Панкреатин (25 ЕД, Биосинтез ОАО)

МНН: Панкреатин
Производитель: Биосинтез ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Multienzymes (lipase, protease etc.)
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№010039
Информация о регистрации в РК: 02.02.2023 - 02.02.2033
Номер регистрации в РБ: 4907/01/06/11/17/21
Информация о регистрации в РБ: 03.05.2017 - бессрочно
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)

Инструкция

Саудалық атауы

Панкреатин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Ішекте еритін қабықпен қапталған таблеткалар, 25 ӘБ

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - панкреатин 0,1 г,

қосымша заттар

ядро: лактоза (сүт қанты), желатин, картоп крахмалы, кальций стеараты,

қабық: целлацефат (ацетилфталилцеллюлоза), титанның қостотығы (титанды қостотық) Е171, сұйық парафин (вазелин майы), полисорбат (твин-80), азорубин (қышқылды қызыл бояғыш 2С)

Сипаттамасы

Екі жағы дөңес пішінді, қызғылт немесе күңгірт-қызғылт түсті қабықпен қапталған, өзіне тән иісі бар таблеткалар. Көлденең кесіндісінде екі қабат көрінеді, ішкі қабатында теңбілдері болуына жол беріледі

Фармакотерапиялық тобы

Ас қорытуға ықпал ететін препараттар (ферменттік препараттарды қоса)

Ас қорытатын ферменттік препараттар

АТХ коды A09AA02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Панкреатиттік ферменттер аш ішектің сілтілік ортасында дәрілік түрден босап шығады, өйткені асқазан сөлі әсерінен қабықпен қорғалған.

Препараттың ең жоғары ферментативті белсенділігі пероральді қабылдаудан кейін 30-45 минуттан соң анықталады.

Фармакодинамикасы

Ас қорыту ферментті дәрісі, ұйқы безі ферменттері тапшылығының орнын толтырады, протеолитикалық, амилолитикалық және липолитикалық әсер етеді. Құрамына кіретін панкреатиттік ферменттер (липаза, альфа-амилаза, трипсин, химотрипсин) ақуыздардың амин қышқылдарына дейін, майлардың – глицеринге және май қышқылдарына, крахмалдың - декстриндерге және моносахаридтерге дейін ыдырауына ықпал етеді, асқазан-ішек жолдарының функционалдық жай-күйін жақсартады, ас қорыту үдерістерін қалыпқа келтіреді.

Қолданылуы

  • орын басушы ем ретінде ұйқы безінің сыртқы секреторлық жеткіліксіздігінде: созылмалы панкреатитте, панкреатэктомияда, сәулеленуден кейінгі жай-күйде, диспепсияда, муковисцидозда

  • метеоризмде, генезі жұқпалық емес диареяда

  • астың сіңуінің бұзылуында (асқазан және аш ішектің резекциясынан кейінгі жай-күйде)

  • асқазан-ішек жолдарының қызметі қалыпты адамдарда тамақтан кінәрат болған жағдайда ас қорытуды жақсарту үшін (майлы тамақ қолдануда, мол мөлшерде тамақтануда, тамақтанудағы жүйесіздікте) және шайнау қызметі бұзылуында, қимыл-қозғалысы аз өмір салтында, ұзақ иммобилизацияда

  • Ремхельд синдромында (гастрокардиальді синдромда)

  • құрсақ қуысы органдарын рентгенологиялық және ультрадыбыстық зерттеуге дайындауда

Қолдану тәсілі және дозалары

Препаратты шайнамай және сілтілік емес сұйықтықпен (су, жеміс шырындары) іше отырып, тамақтану уақытында немесе тамақтан кейін ішке қабылдайды.

Препараттың дозасы жасына және ұйқы безінің жеткіліксіздігі дәрежесіне қарай жеке анықталады. Бір таблетканың құрамында: протеазалар – 25 ӘБ, амилазалар – 1700 ӘБ, липазалар – 150 ӘБ.

Ересектерге әдетте - 2-4 таблеткадан тәулігіне 3-6 рет. Тәуліктік ең жоғары доза - 16 таблетка. Емнің ұзақтығын емдеуші дәрігер анықтайды.

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық реакциялар

сирек:

- диарея, іш қатуы, асқазан аумағында жайсыздық сезіну, жүрек айнуы (бұл реакциялардың дамуының Панкреатин әсерімен себеп-салдарлы байланысы анықталмаған, себебі аталған құбылыстар ұйқы безінің сыртқы секреторлық жеткіліксіздігі симптомдарына жатады)

- гиперурикозурия, гиперурикемия (жоғары дозаларда ұзақ уақыт қолданғанда)

- муковисцидозда өрлеме жиек ішектің илеоцекальді бөлігінде тарылыстар (фиброзды колонопатия) дамуы Панкреатиннің қажетті дозасын жоғарылатқан жағдайда

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- тұқым қуалайтын фруктоза көтере алмаушылық, Lapp – лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза - галактоза мальабсорбциясы

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- жедел панкреатит, созылмалы панкреатит асқынуы

- жүктілік және лактация кезеңі

- балалық және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Панкреатин қолданғанда темірдің және фолий қышқылының сіңуі төмендеуі мүмкін. Құрамында кальций карбонаты және/немесе магний гидроксиді бар антацидті дәрілерді бір уақытта қолдану Панкреатин тиімділігінің төмендеуіне алып келуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Муковисцидозда тарылыстар (фиброзды колонопатия) даму қаупі жоғарылығы салдарынан Панкреатинді жоғары дозаларда қолдану ұсынылмайды.

Доза пайдаланылатын тамақтың сапасы мен мөлшерін ескере отырып, майдың сіңуі үшін қажетті ферменттер мөлшеріне сай болуы тиіс.

Жүктілік және лактация

Препарат құрамында балалар үшін тыйым салынған бояғыш (азорубин) бар болғандықтан оны жүктілер мен бала емізетіндерге қолдануға болмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: гиперурикозурия, гиперурикемия,іш қатуы.

Емі: препаратты тоқтату, симптоматикалық ем.

Шығарылу түрі және қаптамасы

БП типті полимерлік банкілерге 60 таблеткадан салынған.

Поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан немесе полиэтиленді жабындысы бар қағаздан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 таблеткадан салынған.

Әрбір банкі немесе 6 пішінді ұяшықты қаптама мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде, 200С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз.

Өндіруші

«Биосинтез» ААҚ, Ресей Федерациясы

440033, Пенза қ-сы, Дружба к-сі, 4, тел/факс (8412) 57-72-49

e-mail: certificate@biosintez.com

Тіркеу куәлігінің иесі

«Биосинтез» ААҚ, Ресей Федерациясы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Биосинтез» ААҚ, Ресей Федерациясы

440033, Пенза қ-сы, Дружба к-сі, 4, тел/факс (8412) 57-72-49

e-mail: certificate@biosintez.com

 

Сарапшы Мақсұт М.М.

Аудармашы: Рүстемова А.А 20.11. 2012 ж.

Прикрепленные файлы

527038071477976973_ru.doc 64.5 кб
371443211477978138_kz.doc 58 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники «Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ