Отривин® (Спрей назальный дозированный)

МНН: Ксилометазолин
Производитель: Новартис Консьюмер Хелс СА
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Xylometazoline
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№014864
Информация о регистрации в РК: 03.12.2014 - 03.12.2019

Инструкция

Саудалық атауы

Отривин®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Ксилометазолин

Дәрілік түрі

Дозаланған 0,1 % мұрын спрейі

Құрамы

1 мл ерітіндінің құрамында

белсенді зат: 1 мг ксилометазолин гидрохлориді

қосымша заттар: натрий дигидрофосфат дигидраты, натрий гидрофoсфат додекагидраты, натрий хлориді, бензалконий хлориді, динатрий ЭДТА тұзы, метилгидроксипропилцеллюлоза 4000, сорбитол ерітіндісі 70%, тазартылған су.

Сипаттамасы

Мөлдір түссіз іс жүзінде иісі жоқ ерітінді.

Фармакотерапиялық тобы

Антикогестанттар және жергілікті қолдануға арналған басқа да мұрын препараттары. Симпатомиметиктер. Ксилометазолин.

АТХ коды R01AA07

Фармакологиялық қасиеттері

Ксилометазолин a-адреномиметикалық әсері бар жергілікті тамыр тарылтқыш дәрілер (деконгестанттар) тобына жатады, мұрын шырышының қан тамырларын тарылтады және осылайша мұрын-жұтқыншақ шырышты қабығының ісінуі мен гиперемиясын жояды. Ринитте мұрынмен тыныс алуды жеңілдетеді.

Емдік концентрацияларында шырышты қабатты тітіркендірмейді және гиперемиясын туғызбайды. Әсері бірнеше минуттан кейін басталып бірнеше сағат бойы созылады.

Қолданылуы

  • риниті бар (мұрын бітелуі) жедел респираторлық ауруларда

  • жедел аллергиялық ринитте

  • поллинозда

  • синуситте

  • евстахиитте

  • ортаңғы отитте (мұрын-жұтқыншақ шырышты қабығының ісінуін азайту үшін)

- науқасты мұрын жолдарының диагностикалық манипуляцияларына дайындауда.

Қолдану тәсілі және дозалары

Мұрын ішіне.

ересектер мен 12 жастан үлкен балаларға: Әрбір мұрын жолына 8-10 сағат аралықпен 1 бүркуден.

Препаратты тәулігіне 3 реттен асырып қолдануға болмайды, сондай-ақ 10 күннен асырмай қолдану керек.

Жағымсыз әсерлері

Жиі:

- бас ауыруы

- мұрынжұтқыншақ шырышты қабығының тітіркенуі және/немесе құрғауы, күйдіру, түшкіру, гиперсекреция

Сирек

- өте жоғары сезімталдық реакциялары (Квинке ісінуі, есекжем, қышыма)

- мұрын шырышты қабығының ісінуі

- көрудің бұзылуы

-жүрек қағуы, тахикардия, аритмиялар, артериялық қысым жоғарылауы

- жүрек айнуы

- ұйқысыздық

- депрессия (жоғары дозаларды ұзақ уақыт қолданғанда)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • ксилометазолинге немесе препараттың кез келген басқа компонентіне жоғары сезімталдық

  • артериялық гипертензия

  • тахикардия

  • айқын атеросклероз

  • глаукома

  • атрофиялық ринит

  • гипертиреоз

  • ми қабықтарына (сыртартқысында) хирургиялық араласулар

  • 12 жасқа дейінгі балалар

  • жүктілік және лактация кезеңі

Сақтықпен – қант диабетінде.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

МАО тежегіштерімен және үшциклді антидепрессанттармен үйлеспейді.

Айрықша нұсқаулар

Отривин®, басқа да симпатомиметикалық дәрілер сияқты адренергиялық препараттарды қолданғанда ұйқысыздық, бас айналуы, тремор, жүрек ырғағының бұзылуы немесе артериялық қысым көтерілуі түрінде білінетін күшті реакциялар анықталған емделушілерге сақтықпен тағайындау керек.

Препаратты ұзақ уақыт қолдануға болмайды, мысалы, созылмалы ринитте. Препаратпен ұзақ емделгенде кері әсерді туғызуы мүмкін.

Әсіресе, балаларды және егде жастағы адамдарды емдеген кезде препараттың дозасын арттырмау ұсынылады.

Отривин® фертильділікке әсері туралы жеткілікті деректер жоқ. Ксилометазолин гидрохлоридінің жүйелі әсері өте төмен болғандықтан оның фертильділікке әсер ету ықтималдығы аз.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсері. Отривин® ұсынылғаннан артық дозаларында көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етуі мүмкін.

Артық дозалануы

Симптомдары: жағымсыз әсерлердің күшеюі, сананың шатасуы.

Емі - симптоматикалық.

 

Шығарылу түрі және қаптамасы

Ұштығы бар помпалы дозалағыш қондырғымен және полиэтиленнен жасалған қорғағыш қалпақшамен жабдықталған поливинилпирролидоннан жасалған құтыда 10 мл ерітіндіден.

1 құтыдан медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

300С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Препаратты жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші-ұйымның атауы мен елі

Новартис Консьюмер Хелс СА, Швейцария

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

Новартис Консьюмер Хелс СА, Швейцария

Қаптаушы-ұйымның атауы мен елі

Новартис Консьюмер Хелс СА, Швейцария

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Новартис Фарма Сервисез АГ» ҚР филиалы

Алматы қ., Луганский к-сі, 96

тел. 8-800-080-0650 (Қазақстан Республикасы бойынша барлық стационарлық телефондарда тегін)

факс: (727) 258-33-03

e-mail: consumerhealth.cis@novartis.com

 

Прикрепленные файлы

433794371477976590_ru.doc 45 кб
257524921477977745_kz.doc 55.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники