Паклитаксел Сандоз® (Паклитаксел)

МНН: Паклитаксел
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Paclitaxel
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№025745
Информация о регистрации в РК: 15.04.2022 - 15.04.2027

Инструкция

Саудалық атауы

Паклитаксел Сандоз®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Паклитаксел

Дәрілік түрі, дозасы

Инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған концентрат, 100 мг/16.7 мл, 300 мг/50 мл

Фармакотерапиялық тобы

Антинеопластикалық және иммуномодуляциялық препараттар. Антинеопластикалық препараттар. Өсімдік алкалоидтары және табиғи тектес басқа препараттар. Таксандар. Паклитаксел

АТХ коды L01CD01

Қолданылуы

Аналық бездер обыры

Паклитаксел Сандоз® көрсетілген:

- цисплатинмен біріктірілімде лапаротомиядан кейін аналық бездердің үдемелі карциномасы немесе қалдық ісігі (> 1 см) бар пациенттерде аналық бездер карциномасының бірінші желідегі химиялық емінде

- құрамында платина бар препараттар оң нәтиже бермеген стандартты емнен кейін аналық бездердің метастазды карциномасының екінші желідегі химиялық емінде.

Сүт безінің обыры

Паклитаксел Сандоз® антрациклинмен және циклофосфамидпен стандартты біріктірілген емнен кейін (АЦ емі) зақымданған лимфа түйіндерін емдеуге арналған адъювантты ем ретінде тағайындалады. Паклитаксел Сандоз қолданылатын адъювантты ем антрациклинмен және циклофосфамидпен стандартты біріктірілген емге (АЦ емі) балама болып табылады. Паклитаксел Сандоз® 3+ деңгейіндегі (иммуногистохимия көмегімен анықталған) HER-2 аса жоғары экспрессиясы бар пациенттерге, сондай-ақ антрациклинмен ем сай келмейтін пациенттерге сүт безінің метастазды обырында немесе оның үдеуінде трастузумабпен біріктірілімде бірінші желідегі ем ретінде тағайындалады.

Паклитаксел Сандоз® монотерапия ретінде антрациклиндер қолданылған тиімсіз стандартты емнен кейінгі пациенттерге және антрациклинмен ем сай келмейтін пациенттерге сүт безінің метастазды обырын емдеуге тағайындалады.

Кеш сатыдағы өкпенің ұсақ жасушалы емес обыры

Паклитаксел Сандоз® хирургиялық емдеу және/немесе сәулемен ем жүргізу жоспарланбайтын пациенттерге өкпенің ұсақ жасушалы емес обырын емдеу үшін цисплатинмен біріктірілімде тағайындалады.

ЖИТС бар пациенттердегі Капоши саркомасы

Паклитаксел Сандоз® липосомалық антрациклиндермен тиімсіз емнен кейін ЖИТС бар пациенттерде Капоши саркомасын емдеуге тағайындалады.

Осы көрсетілім үшін тиімділігі туралы шектеулі деректер бар.

Қолданудың басталуына дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • Паклитаксел Сандоз® препаратына және оның қосымша заттарына, сондай-ақ дәрілік түрінде полиоксил майсана майы қамтылатын басқа дәрілік заттарға жоғары сезімталдық

  • ауқымды ісіктері бар пациенттерде нейтрофилдердің 1,500/мкл-ден аз, тромбоциттердің 100 000/мкл-ден аз бастапқы мөлшері

  • ЖИТС бар пациенттердегі Капоши саркомасында нейтрофилдердің 1,000/мкл-ден аз, тромбоциттердің 75,000/мкл-ден аз бастапқы мөлшері

  • жедел инфекциялық аурулар (оның ішінде белдемелі теміреткі, желшешек, герпес)

  • ишемиялық жүрек ауруының, миокард инфарктісінің (анамнезде), аритмияның ауыр ағымы

  • бауыр функциясының ауыр бұзылулары

  • бауырдың жеңіл, орташа немесе ауыр жеткіліксіздігі

  • Капоши саркомасы кезінде қатар жүретін ауыр инфекциялық аурулар

  • жүктілік және лактация кезеңі

  • балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер

Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары

Паклитаксел Сандоз® препаратын қолдану химиялық ем препараттарымен (цитостатиктер) жұмыс тәжірибесін жинақтаған дәрігердің бақылауымен жүзеге асуы тиіс. Паклитаксел Сандоз® препараты цитоуытты зат болып табылады, онымен жұмыс істеу кезінде сақтық шарасын қадағалау, қолғап кию және оның теріге немесе шырышты қабықтарға түсіп кетуінен сақтану қажет болады. Теріге түсіп кеткенде оны сабынды сумен мұқият жуып-шаю керек. Шырышты қабықтарға түсіп кеткенде - судың мол мөлшерімен. Жоғары сезімталдықтың ауыр реакциялары дамыған жағдайда Паклитаксел Сандоз® препаратын қолдануды дереу тоқтатып, симптоматикалық емдеуді бастау керек, бұл ретте препаратты қайта енгізуге болмайды.

Тамырдан қанның немесе лимфаның шығу және олардың тіндерде таралуы мүмкіндігін ескере отырып, дәрілік затты енгізу кезінде инфильтрация болуы мүмкін екендіктен, инфузия жасалған жерді мұқият тексеруге кеңес беріледі.

Пациентке кортикостероидтармен, антигистаминді препараттармен және Н2-антагонистерімен дәрі-дәрмектік ем тағайындау қажет.

Біріктіріп қолдану кезінде паклитаксел цисплатиннің алдында тағайындалу керек.

Паклитаксел Сандоз® дәрілік затының құрамына кіретін полиоксил майсана майы пластификацияланған поливинилхлоридті (ПВХ) контейнерлерден ди-(2-гексил)фталат (ДЭГП) экстракциясын туғызуы мүмкін, осы орайда ДЭГП жуылу дәрежесі ерітінді концентрациясы жоғарылағанда және уақыт өте артады. Сондықтан, Паклитаксел Сандоз® препаратын әзірлеу, сақтау және енгізу кезінде құрамында ПВХ бөлшектері жоқ құрылғыны пайдалану керек.

Экстравазация ықтималдығына орай, препарат енгізілген уақытта инфильтраттың пайда болуы тұрғысынан инъекция енгізілген жерді мұқият қарап тексеруге кеңес беріледі. Вена ішіне қолданғанда жергілікті ісіну, ауыру, эритема және қатаю дамуы мүмкін. Кейде экстравазация тері асты шелінің қабынуына әкелуі мүмкін. Терінің қабыршақтану жағдайлары кейде экстравазациямен байланысты тіркелді. Тері жабындарының депигментациясы болуы мүмкін. Паклитаксел Сандоз® препаратын енгізуден кейін алдыңғы экстравазация орындарында дамыған тері реакциялары басқа жерлерде сирек сипатталды. Экстравазацияға спецификалық емдеу жүргізілмейді.

Кейде инъекция енгізген жердегі реакциялар ұзақ енгізу уақытында-ақ басталды, сондай-ақ 7-10 күн өткен соң дамыды.

Аса жоғары сезімталдықтың ауыр реакциялары диспноэ, гипотензия, ангионевроздық ісіну және жайылған есекжем түрінде өтіп, сирек (талапқа сай дәрі-дәрмектік емнен өткен пациенттердің 1%-дан азында) байқалады. Аса жоғары сезімталдық реакцияларының бірінші белгілерінде Паклитаксел Сандоз® препаратын қолдану дереу тоқтатылуы тиіс. Симптоматикалық емдеуді бастау қажет, осы орайда Паклитаксел Сандоз® препаратын әріқарай пациентке тағайындауға болмайды.

Миелосупрессия (бірінші кезекте нейтропения) дозаны шектейтін уыттылық болып табылады. Паклитаксел Сандоз® препаратымен емдеу кезінде қан талдауын бақылап отыру қажет.

Пациенттер Паклитаксел Сандоз® препаратын нейтрофилдер ≥ 1,500/мм3 (Капоши саркомасында ≥ 1,000/мм3), ал тромбоциттер ≥ 100,000/мм3 (Капоши саркомасында ≥ 75,000/мм3) деңгейі қалпына келетін сәтке дейін қабылдамауы тиіс. Клиникалық зерттеуде Капоши саркомы кезінде пациенттердің көпшілігі гранулоциттердің колония стимуляциялау факторын (G-CSF) алды.

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде уыттылықтың, атап айтқанда, III-IV дәрежедегі миелоуыттылықтың жоғары даму қаупі байқалады. Бауыр функциясының жеңіл бұзылулары бар пациенттерге 3-сағаттық инфузия түрінде тағайындалғанда паклитаксел уыттылығының артуын растайтын деректер жоқ.

Паклитаксел Сандоз® ұзағырақ уақыт созылатын инфузиялар түрінде тағайындалғанда орташа айқын және айқын бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде миелосупрессияны байқауға болады. Пациенттер терең миелосупрессияның дамуы тұрғысынан мұқият бақылануы тиіс. Ауырлығы жеңіл және орташа дәрежедегі бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде дозаны өзгертуді ұсынуға негіз болатын деректер жеткіліксіз. Бастапқы ауыр холестаз бар пациенттер туралы деректер жоқ. Бауыр жеткіліксіздігі айқын пациенттер Паклитаксел Сандоз® емін алмауы тиіс.

Жүрек өткізгіштігінің айқын бұзылулары Паклитаксел Сандоз® препаратымен монотерапияда емдеуден кейін сирек байқалады. Егер пациенттерде емдеу кезінде жүрек өткізгіштігінің айқын бұзылулары дамыса, тиісті емдеуді бастау қажет, ал одан кейін Паклитаксел Сандоз® препаратын қолданғанда жүрек-қантамыр қызметін тұрақты бақылау қажет.

Паклитаксел Сандоз® препаратын қолдану кезінде гипотония немесе гипертония, брадикардияны байқауға болады; әдетте, олар симптомсыз өтеді жәнке қандай да бір емдеуді талап етпейді. Паклитаксел Сандоз® препаратын енгізудің, әсіресе, бірінші сағатының ішінде өмірлік маңызды функциялар көрсеткіштерін жүйелі бақылау ұсынылады. Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан айқын асқынулар өкпенің ұсақ жасушалы емес обыры бар пациенттерде, сүт безінің немесе аналық бездер обырына шалдыққан пациенттерге қарағанда, жиірек байқалады. Паклитаксел Сандоз® препаратын қолданумен байланысты жүрек жеткіліксіздігінің бірлі-жарым жағдайы ЖИТС бар пациенттердегі Капоши саркомасын емдеу кезіндегі клиникалық зерттеулерде анықталған.

Паклитаксел Сандоз® препаратын доксорубицинмен немесе трастузумабпен біріктірілімде сүт безінің метастазды обырының бірінші желідегі емінде қолданғанда жүрек қызметін ерекше бақылап отыру қажет. Осы біріктірілімде Паклитаксел Сандоз® препаратымен емдеу жүргізу жоспарланатын пациенттер, анамнезін, клиникалық қарап тексеруді, ЭКГ, эхокардиография және/немесе миокард сканерін қоса, жүрек қызметінің алдын ала тексеруінен өтуі тиіс. Жүрек қызметі бүкіл емдеу кезеңі бойына (мысалы, әр 3 ай сайын) бақылануы тиіс. Мониторинг жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан бұзылулары дамитын пациенттерді анықтауға көмектесе алады, ал емдеуші дәрігер жүректің вентрикулярлық функциясын зерттеу жиілігіне қатысты шешім қабылдағанда антрациклиндердің жинақталу дозасын (мг/м2) мұқият бағалауы тиіс. Егер тексеруде жүрек-қантамыр қызметінің нашарлауы анықталса, егер тіпті ол клиникалық тұрғыда көрініс бермесе, емдеуші дәрігер жүрек-қантамыр қызметінің, оның ішінде қайтымсыз бұзылу қаупімен байланысты одан әрі емдеуді жалғастырудың пайда/қауіп арақатынасын мұқият бағалауы тиіс. Егер емдеу жалғасса, әр 1-2 емдеу курсы сайын жүрек-қантамыр қызметіне жүйелі бақылау жүргізу қажет.

Шеткері нейропатия жиі білінсе де, айқын симптомдары сирек дамиды. Ауыр жағдайларда Паклитаксел Сандоз® дозасын кейінгі барлық емдеу курстарында 20% (ЖИТС бар пациенттердегі Капоши саркомасында 25%) азайту ұсынылады. Паклитаксел Сандоз® препаратын цисплатинмен біріктірілімде 3-сағаттық инфузия түрінде химиялық емнің бірінші желісі ретінде алған өкпенің ұсақ жасушалы емес обыры мен аналық бездер обыры бар пациенттерде айқын нейроуытоылық, тек Паклитаксел Сандоз® препаратын немесе цисплатинді кейіннен енгізумен циклофосфамид қабылдаған пациенттерге қарағанда, жиірек дамиды. Жалпы, нейроуыттылық, көбінесе шеткері нейропатия симптомдары Паклитаксел Сандоз® препаратын цисплатинмен біріктірілімде қолданғанда Паклитаксел Сандоз® 135 мг/м2 препаратын 24 сағат ішінде (тиісінше, 25% және 3%) енгізумен салыстырғанда, Паклитаксел Сандоз® 175 мг/м2 препаратының (пациенттердің 85%-ы, 15%-ы ауыр патологиямен) 3-сағаттық инфузиясынан кейін жиірек білінеді және күшті айқын білінуі болады. Шеткері нейропатия емдеудің алғашқы курсы кезінде туындауы және одан әрі қолданулар кезінде үдеп кетуі мүмкін. Шеткері нейропатия сирек жағдайларда Паклитаксел Сандоз® препаратымен емдеуді тоқтатуды талап етеді. Паклитаксел Сандоз® препаратын тоқтатудан кейін, әдетте, жай-күй жақсарады және симптомдары бірнеше ай шегінде басылады. Паклитаксел Сандоз® препаратымен емдеу салдарынан бұрын білінген нейропатия осы препараттың тағайындалуына қарсы көрсетілім емес.

Паклитаксел Сандоз® препаратының құрамында этанол (401.66 мг/мл) бар, ОЖЖ тарапына әсер ету мүмкіндігін және басқа ықпал ету түрлерін ескеру керек.

Ауыр тіндік реакциялар салдарынан Паклитаксел Сандоз® препаратының артерия ішіне түсіп кетуін болдырмас үшін сақ болу қажет. Жалған жарғақшалы колит, бір мезгілде антибиотикпен ем жүргізілмеген пациенттерді қоса, сирек байқалады. Паклитаксел Сандоз® препаратымен ем жүргізу кезінде немесе одан кейін бірден туындаған айқын және персистирлеуші диарея жағдайында дифференциялық диагноз қою кезінде осыны ескеру қажет.

Паклитаксел Сандоз® препараты өкпе сәуленуімен біріктірілімде, әсер ету бірізділігіне қарамастан, интерстициальді пневмонит дамуына ықпал етеді.

Капоши саркомасы бар пациенттерде мукозиттің ауыр түрлері сирек байқалады. Егер мукозит бәрібір дамыса, Паклитаксел Сандоз® препаратының дозасын 25% азайту қажет.

Паклитаксел Сандоз® препаратының құрамында күрделі аллергиялық реакциялар туғызуы мүмкін полиоксил майсана майы бар.

Пациенттер Паклитаксел Сандоз® препаратымен емделіп жүргенде қолы мен аяғына күн сәулесінен қорғайтын заттар жағуы тиіс.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Цисплатин

Аналық без обырының бірінші желідегі емін жүргізгенде паклитакселді цисплатиннің алдында енгізу ұсынылады. Осы жағдайда паклитакселдің қауіпсіздік бейіні паклитаксел дара затына қатысты алынған деректерге сәйкес келеді. Егер паклитаксел цисплатиннен кейін енгізілсе, бұл миелосупрессияның артуына және паклитаксел клиренсінің шамамен 20% төмендеуіне әкеледі.

Паклитаксел мен цисплатин қабылдап жүрген пациенттерде, гинекологиялық ісіктерді емдеу үшін цисплатинді бөлек қолданумен салыстырғанда, бүйрек жеткіліксіздігінің даму қаупі артуы мүмкін.

Доксорубицин

Паклитаксел мен доксорубицин бірізді енгізілгенде доксорубицин мен оның белсенді метаболиттерінің организмнен шығарылуы төмендейтіндіктен, сүт безінің метастазды обырын емдеудің басында паклитаксел доксорубициннен кейін 24 сағаттық инфузия түрінде вена ішіне енгізіледі.

P450 цитохромы изоферментіне арналған субстраттар

Паклитаксел метаболизмі Р450 (CYP450) цитохромының CYP2C8 және 3A4 изоферменттерімен ішінара катализденеді.

Осылайша, препарат-препарат өзара әрекеттесуінің фармакокинетикалық зерттеулерінің болмауына орай, паклитакселді CYP 2C8 және CYP 3A4 тежеу әсері белгілі препараттармен (мысалы, кетоконазол және басқа имидазол антифунгицидтері, эритромицин, флуоксетин, гемфиброзил, клопидогрел, циметидин, ритонавир, саквинавир, индинавир және нелфинавир) бір мезгілде қолданғанда сақтық таныту керек, өйткені паклитаксел уыттылығы паклитакселдің өте жоғары экспозициясы салдарынан артуы мүмкін. Паклитакселді CYP 2C8 және CYP 3A4 индукциясын тудыратын препараттармен (мысалы, рифампицин, карбамазепин, фенитоин, эфавиренз және непирапин) бір мезгілде тағайындау ұсынылмайды, өйткені тиімділігі паклитакселдің өте төмен экспозициясы салдарынан төмендеуі мүмкін.

Циметидин

Циметидин премедикациясы паклитаксел клиренсіне ықпал етпейді.

Протеаза тежегіштері

Қатарлас препараттардың бірнешеуін қабылдаған Капоши саркомасы бар пациенттерде, нелфинавир мен ритонавирдің, бірақ индинавирдің емес, қатысуымен паклитаксел жүйелік клиренсінің едәуір төмен болуы аталды, Протеазаның басқа тежегіштерімен паклитакселдің өзара әрекеттесуіне қатысты шектеулі ақпарат бар. Демек, протеаза тежегіштерін қатарлас ем ретінде қабылдап жүрген пациенттерге паклитаксел сақтықпен тағайындалу керек.

Арнайы сақтандырулар

Жүктілік

Паклитакселді жүкті әйелдерде қолдану жөнінде ақпарат жоқ. Паклитакселдің үй қояндарында эмбриоуыттылық пен фетоуыттылық танытатыны, сондай-ақ егеуқұйрықтарда фертильділікті төмендететіні көрсетілді.

Басқа да цитоуытты дәрілік заттар сияқты, паклитаксел шараға зиянды әсерін көрсетуі мүмкін, сондықтан да жүктілік уақытында қарсы көрсетілімді. Бала туу жасындағы әйелдерге паклитакселмен емдеу кезінде жүкті болып қалмауға кеңес беріп, ал жүктілік басталған жағдайда емдеуші дәрігерге дереу мәлімдеуі жөнінде хабарландыру керек.

Бала емізу

Паклитакселдің емшек сүтіне өту-өтпеуі белгісіз. Паклитаксел бала емізу кезінде қарсы көрсетілімді. Паклитакселмен емдеу кезінде емшекпен қоректендіруді тоқтату керек.

Фертильділік

Бала туу жасындағы әйелдер паклитакселмен емделген уақытта балалы болудан сақтану, ал егер бұл орын алса, бірден емдеуші дәрігерін хабардар ету керек.

Бала туу жасындағы пациенттер (әйелдер мен ерлер) паклитакселмен емделген уақытта ем аяқталған соң, кем дегенде, 6 ай бойы сенімді контрацепция әдістерін пайдалану керек. Пациент ерлер, белсіздіктің даму мүмкіндігіне орай, паклитакселмен емдеу аяқталғанша шәуһетті криоконсервациялауға қатысты кеңес алуы тиіс.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Паклитаксел Сандоз® препаратының құрамында болатын сусыз этанол салдарынан көлік құралын немесе аса қауіпті механизмдерді басқару қабілеті төмендеуі мүмкін.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалау режимі

Паклитаксел Сандоз® препаратын цитостатиктер қолдануға мамандандырылған мекемелерде тек білікті онколог тағайындауы тиіс.

Жоғары сезімталдықтың ауыр реакцияларының алдын алу үшін пациенттердің бәріне глюкокортикостероидтар, антигистаминді препараттар және Н2 гистаминдік рецепторлар антагонистері пайдаланылатын дәрі-дәрмектік ем жүргізілуі тиіс.

Препарат

Дозасы

Паклитаксел Сандоз® қабылдауға дейін қолдану

Дексаметазон

20 мг ішке*) немесе

IV

Пероральді енгізу үшін: шамамен 12 және 6 сағат, немесе вена ішіне енгізу үшін: 30-дан 60 минутқа дейін.

Дифенгидрамин**)

50 мг IV

30-60 минут

Циметидин

немесе

Ранитидин

300 мг IV

50 мг IV

30-60 минут

*) Капоши саркомасында 8-20 мг;

**) немесе антигистамин баламасы, мысалы, хлорфенирамин.

Паклитаксел ≤ 0.22 микрон саңылауы ұсақ жарғақшалы сүзгіні (ішіне құрылған сүзгі) пайдаланып, енгізілу керек.

Қазіргі уақытта басқа дозалау сызбалары зерттеліп жатса да, аналық бездер обырын бастапқы емдеу үшін Паклитаксел Сандоз® және цисплатиннің біріктірілген режимі ұсынылады.

Аналық бездер обыры кезінде бірінші желідегі ем

Қазіргі уақытта басқа дозалау сызбалары зерттеліп жатса да, аналық бездер обырын бастапқы емдеу үшін Паклитаксел Сандоз® препаратын цисплатинмен біріктірілімде қолдану ұсынылады.

Емдеу кезінде инфузия ұзақтығына қарай әртүрлі екі дозаны пайдалану ұсынылады: 75 мг/м2 дене беткейі ауданына Паклитаксел Сандоз® препараты вена ішіне 3-сағаттық инфузия түрінде енгізіліп, одан кейін 75 мг/м2 цисплатин енгізіледі, немесе 135 мг/м2 дене беткейі ауданына Паклитаксел Сандоз® препараты вена ішіне 24-сағаттық инфузия түрінде енгізіліп, одан кейін 75 мг/м2 цисплатин енгізіледі, емдеу курстары арасында 3 апта үзіліс жасалады.

Аналық бездер обыры кезінде екінші желідегі ем

Паклитаксел Сандоз® препаратының ұсынылатын дозасы дене беткейі ауданына 175 мг/м2 құрап, 3-сағаттық инфузия түрінде вена ішіне енгізіледі, емдеу курстары арасындағы 3 апта үзіліс болады.

Сүт безінің обыры кезіндегі адъювантты ем

Паклитаксел Сандоз® препаратының ұсынылатын дозасы дене беткейі ауданына 175 мг/м2 құрап, 3-сағаттық инфузия түрінде вена ішіне енгізіледі, емдеу курстары арасындағы 3 апта үзіліс болады. Барлығы төрт курс өткізіліп, одан кейін АЦ емін жүргізген жөн.

Сүт безі обыры кезінде бірінші желідегі ем

Доксорубицинмен (50 мг/м2) біріктірілімде пайдаланғанда Паклитаксел Сандоз® препараты доксорубицин енгізілуінен кейін 24 сағаттан соң енгізіледі. Паклитаксел Сандоз® препаратының ұсынылатын дозасы дене беткейі ауданына 220 мг/м2 құрап, 3-сағаттық инфузия түрінде вена ішіне енгізіледі, емдеу курстары арасындағы 3 апта үзіліс болады.

Трастузумабпен біріктірілімде пайдаланғанда Паклитаксел Сандоз® препаратының ұсынылатын дозасы дене беткейі ауданына 175 мг/м2 құрап, 3 сағаттық инфузия түрінде вена ішіне енгізіледі, емдеу курстары арасында 3 апта үзіліс болады. Паклитаксел Сандоз® препаратын трастузумабтың бірінші дозасынан кейін келесі күні немесе егер пациент алдын ала алған трастузумаб дозасын жақсы көтерген болса, трастузумабтың бірізді дозаларын енгізуден кейін бірден бастауға болады (трастузумаб дәрілік затының нұсқаулығынан қолдану жөніндегі толығырақ ақпаратты зерттеу керек).

Сүт безінің обыры кезіндегі екінші желідегі ем

Паклитаксел Сандоз® препаратының ұсынылатын дозасы дене беткейі ауданына 175 мг/м2 құрап, 3-сағаттық инфузия түрінде вена ішіне енгізіледі, емдеу курстары арасында 3 апта үзіліс болады.

Кеш сатыдағы өкпенің ұсақ жасушалы емес обыры

Паклитаксел Сандоз® препаратының ұсынылатын дозасы дене беткейі ауданына 175 мг/м2 құрап, 3-сағаттық инфузия түрінде вена ішіне енгізіледі, одан кейін 80 мг/м2 дозада цисплатин енгізіледі, емдеу курстары арасында 3 апта үзіліс болады.

ЖИТС бар пациенттердегі Капоши саркомасы

Паклитаксел Сандоз® препаратының ұсынылатын дозасы дене беткейі ауданына 100 мг/м2 құрап, 3 сағаттық инфузия түрінде вена ішіне енгізіледі, емдеу курстары арасында 2 апта үзіліс болады.

Келесі дозаларын Паклитаксел Сандоз® препаратының пациенттегі жеке жағымдылығына сәйкес енгізу керек.

Паклитаксел Сандоз® препаратын әзірге нейтрофилдер мөлшері, кем дегенде, 1,500/мм3 (Капоши саркомасында ≥ 1,000/мм3), ал тромбоциттер мөлшері, кем дегенде, 100,000/мм3 (Капоши саркомасында ≥ 75,000/мм3) болғанша қайталап енгізуге болмайды. Паклитаксел Сандоз® препаратын енгізуден кейін айқын нейтропения (7 күн немесе одан көп уақыт бойы нейтрофилдер 500/мм3 мөлшерінен аз) немесе шеткері нейропатияның ауыр түрі байқалған пациенттерге келесі емдеу курстары барысында Паклитаксел Сандоз® препаратыныңя дозасын 20% (Капоши саркомасында 25%) азайту керек.

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер

Жеңіл немесе орташа бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде дозаны түзетудің ұсынылуына мүмкіндік беретін деректер жеткіліксіз. Бауыр жеткіліксіздігі ауыр пациенттерге паклитаксел тағайындауға болмайды.

Балалар

Паклитаксел Сандоз®, препараттың қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы деректер жеткіліксіз екендіктен, 18 жасқа дейінгі балаларда қолдануға ұсынылмайды.

Қолдану тәсілі

Паклитаксел Сандоз® қатаң түрде венаішілік инфузия үшін қолданылады. Паклитаксел Сандоз® тек сұйылтудан соң қолданылады.

Жаңа дайындалған ерітіндіні ғана және тек бір рет қолданылу керек!

Пайдалануға арналған нұсқау

Паклитаксел Сандоз® тек мамандандырылған стационарларда дәрігердің бақылауымен қолданылу керек.

Паклитаксел Сандоз® ерітіндісі тура енгізер алдында дайындалады, ол үшін Паклитаксел Сандоз® концентратын 0,9% натрий хлориді ерітіндісімен, әлде 5% декстроза ерітіндісімен, әлде 0,9% натрий хлориді ерітіндісіндегі 5% декстроза ерітіндісімен 0,3-тен 1,2 мг/мл дейінгі соңғы концентрациясына дейін сұйылтады. Дайындалған ерітінділер дәрілік түр құрамында болатын тасымал негіз салдарынан бозаңдануы мүмкін, бұл ретте сүзілуден соң ерітіндінің бозаңдануы сақталады.

Паклитаксел Сандоз® препаратын дайындау, сақтау және енгізу кезінде құрамында ПВХ бөлшектері жоқ құрылғыны пайдалану керек.

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

Симптомдары: сүйек кемігінің аплазиясы, шеткері нейропатия, мукозиттер.

Емдеу: симптоматикалық ем жүргізіледі. Арнайы антидот жоқ.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі нұсқаулар

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну ұсынылады.

ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар

Клиникалық зерттеулерде, егер өзгеше көрсетілмесе, келесі сипаттама паклитакселмен монотерапияда емделген ауқымды ісіктері бар 812 пациенттің жинақталған дерекқорына қатысты болады. Капоши саркомасына шалдыққан қауым спецификасы өте ерекше екендіктен, осы бөлім соңында 107 пациентпен жүргізілген клиникалық зерттеуге негізделген арнаулы параграф ұсынылды.

а) Қауіпсіздік бейінінің қысқаша сипаттамасы

Егер өзгеше көрсетілмесе, тіркелген жағымсыз құбылыстардың жиілігі мен ауырлығы, әдетте, аналық бездердің немесе сүт безінің обырын немесе ӨҰЖО емдеу үшін паклитаксел қабылдаған пациенттерде бірдей болды. Байқалған уыттылықтарының бір де бірі жас шамасымен нақты байланысты болмады.

Аса жоғары сезімталдықтың ауыр реакциялары өліммен аяқталу мүмкіндігімен (емдеуді талап ететін гипотензия, ангионевроздық ісіну, бронходилататорлармен емдеуді талап ететін респираторлық дистресс-синдром немесе жайылған есекжем) 2 пациентте байқалды (пациенттер < 1%). Пациенттердің 34%-да (барлық емдеу циклының 17%-сы) аса жоғары сезімталдықтың жеңіл реакциялары байқалды. Осы жеңіл реакциялар, ең алдымен, қызару мен бөрпе ешқандай емдеуді талап етпеді және паклитаксел қабылдауды тоқтату қажет болмады.

Ең көп жиі маңызды жағымсыз реакция миелосупрессия болды. Ауыр нейтропения (< 500/мм3) пациенттердің 28%-да байқалды, бірақ қызба көріністерімен байланысты болмайды. Пациенттердің тек 1%-да ≥ 7 күн бойы ауыр нейтропения байқалды.

Тромбоцитопения пациенттердің 11%-да байқалды. Пациенттердің 3%-да тромбоциттер санының үлесі зерттеу кезінде, кем дегенде, бір рет < 50,000/мм3 құрады. Анемия пациенттердің 64%-да байқалды, бірақ пациенттердің 6%-да ғана ауыр (Hb < 5 ммоль/л) болды. Анемияның жиілігі мен ауырлығы гемоглобиннің бастапқы мәндерімен байланысты.

Артралгия немесе миалгия пациенттердің 60%-да байқалды және пациенттердің 13%-да ауыр болды.

Диссеминацияланған тамырішілік қан ұюы (DIG) туралы сепсиспен немесе көп мүшелік жеткіліксіздікпен біріктірілімде жиі хабарланды.

Алопеция пациенттердің 87%-да байқалды. Алопеция пайда болған пациенттердің көпшілігінде шаштың ≥ 50% айқын түсуі күтілу керек.

Инъекция орнындағы реакциялар вена ішіне енгізу кезінде жергілікті ісіну, ауырсыну, эритема мен қатаюға әкелуі мүмкін. Кейде экстравазациялар целлюлитке әкелуі мүмкін. Арасында экстравазациямен байланысты қабыршақтану және/немесе терінің түлеуі хабарланды. Терінің депигментациясы да туындауы мүмкін. Паклитаксел енгізуден кейінгі алдыңғы экстравазациялар орындарында жауап реакциялары ретінде белгілі тері реакциялары басқа жерден сирек білінді. Қазіргі уақытта осындай экстравазация реакцияларын арнайы емдеу белгісіз.

Кейбір жағдайлардах инъекция салған жерде реакцияның басталуы ұзаққа созылатын инфузия кезінде болды, не болмаса, 7-10 күн кідірді.

б) Кестемен берілген жағымсыз әсерлер жөніндегі құрама ақпарат

Төмендегі кестеде паклитаксел монотерапиясымен байланысты жағымсыз әсерлер (клиникалық зерттеулерде ем алып жүрген метастаздық сатыдағы 812 пациентке 3-сағаттық инфузия түрінде) және паклитакселді маркетингтен кейінгі қадағалауда рұқсат етілген соң хабарланған жағымсыз әсерлер көрсетілген. Олар емдеу сызбасына қарамастан паклитакселге қатысты болуы мүмкін.

Жағымсыз әсердер жиілігі төменде сипатталған және келесі критерийлерге сәйкес белгіленген:

Өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100-ден < 1/10 дейін), жиі емес (≥ 1/1,000-нан <1/100 дейін), сирек (≥ 1/10,000-нан < 1/1,000 дейін), өте сирек (< 1/10,000), белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес). Әр жиілік тобында жағымсыз әсерлері күрделілілігінің кему ретімен берілген.

Жүйелік ағзалар класы.

Жиілік.

Жағымсыз әсер

Инфекция және инвазия тарапынан бұзылулар

Өте жиі

Жиі емес

Сирек

инфекциялар (негізінен несеп шығару жолдарының инфекциялары және жоғарғы тыныс жолдарының инфекциялары) өліммен аяқталу тіркелген жағдайларымен

сепсистік шок

сепсис, перитонит, пневмония

Қан және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар

Өте жиі

Сирек

Өте сирек

Белгісіз

миелосупрессия, нейтропения, анемия, тромбоцитопения, лейкопения, қан кету

фебрильді нейтропения

жедел миелоидты лейкоз, миелодисплазиялық синдром

диссеминацияланған тамырішілік қан ұю (ДВС-синдром)

Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар

Өте жиі

Жиі

Сирек

Өте сирек

аса жоғары сезімталдықтың жеңіл реакциялары (негізінен қан кернеулер және бөртпе)

емдеуді талап ететін аса жоғары сезімталдықтың ауыр реакциялары (мысалы, гипотония, ангионевроздық ісіну, респираторлық дистресс, жайылған есекжем, қалтырау, арқаның ауыруы, кеуденің ауыруы, тахикардия, іштің ауыруы, аяқ-қол ауыруы, тершеңдік және гипертония)

анафилаксиялық реакциялар

анафилаксиялық шок

Метаболизм және тамақтану тарапынан бұзылулар

Өте сирек

Белгісіз

анорексия

ісік лизисі синдромы

Психологиялық бұзылулар

Өте сирек

сананың шатасуы

Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар

Өте жиі

Сирек

Өте сирек

нейроуыттылық (негізінен шеткері нейропатия1)

қозғалыс нейропатиясы1 (аяқ-қолдың дистальді бөлімдеріндегі елеусіз әлсіздікпен)

вегетативті нейропатия1 (салданған ішек бітелісіне және ортостаздық гипотензияға әкелетін), ауқымды құрысулар, энцефалопатия, бас айналу, бас ауыру, атаксия

Бұдан бөлек, шеткері невропатиялардың паклитакселді тоқтатудан кейін 6 ай бойы сақталуы мүмкін екені көрсетілген.

Көру мүшесі тарапынан бұзылулар

Өте сирек

Белгісіз

көру жүйкесінің және/немесе көру қабілетінің бұзылулары (жыпылық скотомасы), әсіресе, ұсынылауынан жоғарырақ дозаларын қабылдаған пациенттерде

сары дақтың ісінуі, фотопсия, шыны тәріздес дененің баяу бұлыңғырлануы

Есту мүшесі және тепе-теңдік тарапынан бұзылулар

Өте сирек

естімей қалу, отоуыттылық, құлақтағы шуыл, бас айналу

Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан бұзылулар

Жиі

Жиі емес

Сирек

Өте сирек

брадикардия

кардиомиопатия, симптомсыз қарыншалық тахикардия, бигеминиямен болатын тахикардия, атриовентрикулярлы блокада және естен тану, миокард инфарктісі

жүрек жеткіліксіздігі

жүрекшелер фибрилляцияясы, қарыншаүстілік тахикардия

Васкулярлы жүйе тарапынан бұзылулар

Өте жиі

Жиі емес

Өте сирек

Белгісіз

гипотония

гипертония, тромбоз, тромбофлебит

шок

флебит

Тыныс алу мүшелері, кеуде қуысы және көкірек ортасы тарапынан бұзылулар

Сирек

Өте сирек

ентігу, плевралық жалқық, интерстициальді пневмония, өкпе фиброзы, өкпе артериясы тромбоэмболиясы, тыныс алу жеткіліксіздігі

жөтел

Асқазан-ішек жүйесі тарапынан бұзылулар

Өте жиі

Сирек*

Өте сирек

жүрек айну, құсу, диарея,

ішек мукозиті, ішек тесілуі, ишемиялық колит, панкреатит

шажырқай тромбозы, жалған жарғақшалы колит, эзофагит, іш қату, асцит, нейтропениялық колит

Гепатобилиарлы бұзылулар

Өте сирек

бауыр некрозы, бауыр энцефалопатиясы (екі жағдай да өліммен аяқталады)

Тері және тері асты тіні тарапынан бұзылулар

Өте жиі

Жиі

Сирек

Өте сирек

Белгісіз

алопеция

тырнақ пен терінің өтпелі және жеңіл өзгерістері

тері қышынуы, бөртпе, эритема

Стивенс-Джонсон синдромы, эпидермалық некролиз, көп пішінді эритема, эксфолиативті дерматит, есекжем, онихолиз (пациенттер емделу кезінде қолы мен аяғына күннен қорғайтын крем жағу керек)

алақан-табан склеродермиясы

эритродизестезия синдромы

Тірек-қимыл аппараты және дәнекер тін тарапынан бұзылулар

Өте жиі

Белгісіз

артралгия, миалгия

жүйелі қызыл жегі

Жалпы бұзылулар және қолданған жердегі бұзылыстар

Жиі

Сирек

инъекция орнындағы реакциялар (бір жердің ғана ісінуін, ауыру, эритема, қатаюды қоса, кейде экстравазация целлюлит, фиброз және тері некрозына әкелуі мүмкін)

астения, гипертермия, сусыздану, ісіну, дімкәстану

Зерттеулер

Жиі

Жиі емес

Сирек

AST деңгейінің күрделі жоғарылауы (SGOT), сілтілі фосфатазаның күрделі жоғарылауы, билирубиннің күрделі жоғарылауы

қанда креатинин жоғарылауы

1 Бұл паклитаксел қабылдауды тоқтатудан кейін 6 айдан астам сақталуы мүмкін.

с) Іріктелген жағымсыз әсерлер сипаттамасы

АЦ емінен кейін адъювантты емде паклитаксел қабылдаған сүт безінің обыры бар пациенттер, тек АЦ емін алған пациенттермен салыстырғанда, нейросенсорлы уыттылықты, аса жоғары сезімталдық реакцияларын, артралгия/миалгия, анемия, инфекция, қызба, жүрек айну/құсу және диареяны жиірек сезінді. Алайда, осы оқиғалар жиілігі, жоғарыда хабарланғандай, паклитаксел монотерапиясымен сәйкес болды.

Қанға және лимфа жүйесіне уытты әсері

Миелосупрессия дозаны шектейтін ең көп таралған жағымсыз әсер болды. Нейтропения ең маңызы зор гематологиялық уыттылық болып табылады. Емдеудің бірінші циклы кезінде ауыр нейтропения (< 500 жасуша/мм3) пациенттердің 20%-да байқалды. Бүкіл емдеу кезеңі бойына ауыр нейтропения пациенттердің 39%-да байқалды. Нейтропения пациенттердің 41%-да 7 күннен аса және пациенттердің 8%-да 30-35 күн бойы жалғасты. Нейтропения 35 күн ішінде қадағаланған пациенттердің бәрінде жоғалды. Нейтропенияның 4-ші дәрежеде 7 күн және одан аса созылған жиілігі 22% құрады.

Паклитакселмен байланысты нейтропениялық қызба пациенттердің 14%-да және емдеу циклының 1,3%-да тіркелді. Паклитаксел қабылдау кезінде дәрілік затпен байланысты болған өлім қауіпті 3 сепсис көрінісі (2,8%) тіркелді.

Тромбоцитопения пациенттердің 50%-да байқалды және жағдайлардың 9%-да ауыр (< 50 000 жасуша/мм3) болды. Тек 14%-да емдеу кезінде, кем дегенде, бір рет тромбоциттер санының < 75,000 жасуша/мм3 төмендеуі байқалды. Паклитакселмен байланысты қан кету көріністері пациенттердің <3%-да тіркелді, бірақ қан кету жергілікті болды.

Анемия (Hb < 11 г/дл) пациенттердің 61%-да байқалды және жағдайлардың 10%-да ауыр (Hb < 8 г/дл) болды. Эритроциттер құюды жүргізу пациенттердің 21%-на қажет болды.

Біріктірілген ем

Паклитаксел және цисплатин

Нейроуыттылық, ең алдымен, шеткері невропатия паклитаксел цисплатинмен біріктірілімде енгізілгенде 175 мг/м2 3-сағаттық инфузия кезінде (85% нейроуыттылық, 15% ауыр) 135 мг/м2 24-сағаттық инфузия кезіндегіден (25% шеткері невропатия, 3% ауыр) жиі және ауыр болды. Паклитакселді 3 сағат бойы кейінгі цисплатинмен қабылдаған өкпенің ұсақ жасушалы обыры (ӨҰЖО) бар пациенттерде және аналық бездер обыры бар пациенттерде ауыр нейроуыттылық жиілігінің айқын артуы байқалады. Шеткері невропатия бірінші курстан кейін туындауы мүмкін және паклитаксел әсерінің артуымен нашарлауы мүмкін. Шеткері невропатия бірнеше жағдайда паклитакселді тоқтатуға себеп болды. Сенсорлы симптомдар паклитакселді қабылдаудан кейін бірнеше ай ішінде жақсарды немесе азайды. Алдыңғы емдеу нәтижесінде туындаған бұрыннан келе жатқан невропатия паклитакселмен емдеуге қарсы көрсетілім емес.

Паклитаксел мен цисплатин қабылдап жүрген пациенттер, гинекологиялық ісіктерді емдеу үшін ғана қолданылған цисплатинмен салыстырғанда, бүйрек жеткіліксіздігінің жоғары қаупі болуы мүмкін.

Келесі ақпарат бірінші желідегі аналық бездер обырының химиялық еміне жүргізілген негізгі екі зерттеуге қатысты: (паклитаксел+цисплатин: 1050 пациент әйел); бірінші желідегі сүт безінің метастазды обырының емі бойынша III фазаның екі зерттеуі: доксорубицинмен біріктірілімінің бір зерттеуі (паклитаксел+доксорубицин: 267 пациент әйел), ал басқа зерттеу трастузумабпен біріктірілімімен (қосалқы топтарды жоспарлы талдау, паклитаксел+трастузумаб: 188 пациент әйел) және ӨҰЖО үдеуімен сүт безінің метастазды обырының емі бойынша III фазаның екі зерттеуі (паклитаксел + цисплатин: 360-тан астам пациент).

Бірінші желідегі аналық бездер обырының химиялық емі үшін 3-сағаттық инфузия түрінде енгізілгенде, циклофосфамидті кейінгі цисплатинмен қабылдаған пациенттерге қарағанда, паклитакселді кейінгі цисплатинмен қабылдаған пациенттерде нейроуыттылық, артралгия/миалгия және аса жоғары сезімталдық ең жиі және ауыр сипатта тіркелді. Паклитакселді 3-сағаттық инфузия түрінде кейіннен цисплатин енгізумен қолданғанда, цисплатин кейіннен енгізілетін циклофосфамидпен салыстырғанда, миелосупрессия, сірә, жиі және ауыр болды.

Сүт безінің метастазды обырының бірінші желідегі химиялық емінде, ал стандартты FAC-пен салыстырғанда, паклитаксел (220 мг/м2 BSA) доксорубициннен кейін (50 мг/м2 BSA) 24 сағаттан соң 3-сағаттық инфузия түрінде енгізілгенде нейтропения, анемия, шеткері невропатия, артралгия/миалгия, астения, қызба және диарея жиірек және көп ауырлықпен білінді.

Ем (5-ФУ 500 мг/м2 БСА, доксорубицин 50 мг/м2 БСА, циклофосфамид 500 мг/м2 БСА). Паклитаксел (220 мг/м2 BSA)/доксорубицин (50 мг/м2 BSA) қолданылғанда, стандартты FAC-пен салыстырғанда, сірә, жүрек айну мен құсу жиілігі мен ауырлығы азырақ болды. Кортикостероидтарды қолдану, болжамды түрде, паклитаксел/доксорубицин тобында жүрек айну мен құсу жиілігі мен ауырлығының төмендеуіне ықпал етті.

Паклитаксел және трастузумаб

Сүт безінің метастазды обыры бар пациенттерді бірінші желідегі емдеу үшін паклитакселді трастузумабпен біріктірілімде 3-сағаттық инфузия түрінде енгізгенде, паклитаксел монотерапиясына қарағанда, келесі оқиғалар хабарланды (паклитакселмен немесе трастузумабпен байланысына қатыссыз): жүрек жеткіліксіздігі (8% қарсы 1%), инфекция (46% қарсы 27%), қалтырау (42% қарсы 4%), қызба (47% қарсы 23%), жөтел (42% қарсы 22%), тері бөртпесі (42% қарсы 22%). 39% қарсы 18%), артралгия (37% қарсы 21%), тахикардия (12% қарсы 4%), диарея (45% қарсы 30%), гипертония (11% қарсы 3%), мұрыннан қан кету (18% қарсы 4%), акне (11% қарсы 3%), қарапайым герпес (12% қарсы 3%), болжанбаған жарақаттар (13% қарсы 3%), ұйқысыздық (25% қарсы 13%), ринит (22% қарсы 5%), синусит (21% қарсы 7%) және инъекция орнындағы реакциялар (7% қарсы 1%). Осы жиілік айырмашылықтарының кейбірі, паклитаксел монотерапиясымен салыстырғанда, паклитаксел/трастузумаб біріктірілімімен емдеу ұзақтығы мен мөлшерінің артуына байланысты болуы мүмкін. Паклитаксел/трастузумабпен және паклитаксел монотерапиясымен жүргізілетін ұқсас емдеу кезіндегі ауыр жағымсыз реакциялар хабарланды.

Паклитаксел және доксорубицин

Сүт безінің метастазды обырында доксорубицин паклитакселмен біріктірілімде енгізілгенде жүректің аномальді жиырылуы (сол жақ қарыншаны лықсыту фракциясының ≥ 20% төмендеуі), FAC стандартты сызбасын қабылдаған 10%-бен салыстырғанда, пациенттердің 15%-да байқалды. Іркілісті жүрек жеткіліксіздігі паклитаксел/доксорубицинмен емдеу кезінде де, FAC стандартты емінде де < 1% жағдайларда байқалды. Бұрын антрациклиндер қабылдаған пациенттерде трастузумабты паклитакселмен біріктірілімде қолдану, паклитаксел монотерапиясымен салыстырғанда, жүрек дисфункциясының жиілігі мен ауырлығының артуын көрсетті (NYHA бойынша I/II класс: 10% қарсы 0%; NYHA бойынша III/IV класс: 2% қарсы 1%) және өліммен астасуы сирек болды (Трастузумабқа арналған өнім сипаттамаларының қысқаша сипаттамасын қараңыз). Осы сирек жағдайларды қоспағанда, барлық пациент тиісті медициналық емдеуге жауап берді.

d) Пациенттердің ерекше топтары

Бір мезгілде сәулемен ем алған пациенттерде сәулелі пневмонит туралы хабарланды.

ЖИТС-пен байланысты Капоши саркомасы

Гематологиялық және бауырдағы жағымсыз әсерлерді қоспағанда (төменнен қараңыз), жағымсыз әсерлер жиілігі мен ауырлығы 107 пациент қамтылған клиникалық зертттеу негізінде Капоши саркомасы бар пациенттерде және басқа ауқымды ісіктерде паклитакселмен монотерапия алған пациенттерде, әдетте, бірдей болды.

Гепатобилиарлы бұзылулар: Функционалдық бауыр тестілерінің бастапқы мәндері қалыпты пациенттерде (олардың > 50% бөлігі протеаза тежегішін қабылдаған) 28%-да билирубин, 43%-да сілтілі фосфатаза және 44%-да АСТ (СГОТ) деңгейінің жоғарылауы байқалды. Осы параметрлердің әрқайсысы үшін жағдайлардың 1%-да артуы күрделі сипатпа болды.

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу қажет

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препарат құрамы

1 мл препарат құрамында

белсенді зат - 6.00 мг паклитаксел

Қосымша заттар: 522.396 мг полиоксил майсана майы (макроголглицерол риценолеат), 401.664 мг сусыз этанол

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Түссізден бозғылт-сары түске дейінгі мөлдір ерітінді.

Шығарылу түрі және қаптамасы

16.7 мл препараттан сұр түсті резеңке тығынмен тығыздалған, flip off типті пластик қақпағы бар алюминий сырғытпамен қаусырылған сыйымдылығы 20 мл түссіз шыны (I класс) құтыға құйылады (100 мг/16.7 мл доза үшін).

50 мл препараттан сұр түсті резеңке тығынмен тығыздалған, flip off типті пластик қақпағы бар алюминий сырғытпамен қаусырылған сыйымдылығы 50 мл түссіз шыны (I класс) құтыға құйылады (300 мг/50 мл доза үшін).

Құтыға өздігінен желімденетін қағаз заттаңба жапсырылады.

1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.

Сақтау мерзімі

3 жыл.

Препарат тек бір рет қолдануға арналған.

Препараттың пайдаланылмаған ерітіндісі жойылуы тиіс.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Препарат алғашқы тоқтатылуынан кейін 28 тәулік бойы химиялық тұрақты.

Соңғы 0.3 мг/мл және 1.2 мг/мл концентрациясында инфузия үшін дайындалған ерітінді (5% глюкоза ерітіндісі, 0.9% натрий хлориді ерітіндісі) кемінде 48 сағат бойы тұрақты.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші туралы мәліметтер

Фарева Унтерах ГмбХ, Австрия

Mondseestraße 11, 4866 Унтерах-амөАттерзее, Австрия

Тел.:+ 386 1 5802111, + 386 1 5683517 

e-mail: info.sandoz@sandoz.com 

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

Эбеве Фарма Гес.м.б.Х. Нфг. КГ, Австрия

Mondseestrasse 11, 4866 Unterach am Attersee, Austria 

Тел.:+ 386 1 5802111, + 386 1 5683517  

e-mail: info.sandoz@sandoz.com 

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттар сапасына қатысты шағымдар (ұсыныстар) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

Қазақстан Республикасындағы «Сандоз Фармасьютикалс д.д.» акционерлік қоғамының өкілдігі

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 050000, Құрманғазы к-сі, 95.

Телефон: +7(727) 258 24 47,

e-mail: drugsafety.cis@novartis.com

Прикрепленные файлы

Проект_(листок-вкладыш)_Паклитаксел_Сандоз_рус_01.04_.22_.docx 0.11 кб
Паклитаксел_Сандоз_06.04_.22_._.doc 0.2 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники