Отривин® (0,05%) капли

МНН: Ксилометазолин
Производитель: Новартис Консьюмер Хелс СА
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Xylometazoline
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№014866
Информация о регистрации в РК: 12.12.2014 - 12.12.2019

Инструкция

Саудалық атауы

Отривин®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Ксилометазолин

Дәрілік түрі

Балаларға арналған мұрын тамшы дәрісі, 0,05%

Құрамы

1 мл ерітіндінің құрамында

белсенді зат: 0,5 мг ксилометазолин гидрохлориді,

қосымша заттар: бір орын алмасқан натрий фoсфаты, екі орын алмасқан натрий фoсфаты, натрий хлориді, натрий эдетеаты, бензалконий хлориді, метилгидроксипропилцеллюлоза, сорбитол, тазартылған су.

Сипаттамасы

Мөлдір түссіз іс жүзінде иіссіз ерітінді

Фармакотерапиялық тобы

Антиконгестанттар және жергілікті қолдануға арналған басқа да мұрын препараттары. Симпатомиметиктер. Ксилометазолин

АТХ коды R01AA07

Фармакологиялық қасиеттері

Ксилометазолин a-адреномиметикалық әсері бар жергілікті тамыр тарылтқыш дәрілер (деконгестанттар) тобына жатады, мұрын шырышты қабығының қан тамырлары тарылуын туындатады, осылайша мұрын-жұтқыншақ шырышты қабығының ісінуі мен гиперемиясын жояды. Ринитте мұрынмен тыныс алуды жеңілдетеді.

Емдік концентрацияда шырышты қабатты тітіркендірмейді және гиперемиясын туғызбайды. Әсері бірнеше минуттан кейін басталып және бірнеше сағат бойына созылады.

Қолданылуы

  • риниттің көріністері бар (мұрын бітелуі) жедел респираторлық ауруларда

  • жедел аллергиялық ринитте

  • поллинозда

  • синуситте

  • евстахиитте

  • ортаңғы отитте (мұрын-жұтқыншақ шырышты қабығының ісінуін азайту үшін)

- науқасты мұрын жолдарының диагностикалық манипуляцияларына дайындауда.

Қолдану тәсілі және дозалары

1 жастан 5 жасқа дейінгі балаларға - әрбір мұрын жолына тәулігіне 1 тамшыдан 1-3 рет 8-10 сағат аралықпен.

6 жастан 11 жасқа дейінгі балаларға - әрбір мұрын жолына тәулігіне 2-4 тамшыдан 2-3 рет 8-10 сағат аралықпен.

Препаратты тәулігіне 3 реттен асырып қолдануға болмайды, сондай-ақ 10 күннен асырмай қолдану керек.

Жағымсыз әсерлері

Жиі:

- бас ауыруы

- мұрын-жұтқыншақ шырышты қабығының тітіркенуі және/немесе құрғауы, күйдіру, түшкіру, гиперсекреция

Сирек

- өте жоғары сезімталдық реакциялары (Квинке ісінуі, есекжем, қышыма)

- мұрын шырышты қабығының ісінуі

- көрудің бұзылуы

-жүрек қағуы, тахикардия, аритмиялар, артериялық қысым жоғарылауы

- жүрек айнуы

- ұйқысыздық

- депрессия (жоғары дозаларды ұзақ уақыт қолданғанда)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • ксилометазолинге немесе препараттың кез келген басқа компонентіне жоғары сезімталдық

  • артериялық гипертензия

  • тахикардия

  • айқын атеросклероз

  • глаукома

  • атрофиялық ринит

  • гипертиреоз

  • ми қабықтарына (сыртартқысында) хирургиялық араласулар

  • 1 жасқа дейінгі балалар

  • жүктілік және лактация кезеңі

Сақтықпен – қант диабетінде.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

МАО тежегіштерімен және үшциклді антидепрессанттармен үйлеспейді.

Айрықша нұсқаулар

Отривин®, басқа да симпатомиметикалық дәрілер сияқты адренергиялық препараттарды қолданғанда ұйқысыздық, бас айналуы, тремор, жүрек ырғағының бұзылуы немесе артериялық қысым көтерілуі түрінде білінетін күшті реакциялар анықталған емделушілерге сақтықпен тағайындау керек.

Препаратты ұзақ уақыт қолдануға болмайды, мысалы, созылмалы ринитте. Препаратпен ұзақ емделгенде кері әсерді туғызуы мүмкін.

Артық дозалануы

Симптомдары: жағымсыз әсерлердің күшеюі, сананың шатасуы.

Емі - симптоматикалық.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Бірінші ашылуына бақылау жүйесімен жабдықталған тамшылатқыш қақпағы бар, тығыздығы жоғары полиэтиленнен жасалған құтыда 10 мл-ден балаларға арналған 0,05% мұрын тамшы дәрісі.

Құтыға өздігінен жабысатын заттаңба жапсырылады.

1 құтыдан медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

30 0С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Препаратты жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші-ұйымның атауы мен елі

Новартис Консьюмер Хелс СА, Швейцария

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

Новартис Консьюмер Хелс СА, Швейцария

Қаптаушы-ұйымның атауы мен елі

Новартис Консьюмер Хелс СА, Швейцария

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Новартис Фарма Сервисез АГ» ҚР филиалы

Алматы қ., Луганский к-сі, 96

тел. 8-800-080-0650 (Қазақстан Республикасы бойынша барлық стационарлық телефондарда тегін)

факс: (727) 258-33-03

e-mail: consumerhealth.cis@novartis.com

 

Прикрепленные файлы

627777611477976571_ru.doc 49.5 кб
809222021477977726_kz.doc 52 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники