Пантопразол (40 мг, Лекфарм)

МНН: Пантопразол (в виде пантопразола натрия сесквигидрата)
Производитель: СООО "Лекфарм"
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Pantoprazole
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№024563
Информация о регистрации в РК: 13.05.2020 - 13.05.2025

Инструкция

Саудалық атауы

Пантопразол

Халықаралық патенттелмеген атауы

Пантопразол

Дәрілік түрі, дозасы

Ішекте еритін қабықпен қапталған таблеткалар, 20 мг және 40 мг

Фармакотерапиялық тобы

Фармакотерапиялық тобы: Ас қорыту жолы және зат алмасу. Қышқылдылық бұзылуымен байланысты ауруларды емдеуге арналған препараттар. Ойық жараға қарсы препараттар және гастроэзофагеальді рефлюкс ауруын (GORD) емдеуге арналған препараттар. Протонды сорғы тежегіштері. Пантопразол.

ATХ коды: А02ВС02.

Қолданылуы

Пантопразол 20 мг дәрілік заты ересектердегі рефлюкс симптомдарын (мысалы, қыжыл, қышқылды кекіру) қысқа мерзімді емдеуге арналған.

Пантопразол 40 мг дәрілік заты келесі көрсетілімдерде қолданылады:

Ересектер мен 12 жастағы және одан үлкен балалар:

  • рефлюкс-эзофагит

Ересектер:

  • бактерияға қарсы дәрілермен біріктірілген ем құрамындағы Helicobacter pylori эрадикациясы;

  • асқазанның немесе он екі елі ішектің ойық жарасы;

  • Золлингер-Эллисон синдромы және жоғары асқазан секрециясымен байланысты басқа патологиялық жай-күйлер.

Қолданудың басталуына дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • әсер етуші затқа, бензимидазолдар туындыларына, қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық;

  • пантопразолды сіңірілуі асқазан ішіндегі рН қышқылдылығына тәуелденетін атазанавир, нелфинавир сияқты АИТВ протеазасы тежегіштерімен бірге қолдану олардың биожетімділігінің елеулі төмендеуіне орай ұсынылмайды;

  • 12 жасқа дейінгі балаларға;

  • жүктілік және лактация кезеңі.

Айрықша нұсқаулар және қолдану кезіндегі сақтандыру шаралары

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде емдеу кезеңінде, әсіресе, препаратты ұзақ уақыт қолданғанда бауыр ферменттерін жүйелі бақылап отыру керек. Олардың деңгейі жоғарылаған жағдайда емдеу тоқтатылуы тиіс.

Біріктірілген ем

Біріктірілген ем жүргізілгенде тиісті дәрілік заттарды медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулық ескерілу керек.

Асқазанның қатерлі жаңа түзілімі

Пантопразол асқазанның қатерлі жаңа түзілімінің симптомдарын бүркемелеуі мүмкін және диагностиканы кідіртуі мүмкін.

Кез келген сақтандыратын симптом болғанда (мысалы, дене салмағының еріктен тыс елеулі төмендеуі, қайталанатын құсу, дисфагия, қан аралас құсу, анемия, мелена) және асқазанның ойық жарасы болғанда немесе ол күмән тудырғанда қатерлі жаңа түзілімді жоққа шығару керек, өйткені пантопразолмен емдеу симптомдарды әлсіретуі және диагноз қоюды кешіктіруі мүмкін. Баламалы ем жүргізілгеніне қарамастан, симптоматика сақталса қосымша тексеру өткізу қажеттілігін қарастыру керек.

АИТВ протеазасы тежегіштерімен бірге қолдану

Пантопразолды атазанавир cияқты сіңуі асқазанның pH қышқылдылығына тәуелді болатын АИТВ протеазасының тежегіштерімен бірге қолдану олардың биожетімділігінің едәуір төмендеуіне байланысты ұсынылмайды.

В12 дәруменінің сіңуіне әсері

Золлингер-Эллисон синдромы мен ұзақ емдеу қажет болатын басқа патологиялық гиперсекреторлық жай-күйлері бар пациенттерде пантопразол, секрецияға қарсы басқа дәрілер сияқты, гипо- немесе ахлоргидрия салдарынан В12 дәруменінің (цианокобаламин) сіңуін төмендетуі мүмкін. Бұл осы дәрумен қорлары азайған пациенттерде немесе қауіп факторлары болғанда оның сіңуін төмендету үшін ұзаққа созылатын ем кезінде және тиісті клиникалық симптомдар болғанда ескерілу керек.

Ұзақ уақыт емдеу

Ұзақ уақыт ем жүргізілгенде, әсіресе, ол бір жылдан асып кететін кезеңде пациенттер жүйелі қадағалауда болуы тиіс.

Шығу тегі бактериялық асқазан-ішек инфекциялары

Пантопразолмен емделу Salmonella және Campylobacter немесе C. Difficile сияқты бактериялар тудырған асқазан-ішек инфекцияларының сәл жоғары қаупіне әкелуі мүмкін.

Гипомагниемия

Протон сорғысының тежегіштерімен кем дегенде үш ай бойы (көпшілік жағдайларда – бір жыл бойы) емделген пациенттерде айқын гипомагниемия хабарланды. Қажу, тетания, делирий, құрысулар, бас айналу және қарыншалық аритмия сияқты гипомагниемияның күрделі көріністері туындауы мүмкін, алайда олар жасырын басталуы және байқалмай қалуы мүмкін. Пациенттердің көпшілігінде гипомагниемия протон сорғысының тежегіштерін тоқтату аясында магний енгізілуімен басылды.

Протон сорғысының тежегіштерін дигоксинмен немесе гипомагниемия тудыруы мүмкін дәрілермен (мысалы, диуретиктермен) бірге қабылдайтын немесе ұзақ уақыт ем жүргізу көзделетін пациенттер үшін медициналық қызметкерлер емдеудің басталуына дейін және ем жүргізілген кезеңде мезгіл-мезгіл қандағы магний деңгейін өлшеу қажеттілігін қарастыруы тиіс.

Сүйек сынулары

Протон сорғысының тежегіштері, әсіресе, жоғары дозаларда және ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) пайдаланғанда, негізінен, егде жастағыларда немесе басқа танылған қауіп факторлары болғанда ортан жіліктің, білезіктің және омыртқаның сыну қаупін орташа арттыруы мүмкін. Бақылау зерттеулері протон сорғысы тежегіштерінің жалпы сыну қаупін 10-40% арттыруы мүмкін екенін көрсетеді. Осы жоғарылаудың белгілі бір бөлігі басқа қауіп факторларымен байланысты болуы мүмкін. Остеопороз қаупі бар пациенттер қазіргі замандық клиникалық нұсқауларға сәйкес медициналық көмек алуы және D дәрумені мен кальцийді жеткілікті мөлшерде қабылдауы тиіс.

Жеделге жуық терінің қызыл жегісі (ЖТҚЖ)

Протон сорғысының тежегіштерін өте сирек ЖТҚЖ жағдайларымен байланысты. Терінің, әсіресе, күн сәулесінің әсеріне ұшыраған бөліктерінде патологиялық өзгерістер білінген жағдайда және артралгиялар қосылған жағдайда пациент шұғыл медициналық көмекке жүгінуі тиіс, ал медициналық қызметкер препаратты тоқтатудың мақсатқа сай болуын бағалауы тиіс. Осының алдында протон сорғысының тежегішімен емдеуден кейінгі ЖТҚЖ протон сорғысының басқа тежегіштерін қолдану кезіндегі ЖТҚЖ қаупін арттыруы мүмкін.

Зертханалық көрсеткіштердің бұрмалануы

CgA жоғары деңгейі нейроэндокриндік ісіктердің анықталуы тұрғысынан зерттеулердің нәтижелерін бұрмалауы мүмкін. Интерференциядан сақтану үшін Пантопразол дәрілік затымен емделу CgA деңгейін анықтауға дейін, кем дегенде, 5 күн бұрын тоқтатылуы тиіс. Егер CgA және гастрин деңгейлері бастапқы анықталуына дейінгі қалыпты мәндер диапазонына оралмаcа, протон сорғысы тежегіштерімен емді тоқтатудан кейін 14 күннен соң өлшеу жүргізілуі тиіс. Осы дәрілік зат құрамында лактоза моногидраты бар. Егер пациентте кейбір қанттардың жақпаушылығы болса, осы дәрілік препаратты қабылдар алдында емдеуші дәрігерге қаралу керек.

Дәрілік зат құрамында сусыз натрий карбонаты, натрий гидрокарбонаты және натрий лаурилсульфаты бар. Бұл ақпаратты натрий түсуі шектелетін диетада жүрген пациенттер ескеруі қажет.

Осы дәрілік зат құрамында жеңіл іш жүргізетін әсер көрсетуі мүмкін маннитол бар.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Сіңуі аcқазан pH мәніне тәуелденетін дәрілік заттар

Асқазан секрециясының айқын және ұзақ уақыт бәсеңдеуіне байланысты, пантопразол биожетімділігі аcқазан pH мәніне тәуелденетін дәрілік заттардың, мысалы, кетоконазол, итраконазол, позаконазол сияқты кейбір зеңге қарсы азол дәрілерінің, сондай-ақ эрлотиниб сияқты басқа препараттардың сіңуін бөгеуі мүмкін.

АИТВ протеазасының тежегіштері

Пантопразолды сіңуі қышқылды интрагастральді pH мәніне тәуелденетін АИТВ протеазасының тежегіштерімен, мысалы, атазанавирмен бірге қолдану олардың биожетімділігінің елеулі төмендеуіне әкелуі мүмкін. Егер АИТВ протеазасының тежегіштерін протон сорғысы тежегішімен біріктірмеу мүмкін болмаса, мұқият қадағалап отыру ысалы, вирустық жүктемені бақылау) ұсынылады. Пантопразолды тәулігіне 20 мг дозадан асыруға болмайды. АИТВ протеазасы тежегіштерінің дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

Кумариндік антикоагулянттар (фенпрокумон немесе варфарин)

Пантопразолды варфаринмен немесе фенпрокумонмен бірге қолдану варфарин, фенпрокумон фармакокинетикасына немесе халықаралық қалыптасқан қатынасқа (ХҚҚ) ықпал етпеді. Алайда бір мезгілде протон сорғысының басқа тежегіштерін және варфарин немесе фенпрокумон қабылдаған пациенттерде ХҚҚ және протромбин уақытының артуы хабарланды. ХҚҚ және протромбин уақытының артуы қан кетуге және тіпті өлімге әкелуі мүмкін. Пантопразол мен варфарин немесе фенпрокумон қабылдайтын пациенттерде ХҚҚ және протромбин уақытының артуы тұрғысынан мониторинг қажет болуы мүмкін.

Метотрексат

Метотрексаттың жоғары дозасынысалы, 300 мг) және протон сорғысының тежегіштерін бірге қолдану кейбір пациенттерде метотрексат деңгейлерін арттыратыны хабарланды. Осылайша, метотрексаттың жоғары дозаларын, мысалы, обыр және псориаз кезінде қолданған жағдайларда пантопразолды уақытша тоқтатуды қарастыруға болады.

Басқа өзара әрекеттесу зерттеулері

Пантопразол Р450 цитохромы жүйесі ферменттерінің қатысуымен едәуір дәрежеде бауырда метаболизденеді. Негізгі метаболизм жолы CYP2C19 қатысуымен деметилдену болып табылады, басқа метаболизмдік жолдар CYP3A4 қатысуымен тотығуды қамтиды.

Метаболизмі атап көрсетілген жолдармен жүретін карбамазепин, диазепам, глибенкламид, нифедипин, құрамында левоноргестрел және этинилэстрадиол бар контрацептив сияқты дәрілермен өзара әрекеттесу зерттеулерінде клиникалық мәнді өзара әрекеттесуі анықталмады.

Пантопразолдың басқа дәрілік заттармен немесе осы ферменттік жүйе арқылы метаболизмге ұшырайтын қосылыстармен өзара әрекеттесуін жоққа шығаруға болмайды.

Бірқатар өзара әрекеттесу зерттеулерінің нәтижелері пантопразолдың CYP1A2 (кофеин, теофиллин сияқты), CYP2C9 (пироксикам, диклофенак, напроксен сияқты), CYP2D6 (метопролол сияқты), CYP2E1 (этанол сияқты) арқылы метаболизденетін белсенді заттар метаболизміне ықпал етпейтінін және дигоксиннің р-гликопротеинге тәуелді сіңірілуін өзгертетінін көрсетеді.

Антацидтермен бірге тағайындалатын өзара әрекеттесулері жоқ.

Өзара әрекеттесу зерттеулері сонымен қатар пантопразолмен бірге тағайындалған антибиотиктермен (кларитромицин, метронидазол, амоксициллин) жүргізілді. Ешқандай клиникалық мәнді өзара әрекеттесуі болмады.

CYP2C19-ті тежейтін немесе индукциялайтын дәрілік заттар

Флувоксамин сияқты CYP2C19 тежегіштері пантопразолдың жүйелі әсерін арттыруы мүмкін. Пантопразолдың жоғары дозаларын ұзақ уақыт бойы қабылдайтын немесе бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде дозаны азайту қажет болуы мүмкін. Рифампицин пен шайқурай (Hypericum perforatum) сияқты CYP2C19 және CYP3A4-ке ықпал ететін ферменттердің индукторлары осы ферменттер жүйелері арқылы метаболизмге ұшырайтын протон сорғысы тежегіштерінің плазмалық концентрацияларын төмендетуі мүмкін.

Арнайы сақтандырулар

Педиатрияда қолдану

12 жасқа толмаған балаларда қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы деректерінің шектеулі екеніне байланысты тағайындау ұсынылмайды.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Жүктілік

Пантопразолды жүкті әйелдерде пайдалану деректерінің шағын саны (300-1000 жағдай) Пантопразол дәрілік затымен байланысты даму ақауларын туғызатын уыттылығының немесе шарана/жаңа туған нәресте үшін уыттылығының болмайтынын көрсетеді. Жануарларға жүргізілген зерттеулер тұқым өрбіту қабілетіне уыттылығын көріністеді. Алдын ала сақтану шарасы ретінде Пантопразол дәрілік затын жүктілік кезінде қолданудан сақтанған дұрыс.

Лактация

Жануарларға жүргізілген зерттеулер пантопразолдың емшек сүтіне түсетінін көріністеді. Адамның емшек сүтіне өтуі туралы хабарланды. Емшек еметін сәби үшін қаупін жоққа шығаруға болмайды. Сондықтан бала емізуді жалғастыру/тоқтату немесе пантопразолмен емді жалғастыру/тоқтату шешімін сәби үшін емшекпен қоректенудің пайдасы мен әйел үшін Пантопразол дәрілік заты қолданылатын емнің пайдасын ескере отырып қабылдау керек.

Фертильділік

Жануарларға жүргізілген зерттеулерде пантопразолды қолданудан кейін фертильділіктің бұзылу дәлелдері анықталмады.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Пантопразол көлік құралын басқару немесе механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді немесе мардымсыз әсер етеді.

Қолдану жөніндегі нұсқау:

Дозалау режимі

Рефлюкс симптомдарын қысқа мерзімді емдеу

Ересектерге ұсынылатын доза тәулігіне Пантопразол 20 мг (1 таблетка) дәрілік затын құрайды.

Симптомдарды басу үшін дәрілік затты 2-3 күн бойы қабылдау қажет болуы мүмкін. Емдеудің жүргізілуін симптомдар басылған соң тоқтатуға болады. Дәрігердің кеңесінсіз емдеу 4 аптадан асырылмауы тиіс.

Егер 2 апта үздіксіз емделу кезінде симптоматиканың ешқандай жақсаруы болмаса, пациент дәрігермен кеңесу қажеттілігі туралы хабарланған болуы тиіс.

Рефлюкс-эзофагит

Ересектер мен 12 жастағы және одан үлкен балаларға ұсынылатын доза тәулігіне Пантопразол 40 мг (1 таблетка) дәрілік затын құрайды. Жекелеген жағдайларда дозаны, әсіресе, басқаша емге жауап болмағанда екі еселеуге (тәулігіне 2 таблеткаға дейін арттыруға) болады. Әдетте, 4-апталық емделу кезеңі қажет болады. Егер ол жеткілікті болмаса, әдетте, емдік әсеріне келесі 4 аптаның ішінде жетеді.

Бактерияға қарсы дәрілермен біріктірілген ем құрамындағы Helicobacter pylori эрадикациясы

Асқазан мен он екі елі ішектің ойық жаралары бар Helicobacter pylori нәтижесі оң ересек пациенттер біріктірілген ем көмегімен микроорганизм эрадикациясына жету керек. Бактериялық төзімділік және тиісті тағайындау және бактерияға қарсы дәрілер қолдану мәселелерінде жергілікті ресми нұсқамалықтардыысалы, ұлттық нұсқаулар) бағдарға алу керек. Төзімділік ауқымына қарай, келесі біріктірілімдерді ұсынуға болады:

а) тәулігіне екі рет Пантопразол дәрілік затының бір таблеткасы (40 мг)

+ тәулігіне екі рет 1000 мг амоксициллин

+ тәулігіне екі рет 500 мг кларитромицин.

б) тәулігіне екі рет Пантопразол дәрілік затының бір таблеткасы (40 мг)

+ тәулігіне екі рет 400-500 мг метронидазол (немесе 500 мг тинидазол)

+ тәулігіне екі рет 250-500 мг кларитромицин.

в) тәулігіне екі рет Пантопразол дәрілік затының бір таблеткасы (40 мг)

+ тәулігіне екі рет 1000 мг амоксициллин

+ тәулігіне екі рет 400-500 мг метронидазол (немесе 500 мг тинидазол).

Эрадикациялық ем жүргізілгенде Пантопразол дәрілік затының екінші таблеткасы кешкі ас ішуге дейін 1 сағат бұрын қабылдануы тиіс. Біріктірілген ем, әдетте, 7 күн бойы жүргізіледі және жалпы 14 күн ұзақтықпен тағы 7 күн жалғастыруға болады. Артынан ойық жаралардың жазылуын қамтамасыз етуге он екі елі ішек пен асқазанның ойық жаралары үшін ұсынылған дозалардың пайдаланылуымен әріқарай пантопразолмен ем көрсетілген.

Егер біріктірілген ем көрсетілмесе (Helicobacter pylori – теріс нәтижелі пациент), Пантопразол дәрілік затымен монотерапияда келесі дозалау режимдерін жетекшілікке алған жөн:

Асқазанның ойық жарасын емдеу

Тәулігіне Пантопразол дәрілік затының 1 таблеткасы (40 мг). Жекелеген жағдайларда дозаны, әсіресе, басқаша емге жауап болмағанда екі еселеуге (тәулігіне 2 таблеткаға дейін арттыруға) болады. Әдетте, 4-апталық емделу кезеңі қажет болады. Егер ол жеткілікті болмаса, әдетте, емдік әсеріне келесі 4 аптаның ішінде жетеді.

Он екі елі ішектің ойық жарасын емдеу

Тәулігіне Пантопразол дәрілік затының 1 таблеткасы (40 мг). Жекелеген жағдайларда дозаны, әсіресе, басқаша емге жауап болмағанда екі еселеуге (тәулігіне 2 таблеткаға дейін арттыруға) болады. Дуоденальді ойық жараның жазылуы, әдетте, 2 апта бойы жүреді. Егер осы кезең жеткілікті болмаса, жазылуға барлық дерлік жағдайларда келесі 4 апта ішінде жетуге болады.

Золлингер-Эллисон синдромы және жоғары асқазан секрециясымен байланысты басқа патологиялық жай-күйлер

Золлингер-Эллисон синдромын және басқа патологиялық гиперсекреторлық жай-күйлерді ұзақ уақыт емдеу 80 мг тәуліктік дозадан басталады (Пантопразол 40 мг дәрілік затының 2 таблеткасы). Артынан дозаны қышқылды асқазан секрециясын өлшеу негізінде жоғары немесе төмен титрлеу керек. Тәуліктік 80 мг-ден асып кететін дозаларын 2 қабылдауға бөлу керек. Дозаларын уақытша 160 мг-ден жоғары арттыруға болады, алайда, ол секрецияны талап сай бақылауға қажетті шамада ұзаққа созылмауы тиіс.

Золлингер-Эллисон синдромын және басқа патологиялық гиперсекреторлық жай-күйлерді емдеуге шек қойылмайды және клиникалық қажеттілікке сәйкес болуы тиіс.

Пациенттердің ерекше топтары

12 жасқа толмаған балалар

Осы жас тобында қауіпсіздік пен тиімділік жөніндегі шектеулі деректерге байланысты тағайындау ұсынылмайды.

Егде жастағы пациенттер

Дозаны түзету қажет емес.

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер

Бауыр жеткіліксіздігі ауыр пациенттерде пантопразолдың 20 мг тәуліктік дозасынан асыруға болмайды. Бауырдың орташа немесе ауыр дисфункциясы бар пациенттерде дәрілік затты Helicobacter pylori эрадикациясы үшін біріктірілген ем құрамында қолдануға болмайды, өйткені қазіргі уақытта осындай пациенттерде біріктірілген ем құрамындағы пантопразол тиімділігі мен қауіпсіздігі жөнінде деректер жоқ.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде дозаны түзету қажет емес. Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде дәрілік затты Helicobacter pylori эрадикациясы үшін біріктірілген ем құрамында қолдануға болмайды, өйткені қазіргі уақытта осындай пациенттерде біріктірілген ем құрамындағы пантопразол тиімділігі мен қауіпсіздігі жөнінде деректер жоқ.

Енгізу әдісі және жолы

Ішке қабылдау үшін.

Таблеткаларды бүтіндей жұтқан жөн, оларды шайнауға немесе сындыруға болмайды. Ас ішуге дейін 1 сағат бұрын жеткілікті су мөлшерімен ішіп қабылдау керек.

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болаnын шаралар

Қазіргі уақытқа дейін пантопразол қолдану нәтижесіндегі артық дозалану құбылыстары болмады. Дозалар 240 мг дейін 2 минут ішінде вена ішіне енгізілді және жағымдылығы жақсы болды.

Дегенмен де, артық дозалану жағдайында және тек клиникалық көріністері болғанда симптоматикалық және демеуші ем жүргізіледі. Пантопразол ақуыздармен тектестігі жоғары екендіктен, оның гемодиализбен шығарылуы қиындау.

ДЗ стандартты пайдалану кезінде туындайтын жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қолдану үшін қажетті шаралар (қажет болса)

Жиі (пациенттердің 1%-дан көбінде, бірақ 10%-дан азында кездеседі):

- асқазан полиптері (қатерсіз);

Жиі емес (пациенттердің 0,1%-дан көбінде, бірақ 1%-дан азында кездеседі):

- ұйқы бұзылыстары, бас ауыру, бас айналу, диарея, жүрек айну/құсу, метеоризм және іштің кебуі, іш қату, ауыз кеберсуі, іштің ауыруы және жайсыздануы, бауыр ферменттері (трансаминазалар, γГТП) деңгейлерінің жоғарылауы, бөртпе/экзантема/бөрту, қышыну, ортан жіліктің, білезіктің, омыртқаның сынуы, астения, қажу және дімкәстану;

Сирек (пациенттердің 0,01%-дан көбінде, бірақ 0,1%-дан азында кездеседі)

- агранулоцитоз, аса жоғары сезімталдық (анафилаксиялық реакциялар мен анафилаксиялық шокты қоса), гиперлипидемия және липидтер (триглицеридтер, холестерин) деңгейінің жоғарылауы, дене салмағының өзгеруі, депрессия (әрі нашарлау), дәм сезудің бұзылуы, көрудің бұзылуы/көрудің тұмандануы, билирубин деңгейінің жоғарылауы, есекжем, ангионевроздық ісіну, артралгия, миалгия, гинекомастия, дене температурасының көтерілуі, шеткері ісіну;

Өте сирек (пациенттердің 0,001%-дан көбінде, бірақ 0,01%-дан азында кездеседі)

- тромбоцитопения, лейкопения, панцитопения, бағдардан жаңылу (әрі нашарлау);

Айрықша сирек / Бірлі-жарым жағдайларда және т.б. (0,001%-дан аз пациенттерде кездеседі)

- гипонатриемия, гипомагниемия, гипокальциемия, гипокалиемия, елестеулер, сананың шатасуы (әсіресе, бейімділігі бар пациенттерде, сондай-ақ бұрын болған симптомдардың өршуі), гепатоциттердің зақымдануы, сарғаю, гепатоцеллюлярлық жеткіліксіздік, Стивенс-Джонсон синдромы, Лейл синдромы, мультиформалы эритема, фотосезімталдық, жеделге жуық терінің қызыл жегісі, бұлшықеттің түйілуі, интерстициальді нефрит (бүйрек жеткіліксіздігіне дейін үдеу мүмкіндігімен).

Күтілетін дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препарат құрамы

белсенді зат - 20.0 мг пантопразол (22.55 мг натрий пантопразолы сесквигидраты түрінде); 40.0 мг пантопразол (45.10 мг натрий пантопразолы сесквигидраты түрінде).

қосымша заттар: сусыз натрий карбонаты, кальций стеараты, кросповидон, повидон (K-17), маннитол.

қабық құрамы: Аквариус Преферед® сары (гипромеллоза, коповидон пласдон, полидекстроза, полиэтиленгликоль, каприл/каприн қышқылы триглицериді, титанның қостотығы (Е 171), темірдің сары тотығы (Е 172)); Акрил-ИЗ® түссіз (метакрил және этилакрилат қышқылының сополимері, тальк, макрогол/ПЭГ, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, натрий гидрокарбонаты, натрий лаурилсульфаты), симетикон.

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Екі беті дөңес пішінді сарғыш-ақшыл түсті қабықпен қапталған дөңгелек таблеткалар.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Полимер үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 таблеткадан.

Пішінді ұяшықты 3 қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салады.

Сақтау мерзімі

2 жыл.

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Сақтау шарттары

Ылғал мен жарықтан қорғалған жерде, 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші туралы мәліметтер

«Лекфарм» ЖШБҚ,

Беларусь Республикасы, 223141, Логойск қ, Минская к-сі, 2а үй, 301 пәтер.

Тел./факс: +375 1774 53801

www.lekpharm.by

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

«Лекфарм» ЖШБҚ,

Беларусь Республикасы, 223141, Логойск қ, Минская к-сі, 2а үй, 301 пәтер.

Тел./факс: +375 1774 53801

www.lekpharm.by

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттар сапасына қатысты шағымдар (ұсыныстар) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

Тұтынушылар шағымдарын мына мекенжайға жолдау керек:

Қазақстан Республикасындағы «Лекфарм» ЖШБҚ өкілдігі,

050000, Алматы қ., Бостандық ауданы, Әл-Фараби даңғылы 7,

«Нұрлы Тау» БО, 4а корпус, 55 кеңсе, тел. 8(727)-3110454,

факс 8(727)-3110455,

электронды пошта: amangul-62@mail.ru

Прикрепленные файлы

Инструкция-пантопразол._.docx 0.05 кб
Пантопразол,_ЛВ,_каз._.doc 0.15 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту