Офтагель® (гель глазной, 0.25%, Лаборатуар Юнитер)

МНН: Карбомер
Производитель: Лаборатуар Юнитер
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Искусственные слезы и прочие индифферентные препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019459
Информация о регистрации в РК: 10.12.2012 - 10.12.2017

Инструкция

Саудалық атауы

Офтагель®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Карбомер

Дәрілік түрі

0,25%, 0,5 г көзге арналған гель

Құрамы

100 г препараттың құрамында

белсенді заткарбомер (Карбопол® 947 Р NF) - 0,250 г

қосымша заттар: сорбитол, лизин моногидраты, натрий ацетаты тригидраты, поливинил спирті, инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Мөлдір немесе аздап бозаңданатын тұтқыр ерітінді.

Фармакотерапиялық тобы

Көз ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар. Жасанды көз жасы және басқа да индифферентті препараттар.

АТХ коды S01XA20

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Карбомер молекуласының өлшемі салыстырмалы түрде үлкен болғандықтан препаратты жергілікті қолданғанда мөлдір қабық арқылы өту мүмкіндігі аз.

Фармакодинамикасы

Офтагель құрамында жоғары молекулалы карбоксивинилполимер (полиакрилат) болып табылатын карбомер бар. Карбомер көз жасының тұтқырлығын арттырады, мөлдір қабық беткейінде ылғалдандыратын қорғаныш үлбір түзе отырып, көз жасы үлбірінің муцинді және сулы қабаттарын қалыңдатады. Офтагель® «құрғақ көз синдромы» туындатқан тітіркену симптомдарын азайтады. «Көздің құрғау синдромына» компенсаторлы қажу кіруі мүмкін. Жасанды көз жасы үлбірінің мөлдір қабықпен ұзақ жанасуы көз жасы секрециясы төмендеген көзде жағымды әсер етеді. Офтагель® бip мезгілде қолданған кезде басқа көз препараттарының ciңуін ұзаққа созуы мүмкін.

Қолданылуы

  • құрғақ кератоконъюнктивитте және «көздің құрғау» синдромы қатар жүретін басқа ауруларда

Қолдану тәсілі және дозалары

Симптомдар айқындылық дәрежесіне байланысты Офтагель® препаратының 1 тамшысы тәулігінe 1-4 peт.

Препаратты тамызардың алдында қолды жуыңыз. Басыңызды артқа қарай шалқайтыңыз. Төменгі қабақты тартып тұрып, гельдің бip тамшысын төменгі қабақ пен көздің арасындағы конъюнктивальді қапқа тамызыңыз. Тамшуырдың ұшын көзге және қабаққа тигізіп алмаңыз.

Емдеу курсы жекелей белгіленеді.

Тамшылатқыш-түбек тек бір рет пайдалануға арналған. Бір тамшылатқыш- түбектің ішіндегісі екі көзге тамызуға жеткілікті. Қалған препарат пайдаланғаннан кейін дереу жойылуы тиіс.

Жағымсыз әcepлері

Тамызғаннан соң бірден:

  • көрудің өткінші бұлдырауы

  • қысқа мерзімді ашытуды сезіну

  • көздің жергілікті тітіркенуі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне жоғары сезімталдык

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Офтагельдің® басқа препараттapмeн дәрілік өзара әрекеттесуі зерттелмеген.

Айрықша нұсқаулар

Біреуден артық көз тамшы дәрісінің түрлері тағайындалған кезде Офтагельді® кем дегенде 15 минут аралықпен соңынан тамызған жөн.

Балалар

Балаларда қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.

Жүктілік және лактация кезеңі

Препаратты жүктілік және лактация кезеңінде қолданудың қауіпсіздігі зерттелмеген.

Дәрілік препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Офгагель® көз гелі көзді уақытша бұлдыратуы мүмкін.

Автомобиль жүргізу немесе механикалық қондырғылармен жұмыс icтep

алдында көздің көру өткірлігі толық қалпына келгенше күте тұрған жөн.

Артық дозалануы

Препараттың артық дозалануына байланысты жағдайлар туралы хабарланбаған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

0.5 г препараттан төменгі тығыздықтағы полиэтиленнен бір реттік қолдану үшін жасалған мөлдір тамшылатқыш-түбекке құйылған. 10 тамшылатқыш- түбектен келетін жолақтар ламинацияланған пакеттерге салынады. 3 ламинацияланған пакет медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.

Сақтау шарттары

Ламинацияланған пакетте, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз босатылады

Өндіруші ұйымның атауы мен елі

«Лаборатуар Юнитер», Франция

Зи де ла Гири, 50211 Кутанс Седекс, Франция.

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

«Сантен» АҚ, Финляндия

Қаптаушы ұйымның атауы мен елі

«Лаборатуар Юнитер», Франция

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

Қазақстандағы «Cантен» АҚ өкілдігі

Алматы қ., Желтоқсан к-сі, 129/65, 56 пәтер

Телефон нөмірі – 250-39-17

Факс нөмірі - 250-39-17

Электронды поштасы: atlana_kz@rambler.ru

Прикрепленные файлы

765756651477976964_ru.doc 46 кб
803252991477978120_kz.doc 62 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники