Папаверина гидрохлорид (раствор для инъекций, 20 мг/мл) (Papaverine)

МНН: Папаверина гидрохлорид
Производитель: Борисовский завод медицинских препаратов ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Papaverine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№010314
Информация о регистрации в РК: 28.12.2022 - 28.12.2032
Номер регистрации в РБ: 23/05/273
Информация о регистрации в РБ: 27.07.2016 - бессрочно
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)

Инструкция

Саудалық атауы

Папаверин гидрохлориді

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Инъекцияға арналған ерітінді, 20 мг/ мл

Құрамы

Бір ампуланың (2 мл) ішінде:

белсенді зат: 40 мг папаверин гидрохлориді;

қосымша заттар: динатрий эдетаты, DL-метионин, инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Әлсіз сарғыштау реңді мөлдір сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Асқазан-ішек жолының (АІЖ) функциональдік бұзылуларын емдеуге арналған препараттар. Папаверин мен оның туындылары. Папаверин.

АТХ коды А03АD01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Тері асты мен бұлшықет ішіне енгізгеннен кейін жылдам және толықтай сіңеді. Препараттың қан плазмасындағы тиімді емдік концентрациялары 0,2-2,0 мкг/мл құрайды. Препаратты көп рет қолданғанда оның фармакокинетикасы өзгермейді.

Қан плазмасының ақуыздарымен 90% байланысады. Гистогематикалық бөгет арқылы оңай өтеді. Бауыр мен май тінінде депо түзеді. Бауырда биотрансформацияға ұшырайды. Папаверин гидрохлоридінің жартылай шығарылу кезеңі (Т½) 0,5-2,0 сағ. құрайды. Метаболиттер түрінде несеппен, болымсыз (0,5%-дан аз) мөлшерде өзгермеген күйінде шығарылады.

Фармакодинамикасы

Папаверин гидрохлориді гипотензиялық және түйілуді басатын әсер береді.

Әсер ету механизмі папаверин гидрохлоридінің IV типтегі фосфодиэстеразаның белсенділігін бөгеу қабілетіне байланысты. Ферментті бөгеу цАМФ гидролизінің тоқтауын және ішкі органдар тамырларының тегіс бұлшық етті жасушаларындағы оның концентрациясының жоғарылауына әкеледі. цАМФ кальций иондарының бұлшықет жасушасына түсуін шектейді және миозиннің жеңіл тізбектерінің - бұлшықет жиырылуын қамтамасыз ететін миозин-жиырғыш ақуыздың жеңіл тізбегі киназасын белсенсіздендіреді.

Папаверин гидрохлориді тонусты төмендетеді және ішкі органдардың (асқазан- ішек жолдарының, тыныс жолдарының, несеп-жыныс жүйесінің) және қантамырлардың тегіс бұлшықеттерін босаңсытады.

Папаверин гидрохлориді негізінен артериялық қантамырларды кеңейтеді және қан ағысының, соның ішінде церебральді қан ағысының артуына түрткі болады.

Қолданылуы

- холециститте, спастикалық колитте, пилоротүйілуде ішкі органдар, тегіс бұлшық еттерінің түйілуін болғызбау және басу үшін

- өт қабы мен бүйрек шаншуын басу үшін

- ми мен аяқ-қол тамырларының түйілуінде (жиынтық ем құрамында)

Қолдану тәсілі мен дозалары

Препарат тері астына, бұлшықет ішіне және көктамыр ішіне енгізіледі.

Тері асты мен бұлшықет ішіне ересектерге және балаларға 14 жастан бастап 0,5-2 мл (10-40 мг) 20 мг/мл ерітінді енгізіледі, ал көктамыр ішіне 1 мл 20 мг/мл папаверин гидрохлориді ерітіндісін 0,9% 10-20 мл натрий хлоридінің ерітіндісінде сұйылтып 3-5 мл/мин жылдамдықпен өте баяу енгізеді. Егде жастағы емделушілер үшін бір реттік доза емдеудің басында 10 мг (0,5 мл 20 мг/мл ерітіндіден) аспауы тиіс. Ересектер үшін ең жоғарғы доза тері астына немесе бұлшықет ішіне енгізу кезінде: бір реттік – 100 мг (5 мл 20 мг/мл ерітінді), тәуліктік – 300 мг (15 мл 20 мг/мл ерітінді); көктамыр ішіне енгізу кезінде бір реттік – 20 мг (1 мл 20 мг/мл ерітінді), тәуліктік – 120 мг (6 мл 20 мг/мл ерітінді).

1 жастан 14 жасқа дейінгі балаларға препаратты тәулігіне 2-3 рет қолданады. Бір реттік доза дене салмағының әр кг 0,7-1 мг.

Балаларға арналған ең жоғарғы тәуліктік доза (енгізу тәсіліне байланысты емес); 1-2 жастағы балаларға – 20 мг (1 мл 20 мг/мл ерітінді), 3-4 жастағы балаларға – 30 мг (1,5 20 мг/мл ерітінді), 5-6 жастағы балаларға – 40 мг (2 мл 20 мг/мл ерітінді), 7-9 жастағы балаларға – 60 мг (3, мл 20 мг/мл ерітінді), 10-14 жастағы балаларға – 100 мг (5 мл 20 мг/мл ерітінді) құрайды.

Емдеу курсын емдеуші дәрігер белгілейді.

Жағымсыз әсері

Жиілігі кездесетін жағдайға байланысты классификацияланады: өте жиі (>1/10), жиі (<1/10 және >1/100), жиі емес (<1/100 және >1/1000), сирек (<1/1000 және >1/10000), өте сирек (<1/10000), белгісіз (бар деректер негізінде баға беру мүмкін емес).

Жүйке жүйесі тарапынан: сирек – терең тыныс алудың артуы, жабығу, бас айналуы, бас ауыруы, ұйқышылдық, седативтік әсер, әлсіздік, назардың бұзылуы, дімкәстік, енжарлық.

Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан: сирек – жүрек ырғағының бұзылуы (әсіресе көктамыр ішіне жылдам енгізгенде немесе үлкен доза енгізгенде), AV-блокада, тахикардия, гипотензия немесе қысымның жоғарылауы.

АІЖ тарапынан: сирек – іш қатуы, жүрек айнуы, диарея, ішектің бітелуі, анорексия, құсу.

Тері және теріастылық-шел талшықтары тарапынан: сирек – қышыну, бөртпе.

Гепатобилиарлы жүйесі тарапынан: гепатит және бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы.

Басқалар: сирек – жалпы жайсыздық, беттің қызаруы, тершеңдік, ауыз қуысының құрғауы; өте сирек – жоғары сезімталдық реакциясы; енгізген орындағы ауыру.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- папаверинге жоғары сезімталдық

- 1 жасқа дейінгі балалар жасы

- тыныс алудың бәсеңдеуі немесе коматоздық жай-күй

- атриовентрикулярлық (AV) блокада

- глаукома

- 75 жастан асқандар (гипертермия қаупі)

- жүрек жеткіліксіздігі, миокард инфаркті (жедел және жуық арада өткерген), жүрек ырғағының бұзылуы (брадикардия)

- бассүйек миішілік гипертензия

- бауыр аурулары

Сақтықпен: ми бас сүйегі – жарақаты, созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі, гипотиреоз, қуық асты безі гиперплазиясы

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Папаверин гидрохлоридін бір мезгілде қолданғанда алкогольдің әсерін көтермелейді, метилдопаның гипотензивтік әсерін әлсіретеді.

Темекі тартатын адамдарда папаверин гидрохлоридінің метаболизмі жылдам болады, ал оның қан плазмасындағы концентрациясы және фармакологиялық әсері азаяды.

Дифенгидрамин (димедрол), метамизол (анальгин) және диклофенак папаверин гидрохлоридінің спазмолитикалық әсерін көтермелейді.

Папаверин гидрохлоридінің ерітіндісі глюкоза ерітіндісімен (ішінара папаверин гидрохлоридінің белсенділігі жойылады) фармацевтикалық тұрғыдан сыйымсыз.

Папаверин гидрохлориді леводопаның (паркинсонға қарсы дәрінің) емдік әсерін әлсіретуі мүмкін.

Папаверин гидрохлориді кальций өзекшелерінің бөгелісін әсерін күшейтуі мүмкін.

Аритмияға қарсы және гипертензияға қарсы препараттармен біріктіріп қолданғанда гипотензивті әсері күшеюі мүмкін.

Никотин папаверин гидрохлоридінің вазодилатациялық әсерін азайтуы немесе толығымен жою мүмкін.

Папаверин гидрохлориді орталық жүйке жүйесін бәсеңдететін препараттардың әсерін күшейтуі және морфинмен үйлестіргенде синергизм байқатуы мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

15 жасқа дейінгі балаларға препаратты көктамыр ішіне енгізу ұсынылмайды.

Көктамыр ішіне жылдам енгізілсе фатальді артерияның және апноэнің дамуына әкелуі мүмкін.

Сыртартқысында жүрек өткізгіштігінің бұзылуы немесе жүрек ырғағының бұзылу қаупіне байланысты жүрек-қантамыр ауруларының декомпенсациясы бар болғанда абай болу керек.

Бауырда уыттану симптомы пайда болса, папаверин гидрохлоридін енгізуді тоқтату керек.

Папаверин гидрохлоридін ұдайы қабылдап жүрген емделушілер бауыр және қан функциясының көрсеткіштерін тұрақты бақылап отыру керек.

Папаверин гидрохлоридін осы емделушілердің ас қорыту функциясының бұзылуы өте қатты зақымдануына байланысты АІЖ моторикасын төмен емделушілерге абайлап тағайындау керек.

Емделу кезеңінде алкоголь қабылданбауы тиіс.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік және лактация кезеңінде папаверин гидрохлоридін қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған, сондықтан ұсынылмайды.

Препараттың автокөлік жүргізу және механизмдерді басқару қабілетіне әсері

Автокөлік жүргізу және механизмдерді басқару кезінде папаверин гидрохлоридін қабылдауда мысалы, ұйқышылдық және бас айналуы сияқты жағымсыз әсерлердің даму мүмкіндігіне байланысты абай болу керек.

Артық дозалануы

Симптомдары: жоғары дозада енгізгенде әсіресе бауыр және бүйрек патологиясы аясында уыттану байқалады. Диплопия, әлсіздік, ұйқышылдық, гипотензия болуға тән.

Емі: Арнайы у қайтарғысы жоқ. Көмек шараларына препаратты тоқтату, асқазанды шаю жатады, белсендірілген көмір тағайындалады, пайда болған бұзылыстарды жоюға бағытталған демеуші және симптоматикалық ем жүргізу.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Шыныдан жасалған ампулада 2 мл-ден.

10 ампула ампуланы ашуға арналған пышақ немесе скарификатормен бірге гофрлеуге арналған қағаздан жасалған гофрленген қосымша бет парақпен картоннан жасалған қорапқа салынған.

Қорапқа офсетті қағаздан жасалған заттаңба-бандероль немесе көпбояулы мөрге арналған қағаз жапсырылады.

Қораптар медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге топтық ыдысқа салынған.

Медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтың саны қаптама санына сәйкес келуі керек.

10 ампуладан поливинилхлориді үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамада. 1 қосымша ампуланы ашуға арналған пышақ немесе скарификатормен және медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге хром-эрзац картон қорапшаға салынған.

10 ампула ампуланы ашуға арналған пышақ немесе скарификатормен бірге медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге ампуланы бекітуге арналған картон қосымшамен картон қорапшаға салынған.

Бөлуга арналған сақинасы немесе кертігі және бөлуге арналған нүктесі бар ампулалар пайдаланылатын жағдайда ампуланы ашуға арналған пышақ немесе скарификатор салынбайды.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Борисов медициналық препараттар зауыты» ашық акционерлік қоғамы, Беларусь Республикасы, Минск обл., Борисов қ., Чапаев к., 64/27, тел/факс 8-(10375177)744280.

Тіркеу куәлігінің иесі

“Борисов медициналық препараттар зауыты” ашық акционерлік қоғамы, Беларусь Республикасы

Қазақстан Республикасының аумағында тұтынушылардан өнімнің (тауардың) сапасы жөніндегі шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

“Борисов медициналық препараттар зауыты” ашық акционерлік қоғамы Беларусь Республикасы, Минск обл., Борисов қ., Чапаев к., 64/27, тел/факс 8-(10375177)744280, электрондық поштасы market@borimed.com

 

Прикрепленные файлы

728812171477976927_ru.doc 70.5 кб
857805531477978081_kz.doc 73 кб
19_08_273_p.pdf 0.29 кб
19_08_273_s.pdf 0.31 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники. «Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ