Офтофеназол
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Офтофеназол
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Көз тамшы дәрісі (5 мг + 0.25 мг)/мл, 5 мл
Құрамы
1 мл препараттың құрамында
белсенді заттар – 5.00 мг антазолин сульфаты, 0.25 мг нафазолин нитраты,
қосымша заттар: динатрий эдетаты, бор қышқылы, бензалконий хлоридінің ерітіндісі, 10% натрий гидроксидінің ерітіндісі (рН түзету үшін), тазартылған су.
Сипаттамасы
Мөлдір түссіз немесе сәл сары сұйықтық
Фармакотерапиялық тобы
Деконгестантттар мен аллергияға қарсы препараттар. Деконгестанттар ретінде пайдаланылатын симпатомиметиктер.
Басқа да препараттармен біріктірілімдегі нафазолин.
ATХ коды S01GA51
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Нафазолиннің толық жергілікті әсері жергілікті қолданған сәттен кейін 5 минуттан соң-ақ біліне бастайды. Әсер етуі 6-8 сағат бойы жалғасады. Препаратты конъюнктивальді қапшыққа енгізгеннен кейінгі ересектердегі мұндай әсер етуі екіталай болғанмен, нафазолин жүйелі реакцияны туындата отырып, шырышты қабықтар арқылы сіңірілуі мүмкін. Жүйелік реакциялар негізінен егде жастағы емделушілер мен кішкентай балаларда пайда болады.
Антазолиннің жүйелік әсерінің пайда болуы екіталай.
Фармакодинамикасы
Офтофеназол өз құрамында антигистаминді зат – антазолин мен -адреномиметикалық дәрі – нафазолин бар біріктірілген препарат болып табылады.
Антазолин 1 буынның H1-рецепторының антагонисі болып табылады. Гистаминдік H1-рецепторының бәсекелес бөгелуі арқылы препарат жекелей алғанда гистаминнің шығарылуына байланысты қан тамырлары өткізгіштігінің кеңеюі мен ұлғаюы сияқты аллергиялық белгілерді әлсіретеді.
Нафазолин қан тамырларының -адренергиялық рецепторларын көтермелейді; жергілікті қолданғанда конъюнктиваның кеңейген қан тамырларын тарылтады және қабыну белгілерін жояды.
Қолданылуы
-
жедел, маусымдық немесе жыл бойғы аллергиялық конъюнктивит
-
жанаспалы линзаларды қолданудан, күн әсерінен, темекі түтінінен, жүзу бассейнінде сумен жанасуынан туындаған конъюнктиваның тітіркенуі кезінде және т.б.
Қолдану тәсілі мен дозалары
Препарат тек сыртқа - жергілікті конъюнктивальді қапшыққа қолдануға арналған. Тамшылатқыштың ұштығын көзге немесе басқа беткейлерге тигізуге болмайды, өйткені бұл құты ішіндегінің ластануын туғызуы мүмкін.
Препаратты тамызар алдында қолды мұқият жуу керек. Қалпақшаны шешіп алып, препаратты көзге (көздерге) тамызу керек. Егер тамшы көзге тамбай қалса, келесіні қысып шығару керек. Көзді абайлап жауып, кірпік қақпау керек және препарат сіңірілу үшін шамамен 2 минуттай көзді ашпау қажет.
Тамызғаннан кейін саусақ иінімен төменгі қабақ бұрышына 1-2 минут бойы абайлап басу керек. Бұл тамшылардың мұрын-көз жасы өзегі арқылы мұрын қуысына түсуін және жүйелі сипаттағы жағымсыз әсерлердің пайда болуын болдырмайды. Содан соң препарат қалдығын кетіру үшін қолды жуып, құтыны жабу керек.
Ересектер мен 8 жастан асқан балалар: 1-2 тамшыдан конъюнктивальді қапшыққа, қажет болған жағдайда дозаны 4-6 сағаттан кейін қайталауға болады.
Препаратты дәрігердің ұсынуынсыз 3-5 күннен артық қолдануға болмайды.
Жағымсыз әсерлері
-
күйдіру, қышыну, көз ауыруы, көру бұзылыстары, гиперемия, конъюнктиваның тітіркенуі
Сирек
-
ұйқышылдық, сылбырлық, тахикардия, гипертензия, бас ауырулары мен бас айналу, жүрек айнуы
Жүйелік реакциялардың пайда болуы немесе ұзаққа созылатын жергілікті тітіркену препаратты қабылдауды тоқтату көрсеткіштері болып табылады.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-
препараттың қандай да бір компонентіне жоғары сезімталдық
-
адреномиметикалық дәрілерге жоғары сезімталдық
-
жабық бұрышты глаукома
-
жүктілік және лактация кезеңі
-
8 жасқа дейінгі балаларға
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Препаратты моноаминоксидаза тежегіштерімен (депрессия кезінде басқа препараттар қатарында қолданылатын препараттармен) және үш циклді антидепрессанттармен бір уақытта қолдануға болмайды.
Айрықша нұсқаулар
Препарат тек сыртқа - жергілікті конъюнктивальді қапшыққа қолдануға арналған.
Созылмалы конъюнктивиті бар емделушілерге препаратты қысқа мерзімге және тек белгілердің асқыну кезінде ғана қолдану керек.
Препаратты 5 күннен артық немесе конъюктива ісінуінің екінші қайтара күшею қауіптілігі және бөлінісінің ұлғаюы, сондай-ақ, эпителийдің тұрақты өзгерістерінің даму мүмкіндігі салдарынан әр 3 сағаттан көбірек қолдануға болмайды.
Препарат құрамында бензалконий хлориді болуын назарға ала отырып, тамызар алдында жұмсақ жанаспалы линзаларды алып тастау керек және оларды тамызғаннан кейін 15 минуттан кейін салу керек. Бензалконий хлориді көздің тітіркенуін туғызуы және жанаспалы линзалардың түсін өзгертуі мүмкін.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат уақытша көру бұзылыстарын туындатуы мүмкін, сондықтан көлік құралдарын басқаратын және механикалық құрылғыларға қызмет көрсететін тұлғалар сақтықпен қолданулары қажет.
Артық дозалануы
Симптомдары: препаратты ұзақ немесе тым жиі енгізу орталық жүйке жүйесінде тежелуге, гипотермияға және қарашықтың ұзақ кеңеюіне, артериялық қан қысымының жоғарылауына, тахикардияға, комаға әкеп соқтыруы мүмкін.
Емі: симптоматикалық
Шығарылу түрі және қаптамасы
5 мл препараттан тамшылатқышы мен алғашқы ашылуы бақыланатын полиэтилен қақпағы бар полиэтилен құтыларға құяды.
қолданылуы
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25°C-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Құтыны алғаш ашқаннан кейінгі қолдану кезеңі – 4 апта.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
Польфа Варшава фармацевтикалық зауыты АҚ, Польша
Карольков к-сі, 22/24, 01-207 Варшава, Польша
Тіркеу куәлігінің иесі
Польфа Варшава фармацевтикалық зауыты АҚ, Польша
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасы жөніндегі шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
«Adalan» ЖШС
Тимирязев к-сі, 42, 23 пав., 202 кеңсе, 050057, Алматы қ.,
Тел.: +7 (727) 269 54 59; электронды поштасы: reg@adalan.kz