлшеріне сай келеді. Плазма ақуыздарымен байланысы - 90%. Гистогематикалық бөгеттер арқылы жеңіл өтеді, бауырда биотрансформацияға ұшырайды. Жартылай шығарылу кезеңі – 0,5-2 сағ (24 сағ дейін ұзаруы мүмкін). Негізінде метаболиттер түрінде бүйрекпен шығарылады. Гемодиализ кезінде қаннан толығымен шығарылады. Глюкурон қышқылымен конъюгацияланған фенольді метаболиттер түрінде несеппен шығарылады, папавериннің аздаған мөлшері (0,5% төмен) өзгермеген күйде шығарылады.

Фармакодинамикасы

Папаверин тегіс бұлшықеттердің тонусын төмендетеді және осыған байланысты спазмолитикалық және гипотензиялық әсер көрсетеді. Фосфодиэстераза ферментінің тежегіші болып табылады және циклдық 3,5-аденозинмонофосфат (цАМФ) жасуша ішіне жинақталуын туындатады, бұл тегіс бұлшықеттердің жиырылуының бұзылуына және олардың спазмдық жағдайларда босаңсуына әкеледі. Папаверин әсерінің орталық жүйке жүйесіне айқындығы әлсіз, тек үлкен дозаларда ол кейбір седативті әсер көрсетеді. Үлкен дозаларда жүрек бұлшықетінің қозғыштығын төмендетеді және жүрекішілік өткізгіштікті баяулатады.

Қолданылуы

- Құрсақ қуысы ағзаларының тегіс бұлшықеттерінің түйілуі (холецистит, пилороспазм, спазмдық колит)

- Шеткері тамырлардың, ми тамырларының, несеп шығару жолдарының түйілуі (бүйрек шаншуы). Премедикация кезінде қосымша дәрі ретінде.

Қолдану тәсілі және дозалары

Препаратты бұлшықет ішіне, теріс астына немесе вена ішіне енгізеді.

Ересектерге арналған бір реттік доза 20-40 мг (1-2 мл 20 мг/мл ерітінді) құрайды, енгізулер арасындағы аралық – 4 сағаттан кем емес. Препараттың 20мг/мл ерітіндісін натрий хлоридінің 10-20 мл изотониялық ерітіндісінде алдын ала сұйылтып вена ішіне енгізеді. Егде пациенттер үшін бастапқы бір реттік доза 10 мг аспауы тиіс. 1 жастан 12 жасқа дейінгі балалар үшін ең жоғарғы бір реттік доза 0,2-0,3 мг/кг құрайды.

12 жастан 18 жасқа дейінгі балаларда дозалау режимі ересектердің дозалау режиміне сай келеді.

Емдеу курсын емдеуші дәрігер анықтайды.

Жағымсыз әсерлері

Жағымсыз әсерлердің жиілігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) жіктеуінде ұсынылған: жиі - 1-10%, жиі емес – 0,1-1%, сирек – 0,01-0,1%, өте сирек – 0,001% кем, жекелеген жағдайларды қоса.

Тері жабындары тарапынан: жиі – тері бөртпесі (эритема, есекжем), жиі емес – тері қышынуы, сирек – қатты тершеңдік.

Ас қорыту жүйесі тарапынан: жиі – жүрек айнуы, іш қату, жиі емес – «бауыр» трансаминазаларының жоғарылауы, құсу, диарея, іштегі жайсыздық, анорексия.

Жүйке жүйесі тарапынан: ұйқышылдық, бас айналуы.

Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан: жиі – артериялық қысымның төмендеуі, жиі емес – қарыншалық экстрасистолия, жүрек ырғағының бұзылуы, атриовентрикулярлық блокада, миокард жиырылуының төмендеуі.

Қан тарапынан: өте сирек – эозинофилия.

Жылдам вена ішіне енгізгенде, сондай-ақ жоғарғы дозаларды қолданғанда атриовентрикулярлық блокада, жүрек ырғағының бұзылуы дамуы мүмкін.

Басқа: аллергиялық реакциялар, құрғақ жөтел, атаксия.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- папаверинге немесе препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық

- коматоздық жағдай

- тыныс алудың бәсеңдеуі

- құрысу синдромы немесе анамнездегі эпилепсиялық ұстамалар

- атриовентрикулярлық өткізгіштіктің бұзылуы

- бауырдың ауыр жеткіліксіздігі

- глаукома

- егде жас (гипертермияның даму қаупі)

- 1 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Папаверин леводопаның паркинсонизмге қарсы әсерін және метилдопаның гипотензиялық әсерін төмендетеді. Барбитураттармен біріктірілімде папавериннің спазмолитикалық әсері күшейеді. Үшциклдық антидепрессанттармен, прокаинамидпен, резерпинмен, хинидинмен бірге қолданғанда гипотензиялық әсердің күшеюі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты вена ішіне баяу және дәрігердің бақылауымен енгізу керек. Емдеу кезеңінде алкоголь қабылдауға болмайды. Вазодилатациялық әсер шылым шеккенде төмендейді.

Егде жастағы пациенттерде препаратты тағайындар алдында препарат енгізгенге дейін өткізгіштіктің ықтимал бұзылуын болдырмау үшін ЭКГ жүргізу керек.

Бассүйек-ми жарақаты, ауыр бүйрек жеткіліксіздігі, бүйрекүсті функциясы жеткіліксіздігі, гипотиреозы, қуық асты безінің гиперплазиясы, шок, қарыншаүстілік тахикардиясы бар пациенттерде емді сақтықпен және ең төменгі емдік дозаларда бастау керек.

Мына кездерде сақтықпен қолданылады:

- ішек перистальтикасы төмендегенде

- бронх ауруы

- асқазаннан қан кету

- гипотиреоз

- бүйрекүсті безінің жеткіліксіздігі

Жүктілік және лактация

Жүктілік және лактация кезінде препарат қолдану ұсынылмайды.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе аса қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Препаратты қолданғанда автокөлік басқарудан және күрделі механизмдермен жұмыс істеуден бас тарта тұру керек.

Артық дозалануы

Симптомдары: көрудің нашарлауы (диплопия), жүрек айнуы, құсу, әлсіздік, орталық жүйке жүйесінің бәсеңдеуі, артериялық қысымның төмендеуі, ұйқышылдық, бас айналуы және синустық тахикардия

Емі: симптоматикалық (артериялық қысымды демеу), пациенттер дәрігерге қаралу керек.

Шығарылу түрі және қаптамасы

2 мл бейтарап шыныдан жасалған ампулаларда.

10 ампуладан картон қорапта. Әрбір қорапқа мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықты, ампулаларды ашатын пышақты немесе ампулалық скарификаторды салады.

Сындыратын сақинасы немесе сындыру нүктесі бас ампулаларды қаптау кезінде ампулаларды ашатын пышақ немесе ампулалық скарификатор салынбайды.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 15 °С-ден 25 °С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Новосибхимфарм» ААҚ

630028, Ресей, Новосібір қ-сы, Декабристер к-сі, 275

тел. (383) 363-32-44,

факс (383) 363-32-55.

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

«Новосибхимфарм» ААҚ

630028, Ресей, Новосібір қ-сы, Декабристер к-сі, 275

тел. (383) 363-32-44,

факс (383) 363-32-55.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

«Валента Азия» ЖШС, Алматы қ-сы, Абай д-лы, Радостовец көшесінің қиылысы, 151/115, «Алатау» бизнес орталығы, № 1102 кеңсе

Тел./факс 8727 334-15-52, Е-mail: asia@valentapharm.com

Прикрепленные файлы

890772911498795337_ru.doc 50 кб
787535931498795875_kz.doc 26.96 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники