Панадол® Экстра

МНН: Кофеин, Парацетамол
Производитель: ГлаксоСмитКляйн Дангарван Лтд
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Парацетамол в комбинации с другими препаратами (исключая психолептики)
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№016501
Период регистрации: 16.02.2016 - 16.02.2021

Инструкция

Саудалық атауы

Панадол® Экстра

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар: 500 мг парацетамол,

65 мг кофеин.

қосымша заттар: желатинделген крахмал, жүгері крахмалы, поливидон (К 25), калий сорбаты, тальк, стеарин қышқылы, натрий кроскармеллозасы, тазартылған су, сорбитол, натрий сахарині, натрий гидрокарбонаты (аса ұсақ бикарбонат), повидон К25, натрий лаурилсульфаты, диметикон, сусыз лимон қышқылы, сусыз натрий карбонаты, тазартылған су, гипромеллоза (HPMC, 6 CPS), триацетин.

Сипаттамасы

Фармакологиялық тобы

Басқа да анальгетиктер-антипиретиктер. Анилидтер. Басқа препараттармен (психолептиктерді қоспағанда) біріктірілген парацетамол

АТХ коды N02BE51

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Парацетамол – асқазан-ішек жолынан тез және іс жүзінде толығымен (96%) сіңеді. Парацетамол фетоплацентарлық бөгет арқылы енеді және елеусіз мөлшерде емшек сүтімен бөлінеді. Зерттеулер парацетамолдың геноуытты және тератогенді әсерінің жоқтығын анықтаған. Қандағы ең жоғары концентрациясы 6 мкг/мл жуық, ең жоғары концентрациясына жету уақыты 10-60 мин. Плазма ақуыздармен байланысуы емдік дозада өте аз. Парацетамол бауырда метаболизденеді, оның көп бөлігі глюкурон қышқылымен және сульфаттармен белсенді емес метаболиттер түзе отырып конъюгация реакциясына түседі және несеппен сульфаттық және глюкурондық конъюгаттар түрінде шығарылады. Жартылай шығарылу кезеңі (оның ішінде егде жастағыларда) орташа алғанда 2,3 сағатты құрайды.

Кофеин – ішу арқылы қабылдағанда тез сіңеді, қан плазмасындағы ең жоғарғы концентрациясына бір сағат ішінде жетеді, жартылай шығарылу кезеңі 4,9 сағатқа жуықты құрайды. Қабылданған кофеиннің 65-80% несеппен 1-метилнесеп қышқылы және 1-метилксантин түрінде шығарылады.

Фармакодинамикасы

Парацетамол – анальгетик-антипиретик. Гипоталамустағы простагландиндер синтезін бәсеңдету арқылы ауыруды басатын және ыстықты түсіретін әсер береді. Осыған байланысты шеткергі тіндерде простагландиндер синтезін бәсеңдетуге болмайтын пациенттерге, мысалы, сыртартқысында асқазан-ішектен қан кету болғанда немесе егде пациенттерге парацетамолды қолданған дұрыс болады.

Кофеин алкалоидтар (метилксантиндер) тобына жатады. Психостимуляциялаушы және аналептикалық әсері бар. Анальгетиктермен, атап айтқанда парацетамолмен біріктірілгенде оның ауыруды басатын әсерін күшейтеді.

Препарат су-тұз алмасуына әсер етпейді, өйткені шеткергі тіндердегі простагландиндер синтезіне әсер етпейді.

Қолданылуы

Жеңіл және орташа ауырлықтағы ауыру синдромында: бас ауыруы, бас сақинасы, тіс ауыруы, тіс жұлғаннан немесе басқа да стоматологиялық араласудан кейінгі ауыру, остеоартрит кезіндегі ауыру, буындар мен бұлшықеттердің ауыруы, тамақтың ауыруы, ауыртып келетін етеккірде.

Қызба синдромында: суық тию мен тұмау кезіндегі, сондай-ақ вакцинациядан кейінгі жоғары температура және ауыру.

Қолдану тәсілі мен дозалары

Ересектер (егде жастағыларды қосқанда) және 12 жастан асқан балалар: қажет болғанда 1-2 таблеткадан әрбір 4-6 сағат сайын. 4 сағаттан жиі қабылдамау керек. Ең жоғарғы бір реттік дозасы - 2 таблетка. 24 сағат ішінде 8 таблеткадан артық қабылдамау керек.

Препаратты дәрігердің тағайындауынсыз және қадағалауынсыз ауыруды басатын дәрі ретінде бес күннен артық және ыстық түсіретін дәрі ретінде үш күннен артық қолдану ұсынылмайды. Егер симптомдары сақталатын болса, дәрігерге қаралыңыз.

Көрсетілген дозасынан асырмаңыз.

Жағымсыз әсерлері

Өте сирек (<1/10,000)

- тромбоцитопения

- анафилактикалық реакциялар

- тері бөртпесі, ангионевротикалық ісіну, Стивенс-Джонсон синдромын қоса, аса жоғары сезімталдықтың тері реакциясы

- ацетилсалицил қышқылына және басқа да ҚҚСП жоғары сезімталдығы бар пациенттердегі бронх түйілуі

- бауыр функциясының бұзылуы

Жиілігі белгісіз

- күйгелектік

- бас айналу

Препаратты құрамында кофеин бар өнімдермен (мысалы, кофе, шай, құрамында кофеин бар сусындар) бір мезгілде қабылдау ұйқының бұзылуына, мазасыздыққа, ашушаңдыққа, бас ауыруына, асқазан-ішек бұзылыстары мен жүрек қағуының жиілеуіне әкелуі мүмкін.

Жоғарыда аталған реакциялар туындаған кезде, сондай-ақ қабыршықтану, ауыз қуысындағы ойық жаралар, тыныс алудың қиындауы, гематомалар, қан кетулер немесе препаратқа кез келген басқа да жағымсыз реакциялар пайда болғанда препарат қабылдауды тоқтату және дереу дәрігерге қаралу керек.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- парацетамолға немесе препараттың басқа да ингредиентіне жоғары сезімталдық

  • бауыр немесе бүйрек функциясының ауыр бұзылулары

  • артериялық гипертензия

  • глаукома

  • ұйқының бұзылуы

  • 12 жасқа дейінгі балалар

  • жүктілік

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Ұзақ уақыт бойы қабылдағанда препарат тікелей емес антикоагулянттардың (варфарин және басқа кумариндер) әсерін күшейтеді, бұл қан кетулер қаупін арттырады. Препаратты жүйесіз қабылдау мұндай әсер бермейді.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты қабылдар алдында дәрігермен кеңесулері қажет:

- варфарин немесе қан ұйығыштығын төмендететін басқа да препараттарды қабылдайтын пациенттер;

- созылмалы бауыр немесе бүйрек аурулары бар пациенттер;

- үнемі бас ауырған жағдайда.

Препаратты қолданған уақытта құрамында кофеин бар сусындарды ішуге болмайды (мысалы, кофе, шай).

Құрамында парацетамол бар басқа препараттармен бір мезгілде қабылдамаған дұрыс.

Ұсынылған дозадан асып кеткен жағдайда парацетамолдың бауырды зақымдайтын әсері болуы мүмкін.

Парацетамолды глутатион деңгейін төмендететін жағдайларда (мысалы, сепсис кезінде) қолдану метаболизмдік ацидоздың туындау қаупін арттырады.

Келесі симптомдар бірігуі:

- терең, жиі, қиын тыныс алу

- өзін нашар сезіну (жүрек айну, құсу)

- тәбеттің болмауы

байқалғанда дәрігерге қаралу керек.

Жүктілік және лактация кезеңі

Кофеин тұтынғанда жүктіліктің өздігінен үзілу қаупінің мүмкіндігі болуына байланысты препаратты жүктілік кезінде қолдану ұсынылмайды. Бала емізу кезеңінде препарат қабылдаудан тартынған жөн, өйткені кофеин емшек сүтімен бөлінеді және балада қозуды туындатуы мүмкін.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Автомобиль жүргізу және механизмдермен жұмыс істеуде шектеулер жоқ

Артық дозалануы

Парацетамол

Симптомдары: жүрек айнуы, құсу, асқазанның ауыруы, тершеңдік, тері жабындарының бозаруы. 1-2 тәуліктен соң бауырдың зақымдану белгілері анықталады (бауыр аймағындағы ауырсыну, «бауыр» ферменттері белсенділігінің артуы). Ауыр жағдайларда бауыр жеткіліксіздігі, энцефалопатия және коматозды жағдай дамиды.

Емі: препарат қабылдауды тоқтату және дереу дәрігерге қаралу керек. Асқазанды шаю және энтеросорбенттерді (белсендірілген көмір, полифепан) қабылдау ұсынылады. N-ацетилцистеинді немесе метионинді қолдануға болады.

Кофеин

Симптомдары: эпигастрийдің ауыруы, жүрек айну, несеп шығарудың жиілеуі, тахикардия немесе аритмия, ОЖЖ көтермелену симптомдары (ұйқысыздық, толқу, мазасыздық, қатты қозғыштық, жүйкелік діріл, тремор және құрысу).

Емі: Симптоматикалық ем. Арнайы у қайтарғысы жоқ. Бета-адренорецепторлар антагонистерін қолдану кардиоуытты әсерін азайтуы мүмкін.

Кездейсоқ артық дозаланған жағдайда, тіпті өзіңізді жақсы сезінсеңіз де, дереу медициналық жәрдемге жүгінген жөн.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

12 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

1 пішінді ұяшықты қаптамадан мемлекеттік және орыс тіліндегі қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.

Басқа тілдердегі медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықтарды салуға жол беріледі.

Сақтау шарттары

+25ºC-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

 

Сақтау мерзімі

4 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

 

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

ГлаксоСмитКляйн Дангарван Лтд, Ирландия

Тіркеу куәлігінің иесі

ГлаксоСмитКляйн Консьюмер Хелскер, Ұлыбритания

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«ГлаксоСмитКляйн Экспорт Лтд» ӨК, Алматы қ., Фурманов к-сі, 273.

тел. +7 (727) 244-69-99, +7 (727) 258-28-92, факс +7 (727) 258-28-90 (автомат), электронды поштасы: kz.safety@gsk.com

 

Прикрепленные файлы

519683421477976306_ru.doc 62 кб
576666291477977503_kz.doc 67.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники