Офтолик

Производитель: СЕНТИСС ФАРМА Пвт.Лтд.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Искусственные слезы и прочие индифферентные препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№010381
Информация о регистрации в РК: 21.11.2022 - 21.11.2032

Инструкция

Саудалық атауы

Офтолик

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Көз тамшысы

Құрамы

1 мл ерітіндінің құрамында

белсенді заттар: поливинил спирті - 14,00 мг, повидон - 6,00 мг,

қосымша заттар: бензалконий хлориді, динатрий эдетаты, натрий хлориді, инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Түссізден сәл сарғыштау түске дейінгі мөлдір ерітінді.

Фармакотерапиялық тобы

Көз ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар. Жасанды көз жасы және басқа да индифферентті препараттар.

АТХ коды S01ХА20

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Препараттың плазмадағы концентрациясы әр көзге Офтоликтің екі тамшысын тамызғаннан кейін, пайдаланғаннан кейін 4 сағат ішінде мөлшерлік анықталу шегінен (10 нг/мл) төмен күйінде қалады.

Бұл Офтолик көз тамшысын пайдаланғанда, препараттың көз беткейінен жүйелі сіңірілуінің жоғары еместігі туралы тұжырым жасауға мүмкіндік береді.

Фармакодинамикасы

Поливинил спирті мен повидон майлағыштық әсер береді, бұл көз беткейінің құрғақтығы мен тітіркенуді азайтады. Бұл заттар, көз беткейін оңай жаба отырып, онда құрғақ бөліктердің туындауын болдырмайды. Поливинил спиртінің конъюнктивадан өндірілетін муциннің қасиеттеріне ұқсас қасиеттері бар. Бұл көзді тыныштандырады, көз жасы үлбірі тығыздығын ұлғайту есебінен оның беткейін тегістейді.

Көз жасы сұйықтығының секрециясы төмендеуінде мөлдір қабыққа қорғағыштық әсер береді, көз тамшысының әсер ету ұзақтығын арттырады және мөлдір қабықты олардың тітіркендіргіштік әсерінен қорғайды.

Қолданылуы

- көз беткейінің құрғауынан туындаған шымылдатып ашыту, тітіркену және жайсыздық сезімінде

- көз жасы бездерінің функциясы бұзылған жағдайда көз жасын алмастырғыштар ретінде

- «құрғақ» көз синдромында немесе мөлдір қабықты жұмсарту мен ылғалдауды қажет ететін кез-келген басқа бұзылуларда

Қолдану тәсілі және дозалары

Екі көзге күніне 3-4 рет 1-2 тамшыдан.

Емдеу курсын дәрігер белгілейді.

Тамшыны көзге тамызар алдында қолыңызды жуыңыз.

Құтыны сілкіңіз және қақпағын алып тастаңыз. Бактериялардың түсуін болдырмас үшін, тамшуырының ұшы теріге немесе көз беткейіне тиіп тұрмағанына көз жеткізіңіз.

Басыңызды артқа шалқайтып, төменгі қабақты қолыңызбен кері тартыңыз, құтыны төңкеріңіз және тамшы дәріні төменгі конъюнктива қалтасына тамызыңыз.

Жағымсыз әсерлері

- жергілікті аллергиялық реакциялар болуы мүмкін

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- көздің химиялық күйігінің жедел фазасы

- 8 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Поливинил спирті екіншілік гидроксидтер тобымен күрделі заттарға тән (күрделі эфир түзу) реакцияға түседі. Заттар күшті әсер ететін қышқылда ыдырайды және жұмсарады немесе әлсіз қышқылдар мен сілтілерде ериді. Бұл зат жоғары концентрацияланған бейорганикалық тұздармен, әсіресе сульфаттармен немесе фосфаттармен үйлесімсіз; поливинил спиртінің 5% шөгіндісінің түзілуі фосфаттармен реакциядан туындауы мүмкін. Поливинил спиртінен гельдің түзілуі бурамен реакциядан туындауы мүмкін.

Повидон ерітіндісі көптеген бейорганикалық тұздармен, табиғи және синтетикалық шайырлармен және басқа да заттармен үйлесімді. Сульфатиацилмен, салицилаттармен, фенобарбиталмен, таннинмен және басқа дәрілермен араластырғанда молекулалық қосылыс өнімін түзеді. Тиомерсалға ұқсас дәрілердің тиімділігін төмендетеді.

Айрықша нұсқаулар

Егер тамшыны қолданғаннан кейін түстік реңдер өзгерсе немесе көз алды бұлдырланса, пайдалануға болмайды.

Егер:

- тамшыны пайдаланғанда ауыру туындаса немесе күшейе түссе

- көру нашарласа

- 72 сағаттан астам уақыт бойы симптомдары сақталса

- көздің қызаруы мен тітіркенуі сақталса, тамшыны пайдалануды тоқтату және дәрігермен кеңесу керек.

Көз тамшысының құрамында бензалконий хлориді бар, сондықтан тамшыны пайдаланғаннан кейін жанаспалы линзаларды 20 минут бойы тағуға болмайды.

Тамшының құтысын ашқаннан кейін бір ай бойы пайдалану керек.

Тамызғаннан кейін құтыны дереу және тығыз жабу қажет.

Педиатрияда қолданылуы

Препараттың 8 жасқа дейінгі балаларда қолданылу тәжірибесінің жоқтығын ескере отырып, аталған препаратты бұл жас тобындағыларға пайдалану ұсынылмайды.

Жүктілік және лактация кезінде қолданылуы

Зерттелмеген. Жүктілік және лактация кезінде тек анасы үшін пайдасы ұрық пен бала үшін ықтимал қауіптен асатын жағдайларда ғана қолдануға болады.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Тамызғаннан кейін бірден көру жітілігінің қысқа мерзімге төмендеуі мүмкін болғандықтан, автокөлікті басқаруды немесе механизмдермен жұмысты бастар алдында көру жітілігі толығымен қалпына келгенше күте тұру қажет.

Артық дозалануы

Препараттың артық дозаланған жағдайлары белгісіз

Шығарылу түрі және қаптамасы

Көз тамшысы.

10 мл препараттан пластик тамшылатқыш құтыларда.

1 тамшылатқыш құтыдан ішінде құтыны ашуға арналған құрылғысы бар бұралатын қалпақшасымен және медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Мұздатып қатыруға болмайды.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Құтыны ашқаннан кейінгі қолданылу кезеңі 45 тәулік.

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

СЕНТИСС ФАРМА Пвт. Лтд.

212/Д-1, Грин Парк, Нью Дели, Үндістан

Зауытта: Виллидж Кхера Нихла, Техсил Налагарх, Солан ауданы, Химачал Прадеш 174 101, Үндістан

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

СЕНТИСС ФАРМА Пвт. Лтд., Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

Қазақстан Республикасы, 050000, Алматы қ., Бөгенбай батыр к-сі 132, 309 кеңсе

Тел./факс: +7 (7272) 96-45-99

Email: sentiss_kz@land.ru

 

Прикрепленные файлы

388175191477976961_ru.doc 46.5 кб
169210901477978126_kz.doc 54.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники