Пакликал (60 мг, Оасмиа Фармасьютикал АВ)

МНН: Паклитаксел
Производитель: Оасмиа Фармасьютикал АВ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Paclitaxel
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№023416
Информация о регистрации в РК: 08.12.2017 - 08.12.2022

Инструкция

Саудалық атауы

Пакликал

Халықаралық патенттелмеген атауы

Паклитаксел

Дәрілік түрі

Инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат, 60 мг

Құрамы

Бір құтының ішінде:

белсенді зат: паклитаксел* 60 мг

қосымша заттар: метил эфирі N-(толығымен-транс-ретиноил)-L-цистеин қышқылының (XMeNa) натрий тұзы, метил эфирі N-(13-цис-ретиноил)-L- цистеин қышқылының (13XMeNa) натрий тұзы.

* 1 мл қалпына келтірілген ерітіндінің құрамы: паклитаксел – 1 мг, XMeNa – 0.67 мг,

13XMeNa – 0.67 мг

Сипаттамасы

Жасылдау-сарыдан сары түске дейінгі лиофилизацияланған ұнтақ немесе кеуек масса. Құтыда ұнтақ пен кеуек масса қоспасының болуына жол беріледі.

Препараттың қалпына келтірілген ерітіндісі мөлдір, жасыл-сары түсті болуы тиіс.

Фармакотерапиялық тобы

Ісікке қарсы препараттар. Өсімдік текті алкалоидтар. Таксандар. Паклитаксел

АТХ коды L01CD01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Пакликалды венаішілік енгізу кезінде паклитакселдің фармакокинетикалық қасиеттері I фазалы фармакокинетикалық зерттеу барысында бағаланды. Ашық рандомизирленген айқаспалы зерттеу Пакликал (мицеллярлық паклитаксел) фармакокинетикасын және еріткіштің (EL кремофоры және этанол) негізінде паклитаксел дәрілік түрін салыстыру үшін жүргізілген болатын. Екі дәрілік түрін 175 мг/м2 дозалау кезінде 3 сағаттық венаішілік инфузиялау түрінде енгізді.

Пакликалды (мицеллярлық паклитакселді) енгізгеннен кейін қан плазмасында жалпы паклитакселдің концентрациялары, еріткіштің негізінде паклитакселмен салыстырғанда, екі есе төмен болды. Сондай-ақ қисықтардың формалары ерекшеленді (1-а графигін қараңыз). Пакликалда орташа AUC 9950 нг × сағ/мл құрады және орташа Cmax инфузиялау аяқталғаннан кейін бірден 2350 нг/мл құрады. Плазмада байланыспайтын паклитакселдің орташа концентрациялары екі дәрілік түріне ұқсас болып табылды. Паклитакселдің байланыспайтын формасы концентрациясының өзгеруін уақытында көрсететін қисықтардың формалары екі препарат үшін де, концентрациялар шыңдарының сандық мәндеріне сәйкес келеді (1-b графигін қараңыз). Екі дәрілік формасы үшін байланыспайтын паклитакселдің AUC-ы биоэквивалентті болып табылды.

1-a графигіол жақта). 3 сағаттан астам уақыттан соң 175 мг/м2 Пакликал мен Таксолдың бірдей дозаларынан кейін, плазмадағы паклитакселдің жалпы концентрациясының орташа мәндерінің нүктелері арқылы жүргізілген қисықтар.

1-b графигі (оң жақта). 3 сағаттан астам уақыттан соң 175 мг/м2 Пакликал мен Таксолдың бірдей дозаларынан кейін, плазмадағы байланыспайтын паклитакселдің концентрациясының орташа мәндерінің нүктелері арқылы жүргізілген қисықтар.

Пакликалды енгізгеннен кейін плазмадағы жалпы пакаклакселдің Cmax және AUC неғұрлым төменгі деңгейі еріткіштің негізінде паклитакселге арналған мәндерден екі еседен астам жоғарылаған, клиренстің мәндеріне және паклитакселдің таралу көлеміне әкелді. Пакликалдың орташа клиренсі 43 л/сағ/м2 (1774 л/сағ/м2), ал таралу көлемінің орташа мәні (Vdss) 207 л құрады. Пакликалды (мицеллярлық паклитакселді) енгізгеннен кейін паклитакселдің орташа жартылай шығарылу кезеңі – 13.5 сағат –еріткіштің негізінде паклитакселдің орташа жартылай шығарылу кезеңіне ұқсас болып табылды. Пакликалды (мицеллярлық паклитакселді) енгізгеннен кейін паклитакселдің байланыспайтын фракциясы мөлшерінің орташа мәні шамамен 5%-ды құрады. Еріткіштің негізінде паклитаксел үшін аталған мән 2%-ды құрады.

Биотрансформациясы және шығарылуы

Әдеби көздерден алынған қолжетімді ақпарат куәландырғандай, паклитаксел 6-гидроксипаклитакселіне және 3’-p- гидроксипаклитакселіне метаболизденеді. Аталған гидроксилирленген метаболиттердің түзілуі сәйкесінше CYP2C8 және CYP3A4 катализденеді. Екі метаболит фармакологиялық белсенді емес болып табылады. Паклитаксел экскрециясының негізгі жолы басым бөлігі 6-α-гидроксипаклитакселі түрінде ішек арқылы шығарылуы болып табылады. Бүйрек экскрециясы паклитакселдің шығарылуы кезінде болмашы ролге ие болады.

Фармакодинамикасы

Әсер ету механизмі

Паклитаксел тубулиннің димерлік молекулаларынан микротүтікшелерді қалыптастыруға мүмкіндік беретін антимикротубулиндік агент болып табылады және деполимеризацияны басу есебінен олардың құрылымын тұрақтандырады. Тұрақтандыру интерфаза және жасушалық циклдің митозы сатысында жасушалық функциялар үшін маңызды микротүтікшелердің желісінің қалыпты динамикалық қайта ұйымдастырылу процесін тежеуге әкеледі. Бұдан басқа, паклитаксел жасушалық цикл бойы микротүтікшелерді аномальді байламдардың түзілуін және митоз уақытында микротүтікшелердің көптеген жұлдыздарының түзілуін индукциялайды.

Пакликалда, әдетте нашар еритін паклитаксел, XR17, ретиной қышқылдары туындыларының екі изомерінің қоспасының көмегімен ериді. Жасылдау-сары немесе сары түсті ұнтақ түрінде стерильді лиофилизат сұйылту кезінде құрамында 1 мг/мл паклитаксел бар мөлдір ерітіндіні түзеді. Паклитаксел ерітіндісінде мөлшері 20-30 нм-ге жуық мицеллярлық нанобөлшектер түрінде ериді.

Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі

Ашық рандомизиленген көпорталықты зерттеу барысында аналық бездердің қайталанбалы эпителиальді обырымен, біріншілік перитонеальді обырымен және жатыр түтікшелерінің обырымен 782 әйелде карбоплатинмен біріктіріп, Пакликалдың қауіпсіздігі мен тиімділігін бағалау жүргізілген болатын. Пациенттер премедикациясыз венаішілік инфузия түрінде (N=391) бір сағат ішінде 250 мг/м2 Пакликалмен (мицеллярлық паклитакселмен) немесе аса жоғары сезімталдықты болдырмау үшін премедикациямен инфузиялар түрінде (N=391) үш сағат ішінде 175 мг/м2 еріткіштің (EL кремофоры және этанол) негізінде паклитакселмен алты цикл бойы әрбір үш апта сайын ем қабылдады. Карбоплатин екі топтағы пациенттерге енгізілді - Пакликал инфузиясынан кейін қалай болса, еріткіштің негізінде паклитаксел инфузиясынан кейін де солай. Сыналатындардың орташа жасы екі топтағы (26-дан 81-ге дейін) 56 жастан сәл асқандар құрады.

Тиімділігін бағалаудың негізгі критериі компьютерлік томографияның (КТ) суреттерін таң қалдыра бағалау әдісімен анықталған аурудың өршуінсіз тірі қалу болып табылады. Онша төмен емес тиімділігін қолданумен статистикалық талдау растады, Пакликал (мицеллярлық паклитаксел) тиімділікте еріткіштің негізінде паклитакселге жол бермейді.

Тиімділік деректерінде елеулі айырмашылықтар болмағанына қарамастан (1-кестені қараңыз), өршусіз тірі қалу (ӨТҚ) пациенттердің популяциясына байланыссыз Пакликалмен топта сәл жақсырақ болды.

1-кесте. Аналық бездердің қайталанбалы эпителиальді обырын, біріншілік перитонеальді обырын және жатыр түтікшелерінің обырын емдеу кезінде паклитакселмен (Таксолмен) салыстырғанда, карбоплатинмен біріктіріп, Пакликалдың тиімділігі.

ПП

ПП, емдеу циклдерін алып тастамай <6

НПЛ

Пакли-кал

N=311

Паклитак-сел

(Таксол)

N=333

Пакли-кал

N=378

Паклитак-сел

(Таксол)

N=376

Пакли-кал

N=397

Паклитаксел

(Таксол)

N=392

Жағдайға уақыттың медианасы - ӨТҚ, айлар (95% ДИ)

10.3

(10.1;10.7)

10.1

(9.9;10.2)

10.2

(10.1;10.6)

10.0

(9.7;10.2)

10.2

(10.1;10.6)

10.0

(9.7;10.2)

Логарифмдік дәрежелік p-мәні

0.0919

0.0356

0.0539

ӨТҚ қауіптер қатынасы (95% ДИ)

0.86

(0.72;1.03)

0.84

(0.71;0.99)

0.85

(0.72;1.00)

p-мәні

0.0938

0.0363

0.0548

Жағдайлар саны*

239

(77%)

270

(81%)

267

(71%)

290

(77%)

278

(70%)

300

(77%)

Бағаланды**

72

(23%)

63

(19%)

111

(29%)

86

(23%)

119

(30%)

92

(24%)

*зерттелетін топтардың арасындағы жағдайлар саны болмашы, пациенттердің барлық популяциялары.

**Соңғы қолжетімді КТ кезінде бағаланғаны ДИ: сенімді аралық, ПП: хаттама бойынша популяция, НПЛ: ем қабылдауды бастаған пациенттер.

Ем кезінде немесе одан кейін екі топ арасындағы Шығыс біріктірілген онкологиялық тобына (ECOG) сәйкес нәтижелерді бағалаудағы айырмашылықтар болмады.

Дозасы 175 мг/м2 еріткіштің негізінде паклитакселмен пациенттердің тобындағымен салыстырғанда, Пакликал түрінде 250 мг/м2 паклитакселді қабылдаған пациенттерде нейтропения, тромбоцитопения және анемия жиі кездесті. Пакликал тобында жағымсыз реакциялар туралы хабарламалар саны көбірек болды. Бұл пациенттер үшін Пакликалдың неғұрлым жоғары дозасымен түсіндіріледі.

Балалар және жасөспірімдер

Балаларда және жасөспірімдерде аналық бездердің эпитеральді обырын, біріншілік перитонеальді обырын және жатыр түтікшелерінің обырын емдеуге қолдануға көрсетілімдер бойынша Пакликалды пайдалану үшін негіздемелер жоқ.

Қолданылуы

Пакликал емнің екінші немесе үшінші желісі ретінде карбоплатинмен біріктірімде аналық бездердің эпителиальді обырын, біріншілік перитонеальді обырын және жатыр түтікшелерінің обырын емдеуге арналған.

Қолдану тәсілі және дозалары

Пакликалды цитоуытты дәрілерді дозалауға сәйкес дозаларда білікті онкологтың бақылауымен ғана енгізу керек. Препаратты паклитакселдің басқа дәрілік формасымен алмастыруға болмайды.

Дозалау

Пакликалды карбоплатинмен қолдану керек. Пакликалдың ұсынылатын дозасы дене беткейі ауданының (ДБА) 250 мг/м2-н құрайды. Қалпына келтірілген ерітіндіні 1 сағаттық инфузия түрінде (минутына 120-140 тамшыдан) венаішілік енгізеді, содан кейін әрбір үш апта сайын карбоплатинді (x мг = (AUC 5–6) × (GFR мл/мин + 25), есептеу Кальверт формуласы бойынша) енгізеді. Емдеу ұзақтығы 6 курсты құрайды.

Дозаны түзету және емді тоқтата тұру

Ем барысында нейтропения (7 және одан астам күн ішінде нейтрофилдер саны ≤1.5 × 109/л) немесе тромбоцитопения (7 және одан астам күн ішінде тромбоциттер саны ≤100 × 109/л) дамыған пациенттерге нейтрофилдер саны >1.5 × 109/л-ге дейін, ал тромбоциттер саны >100 × 109/л-ге дейін қалпына келгенше, емді тоқтата тұру талап етіледі. 50 мг/м2-ға дозаны төмендету келесі курстарды жүргізу жағдайында мүмкін. Жағымсыз жағдайлар критерийлерінің қабылданған терминологиясына сәйкес, шеткері сенсорлық немесе моторлық нейропатия жағдайындағы ≥2 дәрежесі емнің келесі курстары үшін 50 мг/м2 дозалауды келесі төмендетумен, < 2 дәрежесіне дейін емді тоқтата тұруды талап етеді. Жағымсыз реакциялар білінген пациенттер үшін 25 мг/м2-ға дозаны қосымша төмендетуі мүмкін.

Дозаны төмендету және/немесе емді тоқтата тұру клиникалық елеулі жағымсыз реакцияның білінуі салдарынан талап етілуі мүмкін.

Бауыр функциясының бұзылуымен пациенттер

Қазіргі кезде жеңіл немесе қалыпты бауыр жеткіліксіздігімен пациенттерге дозалауды өзгерту үшін деректер жеткілікті. Ауыр бауыр жеткіліксіздігімен пациенттерге паклитакселмен емдеу ұсынылмайды.

Бүйрек функциясының бұзылуымен пациенттер

Бүйрек функциясының бұзылуымен пациенттерге зерттеу жүргізілмеді және қазіргі кезде бүйрек жеткіліксіздігімен пациенттерге дозалауды өзгертуде ұсыну үшін деректер жеткіліксіз.

Балалар және жасөспірімдер

18 жасқа дейінгі пациенттерге Пакликалдың қауіпсіздігі мен тиімділігі зерделенбеді («Клиникалық тиімділігі мен қауіпсіздігі» бөлімін қараңыз).

Егде жастағы пациенттер

65 жастан асқан пациенттерге дозалауды төмендету бойынша ұсынымдар жоқ.

Қолдану тәсілі

Енгізу кезіндегі сақтық шаралары

Паклитаксел ісікке қарсы дәрілік зат болып табылады және басқа әлеуетті уытты қосылыстардағыдай, Пакликалды қолданған кезде сақ болу керек. Қолғап, көзілдірік және қорғаныс киімін пайдалану ұсынылады. Теріге тиген кезде зақымданған жерді сабындап, сумен мұқият жуу керек. Шырышты қабықтарға тиген кезде зақымданған жерді сумен мұқият жуу керек. Пакликалды дайындау және оны енгізу цитоуытты дәрілермен жұмыс тәжірибесі бар білікті мамандармен ғана жүргізілуі тиіс. Әйел жынысты персоналға жүктілік және емшек емізу кезінде Пакликалмен жұмыс істеуге болмайды.

Сұйылту

Пакликал ерітіндіні дайындау үшін стерильді ұнтақ түрінде жеткізіледі. Сұйылтылғаннан кейін ерітіндінің құрамында 1 мг/мл паклитаксел болады. Ерітіндіні дайындау кезінде өнім тікелей және/немесе анық жарықтандырудан қорғалуы тиіс.

Еріткіш ретінде иньекциялар үшін Рингер коммерциялық қолжетімді лактатты немесе ацетатты ерітіндісін пайдалану ұсынылады. Дайын ерітіндінің рН 5.0-ден 7.5-ке дейін болуы тиіс. Кальций және магний иондарының рұқсат етілген концентрациялары төменде келтірілген (2-кесте).

2-кесте. Сұйылту үшін сәйкес келетін Рингер лактатты немесе ацетатты ерітіндісінде кальций және магний иондарының рұқсат етілген концентрациялары.

Ионы

Диапазондары (ммоль/л)

Ca2+

1.0–3.5*

Mg2+

0–2*

* 1.8-ден 3.5 ммоль/л-ге дейінгі Mg2+ және Ca2+ жалпы (жиынтықтық) концентрациясымен Mg2+ және Ca2+ болуымен ерітінділер.

1. Құтылардың қажетті санын алады. Ұнтақ жасылдау-сары немесе сары түсті болуы тиіс. Қызылдау-қызғылт сары түске өзгерген жағдайда құтыны қайта өңдейді. Бөлме температурасына жеткізу үшін құтыларды 25°C-ден аспайтын температурада 20-30 минутқа жарықтан қорғалған жерде қалдырады.

2. Құтыда теріс қысым болғандықтан, сұйылту үшін ерітіндіні енгізер алдында, қысымды иненің немесе канюляның көмегімен теңестіру керек. Сұйылту үшін бір құтыға 60 мл ерітіндіні стерильді шприцтің көмегімен енгізеді. Ерітіндіні ұнтаққа емес, құтының ішкі жақтауына бағыттап, баяу енгізу керек, себебі бұл өнімнің көбіктенуін туғызуы мүмкін.

3. Ерітіндіні 20-30 секунд бойы қолмен ұқыпты араластырады және жарықтан қорғалған жерде 3-5 минутқа қалдырады.

4. Бұдан әрі құтыны баяу және абайлап араластырады және/немесе ұнтақ толығымен ерігенге дейін төңкеріп қояды. Көбік түзілуін болдырмау үшін құтыны сілкуге болмайды. Қатты бөлшектер болған кезде құтыны жарықтан қорғалған жерде 15 минут бойы көлденең сілку үшін ыдысқа салады.

5. Ерітінді мөлдір және көрінетін бөлшектерсіз немесе тұнбасыз жасылдау-сары түсті болуы тиіс. Бөлшектер, тұнба болған немесе қызылдау-қызғылт сары түске өзгерген кезде ерітінді жарамсыз деп есептелінеді.

  • Дайындалған Пакликал ерітіндісінің қажетті мөлшерін бос стерильді этиленвинилацетатты (ЭВА) қабына салады. Инфузиялар үшін ЭВА қабын жарық өтпейтін үлдірге орайды.

  • Құрамында ди-(2-этилгексил) фталат (ДЭГФ) бар, венаішілік енгізуге арналған жүйелерді пайдалану мүмкіндігі зерделенбеді. Тесіктерінің мөлшері 5-тен 15 микронға дейін микропоралық жарғақшасымен, қондырылнған сүзгісімен дәрілерді енгізуге арналған жүйелерді пайдалау ұсынылады. Барлық пайдаланылмаған дәрілік препарат немесе қалдықтар жергілікті талаптарға сәйкес қайта өңделуі тиіс.

    Жағымсыз әсерлері

    III фазадағы негізгі клиникалық зерттеуі барысында карбоплатинмен біріктірімде Пакликалмен ем қабылдаған, аналық бездердің обырымен, біріншілік перитонеальді обырымен немесе жатыр түтікшелерінің обырымен 391 әйелде анықталған жағымсыз реакциялардың неғұрлым таралған жағдайлары төменде келтірілген. Пациенттердің шамамен 85%-ында жағымсыз реакциялар туындаған.

    Қан және лимфалық жүйе тарапынан бұзылыстар:

    Нейтропения неғұрлым жиі байқалатын гематологиялық уыттылықты білдіреді. Барлық дерлік пациенттерде анықталған дәрежедегі нейтропения туындаған. Нейтропения жағдайларының көпшілігі (3- және 4-дәрежедегі) ауыр сипатта болды. Нейтропения күрделі жағымсыз реакция ретінде науқастардың 29%-ында туындаған, фебрильді нейтропения пациенттердің 3%- ында білінді. Әдетте, нейтропения келесі емдеу курсына дейін жойылды. Сондай-ақ көптеген жағдайларда анемия, тромбоцитопения және лейкопения туындады.

    Асқазан-ішек бұзылыстары:

    Зерттеу барысында анықталғандай, жүрек айнуы (38%), құсу (22%) және диарея (15%) неғұрлым жиі кездесетін жағымсыз реакциялардың санына жатады.

    Жүйке жүйесінің бұзылыстары:

    Пациенттердің 16%-ында шеткері сенсорлық нейропатия және 10%-ында шеткері невропатия тіркелді.

    Тері және теріасты тіндер аурулары:

    Алопеция көптеген жағдайларда препаратпен ем басталарда пациенттердің 45%-ында байқалды.

    Сүйек-бұлшықет және дәнекер тіндер аурулары:

    Пациенттердің 19%-ында артралгия және 10%-ында миалгия туындаған.

    Жалпы аурулар және препаратты енгізу орнының жағдайы:

    Астения (пациенттердің 23%-ында) және шаршағыштық (11%-ында) жиі кездеседі. 12%-ында препаратты енгізу орнында туындаған таралған реакциялар ауру, флебит және эритема болды.

    III фазасындағы клиникалық зерттеу кезінде Пакликалды енгізуге байланысты барлық жағымсыз реакциялардың толық тізімі төменде келтірілген.

    3-кестеде келтірілген жағымсыз әсерлердің жиілігі келесі түрде анықталады: өте жиі (≥1/10); жиі (≥1/100 до <1/10); кейде (≥1/1000-нан <1/100-ге дейін); сирек (≥1 / 10000-нан <1/1000-ға дейін); өте сирек (<1/10000); белгісіз (қолда бар деректер бойынша бағалау мүмкін еместігі).

    Әрбір топтың ішінде жағымсыз реакциялар күрделілігінің кему тәртібінде келтірілген.

    3-кесте. Жағымсыз реакциялардың тізімі

    Ағзалар жүйесінің класы

    Өте жиі

    Жиі

    Кейде

    Инфекциялық және паразитарлық аурулар

    Сепсис, тұмау, тыныс жолдарының вирустық инфекциялары, қарапайым герпес, тонзиллит, несеп шығару жолдарының инфекциялары, инъекция орнындағы флегмона, тері инфекциялары

    Қан және лимфалық жүйе бұзылыстары

    Нейтропения

    Қызбалық нейтропения, лейкопения, тромбоцитопения, гранулоцитопения, анемия

    ДВС-синдромы, панцитопения, гематоуыттылық

    Иммунды жүйе тарапынан бұзылыстар

    Аса жоғары сезімталдық

    Анафилаксиялық шок, дәрілік затқа аса жоғары сезімталдық

    Зат алмасу және тамақтану тарапынан бұзылыстар

    Анорексия

    Гипокалиемия, гипомагниемия, гипонатриемия

    Психикалық бұзылыстар

    Депрессия, ұйқысыздық, үрейлену

    Жүйке жүйесі тарапынан бұзылыстар

    Сенсорлық шеткері нейропатия, шеткері нейропатия

    Гипестезия, бас айналуы, парестезия, моторлық шеткері нейропатия, дисгевзия

    Инсульт, полинейропатия, бас ауруы, босаңдық, шеткері сенсомоторлық нейропатия, ашыту

    Көру мүшесі тарапынан бұзылыстар

    Бұлыңғыр көру, көздегі жайсыздық, көздің тітіркенуі, көз жасының көбеюі

    Есту мүшесі және тепе-теңдік тарапынан бұзылыстар

    Бас айналуы, кереңдік

    Жүрек тарапынан бұзылыстар

    Тахикардия, стенокардия

    Созылмалы жүрк жеткіліксіздігі, цианоз, жиіленген жүрек соғуы, синустық тахикардия

    Тамырлар тарапынан бұзылыстар

    Артериялық гипотензия, қызару, флебит, гиперемия, веналардың ауруы

    Циркуляторлық коллапс, веналық тромбоз, васкулит, ангиопатия, артериялық гипертензия, лимфалық ісіну, беткейілк флебит, тромбоз, тромбофлебит, қан кернеу, терінің бозаруы

    Тыныс алу, кеуде және көкірекорта ағзалары тарапынан бұзылыстар

    Ентікпе, мұрынның бітелуі

    Тыныс алудың бұзылуы, асфиксия, бронхының түйілуі, дисфагия, эпистаксис, жөтел, аллергиялық ринит, аллергиялық жөтел, ринорея, ауыз-жұтқыншақтағы жайсыздық, ауыз-жұтқыншақтың ауруы, фарингеальді бұзылыстар

    Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылыстар

    Жүрек айнуы, құсу, іш өту, іштің ауруы

    Іш қату, іштің жоғарғы жағының ауруы, ауыздың құрғауы, стоматит, метеоризм

    Гастрит, іштегі жайсыздық, іш кебуі, іштің төменгі жағының ауруы, диспепсия, нәжістік конкремент, қызылиек қанағыштығы, гематохезия

    Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан бұзылыстар

    Гепатит

    Тері және теріасты тіндері тарапынан бұзылыстар

    Алопеция

    Беттің ісінуі, эритема, бөртпе, қышыма, есекжем

    Гипергидроз, ангиоэдема, терінің құрғауы, суық тер, ретикулярлық асфиксия, тырнақтың зақымдануы, аллергиялық қышыма, жайылған қышыма, папулездік бөртпе, терінің түссізденуі

    Қаңқа-бұлшықеттік және дәнекер тін тарапынан бұзылыстар

    Артралгия, миалгия

    Бұлшықет-қаңқа ауруы, бұлшықеттің әлсіздігі, аяқтардың ауруы, арқаның ауруы, сүйек ауруы

    Гемартроз, тірек-қимыл аппаратындағы жайсыздық

    Жалпы енгізу орнындағы бұзылыстар

    Астения, дімкәстік, препаратты енгізу орнындағы реакциялар1

    Қызба, шеткері ісіну, кеудедегі жайсыздық, гипертермия, беттің ауруы, ісінуі

    Препаратты енгізу орнының ауруы, жергілікті ісіну, оқшауланған ісіну, жайылған ісіну, жарық, катетерді енгізу орнындағы ісіну, кеуде ауруы, қызу, қалтырау

    Зертханалық және құрал-саймандық деректер

    Аланинаминотрансфе-разаның жоғарылауы

    Қатерсіз, қатерлі және анықталмаған ісіктер (жылауықтарды және полиптерді қоса)

    Метастаздық аурулар

    Жыныс ағзалары және емшек бездері тарапынан бұзылыстар

    Қынаптық қан құйылу

    1 Препаратты енгізу орнында білінетін реакциялар: ауру, флебит, депигментация, эритема, қан құйылу, қабыну, ісіну, парестезия, бөртпе.

    Қолдануға болмайтын жағдайлар

    • белсенді немесе қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық;

    • бауыр функциясының ауыр бұзылыстары;

    • жүктілік және лактация кезеңі;

    • <1.5 × 109/л нейтрофилдер немесе <100 × 109/л тромбоциттер санымен пациенттерге.

    Дәрілермен өзара әрекеттесуі

    Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуіне зерттеулер жүргізілмеді. Паклитаксел метаболизмі P450 цитохромының CYP2C8 және CYP3A4 изоферменттерімен жиірек катализденеді. Заманауи деректерге сәйкес паклитакселдің және CYP2C8 үшін басқа субстраттардың арасында клиникалық елеулі өзара әрекеттесу анықталмады. Кетоконазолды (CYP3A4 белгілі қуатты тежегішін) бірмезгілде қабылдау пациентте паклитакселдің элиминациясын тежемейді, сондықтан дозаны реттемей, екі препаратты бірмезгілде пайдалануға болады. Паклитакселдің және CYP3A4 басқа субстраттары/тежегіштерінің арасында мүмкін болатын өзара әрекеттесу туралы деректер тым шектеулі. Сөйтіп, CYP2C8-бен қалай болса, CYP3A4-пен солай, тежеуге (мысалы, эритромицинмен, флуоксетинмен, гемфиброзилмен) немесе индукциялауға қабілетті препараттармен (мысалы, рифампицинмен, карбамазепинмен, фенитоинмен, фенобарбиталмен, эфавиренцпен және невирапинмен) бірмезгілде паклитакселді енгізу кезінде сақ болу керек.

    Айрықша нұсқаулар

    Гематология

    Паклитаксел сүйек кемігі қызметін басуды (нейтропенияны) туғызады. Нейтропения дозаға тәуелді және дозаны шектейтін уыттылықты білдіреді. Сол себептен Пакликалмен емдеу кезінде қанды жүйелі талдау жүргізілуі тиіс. Пациенттерге >1.5 × 109/л-ге дейін нейтрофилдер мөлшері, ал >100 × 109/л-ге дейін тромбоциттер мөлшеріқалпына келгенше, препаратты келесі енгізу циклін тағайындауға болмайды. Нейтрофилдердің төмен мөлшерімен пациенттер инфекциялардың жоғары пайда болу қаупі туралы хабарландырылуы тиіс.

    Бауыр жеткіліксіздігі

    Бауыр функциясының бұзылуымен пациенттерде Пакликалды зерттеу жүргізілмеді. Дегенмен, аталған пациенттерде көбінесе сүйек кемігі функцияларын басу салдарынан, жоғары уыттылық қаупі болуы мүмкін. Сол себептен, жеңіл немесе қалыпты бауыр жеткіліксіздігімен пациенттерге Пакликалмен емді абайлап, сондай-ақ оларды мұқият бақылау жүргізілуі тиіс. Бауыр функциясының ауыр бұзылуымен науқастарға паклитакселді енгізуге болмайды.

    Асқазан-ішек симптомдары

    Асқазан-ішек жағымсыз реакциялары жиі туындайды. Егер Пакликалды енгізгеннен кейін, пациенттер жүрек айнуды, құсуды және диареяны сезінсе, онда құсыққа қарсы және антидиареялық препараттар керек. Премедикация цитоуытты препараттармен емдеу кезінде бұрын асқазан-ішек симптомдары болған пациенттерге пайдаланылуы мүмкін.

    Инфузияға байланысты реакциялар

    Пакликал инфузиясы кезінде енгізу орнында жергілікті реакциялар жиі туындайды. Құю орнында байқалатын реакциялар: ауру, жайсыздық, флебит, түссіздену, қызару, ісіну және бөртпе. Аталған жағдайлар бірінші рет құю кезінде жиірек білінді, енгізу жылдамдығын азайту арқылы олардан құтылуға болады. Пакликалды енгізуге қатты ауруларымен және басқа да реакцияларымен пациенттерге орталық веналық катетер талап етілуі мүмкін. Венаішілік енгізу кезінде препаратты іргелес тінге кездейсоқ енгізуді болдырмау үшін сақ болу керек. Қандай да болсын экстравазальді енгізу белгілері білінген кезде мынадай шараларды дереу қолдану керек: инфузияны тоқтату, инені суырып алмас бұрын катетер/канюлядан сұйықтықты алып тастау, зақымданған жерге стерильді физиологиялық ерітіндіні немесе Рингер лактатты немесе ацетатты ерітіндісін енгізу және орнын мұқият тексеру керек. Іргелес тінге кездейсоқ енгізуді болдырмау үшін, препаратты енгізу аяқталғаннан кейін тамызғыны және катетер/канюляны шаю керек.

    Аса жоғары сезімталдық

    Пакликалға байланысты аса жоғары сезімталдық реакцияларының көпшілігі жеңілден қалыптыға дейінгі сипатта болды және ең алдымен тері мен теріасты тіндері тарапынан бұзылыстар, жалпы бұзылыстар мен енгізу орнындағы бұзылыстар түрінде білінді, дегенмен анафилаксиялық шокты қоса, күрделі аса жоғары сезімталдық реакциялары туралы да хабарламалар болды. Мәнсіз симптомдар, мысалы қызару немесе тері реакциялары емді тоқтатуды талап етпейді. Орташа сипаттағы жағдайлар келесі емдеу кезеңінде кортикостероидтармен, антигистаминдермен және/немесе H2 антагонистерімен премедикациясын талап етуі мүмкін. Ауыр реакциялар, мысалы емді талап ететін артериялық гипотензия, бронходилататорларды талап ететін ентікпе, ангиодистрофия немесе есекжем паклитакселмен емдеуді дереу тоқтатуды және симптоматикалық терапияны бастауды талап етеді. Айқын ауыр реакцияларымен пациенттерге паклитакселмен емді қайта бастауға болмайды.

    Ем басталарда бірінші кезекте паклитакселдің басқа дәрілік формаларымен емдеу кезінде аса жоғары сезімталдық реакциялары туындаған пациенттерді мұқият тексеру керек.

    Невропатия

    Сенсорлық шеткері және шеткері нейропатия Пакликалмен емдеу кезінде пациенттерде жиі дамиды. Жағымсыз жағдайларды бағалаудың жалпы терминологиялық критерийлерінің шкаласы (CTCAE) бойынша ≥2 дәрежесі үшін, сенсорлық немесе қозғалыс невропатиясы үшін, емді бағалау крийтериі < 2 дәрежесі болғанша, келесі химиятерапия курстары үшін дозаны кейін төмендетумен тоқтата тұрады.

    Алопеция

    Алопеция ем басталарда білінетін, Пакликалмен емдеу кезінде жиі кездесетін жағымсыз реакция болып табылады. Ол пациенттердің өзін-өзі бағалауына және өмір сүру сапасына көрнекті әсер етеді, сондықтан науқастарға аталған реакцияның пайда болу ықтималдығына және ол туындаған жағдайда шараларды қолдануға, мысалы ем кезінде салқын қалпақтарды пайдалануға қатысты кеңес беру керек. Пакликалды зерттеу кезінде пациенттердің 45%-ы ем кезінде алопецияның туындағаны туралы өтініш берді.

    Кардиоуыттылығы

    Пакликалмен ем қабылдайтын тұлғалардың арасында іркілген жүрек жеткіліксіздігі туралы сирек хабарламалар бар. Кейбір пациенттер кардиоуытты дәрілік заттардың, мысалы Доксорубициннің әсеріне бұрын ұшыраған немесе анамнезінде жүрек ауруы болған. Мұндай науқастарды жүрек-тамыр ауруларының өршуін болдырмау үшін дәрігерлермен мұқият бақылау жүргізу керек.

    Қосымша заттар

    Сұйылтқаннан кейін дәрілік препарат дозасының құрамында 1.3 г-ға жуық натрий (1 мл-ге 3.04 мг натрий) болады. Мұны бақыланатын натрийлік емдәмді сақтайтын пациенттерге ескеру керек.

    Контрацепция

    Фертильді жастағы әйелдер ем кезінде және ем аяқталғаннан кейін алты ай ішінде тиімді контрацепция заттарын пайдалануы керек.

    Жүктілік

    Пакликалды жүктілік кезінде қоллануға болмайды. Жүкті әйелдердің паклитакселді пайдаланғаны туралы шағын деректер бар. Паклитаксел жүктілік кезінде енгізген кезде күрделі туа біткен ақаулар туғызу мүмкіндігі ықтимал. Жануарларға жүргізілген зерттеулер препараттың репродуктивті уыттылығын көрсетті.

    Емшек емізу

    Паклитаксел емшек сүтімен шығарылады. Нәрестелерін емізетіндерде күрделі жағымсыз реакциялардың біліну мүмкіндігі болғандықтан, Пакликал лактация кезеңінде қолдануға болмайды. Емшек емізу кезінде терапию препаратпен емдеуді тоқтата тұру керек.

    Фертильділік

    Жануарларға жүргізілген зерттеу фертильділігін төмендегенін көрсетті.

    Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе әлеуетті қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

    Пакликал жағымсыз реакциялар туғызуы мүмкін, мысалы шаршағыштық (өте жиі) және бас айналу (жиі), бұл автомобиль жүргізу қабылетіне және механизмдермен жұмысқа әсер етуі мүмкін. Пациентерге шаршағыштық және бас айналу жағдайында автомобиль жүргізу және механизмдермен жұмыс ұсынылмайды.

    Канцерогенез, мутагенез, фертильділіктің төмендеуі

    Тышқандарға микроядролық тест барысында анықталғандай, паклитаксел табиғи жағдайларда геноуытты, брақ Эймс тестісінде немесе қытай аламанының аналық безінен гипоксантин-гуанин фосфорибозил трансферазасы (ГГФТ) гені мутациясының талдауы кезінде мутагендігін туғызбайды. Паклитакселдің канцерогенді әлеуеті зерделенбеген. Дегенмен, паклитаксел өздерінің әрекеттесу механизмі негізінде әлеуетті канцерогенді болып табылатын дәрілердің класына жатады. Тәулігіне 0,6 мг/кг паклитакселдің төмен дозаларын енгізу бала туу деңгейінің төмендеуіне және егеуқұйрықтарда эмбриональді уыттылыққа әкелді. Жануарларға жүргізілген зерттеулер дозалардың клиникалық елеулі деңгейлерінің еркектердің репродуктивті ағзаларына қайтымсыз уытты әсерлерін көрсетті.

    Артық дозалануы

    Паклитакселмен артық дозалану кезінде белгілі антидоттар жоқ. Аталған жағдайда пациентті мұқият тексеру керек. Ем негізгі болжамды уытты жағдайларға бағытталуы керек, олар: жүрек айну, құсу, іш өтуі, сүйек кемігі функциясын басу, сенсорлық шеткері және шеткері нейропатия.

    Шығарылу түрі және қаптамасы

    Препарат бутилкаучукты тығынмен және «flip-off» алюминий және полипропилен қақпағымен жабылған, I (ЕФ) типті шыны құтыға салынған.

    1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

    Сақтау шарттары

    Түпнұсқалық қаптамасында, жарықтан қорғалған жерде, 2°С-ден 8°С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

    Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

    Сақтау мерзімі

    2 жыл

    Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

    Нұсқауларға сәйкес дайындағаннан кейінгі сақтау мерзімі: Микробиологиялық тұрғыдан өнімді дереу пайдалану керек. Сұйылтқаннан кейін химиялық және физикалық тұрақтылық 8 сағат ішінде байқалды (күшті және / немесе тікелей түсетін жарықтан қорғалған жағдайда 25 ° C-ден аспайтын температурада).

    Дәріханалардан босатылу шарттары

    Рецепт арқылы

    Өндіруші

    Оасмиа Фармасьютикал AB, Швеция

    Vallongatan 1

    SE-752 28 Уппсала

    Тел: +46 18 50 54 40

    Тіркеу куәлігінің иесі

    Оасмиа Фармасьютикал AB, Швеция

    Қаптаушы ұйымның атауы мен елі

    Оасмиа Фармасьютикал AB, Швеция

    Vallongatan 1

    SE-752 28 Уппсала

    Тел: +46 18 50 54 40

    Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері:

    «СonsultAsia» ЖШС, Алматы қ.

    Шевченко к-сі 165 Б

    E-mail: registration@consultingasia.kz

    pv@consultingasia.kz

    Тел/факс: +77051708876; +77051708825

    1(16)

    Прикрепленные файлы

    Пакликал_60_мг_каз.doc 0.25 кб
    Пакликал_60_мг_рус.doc 0.21 кб

    Отправить прикрепленные файлы на почту