Палора® (100 мг)

МНН: Пассифлора, сухой экстракт
Производитель: Компания "НОБЕЛ АЛМАТИНСКАЯ ФАРМАЦЕВТИЧЕСКАЯ ФАБРИКА"
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие снотворные и седативные препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-3№019026

Инструкция

Саудалық атауы

ПАЛОРА®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 100 мг

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат – 100 мг пассифлораның құрғақ сығындысы (құрамында 3,5% витексин флавоноиды бар),

қосымша заттар: повидон (ПВП К30), кросповидон, натрий кроскармеллозасы, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы (Аэросил 200), микрокристалды целлюлоза РН 102, магний стеараты,

үлбірлі қабық: қабыққа арналған материал №12 Sepifilm LP007, бояғыш (Wine red Candurin® Red Lustre), метиленхлорид, метанол,

үлбірлі қабықтың құрамы Sepifilm LP007: метилгидроксипропилцеллюлоза, микрокристалды целлюлоза, стеарин қышқылы,

бояғыштың құрамы (Wine red Candurin® Red Lustre): калий алюминий силикаты, темірдің (ІІІ) қызыл тотығы (Е 172).

Сипаттамасы

Екі жақ беті дөңес, қызыл шарап түсті, үлбірлі қабықпен қапталған біртекті дөңгелек таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Психотропты препараттар. Ұйықтатын және тыныштандыратын дәрілер. Ұйықтатын және тыныштандыратын басқа да препараттар.

АТХ коды N05CM

Фармакологиялық қасиеттері

Пассифлора сығындысы (страстоцвет) Passiflora incarnata өсімдігінен алынады. Пассифлора сығындысында гарман, гармол, гармалин (галлюциноген), гармин, гармалол және арибин сияқты алколоидтар тобы және витексин мен ориентин сияқты кейбір флавоноидтар бар. Сонымен қатар сығынды құрамында спазмолитикалық белсенділікке ие апигенин бар.

Бұл заттар орталық жүйке жүйесіне кешенді әсер береді және тыныштандыратын, ұйықтататын, ауруды басатын, анксиолитикалық және спазмолитикалық қасиеттерге ие.

Қолданылуы

- неврастенияда- климакстық және климакс алдындағы кезеңдерде - қатты ашушаңдықта- ұйқы бұзылғанда - симптоматикалық артериялық гипертензияда - эпилепсияда (қосымша дәрі ретінде) - Меньер ауруында (кешенді ем құрамында)

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға

Тыныштандыратын әсерге қол жеткізу үшін күні бойы – 100 мг күніне 3 рет, тамақтанар алдында.

Ұйқы бұзылғандаұйқыдан бір сағат бұрын 200 - 300 мг. Емдеу курсының ұзақтығы аурудың клиникалық көрінісіне байланысты.

Тәуліктік дозасы 300 мг құрайды.

Жағымсыз әсерлері

- ұйқышылдық

- шаршау сезімі

- бас айналу

- бұлшықет әлсіздігі

- аллергиялық реакциялар

- экзантема

- асқазан-ішек жолының бұзылуы (жүректің айнуы, құсу, түйілулер, қыжыл, диарея, іш қату)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттерінің біріне жекелей аса жоғары сезімталдық

  • миокард инфаркті

  • ми және жүрек қантамырларының атеросклерозы

  • 12 жасқа дейінгі балалар

  • жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

ПАЛОРА® препаратын біріктіріп қолдану:

  • орталық жүйке жүйесін тежейтін заттармен (алкоголь, барбитураттар, транквилизаторлар) бірге қабылдау тыныштандыратын

және ұйықтататын әсерін күшейтуі мүмкін. Спазмолитиктер әсерін күшейтеді.

Айрықша нұсқаулар

Асқазан-ішек жолының ауыр органикалық ауруларында абайлап тағайындайды.

Препаратты моноаминоксидаза тежегіштерімен бір мезгілде қабылдамаған жөн.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Пациенттерге көлік құралдарын басқарумен байланысты механикалық құралдарды және басқа да қауіптілігі зор қызмет түрлеріне қызмет көрсеткенде қауіптіліктің бар екендігі жөнінде хабардар ету керек.

Артық дозалануы

Артық дозалану жағдайлары жөнінде деректер жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті үлбірден және баспалы алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 10 таблеткадан салынған.

Пішінді 1, 2, 3, 4 немесе 5 қаптама медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге өндіруші фирманың голограммасы бар картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші/Қаптаушы

«Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ

Қазақстан Республикасы,

Алматы қ-сы, Шевченко к-сі 162 Е.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ

Қазақстан Республикасы

Алматы қ-сы, Шевченко к-сі 162 Е.

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөніндегі шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ

Қазақстан Республикасы, Алматы қ-сы, Шевченко к-сі 162 Е.

Телефон нөмірі: (+7 727) 399-50-50

Факс нөмірі: (+7 727) 399-60-60

Электронды поштасы nobel@nobel-aff.kz

 

Прикрепленные файлы

126364951477976243_ru.doc 62 кб
622216551477977506_kz.doc 61 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники